История Туризма в Греции

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 08:39, реферат

Краткое описание

Туризм – бұл ірі экономика секторы. Әлемнің барлық дамыған елдері тризмнің сала ретінде дамуына қызығуда. Туризм қазіргі кезде әлемдік экономикада өте маңызды позицияны ұстап келеді. Бүгінгі таңда мұнай мен автомобиль жасау саласымен бәсекеге түсуде. Туризмі дамыған ел болу – халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, туристік сұраныстың артып келе жатқан қажеттіліктерін өтеу мақсатымен қызмет түрлерін дамыту үшін маңызды мақсат.
Еуропа аймақтарында туризм ошақтары ертеден дами бастаған. Еуропа – әлемнің маңызды қаржы, сауда, туризм орталығы.

Оглавление

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ежелгі Грекия туралы қысқаша мәлімдеме.
2. Ежелгі Грекиядағы туризмнің жандануының негізгі себептері.
2.1. Грекияның қала-мемлекеттері.
2.2. Ежелгі Грекиядағы шаруашылық өмірдің қалыптасуы.
2.3. Грекиялық дін және қоғамдық мейрамдар.
2.4. Әдебиет, ғылым және театр.
2.5. Архитектура және Бейнелеу өнері.
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Ежелгі грекия.docx

— 47.41 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі   

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті

Экономикалық  факультеті

«Туризм»  кафедрасы 
 
 
 

СОӨЖ №2

РЕФЕРАТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ТАҚЫРЫБЫ: Ежелгі Грекиядағы туризмнің дамуы.

                          ОРЫНДАҒАН: Жақсылық Жібек, Тур-21қ.

                                            ТЕКСЕРГЕН: Акишева Еркеш Қасымбекқызы. 
 
 
 
 
 
 
 

АСТАНА, 2011 

МАЗМҰНЫ 

І.    Кіріспе 

ІІ.   Негізгі  бөлім 

  1. Ежелгі Грекия туралы қысқаша мәлімдеме.
  2. Ежелгі Грекиядағы туризмнің жандануының негізгі себептері.
    1. Грекияның қала-мемлекеттері.
    2. Ежелгі Грекиядағы шаруашылық өмірдің қалыптасуы.
    3. Грекиялық дін және қоғамдық мейрамдар.
    4. Әдебиет, ғылым және театр.
    5. Архитектура және Бейнелеу өнері.
 

ІІІ.  Қорытынды 

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

        Туризм – бұл ірі экономика  секторы. Әлемнің барлық дамыған  елдері тризмнің сала ретінде  дамуына қызығуда. Туризм қазіргі  кезде әлемдік экономикада өте  маңызды позицияны ұстап келеді. Бүгінгі таңда мұнай мен автомобиль  жасау саласымен бәсекеге түсуде. Туризмі дамыған ел болу –  халықтың өмір сүру деңгейін  жақсарту және халықтың еңбекпен  қамтылуын қамтамасыз ету үшін, туристік сұраныстың артып келе  жатқан қажеттіліктерін өтеу  мақсатымен қызмет түрлерін дамыту  үшін маңызды мақсат.

       Еуропа аймақтарында туризм ошақтары ертеден дами бастаған.  Еуропа – әлемнің маңызды қаржы, сауда, туризм орталығы. Қазіргі таңда Еуропа өңірі бұл сала бойынша көшбасшы болып отыр. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша әлемде 698 млн. адам саяхат жасайды, ал сол саяхаттан түскен қаражат мөлшері 476 млрд. доллар. Ал, осы көрсеткіштердің 2/4 бөлігі Еуропа елдерінің экономикасына түсіп жатыр. 

        Еуропа елдерінің ішіндегі Грекия қазіргі күні туризмнің ірі ошақтарының бірі. 2010 жылы Грецияны 15 млн. адам  тамашалаған еді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 0,6% -ға артқан екен. Греция шетел қонақтарын өзінің бай тарихы мен салт-дәстүрлерімен бұрыннан бері қызықтырып келеді. Сонау антика дәуірінен қалыптасқан керемет қала-мемлекеттердің пайда болуы, ондағы шаруашалықтың, қолөнер мен архитертура, әдебиет, ғылыми жаңалықтар, бейнелеу өнерінің туындыларының жарыққа шығуы сол кезден-ақ туризмнің жандануына септігін тигізе бастаған еді. Бұл керемет, таңғажайып мәдениет пен тарихтың қалыптасуы мемлекеттің бүгінгі таңда туристік потенциалын арттырып, оның имиджін қалыптастырып тұр. Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды.

