Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 11:03, реферат
Греция тарихындағы жаңа кезең Филипп ІІ ұлы Александр Македонскийдің (б.з. дейінгі 356-323 ж.ж.) Шығысқа жорығы болды. Жорық нәтижесінде (б.з. дейінгі 334-324 ж.ж.) Дунайдан Индаға дейін, Египеттен қазіргі Орта Азияға дейін созылған үлкен держава құрылды. Эллинизм дәуірі, грек мәдениетінің А. Македонскийдің барлық державасына таралатын дәуірі басталады.
Эллинизм дәуірінде ғылым мен техника дамиды. Осы кезеңнің атақты ғалымдары Архимед, Евклид, Эратосфен және басқалар болды.
План Александрии Египетской, столицы птолемеевского Египта
Сонымен Шығыстың ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына ерекше мән берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салды. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмысстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі — Алексаңдриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі «музей» сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмысстармен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға, ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы — Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар өйгілі кітапхана орналасты.
Менің ойымша, эллинизм өнерін бірыңғай тұтас өнер деп қарастыруға болмас. Өйткені, бұл дәуірде Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дөстүрлері болды. Бірақ оған қарамастан сәулет, мүсін және сурет өнерлері бүкіл орасан зор эллиндік дүниеде гүлдене берді. Біздің заманымызға дейінгі II ғасыр өмір сүрген атақты мүсінші Александр (Агесандр)дың қолынан шыққан Париждегі Лувр музейінің мақтанышы «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енген Афродитаның мүсіні қазір бүкіл дүние жүзіне белгілі болып отыр. Бұл мүсіннің өн бойында грек өнерінің ғасырлар бойғы үздік жетістіктері ғажайып үндестік тапқан. Махаббат құдайының бұл сырлы бейнесі өзінің маңғаздылығымен де, нөзіктігімен де көрген адамды бірден баурап алады. Әлемнің жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» эллинистік дүниенің сауда жолдарының орталығымен қатар, эллинизм мәдениетінің ордасы болғандықтан «Жаңа Афины» деген атаққа ие болған Александрияда тұрғызылды. Бұл жағдай эллинизм дәуіріне біртұтас жобамен салынған алғашқы қалалардың бірі болып саналатын Александрияның даңқын одан әрі арттыра түсті. Шырақ биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынды, ұшар басында теңіз әміршісі Пассейдонның қола мүсіні орналастырылды. Шырақтың айналып тұратын жүйесі күмбезде жанған оттың жарығын одан әрі күшейте түскен, соның арқасында от 60 шақырым жерден көрінетін болған. Пырақ Александрияның әрі бекінісі, әрі қарауыл мұнарасы болған, мұнараға астрономиялық жабдықтар, желбағар (флюгер), сағат орнатылған. Рим империясы құлағаннан кейін шырақ төңірегіне жарық шашуын тоқтатты, ең соңыңда жер сілкінісінен күйреді. Көне шырақтың қалдықтарын кейіннен түріктер бекіністер салуға пайдаланған, ол бекіністі қазіргі уақытта да көруге болады.
Грек өнерінің соңғы айтулы мәдени ескерткішінің бірі — Троялық абыз Лаокоон мен оның балаларының апат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Бұл таңғажайып өнер туындысын жасаушылар родостық шеберлер — Агесандр, Полидор және Афанодор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі жөніндегі аңызхикаядан алынған. Эллинизм дәуірінде дін саласында жаңа құбылыстар байқалды. Солардың бірі кейбір ежелгі шығыс елдеріне төн, патшаны құдай дөрежесінде мадақтауға негізделген — монархтарға табынушылық болды. Патшалық етуші монархтар мен олардьщ әйелдері құдайлар деп таныльш, оларға құдайлардай сый-құрмет көрсетіліп, храмдар салынды. Эллинистік діннің екінші бір белгісі — «Тағдырға табынушылық» адамдарға үстемдік етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы гректердің ескілікті ұғымдарымен байланысты өмірге келді. Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет — синкретизм еді (гректік және шығыстың діни ұғымдарының түрлі элементтерінің өзара араласып кетуі).
Қорыта келгенде, ежелгі грек мәдениетінің шұғыласы антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлар бойы өз сәулесін түсіріп келеді. Біздің заманымызға дейінгі ГУ ғасырда пайда болған эллинистік мемлекеттер көп уақыт өмір сүрген жоқ, өйткені біздің заманымызға дейінгі II—I ғасыр өзінде-ақ олардың көпшілігін құлиеленушілік Римнің қалың қолы жаулап алды. Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің жаңа тарауы болып есептелетін Ежелгі Рим мәдениеті басталды.
