Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 08:39, реферат
Туризм – бұл ірі экономика секторы. Әлемнің барлық дамыған елдері тризмнің сала ретінде дамуына қызығуда. Туризм қазіргі кезде әлемдік экономикада өте маңызды позицияны ұстап келеді. Бүгінгі таңда мұнай мен автомобиль жасау саласымен бәсекеге түсуде. Туризмі дамыған ел болу – халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, туристік сұраныстың артып келе жатқан қажеттіліктерін өтеу мақсатымен қызмет түрлерін дамыту үшін маңызды мақсат.
Еуропа аймақтарында туризм ошақтары ертеден дами бастаған. Еуропа – әлемнің маңызды қаржы, сауда, туризм орталығы.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ежелгі Грекия туралы қысқаша мәлімдеме.
2. Ежелгі Грекиядағы туризмнің жандануының негізгі себептері.
2.1. Грекияның қала-мемлекеттері.
2.2. Ежелгі Грекиядағы шаруашылық өмірдің қалыптасуы.
2.3. Грекиялық дін және қоғамдық мейрамдар.
2.4. Әдебиет, ғылым және театр.
2.5. Архитектура және Бейнелеу өнері.
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Б.з.б. 5- 4 ғғ. – Ұлы Грецияның
Экономиканың шарықтауы тағы да бір факторға байланысты болды – қалалық өмір салтының енгізілуі, ауылды аймақтағы халықты қалаларға қоныстандыру, қалалардың көп қоныстанған аймаққа айналуы қалалық құрылыстың жандануына әкелді, коммуналдық сәулеттендіру басталды. Бұл процесс жаңа қажеттіліктерді туғызды. Азамат қолайлы баспанада тұрғысы келді, керемет храмдар мен алаңдарды, қойылымдарды көруге театрларды тамашалағысы келді, мейрамдарды тойлау қажеттілі пайда болды. Бұл үшін, әрине, ғимарат мен храмдар, театр мен стадиондарды, құбырлар мен канализацияны құру кажет болды. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру экономикалық алға басуды талап етті.
Бұл мақсатта жылдар бойы
Жалпыгрециялық экономикалық жүйеде экономикалық дамудың 2 түрлі типологиясы қалыптасқан:
Б.з.б. 8 – 9 ғасырларда Грекия жерінде қала мемлекеттерді полистер деп атады. Ішіндегі ең маңыздысы Афины мен Спарта болды.
Афины мемлекеті б.з.б. 2 мыңжылдықта Аттика аймағында пайда болды. Афины мемлекетінің билігі ақсүйектер кеңесінің қолында болған еді. Олардың жүргізген саясаты ақсүйектердің мүддесін білдірді.
Қаланың орталық бөлігінде биік төбенің үстінде тас қорғандар бар қамал орналасты. Оны акрополь деп атады. Акрополь - грек сөзі «үстіңгі қала» деген мағынаны білдіреді. Акропольдағы таяу базар алаңы – агора орналасты. Агораның қатарында қолөнершілер қоныстанды. Б.з.д. 7 ғасырда Афины күміс теңге шығара бастады.
Пелопонестің оңтүстік-шығыс
Жүзім мен маслины шаруашылығы. Ауылшаруашылық әр полистің экономикасының алдыңғы орынды саласы болды. Қала халқы осы саладан түскен пайдамен күн көрді. Ежелгі уақыттарда нан және мал шаруашылығы үстемдік етті. Б.з.б. 5-4 ғғ. жүзім мен маслины өсіру шаруашылығы шарықтап кетті. Кепкен және жаңа піскен жүзім, маринованные және жас маслины, әсіресе жүзім шарабы мен олив майы күнделікті қолданылатын азық болып саналды. Жүзім және маслины өрістері бүкіл Греция бойынша өсірілді, кейіннен өсірудің түрлі технологиялары пайда болды, егу арқылы олардың жаңа сорттарын ойлап тапты. Жүзім шарабы мен олив майы кейіннен Грецияның негізгі фирмалық тауары болып шығарылды.
Балық аулау шаруашылығы Балқан жағалауындағы грек үшін маңызды рөл ойнады. Тунец, скумбри, зубатки, кефаль, майнид балықтары сол кездерден бері оларға мәлім болды. Балық көпке дейін ауыл адамдарының тағамдары болып есептелді, тек б.з.б. 5 ғасырдан бастап қана бұл ақсүйектердің сүйікті тағамдарына айналды, әсіресе устрицы мен омар танымал болды. Балық әдетте гарпун, тор, қармақ арқылы ауланды. Афины орталығындағы агораға бүкіл елдің азаматтары балық өнімін сатып алу үшін жиналды. Алыс жерлерге тасымалдау қажеттігінен балықты тас ыдыстарда тұздау технологиясы қалыптасты.