 Дегенмен, «Ежелгі Греция» мен «Қазіргі жаңа Грецияның» мәні тура келмейді. Ежелгi Греция терминімен қазiргi Грек Республикасының аумағын салыстырғанда оның аумақтырақ екені ұғылады. Бұл аймақты зерттеудің алдында ежелгі гректер біртұтас мемлекет құраған емес еді – олар мемлекеттік құрылымы бар полистерде тұрған. Ежелгі Греция тарихы -  ұсақ, орта және ірі өзара тәуелсіз полистердің күрделі қарым-қатынасы. Бірақ, Ерте антика дәуірінде пайда болып, үлкен аумақты алып жатқан Ежелгі Грекиядағы саяси құрылымсыздық керемет эллиндік цивилизацияның құрылуына кедергі болған жоқ. Осы кезден бастап-ақ қазіргі туристік қызығушылықты тудырған озық тарихи – мәдени, рекрациялық потенциал қалыптаса бастаған еді.

       Жұмыстың мақсаты:    Халықаралық туризмнің тарихын жетік меңгеру үшін Ежелгі Грециядағы туризмнің дамуының алғышарттарын анықтау, қазірдгі күнде көптеген әлем туристерінің қызығушылы мол мәдени-тарихи, рекреациялық өңірдің керемет туындыларына талдау жасау.

   

  1. ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛЕМДЕМЕ.
 

        Ежелгi Грецияның тарихы - бұл пайда болу тарихы, ұлы эллиндiк өркениеттің қалыптасуы, ерекше әлеуметтiк-экономикалық құрылымның құрылуы және жұмыс жасауы, саяси және мемлекеттiк институттар, бай мәдениет және олимпиялық дiннің пайда болуы.

        Көне грек өркениетiнiң негiздерi Эгей өлкесi, Балкан түбегiнiң оңтүстiк бөлiгiнiң аймағында, Эгей теңiзi және Кіші Азияның батыс бөлiгiнiң аралдарынан қалыптасқан.

       Ежелгi Грецияның аймақтық ұғымының жаңа кеңейтуi б.з.б. 4 ғ. соңына, яғни Александр Македонскийдің Парсы державасын жаулап алып, эллиндік мемлекеттердің жүйесінің пайда болуымен сәйкес келеді.  Б.з.б. 3-1 ғ.грек әлемі ұлан-ғайыр аумақты қамтыды – батысынан Сицилия және шығысынан Үндістан, солтүстіктен Арал теңізі мен оңтістігінен Эфиопияға дейін.

       Ежелгі грек өркениетінің тарихын үш үлкен этапқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Крит-ахейлік этап ( б.з.б. II мыңж.) – Балқандық Греция (Крит а.) алғашқы өркениеттің пайда болуы мен өмір сүруі.
  2. Эллиндік этап (б.з.б. XI – IV ғғ.) көптеген полистердің, ұсақ қала мемлекеттердің өмірге келуі мен құрылымдарының пайда болуы, керемет грек мәдениетінің пайда болуы.
  3. Эллинистік этап (б.з.б. IV соңы – Iғғ.) – эллинистік мемлекеттердің құрылуы, классикалық Грекия элемінің ежелгі шығыстық әлеммен бірігуі және өзара екіжақты қатынасы.

      Бұл әр этаптың өзінде ерекше әлеуметтік- экономикалық жүйе, мемлекеттік және мәдениет пайда болған. Дегенмен, бұл этаптардың арасында біртұтас грек цивилизациясын құрайтын өзара белгілі бір байланыс болған.

      Дүниежүзілік тарихтың тәжірибесі  көрсеткендей әлемде өз тарихын  байытпаған мемлекет жоқ. Ежелгі  гректер әлем мәдениетінің алдында  баға жетпес құндылық қалдырған  халық. Әлем мәдениетінде әдебиет,  архитектура, скульптура, философия,  ғылым салалары бойынша көптеген  туындылар жасаған. Бүгінгі таңға  дейін грек трагиктері театрдарда  өтеді, замандас архитектура ежелгі  грек архитектурасынан үлгі алады,  суретшілер грек скульпторларының  шеберлігіне еліктейді, көптеген  грек ғалымдарының жаңалықтары дүниежүзілік ғылым фондына кіреді.

