Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 11:03, реферат
Греция тарихындағы жаңа кезең Филипп ІІ ұлы Александр Македонскийдің (б.з. дейінгі 356-323 ж.ж.) Шығысқа жорығы болды. Жорық нәтижесінде (б.з. дейінгі 334-324 ж.ж.) Дунайдан Индаға дейін, Египеттен қазіргі Орта Азияға дейін созылған үлкен держава құрылды. Эллинизм дәуірі, грек мәдениетінің А. Македонскийдің барлық державасына таралатын дәуірі басталады.
Эллинизм дәуірінде ғылым мен техника дамиды. Осы кезеңнің атақты ғалымдары Архимед, Евклид, Эратосфен және басқалар болды.
Империя заманында императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды. Солардың ішіндегі ең ірісі Римде 75—80 жылдары және орта ғасырларда салынған Колизей (колоссеум алып деген латын сөзіңен шыққан). Колизейдің биіктігі 50 м, қабырғасы сирек тас (травер-тин) блоктарынан қаланған. Күмбезді арқаларының үш қабаты қабырғаның ішкі жағындағы алып бағаналарға тірелген. Колизей дәл есептермен ойластырылып салынған. Қабырға ярустарына амфитеатр ішіндегі орындықтар белдігі сәйкес келеді. Колизей ортасында гладиаторлар шайқасы үшін аңдар қуып шығарылатын алаң бар. Оның ағаш еденіне құм төсегендіктен, алаң осылай — латынша «арена» сөзімен аталып кеткен. Арена астында аңдарға арналған тор мен жараланған, не өлген гладиаторлар үшін арнайы бөлмелер мен су құбыры болған. Аренаға теңіз шайқастарын кәрсету мақсатында су толтырылатын. Арена аумағы бірден үш мың жұп гладиатор кіргізуге мүмкіндік берген. Аренаның үстінде сенаторларға арналған мәрмәрдан салынған кең алаң-подиум тұратын, ал арнайы ложада император отыратын. Колизей 50 мың адам сиятындай етіп салынды. Рим ақыны Марциал оны әлемнің ғаламаты деп санады.
Колизей құрылысының негізін арқалар мен итарқа күмбез құрайды. Грекия сәулет өнеріне колонналар қандай тән болса, Рим сәулет өнеріне бұлар да сондай жарасымды. Ғалымдардың пікірінше, Римнің сөулет өнерінің екінші бір көрнекті үлгісі — 120—125 жылдары император Андрианның (біздің заманымызға дейінгі II ғасыр басы) тұсында салынған таңғажайып ғимарат Пантеон болып саналады. Бұл ғимараттың аты грек тілінен аудар 148 ғанда «барлық құдайлардың храмы» деген мағынаны береді. Пантеон — көлемі жағынан алып қарағанда ең ірі римдік күмбезді храм.
Антика дүниесі мәдениетінің тарихында мұндай зор күмбезді храмдар салынбаған, ал осы орасан зор күмбездің диаметрі 43,2 м, ал биіктігі 42,7 м, яғни бір-бірімен шамалас. Осыншама алып ғимаратгы ұстап тұру үшін қалыңдығы алты метрден астам (6,2 м) шомбал қабырғалар салынған. Пантеонның сырты ақ сылақпен ақталып, күмбездің өзі алтынмен қапталған, қола сырмен жылтыратылған. Храмның еденіне мәрмәр тақта төселген, қабырғасы екі қабатқа болінген. Күмбез ішкі жағынан қарағанда аумаған жарты шар тәріздес, оның ортасындағы 9 метрлік тесік — әйғілі «Пантеон терезесінен» храмға жарық сәуле түсіріп тұрады.
Күмбезді
ғимараттардың қайталанбас
IV—V
ғасырда, яғни кейінгі империя
дәуірінде Рим мемлекетін
Шығыс Рим империясы, Византия империясы деген атпен 1453 жылға дейін өмір сүрді, бұл христиандық бағыттағы грек мәдениетінің заңды жалғасы болды. Ал Батыc Рим империясы германдықтардың соққысынан 476 жылы құлады. Бұл жыл тарихта Ежелгі дүниенің соңғы, ал орта ғасыр деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің бастамасы болды, сөйтіп мәдениет тарихының тағы да бір жаңа беті ашылды.
[1]
Информация о работе 18 ғасыр соңында ірі техниканы ойлап табуы