История Туризма в Греции

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 08:39, реферат

Краткое описание

Туризм – бұл ірі экономика секторы. Әлемнің барлық дамыған елдері тризмнің сала ретінде дамуына қызығуда. Туризм қазіргі кезде әлемдік экономикада өте маңызды позицияны ұстап келеді. Бүгінгі таңда мұнай мен автомобиль жасау саласымен бәсекеге түсуде. Туризмі дамыған ел болу – халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, туристік сұраныстың артып келе жатқан қажеттіліктерін өтеу мақсатымен қызмет түрлерін дамыту үшін маңызды мақсат.
Еуропа аймақтарында туризм ошақтары ертеден дами бастаған. Еуропа – әлемнің маңызды қаржы, сауда, туризм орталығы.

Оглавление

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ежелгі Грекия туралы қысқаша мәлімдеме.
2. Ежелгі Грекиядағы туризмнің жандануының негізгі себептері.
2.1. Грекияның қала-мемлекеттері.
2.2. Ежелгі Грекиядағы шаруашылық өмірдің қалыптасуы.
2.3. Грекиялық дін және қоғамдық мейрамдар.
2.4. Әдебиет, ғылым және театр.
2.5. Архитектура және Бейнелеу өнері.
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Ежелгі грекия.docx

— 47.41 Кб (Скачать)
ustify">          Спектакльдер көрсетілген кезде барлық, жұмыстар тоқтатылып, соттар жабылып, түрмедегі адамдар босатылатын. Театрға ерлер, әйелдер, балалар, тіпті үй құлдарына дейін — бәрі баратын.

       Б.з.д. IV ғасырдан бастап жезімпаз-драматургтердің есімі дидаскалийлерге — мәрмәр тақталарға жазыла бастады. Театрларда әйел рөлдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска, әдемі костюмдер, бойларын ұзын қылып көрсететін табаны биік аяқ киім — котурныларды (20—ЗОсм) және биік бас киім киіп ойнады. Үлкен театрда маскалар көрермендердің актерлерді алыстан көруі њшін ыңғайлы болды және актерлер де маскаларды ауыстыру арқылы екі-үш рөлдерді бір-ақ орындады. Маскалар ағаштан не кенептен жасалды (кенеп каркасқа тартылып, гипспен жабылып, боялған). Маска тек бетті ғана емес, бүкіл басты жапқан, сондықтан парикті гректер тікелей маскаға орнықтырған. Грек актерлері би, қимыл-қозғалыс өнерін шебер меңгеруі керек болды. Маска киіп мимикадан айырылғандықтан қимыл-қозғалысқа, пантомимаға үлкен көңіл бөлінді. Көрініс кезінде Құдайлар пайда болу үшін сахнада көтерме машиналар қолданылды. Сонымен қатар спектакльде найзағайдың, күнніћ күркіреген дыбыстарын шығаратын және көрермендерге көрсету эффектісін тудыратын көптеген машиналар болды. 

    1. АРХИТЕКТУРА МЕН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ.