    «Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік. Сұлулық, өлшем, үйлесім. Антика адамы барлық осы қасиеттермен адам арасындағы ара қатынасты белгілейді және грек мәдениетінің космологизмі антропоцентризмді болжайды. Ежелгі гректердің құдайлары антропоморфты, ал адамның денесі грек мәдениетінің барлық пішіндерінің өлшемі болады. Гректер риторикада шешендердің ең тамаша сөздерін атлеттердің әсем денелерімен салыстырған, ал сәулет өнеріндегі математикалық есептеулер адам денесінің пропорцияларымен ара қатынаста болған. Антика мәдениетінің маңызды белгісі – оның бәсекелестігі, ол өмірдің барлық салаларын сипаттайды. Грек егесі (күрес, жарыс) еркін гректің келесі қасиеттерін бейнелейді: ол өзін полис азаматы, оның өкілі ретінде ғана көрсете білді. Грек егесінде диалектика бастау алған, бұл өзінің дәлелдерін дәлелдей отырып, әңгімелесе білу, әр түрлі философиялық бағыттардың болу құқығын негіздеу. Ежелгі Грек мәдениетінің тағы бір белгісі – оның мерекелігі, оның сыртқы әдемілігі, ойын-сауықтылығы. Әдетте мерекелер полис қамқоршылары – құдайлардың құрметіне үнемі салтанатты шерулер мен жарыстар өткізумен байланысты болды. Алайда барлық ғасырда антиканың негізгі тенденцияларын көркем мәдениет - өнер толық бейнеледі.

 Ежелгі  Грек өнерінің тарихы бірнеше  кезеңдерден құралады. Крито-микен  кезеңі немесе эгей кезеңінде  (б.з. дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдық)  Крит шеберлерінің өнері гүлденіп, Балкандағы ахей тайпаларының  шығармашылық белсенділігі өседі.  Б.з. дейінгі ХІ ғасырдан VIII ғасырға  дейін шартты түрде «гомер»  деп аталатын кезең жалғасады.  Ол белгілі эпостың пайда болуымен, керамиканың таралуымен сипатталады.  Б.з. дейінгі VII-VI ғ.ғ. көне дәуір  дербес қала полистерінің құрылуы  және өнердің қарқынды даму  кезеңі болды. Классикалық кезең  б.з. дейінгі V және IV ғасырларды  қамтиды және ежелгі грек өркениеті  дамуының жоғарғы нүктесі болып  саналады. Грек мәдениеті дамуының  соңғы кезеңі (б.з. дейінгі ІІІ-І  ғасыр) эллинизм дәуірі – Жерорта  теңізі бассейнінде тұрған халықтар  арасында Эллада мәдениетінің  кең таралуымен сипатталады. 

      Көне заман кезеңінде қала-мемлекеттің антикалық полисі қалыптасады, оның азаматтық қауымына қаланы қоршап тұрған ауыл шаруашылық территориясы да кіреді. Ең ірі полистер Афина, Спарта, Коринф, Аргос, Фива болды. Саяси жағынан Греция жеке қала-мемлекеттерге бөлінгенмен, көне заман кезеңінде “эллиндер”, “Эллада” ұғымдары пайда болады.

      Грек мәдениетінің органикалық бөлігі саяси сипаттағы дін болды. Олимпия құдайларының бейнелерінде демонизм, зооморфизм жұрнағы бар, бірақ антропоморфизм бірінші орынға шығады. Антропоморфизм – анимизм формаларының бірі: адамға тән психикалық қасиеттердің табиғат құбылыстарына, жануарларға, заттарға ауысуы; құдайды адам бейнесінде беру, жалпы гректіктен басқа (Зевс, Гера, Посейдон, Аполлон, Афродита, Афина, Дионис және т.б.), Грецияның әр облысында орманда, тауда, далада тұратын жергілікті құдайлар болған, Құдайлар адамдар тәрізді тағдырға көнгіш келген, бірақ олардан айырмашылығы өлмейтін мәңгілік болған. Құдайлар туралы мифтерден басқа гректерде қаһармандар, жартылай құдай түріндегі жандар туралы мифтер тараған (Геракл, Ахилл, Энеи). Грек мифологиясы басқа халықтардың мәдениетіне үлкен әсер етті, ол ақындар мен суретшілердің шабыт көзі болып табылады.

       Грециядағы діннің ажырамас бөлігі құдай мүсінімен азаматтардың салтанатты шеруі формасында бас құдайды құрметтеу және құрбандық шалудан соң, мерекелік шаралар өткізу болды. Ең белгілілері Зевске арналған спорт жарыстары – Олимпиада ойындарын өткізу болды, Олимпиада ойындары б.з. дейінгі 776 жылдан төрт жылда бір рет өткізіледі.

