Кылмыс ұғымы және санаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 22:11, реферат

Краткое описание

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ..............................................................................................................2

1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ......................................3

2. ҚЫЛМЫСТЫ БАСҚА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ БЕЙМОРАЛЬДЫҚ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДАН АЖЫРАТУ......................11

3. ҚЫЛМЫС САНАТТАРЫ.........................................................................14

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................16

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................16

Файлы: 1 файл

кылмыс угымы-реферат.doc

— 103.50 Кб (Скачать)

Қылмысты санаттаудың  екінші критерийі— кінәнің нысаны болып табылады. Барлық қылмыстық әрекеттер жасалуына қарай қасақана және абайсызда жасалған әрекеттер болып бөлінеді. Қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасалғандар қатарына жатқызу көңіл аударарлықтай заңды салдарға алып келеді: қоғамдық қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін анықтауға (абайсызда жасалған қылмыстар ауыр немесе аса ауыр деп табылуы мүмкін емес, қылмыстың қайталануы қасақана жасалған қылмыстарға ғана тән, кінәнің қасақана нысандары қылмысқа дайындалу және қылмысқа (кәмелетке толмағандарға қатысты — үш жыл) өтуі бойынша соттылығы жоқ деп тану секілді құқықтық салдарға әкеп соқтырады.

Аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін, қылмыс қайталануының  аса қауіпті деп танылуы; өлім жазасының немесе өмір бойы бас бостандығынан  айыру түріндегі жазаның қолданылуы; бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалған жаза мерзімінің бір бөлігінің түрмеде өтелуі; жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде жаза мерзімінің кемінде төрттен үші (кәмелетке толмағандарға қатысты — үштен екісі) өтелгеннен кейін босатылуы; қылмыс жасаған кезінен бастап немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап он бес жылдық ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы; бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша (кәмелетке толмағандарға қатысты — үш жыл өтуі бойынша) соттылығының жоқ деп танылуы мүмкін. Аса ауыр, қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын ерекше режимдегі түзеу колонияларында өтейді.

Жекелеген жағдайларда заң шығарушы қылмыстың бірқатар топтық белгілеріне назар аударады. Мысалы, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық/сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдаскан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе де қылмыстық жауаптылықтан босатпайды; жеке адамға қарсы ауыр және өте ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге сотталған жүкті әйелдердің және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдердің жазасын өтеуін кейінге қалдырмайды. Бұл жерден тек қылмыс санаттары ғана емес, сонымен қатар қылмыс объектісі, ал соңғы жағдайда жаза тағайындау мерзімі де ескерілетіндігін байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы «Қылмыс  ұғымы және санаттары» атты жұмысымды қорыта келе, мен қылмыс ұғымының Қылмыстық кодексте арнайы бап арналғандығын және қылмыс ұғымын басқа жат қылықтардан ажырата білу қажеттігін атап өткім келеді.

Қылмыс ұғымы – бұл өте өзекті, күрделі тақырып. Бұл курстық жұмысты жазу барысында, қылмыс ұғымының белгілері мен санаттарына тоқтап өттім. Қылмыс ұғымын анықтау қылмыстық істі жүргізудің әу басында-ақ маңызды болып табылады. Өйткені қылмыс жасалды ма әлде жасалмады ма, жасалған қылмыстың санаты қандай деген сұрақтар туындайды. Қылмыс ұғымының әрбір белгісін анықтау, оның дұрыстығына көз жеткізу және санаттарын ажырата алу әділ жазаның кепілі болып табылады.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

Нормативтік құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.  
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (31.05.2002 №327-11 және 9.08.2002 №327-11). Алматы

Арнайы  әдебиеттер

  1. Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001
  2. Авторлар тобы.: Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001
  3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000
  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы Жеті - Жарғы», 1999
  5. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан. Алматы, 1998

1 ҚР Қылмыстық кодексі, Алматы, Жеті Жарғы, 2003 ж.




Информация о работе Кылмыс ұғымы және санаттары