Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 11:03, реферат
Греция тарихындағы жаңа кезең Филипп ІІ ұлы Александр Македонскийдің (б.з. дейінгі 356-323 ж.ж.) Шығысқа жорығы болды. Жорық нәтижесінде (б.з. дейінгі 334-324 ж.ж.) Дунайдан Индаға дейін, Египеттен қазіргі Орта Азияға дейін созылған үлкен держава құрылды. Эллинизм дәуірі, грек мәдениетінің А. Македонскийдің барлық державасына таралатын дәуірі басталады.
Эллинизм дәуірінде ғылым мен техника дамиды. Осы кезеңнің атақты ғалымдары Архимед, Евклид, Эратосфен және басқалар болды.
Греция тарихындағы жаңа кезең Филипп ІІ ұлы Александр Македонскийдің (б.з. дейінгі 356-323 ж.ж.) Шығысқа жорығы болды. Жорық нәтижесінде (б.з. дейінгі 334-324 ж.ж.) Дунайдан Индаға дейін, Египеттен қазіргі Орта Азияға дейін созылған үлкен держава құрылды. Эллинизм дәуірі, грек мәдениетінің А. Македонскийдің барлық державасына таралатын дәуірі басталады.
Эллинизм дәуірінде ғылым мен техника дамиды. Осы кезеңнің атақты ғалымдары Архимед, Евклид, Эратосфен және басқалар болды.
Эллинистік мүсіншілер көрермендерді өздерінің шығармаларымен толғандырып, ол үшін көркемдігі жоғары формалар тапты. Мүсіншілер Агесандр, Полидор, Афинадордың “Лаокооны” осындай. Гомердің “Иллиадасынан” алынған сюжет – троян абызы Лаокоон мен оның ұлдарының қалаға белгілі троян атын енгізуге қарсылық жасағаны үшін құдайлар жіберген өлімі адам трагедиясы ретінде қарастырылады. Осы кезеңнің елеулі шығармаларына мыналар жатады: Зевстің пергам альтарының рельефтері, Мелос аралынан келген Афродита (Венера Милосская), Ника Самофракийская, біздің заманымызға жетпеген, қоладан жасалған, биіктігі 35 м Колосс Родосский.
Эллинизм өнері сол қарқынды дәуір адамдарын толғандырған идеяларды суреттеді, ал көркем мәдениет Жерорта теңізінің әр түрлі облыстарындағы өнердің көптеген түрлерін дамыту негізі болды. Б.з. дейінгі 1 ғ. соңынан эллинистік мемлекеттер құри бастағанда антика әлемінде рим өнері жетекші мәнге ие бола бастайды. Ол өзіне Греция мәдениеті мен өнерін сіңіре отырып, зор Рим державасының көркем практикасына үлесін қосты. Гректердің антикалық антропоцентризміне римдіктер парасатты дүниетаным белгілерін енгізді. Ойлау дәлдігі мен тарихилығы, қатаң проза гректердің миф шығармашылығының мәнді поэтикасынан бөлек көркем мәдениет негізі болды.
Римнің көркем мәдениеті алуандығымен және формаларының ала-құлалығымен ерекшеленеді, онда Рим бағындырған елдердің өнеріне тән белгілер бейнеленген. Гүлдену кезеңіндегі рим өнерінде сәулет жетекші роль атқарды, оның ескерткіштері қазірдің өзінде өзінің алыптығымен таңдандырады. Римдіктер әлемдік сәулетшіліктің жаңа дәуірін ашты, онда көп адамдар санына есептелген қоғамдық құрылыстар негізгі орын алады. Барлық әлемде инженерлік өнер биіктігі, құрылыстар типтерінің алуандығы, композициялық формалар байлығы, құрылыс масштабы бойынша тең келетін сәулет жоқ. Римдіктер қала, ауыл ансамбліне және пейзажына сәулет объектілері ретінде инженерлік құрылыстар (акведуктер, көпірлер, жолдар, айлақтар, бекіністер) салды. Олар грек сәулетінің принциптерін, алдымен оның ордерлік жүйесін қайта өңдеді.
Алайда Римдегі грек өнерін құрайтын гуманистік бастаудың, айбындылық пен үйлесімнің орнын императорлардың билігін, империяның әскери қуатын дәріптеу басты. Осыдан асыра сілтеушілік, жалған пафос шықты, ал оның жанында кедейлердің жыртық лашықтары, қисық көшелері мен қаладағы лас, қараңғы түпкірлер тұрды.