 Көне  заман дәуірінде Грецияның ең  дамыған облысы Иония болды,  осында антиканың бірінші философиялық  жүйесі – натур-философия пайда  болды. Оның өкілдері табиғатты,  оның заңдылықтарын түсініп, барлығының  алғашқы негізін айқындауға тырысты.  Сонымен Фалес барлық заттардың  алғашқы негізі деп – суды, Анаксимен – ауаны, Анаксимандр  – апейронды (шексіз) атады, олар  дүниені біртұтас материалдық  бүтін деп қабылдады. Көрнекті  математик Пифагор (б.з. дейінгі  6 ғ.) дүниенің алғашқы негізі сандар  мен сандық қатынастар деп  санады. Гераклит шындықтың негізі  – от деп болжаған, ол болмыс  үнемі өзгерісте, қозғалыста, мәңгі  күресте болады деп санаған. 

       Б.з. дейінгі VIII-VII ғасырларда Гесиодтың «Теогониясы» жарыққа шығады, онда ежелгі гректің мифологиялық хикаялары жүйеленіп, дүниенің пайда болуының космогониялық суреті беріліп, гректік көркем мәдениеттің дамуында маңызды сәтті анықтайды, құдай, қаһарман, мифологиялық жандар адамдық кейіпке енеді.

       Көне заман әдебиетінде маңызды роль эпостан лирикалық поэзияға ауысады. Адамға, оның ішкі әлеміне, оның сезімдері мен қуаныштарына көңіл аудару Архилок (б.з. дейінгі VII ғ.), Сафо (б.з. дейінгі VII-VI ғ.), Анакреот (б.з. дейінгі VI ғ.) шығармашылығына тән.

       Діни мейрамдар салтынан шыққан грек театры көне заманға жатады. Мүсін, сәулет өнері дамиды. Б.з. дейінгі VI ғасырда доридалық және иондық варианттарда сәулет ордері жасалады. Алайда көне заман кезеңіндегі грек өнерінің негізгі тенденцияларын құмыра өрнегі толық көрсетті. Б.з. дейінгі VI ғ. ортасында қара фигуралы құмыра өрнегі дамыды, құмыраның сыртына тұрмысты бейнелейтін суреттер қызыл балшыққа қара лакпен салынды. «Гомер кезеңімен» берілетін дұрыс реттелген космос геометриялық белгілер – символдармен көрнекі түрде ашылады. Кейіннен сұлбалық қара фигуралы жазу қызыл фигуралы стильмен ауыстырылды, ол әрекеттің кең мүмкіндіктерін, кеңістік, көлем тереңдігін, бейнелеу бөлшектерін ашты.

      Осы салалар туындылары қазірде көптеген елдің азаматтарында қызығушылық арттыруда. Осы мемлекеттің көнедегі пайда болған туындылары қазірде Греция Республикасының керемет кейпін құрайды.

 

  1. ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ЖАНДАНУЫНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ.

    5-4-шi ғасырда Греция экономикасы ежелгi шығыс мемлекеттердiң құрылымдарының өзгеше ерекше жүйенi құрады. Ол оның терең өзiндiк ерекшелiк анықтаған айқын-тарихи факторлардың ықпалымен жасалды.  Ең маңызды факторлардың бiрi 5-4 ғғ. Греция тарихын құраған жалпыгректік және аймақтық әскери серiктестiктердiң соқтығысуының оң нәтижелері. Соғыс мәнінiң нақты ахуалдарына байланысты соғыс не бiр әр түрлi мағыналы болды. Мысалы, ұзақ грек - парсылық соғыстардың (б.з.б. 500-449жж.) нәтижелерi грек экономикасың шарықтауына әкелді. Гректердің бұл жеңісі мол табыс әкелді, тайпаларды бағындырудан құлдарды шарушылық мақсатта, ауылшаруашылық өндірісті молайтуға, қолөнер ұстаханасын ашуға пайдаланды. Мықты экономикалық қатынастарды орнатуға, өзара тиімді тауар мен технология алмасуға  Сицилиядан Жерортаға дейін арнайы экономикалық аймақ құрылды. Гректерден көп мөлшерде салық жинаған Парсы үстемдігінен босатылу олардың экономикалық потенциалын арттырды.

Информация о работе История Туризма в Греции