Республика дәуіріндегі Римнің мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырлар)
Біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда Рим этрус қалаларымен қоса, бүкіл Апенин түбегін өзіне бағындырды, ал III—I ғасырлардағы қантөгіс соғыстарда римдіктер өздерінің басты бәсекелесі Карфагенді күйретіп, одан соң іле-шала Грекия мен Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі біраз мемлекеттерді жаулап алды. Бұл жайында аса көрнекті грек тарихшысы Полибий былай деп жазды: «Римдіктер белгілі дүниенің бәрін дерлік өзіне бағындырып алды, сөйтіп, өз құдіретін ата-бабаларының үш ұйықтаса түсіне кірмеген, ал кейінгі ұрпақтары басып оза алмайтын шырқау биікке көтерді». Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда Рим ежелгі дүниенің аса ірі құл иеленуші мемлекетіне айналды.
Рим әркерінің дулығасы
Дүниежүзілік өркениетке гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл ұлы халықтар бірін-бірі толықтырып отырды. Міне, сондықтан да болар, қазіргі Еуропа мәдениетінің іргетасын қалау — бұл ұлы халықтардың ортақ мақсаты, ортақ ісі болды. Әрине, гректер өнердің қай саласында болса да кош ілгері болды, римдіктерге қарағанда ғылымға да көп үлес қосты, диалектика саласында да шеберліктерін көрсете білді. Тіпті Рим өнерінің тұтастай алғанда грек өнерінен туындаганын тарихи тұрғыдан дәлелдеуге де болатын шығар. Алайда, Римнің ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұрасы Еуропаның мәдени іргетасын қалауда айрықша орын алатынын естен шығармаған жөн. Тарих беттеріне тереңірек үңіле қарасақ, римдіктердің алғашқы кездерде өздерін тағыларша ұстағандығын байқауға болады. Мысалы, Ювенал өзінің сатиралық бір шығармасында гректердің көркем дүниесін бағалай алмаған дөрекі рим солдатын шынайы көрсетеді, ол солдат өзінің қалқаны мен сауытын өшекейлеу үшін атақты суретшілердің қолынан шыққан кубоктарды ұсақтап, сындырып тастаған. Біздің заманымызға дейінгі 146 жылы Коринф қаласының қалауымен антика тарихының гректік дәуірі аяқталады. Ионий теңізінің жағасында орналасқан бұл қала грек мәдениетінің басты орталығы болатын, бірақ гүлденген бұл мәдени ошақты Рим консулы Муммийдің солдаттары жоқ қып жібереді, ал өртенген сарайлар мен храмдардағы асыл қазыналар Римге жеткізіледі. Алайда, арада екі ғасыр өткеннен кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Ендігі жерде Рим ақсүйектері өнердің қадірін түсіне бастады, сөйтіп қираған Коринф қайтадан түлеп, тамаша мәдени ескерткіштермен жасанып шыға келді.
Жалпы біздің заманымызға дейінгі III ғасырдың аяғынан бастап Римнің әскер басылары жаулап алынған грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Бұл жағдай римдіктердің көркемдік талғамын дамытуға жол ашты. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары Мирон, Фидий, Скопас, Поликлет, Лисипп, Пракситель сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды. Үздік өнер туындыларының үлгілерін жасауға Рим ақсүйектері қыруар қаржы жұмсады, сөйтіп грек мүсіншілерінің ең атақты ескерткіштерінің көшірмелері көптеп дайындала бастады. Олардың көпшілігі біздің заманымызға дейін сақталган. Грек суретшісі мен рим суретшісінің қоғамдық жағдайында жер мен көктей айырмашылық болды. Грек суретшісі құл иеленушілік демократия жағдайында еркін болды, өйткені, ол бірінші жағынан өзі мекендейтін мемлекетқаланың полис мүддесін көздейтін болса, екінші жағынан өз елінің еркін азаматы екендігін сезіне білді, сейтіп суретшілік өнер оларды биік мұраттарға жетеледі. Ал Рим суретшілеріне келеек, олар азаматтық құқығы болмағандықтан саяси оқиғалардан шалғай болды, оның үстіне олар көп жағдайларда еркіндік алған бұрынғы құл немесе ата тегі грек құл санатындағы адамдар болатын. Міне, сондықтан да бол ар, римдік суретшілер мен мүсіншілердің есімдері көп сақталмаған. Өнер туындыларына тұтынушылық тұрғыдан қарау мүсіншіні берілген тапсырманы мұқият орындаушыға және жай ғана көшірмешіге айналдырды. Демек, олар кәсіби шебер болғанымен, нағыз дарын иелері дәрежесіне көтеріле алмады. Бірақ Рим мәдениетінің дамуындағы мұндай келеңсіз жағдайлар заман ағысында өз шешімін тапты, соның нәтижесінде мәдениет пен өнердің дамуы жаңа арнаға түсті.