Монументті мүсін облысында римдіктер гректерден қалып қойды және гректер сияқты зор ескерткіштер жасаған жоқ. Бірақ олар пластиканы өмірдің жаңа жақтарын аша отырып байытты, сәулет декорының маңызды бөлігін құрайтын тұрмыстық және тарихи бедер жасады.
Рим мүсін өнерінің ең үздік мұрасы – портрет. Шығармашылықтың дербес түрі ретінде ол б.з. дейінгі 1 ғ. басынан байқалады. Римдіктер осы жанрды жаңаша түсінді. Олар грек мүсіншілерінен айырмашылығы нақты адамның бет-бейнесін мұқият және жіті зерттеді.
Б.з. дейінгі І ғ. соңында Рим
мемлекеті аристократиялық
Б.з. І ғ. соңы мен ІІ ғ. басы – үлкен кеңістікті құлаштағы керемет сәулет кешендерін салу уақыты. Ежелгі республикалық Форумның жанынан салтанатты рәсімдерге арналған императорлар форумдары салынды. Көп қабатты үйлер салынды, олар Рим мен империяның басқа қалаларының бейнесін айқындады. Императорлық Римнің қуаты мен тарихи мәнінің үлгісі әскери жеңісті дәріптейтін салтанатты құрылыстар болды.
Ежелгі Римнің ең зор көріністі құрылысы – Колизей, бұл керемет көріністер мен гладиаторлық ұрыстар орны болды. Құрылысшылар оның үлкен тастан жасалған жеріне 50 мың көрерменді ыңғайлы орналастыру керек болды. Колизейдің қуатты қабырғалары тұтас аркадалармен 4 бөлікке бөлінген, төменгі бөлігі кіретін және шығатын орын болды. Төмен түсетін орындар көрермендердің қоғамдық рангысына байланысты бөлінді. Колизеймен жасалу шеберлігі және кеңістік шешіміне байланысты еркін үйлесімімен көз тартатын Пантеон ордасы ғана бәсекелесе алады.
Рим өнері антика көркем мәдениетінің үлкен кезеңін аяқтайды. 395 ж. Рим империясы Батысқа және Шығысқа бөлінеді. IV-VII ғ.ғ. варварлар қиратқан, тонаған Рим босап қалды, оның құлаған орнында жаңа селолар пайда болды, бірақ рим өнерінің дәстүрлері жалғасын тапты. Ежелгі Римнің көркем бейнелері Қайта Өрлеу заманының шеберлерін шабыттандырды.
ЭЛЛИНДІК МӘДЕНИЕТ, ұғым ретінде екі түрлі мағынасы бар: хронологиялық жағынан – эллинизм дәуірінің мәдениеті, типологиялық жағынан грек (эллин) және жергілікті элементтердің өзара ықпал етуі нәтижесінде пайда болған. Типол. түсінік “Элиндік мадениетне” Александр Македонскийдің (б.з.б. 4 ғ.) жорықтарынан бастап Рим империясының құлаған (б.з. 5 ғ.) кезіне дейінгі антик. дүниенің бүкіл мәдениетін де қосуға мүмкіндік беріп, хронол. және геогр. шеңберді кеңейте түседі. Бұл жағдайда рим жаулап алушылығынан кейінгі кезеңде пайда болған идеология мен мәдениеттегі өзгерістер назарға алынбайды. Эллиндік дүниенің барлық аум-нда қалыптасқан мәдениет бірыңғай болған жоқ. Ол әрбір облыста мәдениеттің жергілікті, неғұрлым тұрақты дәстүрлі элементтерінің жаулап алушылар мен қоныс аударушылар әкелген мәдениетпен өзара ықпалдасу жолымен қалыптасты. Қосылу формалары көптеген нақты жағдайлардың: әр түрлі этн. топтардың (жергілікті тұрғындар мен келімсектер) арақатынасы, олардың экономикасы мен мәдениетінің әлеум. ұйымы, саяси жағдайының деңгейі әсерімен анықталды. Алайда Э. м-тің барлық жергілікті нұсқаларына қоғамның эллинденген жоғ. топтары мен жергілікті дәстүрлер орнықтылау сақталған қалалық және ауылдық мәдениеттің мазмұны мен сипатындағы ерекшеліктер айқын көрінді.