Қолөнер, ұста шаруашылығының пайда болуы екі факторға байланысты болды: ауыл адамдары жер өңдеумен айналысты және оларға бұл үшін құралдар қажет болды, осы себептен қалаларда шеберханалар пайда бола бастады, сөйтіп бұл сала ауылшаруашылыған бөліне бастап бөлек бік жеке саланы құрады; б.з.б. 5-4 ғасырларда үнемі ұлғайып отырған қала халықтарының қажеттілігін қанағаттандыру талабы. Б.з.б. 5-4 ғасырларда жай елді мекендердің қала кейпіне айналуы нағыз құрылыс жаңалығы болды – қайта храмдар мен қоғамдық ғимараттар ,ойын-сауық кешендері тұрғызыла бастады. Бұл ұсталардың шаруашылығын одан әрі дамытты. Бірақ шикізат тапшылығынан жаңа шикізат орталықтарын игеру мүмкіндігі туды. Эгей бассейні аумағы шикізаттың ірі орталығы екені анықталды: темір, қалайы, свинец, алтын, күміс қазбалары табылды. Осыдан металлургия мен металл өңдеу саласы дамыды.
Керамикалық бұйымдар жасау да бір бөлек шаруашылық болып қарастырылды. Б.з.б. 5-4 ғасырларда бүкіл Грекия аумағында, әсіресе Афины мен Коринфа қалаларында жоғары сапалы сазбалшықтың мол қоры табылды. Әрбір грек үйі сазбалшықтан жасалған керемет мүсіндер мен оюлармен әшекейленді.
Алыс жерлерге сапар шегу үшін ағаштан кемелер жасалды. Сонымен қатар, әрине қала халқының өсуіне байланысты тігін фабрикалары іске қосылды.
Сауда және ақша қатынастары. Ауылды аймақтарда шеберханалардың, фабрикалардың түгелдей дерлігі өнімді сыртқа шығару не тасымалдау үшін өндірілді.Тасымалдаудың теңіз арқылы өткізу түрі географиялық жағдайдың ерекшелігіне байланысты болды. Өнімнің көбісі Афиныдағы агораға жіберілетін, агора сауданың қызған орталығына айналды. Онда бөлшек және көтерме сауда түрі қолданылды. Және де бұл ақша арқылы сатып алу механизмімен жүзеге асырылды.
Б.з.б. 11-9 ғасырларда пайда болған көзқарас бойынша 40-қа жуық құдайға табынған. Құдайлар мекені Олимп тауы деп есептелген. Олардың басты құдайлары:
- Зевс – құдайлардың әкесі;
- Гера – Зевстің әйелі, аспан құдайы;
- Деметра – өнім мен өсімдік құдайы;
- Дионис – жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің құдайы;
- Афина – даналық пен жеңіс құдайы;
- Афродита – сұлулық пен махаббат құдайы;
- Гелиос – күн құдайы;
- Гефест – ұсталарды жарылқаушы құдай;
- Гермес – сауда-саттықтың дамуын жарылқаушы құдай;
- Посейдон
– теңіз құдайы.
Грециядағы тұрғындардың діни көзқарастары шектелмеген, ол үшін мемлекет басшылыра бүкіл жағдай жасаған: храмдар мен шіркеулер тұрғызылған. Тек заңды бұзушылар үшін ғана қатаң жаза қолданған.
Грекия өзінің олимпиялық ойындарымен әйгілі. Олимпиялық ойындардың негізгі өткізілген жері – Пелопоннестегі Олимпия қаласы. Олимп – Зевс құдайына арналған храм орналасқан қасиетті орын болып табылады. Бұл ойындар б.з.б. 776 жылдан бастап Зевс құдайына арналып 4 жылда бір рет 5 күн өткізілген. Бұл ойындар кезінде өзара соғыстарға, әйел адамдардың қатысуына тыйым салынған. Сайыс жеңімпаздарына зәйтүн ағаштарының бұтағынан өрілген гүл алқа мен туған қаласында мүсін орнату сыйлығы берілді.
Сонымен қатар, Құдайларға
Грек әдебиеті грек халқының құл иелену заманында туған, Еуропадағы ең көне әдебиет.