Римдегі Аугусто
Римдіктердің табиғи шығармашылық даналықтары сәулет өнері ескерткіштерінде мейлінше байқалады. Рим сәулетшілері ғимараттарының өзіндік ерекшелігі, олардың мемлекет қажеттілігін ескеріп салынуы болатын. Сондай таңғажайып ескерткіштердің бірі Римді оңтүстік Италия қалаларымен жалғастыратын ең атақты, ең ежелгі жол — Аппий жолы болып саналады. Мұның құрылысын біздің заманымызға дейінгі 312 жылы Аппий Клавдий қолға алған болатын. Бұл жол талай тарихи уақиғалардың куәгері, өйткені осы жолдың бойында біздің заманымызға дейінгі 71 жылы Спартак көтерілісіне қатысқан құлдар асып өлтірілген.
Біздің заманымызға дейінгі III
Республика дәуіріндегі Рим сәулет өнерінің дамуына біздің заманымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген әрі инженер, әрі сәулетші Витрубийдің «Сәулет өнері туралы он кітап» деп аталатын трактатының ықпалы орасан зор болды. Бұл ғылыми еңбек сол замандағы құрылыс тәжірибесінің нағыз энциклопедиясы болатын. Ол ғимараттар салудағы басты талаптарға: ғимараттың пайдалылығына, оның беріктігі мен әсемдігіне ғылыми тұрғьщан ерекше мән берген. Витрубийдің бұл еңбегі Рим заманында кең тарапал қайта өрлеу дәуірінде шынайы даңққа бөленді.
Рим республикасы дәуірінде сәулет өнерімен қатар ежелгі дүние өнерінде ерекше орын алған реалистік мүсіндік портрет те дамыды. Грек шеберлерінің қолынан шыққан портреттермен салыстырғанда римдік мүсіндік портреттер бірден көзге түседі, өйткені римдік суретшілер ұлы адамдардың бейнелерін салган уақытта, басқа азаматтарға үлгі боларлықтай асқан сұлу, жан-жақты жетілген, кемел адамның бейнесін жасауға тырысты. Осындай шығармашылық ізденістің нәтижесінде портреттердің эмоционалдығы айқындалып, әсерлігі күшейді, яғни оларды айрықша даралап көрсетуге тырысушылық байқалды. Портрет жанрының кеңінен тарауы «ата-бабаларды құрметтеу» дәстүрімен де тығыз байланысты болды.
Коллизей амфитеатры
Римдік портретте — Римнің тарихы жатыр, шарықтау кезеңі мен қайғылы ажалы жатыр. Өйткені, Рим императорларының арасында ізгілігімен, даналығымен аты шыққан аса ірі мемлекет қайраткерлерімен қатар, атаққұмарлар, ойына келгенін істейтін қанышер-деспоттары да болды. Осы орайда портреггің дамуына біздің заманымызға дейінгі I ғасырда римдік чиновниктерге өз мүсіндерін қоғамдық орындарға қоюға берілген құқық едәуір ықпал жасады.
Рим әдебиетіне келетін болсақ, бұл салада грек әдебиетінің ықпалы зор болды. Алғашқы кезде гректер рим жазушылары болды, тіпті алғашқы әдеби шығармалардың өздері де грек тілінен латыншаға аударылған. Алғашқы рим ақыны Ливий Андрониктің ұлты грек болған, ол кейіннен ұлы Гомердің «Одиссеясын» ғана емес, атап айтқанда, Софокл мен Еврипидтің шығармаларын және тағы да басқа грек трагедиялары мен комедияларын латын тіліне аударды. Ал шын римдік жазушы біздің заманымызға дейінгі III ғасыр аяғы мен II ғасыр басында өмір сүрген Плавт болды. Оның «Тұтқындар», «Үш бақыр» және тағы да басқа комедияларында Рим империясының тіршілік-тынысы барынша қамтылды. Одан кейінірек комедия жанрымен айналысқан — Теренций (біздің заманымызға дейінгі 125—159 жылдар) грек авторларының, әсіресе Менандрдың шығармаларын латын тілінде қайталап беруден аса алған жоқ. Ал рим трагедиясына келеек, ол нақты өмір шындығынан алшақтау болды және грек трагедияларына еліктеушілік сезіліп тұрды.
Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. Варронның (біздің заманымызға дейінгі 116—27 жылдар) ең әйгілі «Древности дел божеских и человеческих» атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі діни энциклопедия болды. Ол сонымен бірге бірталай грамматикалық, тарихи-әдеби, философиялық еңбектермен қатар Римнің атақты адамдарының өмірбаянын да жазған.
Осы
кезеңдегі әлемнің ойшыл
Тілінен бал тамған, лебімен отқа вртейтін әрі інешен, әрі философ Цицеронның негізінен соттарда сөйлеген 58 сөзі, 800ден астам хаттары бар. Цицерон сол дәуірдігі философиялық идеялардың ықпалында болды. Олай болатын себебі, грек мәдениетінің ықпалы рим философиясында да айқын аңғарылды. Сондықтан да болар, Римде жеке философиялық жүйелер мүлде қалыптаспады десе де болады.
Біздің заманымызға дейінгі 31 жылдан бастап Римнің тарихында жаңа тарихи белес — империя тарихы басталды. Рим мемлекеті Жерорта теңізі аймақтарын, солтүстік Африканы, Еуропаның біраз бөлігін және тағы да басқалары жерлерді қамтыған ұлы империяға айналды. Үзаққа созылған қанды шайқастардан кейін ұлы Цезардың жиен немересі Август (біздің заманымызға дейінгі 63—14 жылдар) империяның негізін қалады, сөйтіп мемлекеттегі барлық әте маңызды лауазымдар (консул, трибун, мәртебелі абыз және тағы да басқалары) бір ғана императордың қолына жинақталған саяси құрылымды алғаш рет орнықтырды. Ең бастысы — ол Римнің гүлденіп, көркеюіне айрықша үлес қосты. Ежелгі заманның жазушылары Август кірпіштен қаланған Римді қабылдап алып, оны мәрмәрдан салып кетті деп тегіннен-тегін жазбаған болар. Витрубийдің сөзіне қарағанда, Август «империя айбынын ғаламат қоғамдық ғимараттар салумен арттыра түсуді» ойлаған. Ұлы қала мен ұлы империяны көркейтіп, мәдени жағынан гүлдендіру әйгілі Рим әміршісінің басты мақсаты болатын. Олай болса, мәдениет үшін грек тарихында Перикл заманы қандай мәнге ие болса, Рим тарихында Август заманы да сондай мәнге ие болды.
Шындығында да, Август заманы — мәдениеттің гүлдену заманы болды. Римнің ұлылығын мадақтау идеясы — I—IV ғасырлардағы империя дәуірінде салынған сәулет өнерінің алып ескерткіштерінде аса айқын көрініс тапты. Август болса ғасыр бастауында «Элем әміршісі» атанған халықтың талғамына сай қоғамдық ғимараттарды өте көп салдырды. Аполлон ғибадатханасы салынып, Юпитерге арналып храм тұрғызылды. Бүкіл қаланы округтер мен кварталдарға бөлді. Су тасқынын болдырмау үшін Тибрдің арнасын тазартып, кеңейттірді, ол орасан зор тоғыз акведук императорлық Римді сумен қамтамасыз етіп тұрды. Мемлекет игілігі үшін жасалынып жатқан дәл осындай пайдалы жұмысстар жөнінде Рим жазушысы Юлий Фронтин былай деп сүйсіне жазды: «Тас сеңгірлерді Египеттің пайдасы жоқ пирамидаларымен немесе гректердің даңқы жер жарған, бірақ салтанат үшін салынған құрылыстарымен салыстыруға болмайды».
Империя қалаларында бірнеше қабатты үйлер, соттар мәжілісі ететін, сауда-саттық жүргізілетін, ұзына бойына колонналар қатарымен бөлінген «базиликалар» деп аталатын портиктер, гладиаторлар шайқасына арналған ондаған мың адам сыйып кететін орасан зор амфитеатрлар, жүзу бассейндері, дене шынықтыру жаттығуларына арналған аландар, бай кітапханалар, моншалар және тағы да басқалары барған сайын көбейе берді.
Информация о работе 18 ғасыр соңында ірі техниканы ойлап табуы