Дін мен мифология. Эллиндік дін мен мифологияның неғұрлым сипатты белгісі – шығыстық мұра орасан рөл атқарған синкретизм болып табылады. Грек пантеонының құдайлары ежелгі шығыс құдайларымен қатар қойылып, жаңа белгілерге ие болды. Құдайларды құрметтеудің формалары ауысып, мистериялар басқаша сипатқа ие болды. Пантеон мен табыну формаларындағы жергілікті ерекшеліктер сақталған жағдайда өзіне әр түрлі халықтардың неғұрлым құрмет тұтатын құдайларының ұқсас міндеттерін біріктірген бірқатар әмбебеп құдайлар кең тарай бастады. Табынушылықтың ең негізгілерінің бірі – Зевс Гипсистке (бәрінен де жоғары) табыну болды, ол финикиялық Ваалмен, египеттік Амонмен, вавилондық Белмен, иудеялық Яхвемен, т.б. қатар қойылды. Зевске табынушылыққа таралуы жағынан мистериялармен бірге Диониске табыну бәсекелесті. Оған табынушылық египет құдайы Осириске, кішіазиялық құдайлар Сабазий мен Адониске табынуға жақындады. Әйел құдайлардың ішінен негізгісі әрі барлық жерде дерлік құрметтелетіні көптеген грек және азиялық әйел құдайлардың белгілеріне ие болған египеттік Исида болды. Тағдырдың әйел құдайы – Тихенің маңызы негізгі құдайлардың деңгейіне дейін көтерілді. Эллиндік патшалар шығыс дәстүрлерін пайдалана отырып, патшаларға табынушылықты күшейтті.
Философия. Эллинизм дәуірінде платондық Академия, аристотельдік Ликей (перипатетик. мектеп), киники мен кирен мектебі өз қызметін жалғастырды. Осы кезде эллиндік дүниеге өз ықпалын жүргізуге бәсекелес үш жаңа филос. мектеп: скептицизм, эпикуреизм мен стоицизм пайда болды. Скептиктер мектебінің негізін б.з.б. 4 ғ-дың 2-жартысында Пиррон қалады. Бұдан кейін скептицизм Платон академиясымен қосылды. Өз ілімін Демокриттің атомдық ілімі мен киренаик. этиканың негізінде жасаған Эпикур мектебі эллиндік дәуірдің дүниеге деген көзқарасына елеулі ықпал етті. Стоицизмнің негізін салушылар – китиондық Зенон, Клеанф пен Хрисипптің қызметі б.з.б. 3 – 2 ғ-ларда өтті. Сократқа дейінгі философияның (бәрінен бұрын Гераклиттің) тұғырнамасын жаңғырта отырып, стоиктер ғарышты біреуі адам болып табылатын сан алуан логостарға бөлінетін саналы отты тыныс алу деп түсіндірді. Б.з.б. 2 ғ-дың ортасынан діни мифол. дәстүрлері бар Грекия мен Шығыс философиясының жақындасу процесі басталды. Бұл процестің негізгі тұлғасы пифагорлық, платондық және стоиктік философияны қосқан Посидоний болды.
Жаратылыстанудағы ғылыми көзқарастар. Эллиндік дүниенің аса ірі ғыл. орт. Жерорта т. аймағындағы аса көрнекті ғалымдар жұмыс істеген және Александрия кітапханасы орналасқан Александрия қаласы болды. Александрияда кітаптар дайындау елеулі дамыды, кітаптар дайындау үшін Египеттен папирус әкелінді. Эллиндік ғылымның басқа маңызды орталықтары Пергам, Оронттағы Антиохия, Родос аралы болды. Бұл орталықтардағы ғалымдардың көпшілігі гректер болды. Математика мен астрономиядағы жоғ. жетістіктер Евклидтің, Архимедтің, пергтік Аполлонийдің, самосстық Аристархтың, Никеядан шыққан Гиппархтың есімдермен байланысты болды. Александрияда жұмыс істеген математиктерден, сондай-ақ Никомен, Диокл, Зенодор мен евклидтік “Бастамалардың” XІV кітабы мен “Көп бұрышты сандар туралы” трактаттың авторы Гипсикл белгілі. Селевкиялық Селевк (б.з.б. 2 ғ.) Аристархтың гелиоцентристік жүйесінің ізбасары ретінде көрініп, теңіз суының қайтуы мен толысуының Айдың орналасуына байланысты екендігін анықтады. Теор. механикадағы табыстар Архимедтің жұмыстарына байланысты еді; жалған аристотельдік “Механикалық проблемалар” трактаты да танымал болды. Қолданбалы механиканың дамуына Ктесибийдің көптеген өнертабыстары ықпал етті. Александр Македонскийдің жорықтары геогр. білімдердің кеңеюіне жағдай жасады. Аристотельдің шәкірті Дикеарх б.з.б. 300 жылдың шамасында сол кезде белгілі болған барлық ойкуменаның картасын жасап, Жер шарының мөлшерін анықтауға әрекеттенді; оның нәтижелерін білімнің әр түрлі салаларында жемісті еңбек еткен киреналық Эратосфен дәлдей түсті. Страбонның “География” (17 кітаптан тұрды) еңбегі сол дәуірдегі геогр. білімді қорытты. Ботаника саласында жинақталған білімдерді Теофраст жүйеге келтірді. Адам анатомиясы мен медицина саласына қызығушылық артты. Халкедондық Герофил мен Эрасистраттың қызметі ғыл. анатомияны жасау жолындағы кезең болды. Осы ғалымдардың ықпалымен б.з.б 3 – 2 ғ-ларда эмпирик дәрігерлердің (Косстық Филин, Александриялық Серапион, т.б.) мектебі пайда болды.
