Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 21:48, курсовая работа
Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау, емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі элитарлылық пен өзінділік болған.
КІРІСПЕ...................................................................................................3
І.ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ.................4
1.1Туризм тарихының нысаны мен пәні ....................................................4
1.2Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері .................................5
1.3Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері ..................................................5
1.4Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру ...............................6
ІІ.ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ .......................8
2.1ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм ...................8
2.2Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм ........... 10
2.3XVII және XVIII ғасырлардағы туризм ..............................................12
2.4ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм......................................................................................................13
2.5Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм .....................................................................................................16
III.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ......................18
3.1 Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы және даму кезеңдері...........18
3.2 Әлемдік туризм дамуының кезеңдері..................................................23
3.3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу....................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32
МАЗМҰНЫ | ||
КІРІСПЕ....................... |
||
І. |
ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ
НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ........... |
|
1.1 |
Туризм тарихының нысаны
мен пәні .............................. |
|
1.2 |
Туризм тарихының мақсаттары
мен міндеттері .............................. |
|
1.3 |
Туризм тарихын зерттеудің
тәсілдері .............................. |
|
1.4 |
Туризм тарихы курсын
кезеңдестіру және құру .............................. |
|
ІІ. |
ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ .......................8 |
|
2.1 |
ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм ...................8 |
|
2.2 |
Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм ........... 10 |
|
2.3 |
XVII және XVIII ғасырлардағы
туризм .............................. |
|
2.4 |
ХІХ – ХХ ғасырлардағы
– Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі
туризм........................ |
|
2.5 |
Екінші Дүниежүзілік
соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі
замандағы туризм .............................. |
|
III. |
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ......................18 | |
3.1 3.2 |
Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы және даму кезеңдері...........18 Әлемдік туризм дамуының
кезеңдері..................... |
|
3.3 |
Туризм тарихын географиялық
тұрғыдан оқу........................... |
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... |
||
Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына да сонша болды. Миллиондаған туристер, жас және егде адамдар, жалғыз және топпен, әртүрлі қабілеттегі және әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды.
Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет жүйелерінің негіздері қалған.
«Халықаралық туризмнің тарихы» пәнін оқу қазіргі жағдайда әлем туризмі дамуының негізгі кезеңдері туралы білуге мүмкіндік береді.
Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау, емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі элитарлылық пен өзінділік болған.
Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары туризмнің бастауын емделу мақсатындағы сапарлар қалаған деп есептейді. Және алғашқы туристік ұйымдар білімдік сипат алды. Шындығында да, бұл кезең «аристократтық» туризм деп аталатын туризмнің дамуымен сипатталады. Яғни шетелдік сапарлар халықтың ауқатты бөлігіне ғана қол жетімді болды.
Қазіргі кезде әлемдік
туризм дамуының төрт негізгі тарихи
кезеңдерін бөліп қарастырады. Бұлай
бөлудің негізінде мынадай крит
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастыру. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы сипаттау. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы келтіру. Қазақстандағы туризмнің қалыптасуы мен даму кезеңдерімен танысу
Жұмыстың өзектілігі: Халықаралық туристік ұйымдарды, олардың қызметтерін, мақсаттарын және міндеттерін зерттеу;әлемдік экономикадағы мәнін, туризм ұғымы мен түсінігін анықтап, зерттеу;әлемдік туризмнің даму кезеңдерін зерттеу; дүние жүзінде туризмнің тарихи дамуын, туризм дамуының хронологиясын, туризм географиясының даму тарихын зерттеу; халықаралық туризмнің қазіргі жағдайы мен Қазақстан Республикасында туризмнің даму тұжырымдамаларын түсіну.
І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні
Туризм тарихы деп жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен әртүрлі жерлерге баруымен және олардың өмір сүру ырғағы мен қоршаған ортаның өзгеруімен байланысты болып келетін кеңістіктегі қозғалыс үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.
Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет.
Туризм тарихының нысаны уақытша және кеңістіктік дамудағы туризм элементтерінің жиынтығы немесе тарихи-мәдени және тарихи-әлеуметтік құбылыс (немесе феномен) ретінде туризмнің пайда болуы мен қызмет етуі болып табылады. Бір нысанды әртүрлі ғылыми пәндер зерттеуі мүмкін. Олар зерттеу нысанына әртүрлі жағынан келеді, яғни оқып зерттеу пәні әртүрлі болып келеді.
Курстың пәні болып баратын жерлері мен өмір ырғақтарын өз еріктерімен уақытша өзгертетін, барған жерінің қоршаған ортасымен жеке байланыс орнататын жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда болатын әлеуметтік-мәдени институттар формаларының даму заңдылықтарының шеңбері қарастырылады. Бұндай институттардың құрамына тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қозғалыс құралдары мен жолдары, олардың жаңа жерлерге барған кездерінде қауіпсіздік қызығушылығын, тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету құралдары, туризмге қатысты заңнамалар кіреді.
Тарихи дамудағы туризмнің жекелеген элементтерін әртүрлі пәннің өкілдері өздерінің көзқарастары бойынша зерттеуі мүмкін. Әлемнің елдері туралы ғылыми түсініктер мен білімдердің дамуын география тарихы оқып зерттейді. Ал теңіздер мен мұхиттарды және оларда жүзуді зерттеудің дамуын – теңізде жүзу тарихы, көлік құралдарының дамуы мен кеңістікте қозғалу үшін жануарларды пайдалануды – көлік тарихы, қатынастың құрлықтық жолдарының дамуын – жол ісінің тарихы зерттейді. Туризмді реттейтін заңдылықтардың дамуын құқық тарихы зерттесе, ал туристердің көргісі келетін тарихи және мәдени ескерткіштердің дамуын, олардың шоғырлану орындарын, табиғат нысандарын мұражайлық істің тарихы оқып зерттейді. Зерттеу мақсатындағы саяхаттардың тарихы географиялық білім тарихын оқып зерттеудің, нақты бір жекелеген жердің тарихи өткені туралы, оның табиғаты, экономикасы, тұрғындарының тұрмысын зерттеу пәні болып табылады.