Ежелгі  Грекияның сәулетшілері, мүсіншілері, ваза жасаушылары көптеген ғасырлар өткен соң толып жатқан халықтар үшін әдеміліктің, үйлесімділік пен жоғ. талғамның үлгісі қызметін атқарған өнер ескерткіштерін жасады. Ежелгі Грекияның көркемдік ескерткіштері тек қана Балқан түбегінде ғана емес, Кіші Азияда, Апеннин түбегінің оңт-нде, Жерорта теңіздері аралдары мен жағалауларында, сондай-ақ Қара т-дің солт. жағалауларында сақталған. Грек өнерінің өзі микены мәдениетінің (қ. Эгей мәдениеті) қойнауында пайда болды. Ежелгі грек мәдениеті хронол. жағынан гомерлік деп аталатын, архаика, классика және эллинизм кезеңдеріне бөлінеді. Гомерлік кезеңде (б.з.б. 11 – 8 ғ-лар) қыш бұйымдарды әшекейлеу кең тарады. Геом. стиль 7 ғ-ға дейін өмір сүрді. Оның гүлденген кезінде (8 ғ.) зират басына қойылатын дипилон вазалары мен тұрмыстық мақсаттағы ыдыстар жасалды. Геом. стильдің үздік ескерткіштеріндегі әшекейлер айқын үйлесімділігімен, ою-өрнектер мен адам тұлғаларын құрайтын сызықтардың көркемдігімен әсер қалдырады. Геом. стильде, сондай-ақ түрлі-түсті қыштан шағын мүсіндер жасау мен ыдыстарға мүсіндік әшекейлер – қақпақтарға қыш пен қоладан мүсіншілер мен мәнерлі ұстағыштар орнату дамыды. Гомерлік кезең архитектурасы жөніндегі мардымсыз деректерді құрылыстардың бірнеше құландысы, ғибадатханалардың қыштан жасалған үлгілері мен әдеби сипаттамалары береді. Келесі архаика кезеңі (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) полистердің қалыптасуы, қалалардың құрылуымен атап өтілді. Қалалық құрылыстың негізгі элементтері діни қасиетті орын (акрополь), қоғамдық сауда орт. (агора) болды, олардың айналасында тұрғын үйлер орналасты. Қалалар мен акрополь салуда жетекші орынды ғибадатханалар (ішінде түрегеліп тұрған мүсіндері бар “құдайлардың үйі”) алды. Олар басында ағаштан, 6 ғ-дан бастап әктастардан, кейіннен көбінесе мәрмәрдан салына бастады. Ғибадатханалардың қатарына әр түрлі міндеттер атқарған ғимараттар: булевтериялар (жиналыс өткізуге арналған үйлер), стойлар, лесхтер, театрлар, стадиондар, палестралар, гимнасиялар, т.б салынды. Құрылыстарды тастан салуға көшумен архит. ордендердің түр өзгерістері қалыптаса бастады. Дорийлік ордер ғимараттарына Олимпиядағы Гера ғибадатханасы (7 – 6 ғ-лар), Коринфтегі Аполлонның (шамамен 550 ж.), Керкир аралындағы Артемиданың (6 ғ-дың бас кезі), “Базилика ” деп аталатын Гера І-нің (6 ғ-дың ортасы) ғибадатханалары мен “Деметра ғибадатханасы” (6 ғ-дың 2-жартысы, Посейдония), т.б. жатады. Иониялық ордер 6 ғ-да Кіші Азиядағы грек қалаларында пайда болды. Архаика мүсіншілері ғибадатханаларды фриздер мен метоп бедерлерімен, қасбеттердегі мүсіндермен, тас және түрлі-түсті қыштан жасалған ою-өрнектермен безендірді. Адамдардың мүсіндері жамандық пен кесепаттылықты білдіретін – қорқынышты құбыжықтармен күрескен құдайларды немесе батырларды (Тесей, Геракл, Персей, т.б.) бейнеледі. Адамдарды бейнелеген архаик. мүсін өнері шағын мүсіншілерден жалаңаш денелі жас өспірімдер, куростар мен ұзын киімдегі қыздар – корлардың тұлғаларын бейнелеуге қарай дамыды.

      Классика дәуірінде (б.з.б. 5 ғ. – 4 ғ-ларда) ежелгі грек қалалары гүлдену дәрежесіне жетіп, арнайы жоспарлау жүйесі қалыптасты (Милет, Пирей). Бұл жүйенің негізгі қағидалары (қаланы бір-бірімен қиылысатын тік бұрышты көшелер тармағымен бөлу, тұрғындарға арналған орамдарды көлемі бірдей үйлермен кешенді түрде салу) Гипподам есімімен байланыстырылады. 6 – 5 ғ-ларда бейнелеу өнері сипатында батыл өзгерістер болып өтті. Архаикалық пішіндердің шарттылығынан қол үзе отырып мүсіншілер, суретшілер, ваза әшекейлеушілер өмірге неғұрлым жақын кейіпкерлер жасады.