Тарих ғылымы. Тарихшыларға тақырыпты таңдау мен оқиғаларды баяндауда сол замандағы саяси күрес, саяси және филос. теориялар ықпал етті. Тарихи шығармаларда тарихтағы аса көрнекті тұлғалар мен тағдырдың рөлі, кемеліне келген мемлекет формасы, жекелеген елдер тарихының дүниежүз. тарихқа қосылуы, т.б. мәселелер талқыланды. Көптеген тарихшылардың шығармаларында оқиғаларды баяндау жасанды түрде әдебилендіріліп, көпшілік оқырмандардың көңіл-күйіне әсер ететін шешендік өнер тәсілдері қолданылды. Александр Македонскийдің тарихын жазған Каллисфен мен александриялық Клитарх осындай стильде жазды. Тарихнамадағы басқа бағыт фактілерді неғұрлым қатаң және құрғақ баяндауды ұстанды. Мыс., осы бағытта жазған көрнекті тарихшы б.з.б. 220 жылдан 146 жылға дейінгі дүниежүз. тарихты жазған Полибий болды. Жекелеген мемлекеттердің тарихы жазыла бастады, грек полистерінің жылнамалары мен заңдары (декреттері) зерттелді, шығыс елдері тарихына деген қызығушылық өсті. 3 ғ-дың бас кезінен бастап жергілікті абыз-ғалымдардың грек тіліндегі еңбектерінен басқа жергілікті тілдердегі тарихи шығармалар да пайда болды.
Әдебиет. Эллинизм дәуірінде көпшілікке арналған театр қойылымдары сақталып қал-ды. Онда негізінен тұрмыс пен отбасылық қатынастарға бой ұрған комедиялар қойылды. Эллинизм кезеңінің трагедиялары сақталмаған. Б.з.б. 3 ғ-дан бастап әдебиет, негізінен Александрияда дамыды. Мұнда көркем шығарм. әйгілі Александрияда кітапханасында жұмыс істеген филологтардың ғыл. ізденістерімен ажырамас байланыста болды. Өткен заманның көркем әдебиетін оқып-зерттеу эллиндік ақындарға өмір сүріп отырған әдеби дәстүрлердің орнықтылығын ғана емес, оларды жаңартудың қажеттігін сезінуге мүмкіндік берді. Осыдан келіп ертеден қалыптасып қалған жанрлар саласында қызу тәжірибелер жасап көру басталды. Эллинизм кезеңі сондай-ақ эпиграмманың гүлдеген уақыты болды. Оларда бірінші орынға махаббат тақырыбы шықты. Эпостық дәстүрлі жанр да өз жалғасын тапты. Эллинизм дәуірінде қалыптасқан прозалық жанрлардың антик. және ортағасырлық әдебиеттің дамуы үшін елеулі маңызы болды.
