Статистикалық динамикалық қатарлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 14:29, реферат

Краткое описание

Динамикалық қатарлар деп - уақытқа байланысты құбылыстардың өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан қатарын айтады.
Динамикалық қатарлар негізгі екі элементтен тұрады:
уақыт көрсеткіштері – t және қатарлардың деңгейі – У.
Уақыт көрсеткіштері арқылы күн, ай, тоқсан, жыл сияқты уақыт мезгілдері көрсетіледі.

Файлы: 1 файл

Статистикалық динамикалық қатарлар.doc

— 115.50 Кб (Скачать)

Динамикалық қатарларға біріктіру жүргізу қажет. Екі деңгейдің салыстырмалы коэффициенті тең болады:
                                                                       .
Бірінші кезеңдегі жаңа шекараның тауар айналымын есептейміз:
                                                                      
Жаңа шекарадағы салыстырмалы қатар 39-кестеде көрсетілген

39-кесте


Көрсеткіш

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

Жаңа шекара

604,8

650

670

Динамикалық қатарлардың интерполяциясы және экстраполяциясы
Динамикалық қатарларды талдау барысында қолданылатын аналитикалық және орташа көрсеткіштер, тренд теңдеуінің параметрлері интерполяцияны және экстраполяцияны есептеуде қолданылады.
Интерполяция деп, динамикалық қатардың деңгейлерінің ішінде  жетіспейтін деңгейді жуық шамамен есептеп табуды айтады.
Ол үшін мынадай тәсілдерді қолданамыз:


–-арифметикалық орташа шаманы қолдану арқылы есептеу.

–– абсолютті өсімді қолдану арқылы есептеу. Оны есептеу үшін  белгісіз деңгейдің екі жағында жатқан деңгейлердің абсолютті өсімінің жартысын белгісіз деңгейдің алдында тұрған мәнге, егер ол өсім болса қосамыз немесе ол кеміген болса аламыз.


–– орташа өсу қарқыны арқылы есептеу. Алдымен орташа өсу қарқыны анықталады, одан шыққан мәнге белгісіз деңгейдің алдында тұрған деңгейдің мәнін көбейтеміз.

Экстраполяция тәсілі деп алдағы болатын динамикалық қатардың көрсеткіштерін жуық шамамен есептеп, болжам жасауды айтады. Болжам жасалынатын кезеңдерде динамикалық қатарлардың деңгейлері тұрақты болуы тиіс. Экстраполяцияда қолданылатын тәсілдердің ішіндегі ең жеңіл түріне жататындары өсу қарқыны, орташа өсу қарқыны, орташа абсолютті өсім болып табылады.

  1. экстраполяцияны өсу қарқыны арқылы есептеу. Динамикалық қатардың белгісіз деңгейінің алдында тұрған деңгейлердің өсу қарқынын есептейміз. Одан шыққан көрсеткішке белгісіз деңгейдің алдында тұрған нақты мәнді көбейтеміз.
  2. экстраполяцияны орташа өсу қарқыны арқылы есептеу.

Есептелген орташа өсу қарқынының көрсеткішіне белгісіз деңгейдің алдында тұрған нақты мәнді көбейтеміз.
Сонымен, интерполяция мен экстрополяция арқылы есептеулер жүргізу үшін қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтарын толық білу керек.

 



Информация о работе Статистикалық динамикалық қатарлар