       Адам тұлғасы мен оның қимылы кемеліне келтіріле бейнеленіп, көп адамдар қатысқан көріністер алдыңғы беттер мен фриздерде батылырақ орындала бастады. Классикалық дәуірдің бас кезінде пайда болған “қатал стильдің” қағидалары әсіресе вазаны әсемдеуде айқын жүзеге асырылды. Қызыл тұлғалы техникамен жұмыс істеген Эпиктет, Евтимид, Евфроний, Дурис, Брига өз жұмыстарында тек қана мифол. тақырыпты емес, тұрмыстық тақырыптарды да (ойын-сауық, мектептердегі сабақтардан, стадиондардағы атлеттердің жаттығуларынан көріністер т.б) бейнеледі.. Перикл билік жүргізген жылдары Афина Элладаның саяси және көркемдік орталықтарына на айналды. Грек-парсы соғыстары кезінде парсылар қиратқан Акропольде жаңа ғибадатханалар салынып, мүсіндер орнатылды. Мұнда ең үздік сәулетшілер мен мүсіншілер Фидийдің жетекшілігімен жұмыс істеді. Иктин мен Калликраттың жобасымен Афина ғибатханасы – Парфенон (447 – 438) тұрғызылды. . 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ. 

      Бүгінде Греция Республикасын жыл сайын 19 млн. турист тамашалайды. Бұл қазірде мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 15 % -ын құрайтын туризм саласының қанжығасына түседі. Греция шетел қонақтарын өзінің бай тарихы мен салт-дәстүрлерімен бұрыннан бері қызықтырып келеді. Сонау антика дәуірінен қалыптасқан керемет қала-мемлекеттердің пайда болуы, ондағы шаруашалықтың, қолөнер мен архитертура, әдебиет, ғылыми жаңалықтар, бейнелеу өнерінің туындыларының жарыққа шығуы сол кезден-ақ туризмнің жандануына септігін тигізе бастаған еді. Бұл керемет, таңғажайып мәдениет пен тарихтың қалыптасуы мемлекеттің бүгінгі таңда туристік потенциалын арттырып, оның имиджін қалыптастырып тұр.  

        Иә, Греция туристер үшін өте  қызық. Оның антикалық  мәдениеті мен жерортатеңіздік климаты жыл сайын 7 миллионнан астам адамды тартады, олар әсіресе Киклад пен Оңтүстік Спорад, Крит аралында демалғанды ұнатады. Ежелгі Эллададағы Афины, Дельфы, Коринф, Олимпия, Микены қазірде әйгілі қалалардың бірі болып табылады. Аса үлкен қызығушылық византиялық уақытта Афон тауындағы Хал-кидики аралында пайда болған  «монашеская республика» , қазірде әлемнің кереметтеріне кіретін Каламбака қаласындағы монастырлер кешені тудырады. Шаңғышылар Парнас пен Олимптегі шаңғы трассаларн күтуде. 

      Қазіргі таңда Грецияда жағажай туризмі өркендеп келеді. 2005 жылдың өзінде Грецияның астанасы – Афины қаласында 6 млн.-нан астам турист саны байқалды. 

      2004 жылы мемлекет 16,5 миллион туристті қабылдады. Бұл кезде мемлекеттің туризмнен табысы  29.5миллиард доллар құрады, бұны 200жылдағы 17.7 миллиард доллармен салыстыра айқындауға болады. Туризм саласында тікелей және жанама қызмет көрсететін персонал саны  659 719 орынды құрады, яғни бүкіл жұмыс орындарының 16.5 %-ын құраған еді. 

     2006 жылы грек Туризм Министрлігі  98миллион евро қаржыны туризм  саласын одан әрі дамытуға  және жаңаландыруға бөлді. Сонымен қатар, мемлкете қысқы туризм түрлерін дамытуды алға қойды. 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасы.
  2. http://www.griego.ru
  3. kk.wikipedia.org/wiki/Ежелгі_Грекия_театры
  4. kk.wikipedia.org/wiki/ЭЛЛАДА_МӘДЕНИЕТІ
  5. «Ежелгі дүние тарихы». Қ. Алдажұманов, М. Асылбеков, Б. Аяған.

Информация о работе История Туризма в Греции