Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 22:11, реферат
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
КІРІСПЕ..............................................................................................................2
1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ......................................3
2. ҚЫЛМЫСТЫ БАСҚА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ БЕЙМОРАЛЬДЫҚ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДАН АЖЫРАТУ......................11
3. ҚЫЛМЫС САНАТТАРЫ.........................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................16
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................16
Қылмыстық құқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстың сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық, сапалық ал дәрежесін — сандық сипаттамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай қоғамға қауіптілік экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбегі Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектілерінің маңыздылығына қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктің сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, моральдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1-бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кінәнің нысандарын анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде маңызды роль атқарады. Қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сандық жағын анықтағанда көптеген факторларды еске алу қажет. Мұндай ретте келтірілген зардаптың ауырлығын (аса көп мөлшерде, көп, едәуір мөлшерде) қылмыстық істің ерекшеліктеріне (аяқталған немесе аякталмаған қылмыс) қылмысты жеке немесе бірлесіп қатысу арқылы істеу, қылмыс істегенде қандай тәсіл қолданылды, кінәнің сипатын (ниет, мақсат) қылмыстың субъектісінің ерекшелігіне, іс-әрекеттің істелу уақытына, жағдайына баса назар аудару керек. Мысалы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы (104-бап) немесе жеңіл (105-бап) дәрежеде қасақана зиян келтіруден қоғамға қауіптілік дәрежесі едәуір жоғары. Қарақшылықтың (179—2) ұрлықтан (175-бап) дәрежесі жағынан қоғамға қауіптілігі жоғары. Өйткені шабуыл жасап, қарақшылық жасап тонағанда бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен қауіпті тәсіл шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына күш жұмсаумен ұштастырылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша да анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген санкцияларды салыстыру қажет. Ауырырақ жаза белгіленген қылмыс түрінің қоғамға қауіптілігі дәрежесі де жоғары болып табылады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға болады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналық (тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе немқұрайдылық) болып түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-бап).
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады (21-бап).
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық, заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатынын көрсетеді. Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым салу қылмыстың, белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған қоғамдық ықпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан шығып қалмайды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмысқа заңда белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау катерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.
2. ҚЫЛМЫСТЫ БАСҚА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ БЕЙМОРАЛЬДЫҚ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДАН АЖЫРАТУ
Қылмыс құқық, бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмысты азаматтық-құқылық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта да қылмыстық заңға қайшы болады. Басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына, заңдар мен нормативті актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы — қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық, бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді.
Кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғады.
Қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір объектіге қол сұғу мүмкін. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адандардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқықбұзушылықта қоғамға қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. Егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса немесе едәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгеннен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң, қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс (309-бап), ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеттер тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтың құқығының елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса, қылмыс ретінде сараланады. Ал елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әрекет әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бүзушылыққа жатады. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінің көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады. Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп жағдайларда бірінші рет істеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекетті қайталап жасауы қылмысқа тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балық аулау, су аңдарын аулау, суда жүргізілетін басқа бір кәсіппен айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса, ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайда іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылатын. Енді іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Әскери қылмыстарды тәртіптік теріс қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің істелген уақыты, жағдайы, орны үлкен әсер етеді. Мысалы, соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу — қылмыс, ал бейбіт уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс қылық болып табылады. Іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге жататын кінәнің нысандарын, ниет пен мақсатты дұрыс анықтауға да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде қасақана жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені жеңіл түрде жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс—теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа бір зұлымдық ниетпен құжаттарға жалғандық жасаса — қылмыс, ал ондай ниет болмаса, ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады. Қылмыспен бейморальдықтың ара қатысын дұрыс түсінудің де маңызы ерекше. Кез келген қылмыс бір мезетте моральға жат құбылыс болып табылады. Яғни, моральдық норманың ауқымы үлкен. Кез келген құқық бұзушылық бір мезетте моральдық норманы бұзушылық негізінде бағаланады.
Дегенмен, қылмыс пен бейморальдық теріс қылық бірінен-бірі объекті, қоғамға қауіптілік сондай-ақ құқыққа қайшылық белгілері бойынша ажыратылады.
Бейморальдықтың
объектісі қылмыстық
Қылмыс пен бейморальдықты құқыққа қайшылық белгісі арқылы нақты ажыратуға болады. Қылмыс дегеніміз қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-әрекеттер. Ал моральдық жат қылықтар құқық нормаларымен реттелмейді. Мораль нормалары ауызша (мысалы, әдет-ғұрып) немесе жазбаша (жолдастық немесе билер соттарының ережелері, адамдардың этикалық кодексі, қала тұрғындарының моральдық кодексі, Гиппократ анты) болуы мүмкін. Отбасы мүшелерінің арасындағы қатынасты реттеу мораль нормалары арқылы реттеледі. Мысалы, ата-ананың балаларға, балаларының ата-аналарына деген қамқорлығының бұзылуы немесе оқушы мен оқытушының өз арасындағы педагогикалық өнегелік нормаларының бұзылуының орын алуы мораль нормаларымен анықталады.
Балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бас тарту, бұлтарту, қорғаншылық құқықтарын пайдаланып қиянат жасау, ата-анасына немесе жұбайына көмектесуден бұлтару қылмыс болып табылады. Мұндай іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Бұл іс-әрекеттер әрі моральға жат құбылыс, әрі қылмыс, өйткені моральдық норманың ауқымы қылмыстық норманың ауқымынан кең.
Моральдық норманың қылмыстық нормадан тағы бір өзгешелігі сол, морольдық норманы бұзған жағдайда оны бұзушыларға жұртшылықтың, ұжым мүшелерінің жек көрушілігі сияқты қоғамдық әсер ету шаралары қолданылады. Ал істелген қылмыс үшін әр уақытта заңда белгіленген белгілі бір жауаптылық түрі белгіленеді.
3. ҚЫЛМЫС САНАТТАРЫ
Қылмыс санаттары негіздеріне әр түрлі критерийлер (өлшемдер, айырым белгілер) жатқызылуы мүмкін. Санаттаудың бірінші критерийі — қылмыс объектісі. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі қылмыстың объектісіне байланысты біртектес объектілерге қол сұғатын қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін нормалар топтастырылған тараулардан тұрады. Осылайша, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде барлық қылмыстар қылмыстың объектісі бойынша бірнеше санатқа бөлініп, объектінің маныздылығына қарай бірінен кейін бірі орналасқан, мысалы, жеке адамға қарсы қылмыстар, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар т.б. Бұлайша санаттаудың маңыздылығы кодексті қолдануды жеңілдетумен қатар нақты қол сұғушылықтың әлеуметтік-саяси мәнін дұрыс анықтауға, сондай-ақ әрекетті дұрыс саралауға мүмкіндік беретіндігінде.