Жолда алған әсерлерін, саяхаттардың, жергілікті салт-дәстүрлердің сипаттамасын, оқырманға аз белгілі елдер, жергілікті жерлер, халықтар туралы жаңа мағлұматтарды қамтитын саяхатшылардың жазбалары мен күнделіктерін әдебиет тарихы зерттейді. Бұл жазбалар сонымен бірге, туризм тарихы бойынша қайнар көз болып табылады. Бірақ та, әдебиет тарихында бұл жанрға болған саяхаттар суреттемесіне қарай жазылған және қосымша идеялық-көркем міндеттерге (қызық оқиғалы, утопиялық, философиялық) бағындырылған ойдан жазылған кезбе-саяхаттардың да тарихы жатады. Осы айтылғандардан көретініміз бұл пәндердің әрқайсысының туризм тарихын оқып зерттеу пәнінен айрықшаландыратын өзінің оқып зерттеу пәнінің бар екенін көреміз.
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері
Біріншіден, бұл оқу курсының басты мақсаттары мен міндеттерін анықтау қажет.
Ең алдымен – бұл жекелеген
тұлғалар мен әлеуметтік топтардың
өз еркімен уақытша баратын
Курстың міндетінің бірі – студенттерге өткен уақыттағы туризм дамуының әртүрлі заңдылықтарын анықтаудағы туризм тарихын оқып зерттеуді жеңілдету, қазіргі кезде болып жатқан үрдістермен салыстыру, туризм дамуының ары қарай жолын анықтау.
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері
Туризм тарихын зерттеуде тарихи ғылымда қолданылатын дәстүрлік тәсілдер қолданылды. Олардың арасында тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық және басқа да тәсілдерді айтуға болады.
Тарихи-генетикалық тәсіл оқып зерттелетін жағдайдың сапалы тұрақтылығының шегін белгілеумен болатын құбылыстардың қозғалысын және өзгерістерді көрсетуді біріктіреді. Ол дамуды талдауға бағытталған және ол жалпы және ерекше сипаттамаларды құрамына енгізуі тиіс, бірақ суреттеуге тартады, әзірленген логикасы мен ұғымдық аппараты болмайды. Оның әдістемесі белгісіз әрі айқынсыз.
Бұл тәсілді тарихи-салыстырмалы тәсілмен біріктіруге болады. Бұ тәсіл әртүрлі құбылыстардағы сипаттардың ұқсастықтарын ашады және қоғамның тарихи дамуының қайталанғыш және ішкі шартталған сипатының болатынына негізделеді.
Тарихи-ретроспективті тәсіл қайта құру тәсілі ретінде қарастырылады және қазіргіден өткенге, салдарынан себебіне бағытталған. Бұл тәсіл үрдістердің әртүрлі стадияларын түсінуге және зерттелетін оқиғаның мәніне тереңірек кіруге мүмкіндік береді.
Тарихи-типологиялық тәсіл қарастырылатын құбылыстар мен объектілерге тән жалпы белгілер негізінде объектілер мен құбылстар жиынтығын сапалы түрдегі белгілі бір топтарға жүйелі түрде бөлуді мақсат етеді.
Тарихи-жүйелік тәсіл әртүрлі деңгейдегі тарихи жүйелердің қызмет етуін тек қана себепті шартталған ғана емес, сонымен бірге функционалды байланысқан жекелеген оқиғалардың, фактілердің, құбылыстардың мен тарихи үрдістердің түрі ретінде қарастырады.
Тарихи-мәдени тәсіл жеке адам тұлғасының, оның ұмтылыстарымен, сенім-нанымдарымен, қызметімен бірге әлеуметтік-психологиялық зерттеуге назар аударады. Бұнда белгілі бір мақсаттарды көздеген атақты тұлғалардың да, қатардағы адамдардың да қызметін, олардың қоршаған әлемге қатынасын зерттейді. Бұл тәсіл тарихи үрдіске тартылған адамдардың биографиясын зерттеуді қамтиды. Тарихшы М.Блок былай деп айтқан: «нағыз тарихшы ертегідегі адам жегішке ұқсас. Қай жерде адамзаттың иісі шығатын болса, сол жерде оны олжа күтіп тұратынын білген.» Өткендегі туристердің биографиясын зерттеу туризм тенденцияларын талдауға мүмкіндік береді, бұл дамудың мүмкін болатын болашақтағы бағыттарын анықтауға мүмкіндік ашады.
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру
Туризм тарихы үрдісін ойластыруға және оны ғылыми жалпылаудың ішкі заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге кезеңдестіру көмектеседі. Кезеңдестіру деп үрдістердің сапалы дамуына сәйкес тарихи уақытты бөлу айтылады. Бұл жалпы адамзаттың, қандай да бір аймақтың, елдің туризмінің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнының анықтамасы. Туризм тарихын кезеңдестіру үшін оның негізіне нелерді қарастыру қажет екенін шешіп алу қажет. Яғни, тарихи үрдісті жекелеген кезеңдерге бөлудің критерийін құру қажет.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
Туризм тарихы бойынша кітаптарда келесідей кезеңдестірулер ұсынылады.
«Туризм тарихы» (Рим, 1958)
атты Дж.Мариоттидің кітабында