Сәулет өнері мен бейнелеу өнері. Көркемдік мектептердің жергілікті ерекшеліктері күшейе түсті (александриялық, пергамдық, родосстық, афиналық, сириялық, т.б.). Евфраттан шығысқа қарайғы аумақтарда бастапқыда грек және жергілікті элементтердің өзара әсері шамалы болды, нәтижесінде Парфия патшалығының, Гандхараның, Кушан патшалығының өнері пайда болған қарқынды ықпалдасу процесі грек-македондықтардың билігі құлағаннан кейін басталды. Эллиндік сәулет өнері орасан ашық кеңістіктерді игеруге ұмтылуымен, асқақтығымен, адамды инж.-құрылыстық ойдың батылдығы және ұлылығымен таңдандыру ниетімен, құрылымдар логикасымен, орындаушылықтың дәлдігі мен шеберлігімен ерекшеленеді. Әдетте қатаң жоспарлар бойынша салынған қалалардың (Египеттегі Александрия, Дура-Европос, Пергам, Приена, Тигрдегі Селевския) көркемдік бет-бейнесінде үлкен бағаналар (негізгі көшелердің бойында) мен агора периметрін қоршай жеке тұратын немесе ғимараттың бөлігі болып табылатын 1 – 2 ярустық бағаналы портиктерге маңызды рөл берілді. Қалалардың орт-нда патша сарайлары, жиналыстар өткізуге арналған үйлер (булевтерия, эвклесиастерия), театрлар, діни ғимараттар орналасты. Эллиндік қалалардың ерекшелігі – оларда асқақ архит. ансамбльдердің болуы еді. Оларға ғимараттарды бір-бірімен және оларды қоршаған табиғи ортамен үйлестіру, қатаң жоспарлау, құрылыс композицияларының алдыңғы бетінің тартымдылығы мен симметриялылығы тән болды. Ғимараттардың жаңа түрлері – кітапханалар, мусейондар (Александрия мусейоны), инж. құрылыстар (Фаростағы Александрия шамшырағы) пайда болды. Эллиндік діннің синкретизмі азаматтық құрылыстарға қарағанда Шығыс өнерімен өзара ықпал етуі күштірек байқалған ғибадатханалар, қасиетті шіркеулер, алтарьлар, мемориалдық ғимараттар типінің дамуына әсер етті (Александриядағы Ком-эш-Шукаф жерасты ғимараттары, Солт. Ауғанстандағы Ай-ханум қалашығы). Эллиндік сәулет өнерінің ерекшелігі Кіші Азиядағы алтарьлардың композициясынан көрініс тапты (Пергамдағы Зевс алтары). Бейнелеу өнерінде классик. мұраларды шығармашылықпен пайдалану, үйлесімді кейіпкерлер жасау (Мелосстық Афродита, б.з.б. 2 ғ.) сарыны байқалды (жаңа аттик. мектеп).[
Эллинизм дәуірініц мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі IV г. аягы — б.з. I г.)
Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александрды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір берді. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері ретінде даңққа бөленген, ұлы Александр отыз үш жасында дүние салды. Ол өлгеннен кейін (біздің заманымызға дейінгі 323 жыл) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық династиялар құрылды.
Дарии патшадағы Македонский
Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Мысырдағы Александрия, Сириядағы Антохия мен Кіші Азиядағы Перғам эллиндік елдердің мәдени орталықтарына айналды. Шығыс елдерінде грек қалаларының пайда болуы Мысыр мен Вавилонның мәдени мұрасымен, ғылыми жетістіктерімен гректердің кеңірек танысуына даңғыл жол ашса, ал өз кезегінде жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Сөйтіп, Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы болды. Эллинизм дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ шығыс елдерін аралаған грек көпестері мен теңізшілері пирамидалар мен храмдардың аса қомақтылығына, патша сарайларының сән-салтанатына, дарынды шеберлердің қолынан шыққан монументтік мүсіндер мен әсем етіп салынған қабырғалық өрнектерге таң-тамаша қалатын. Өз кезегінде Грек қалаларының бай құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді маталарын, металдан жасалынған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған. Одан қалды гректерді Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық туындылары да барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифологияға ұқсас нышандар да табылды. Мысыр мен Алдыңғы Азия өнерінің сәндік өрнектеріне еліктеу ою-өрнектерді таңдаған кездерде айқын сезілді. Ежелгі Шығыс мифологиясы бейнелерінің ықпалымен архаикалық құмыра өрнектеу өнерінде арыстан денелі, әйел басты, құс қанатты сфинкстер, қанатты жылан, құйрықты дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар-грифондар, өлгендердің аруағы болып есептелінетін адам басты құстар — сиреналар және тағы да басқалары пайда болды.
Информация о работе 18 ғасыр соңында ірі техниканы ойлап табуы