Грек әдебиетінің кезеңдері:
І. Архаикалық кезең – б.д.б. V ғ. басы;
ІІ. Аттикалық кезең – б.д.б. V-VІ ғ.;
ІІІ. Эллинистикалық кезең – б.д.б. ІV-І ғ.
Антикалық әдебиеті дамуының бірінші кезеңі – архаикалық кезең. Бұл кезеңге халықтың ауыз әдебиеті жатады. Біздің заманымызға дейін антикалық ауыз әдебиетінің үлгілері жеткен жоқ. Бұл кезеңнен тек қана б.з.д. VI ғ. жазылған грек әдебиетінің екі ұлы ескерткіші – «Илиада» және «Одиссея» поэмалары сақталды.
Екінші кезең – грек классикалық әдебиетінің құрылуы мен гүлденуі. Бұл кезең классикалық кезең деп те аталады. Осы кезеңде лирика, драма, прозаның көп түрі дүниеге келген. Екінші кезеңге грек философтарының, тарихшы, шешендердің еңбектері жатады.
Үшінші кезең – антикалық әдебиеттің эллинистикалық кезеңі.
Төртінші кезеңге рим әдебиеті де кіреді, сол себепті бұл кезеңді римдік кезең деп атайды.
Гректердің мифиологиялық образдар мен сюжеттерді мол пайдалануы грек әдебиетінде алуан жанрлардың тууына негіз болды. Көне дәуірде яғни б.ғ.д. 97 ж. құл иеленушілік пайда болған кезден бастап грек халқының өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Оның әдебиеті туып, өркен жая бастады. Алайда, грек мифологиясы әдебиетінің негізгі арқауы болып қала берді. Бұл кезеннің ұлы ескерткіштері - «Илиада» мен «Одиссея». Ру - тайпалық қарым-қатынастардың күйреу кезінде Гесиодтың (8-7ғ.) дидактикалық поэмасы «Теогония» (құдайлардың тегі) туды. Бұл дәуірде лирика жетекшілік роль атқарды. Б.з.д. 6 ғасырда Анаксимандр, Анаксимин, Гераклит сияқты философтар сөздерінің ой-пікірлерін прозалық трактат түрінде жазды. Өмірде болғанды хроника жолымен хабарлау –тарихнаманы, ал өмір көрінісін фольклорлық сыңайда баяндау - новелланы туғызды. Құл Эзопқа байланысты аңыз-әңгімелер – осының бір көрінісі. Эзоп тек прозалық фольклордың негізгі кейіпкері ғана емес сонымен қатар талай мәнді де құмарлы мысалдардың авторы болды деген жорамал бар.
Ежелгі грек әдебиетінің ең бір гүлденген
шағы Аттика дәуірі, бұл кезде яғни 5-4 ғ.
Афина мәдени биігіне көтерілді. Осы
кезеңде Эсхил өзінің «Парсылар», «Орестея»,
«Данаиды», «Прометей» сияқты шығармаларымен
трагедия жанрының шоқтығын көтерсе, Софокл
«Антигона», «Филоктет», «Эдип патша»
арқылы драма жанрын қалыптастырды. Сол
дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің
«Медея», «Ипполит», «Геракл» т.б. шығармаларында
адамның іс-әрекетін, күйініш-сүйінішін
көрсетті.
Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер — протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды.
Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" — теке және "одэ" — өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері — сатирлерге әкеледі. Сатирлер адам мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.
"Комедия" сөзі "комос" — Диониске арналған мейрамдағы көшеде қыдырып жүрген қызу әрі көңілді халық және "одэ" — өлең, ән деген ұғымдардан шығып, қыдырып жүрген халықтың әні деп аударылады. Гректің ақындары —Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофанның шығармалары грек халқының қоғамдық-саяси және рухани өмірін жан-жакты көрсетті. Театр ойындары ашық далада өткізілді. Театр ғимараты орхестрен (дөңгелек алаң), театрыннан (көрермендер орны) және скенадан (алғашқы актерлердің киініп, сахнаға шығуына прпалған жай палатка) кұралды. Ежелгі Грекия театрларына көп көрермен сыятын.
Мысалы, Дионистің Афиныдағы театры 17 мың пдамға арналса, Эпидаврдағы театрға 10 мыңдай адам бара алатын. Көрермендерге — бүкіл Афины азаматтарына театр ойын-сауықтарына бару үшін мерекелік ақша берілетін, ал олар сол ақшаға отыратын орындары көрсетілген арнаулы темір жетондарды сатып алатын. Қойылымдар таңертең басталып үш күнге созылатындықтан, көрермендер тамағы мен сусындарын өздерімен арқалап әкелетін.