Статистикалық динамикалық қатарлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 14:29, реферат

Краткое описание

Динамикалық қатарлар деп - уақытқа байланысты құбылыстардың өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан қатарын айтады.
Динамикалық қатарлар негізгі екі элементтен тұрады:
уақыт көрсеткіштері – t және қатарлардың деңгейі – У.
Уақыт көрсеткіштері арқылы күн, ай, тоқсан, жыл сияқты уақыт мезгілдері көрсетіледі.

Файлы: 1 файл

Статистикалық динамикалық қатарлар.doc

— 115.50 Кб (Скачать)


   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ білім және ғылым Министрлігі

 

Қазақ гуманитарлық заң университеті

 

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғары мектебі

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

 

Тақырыбы: Статистикалық динамикалық қатар

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Джакупова Д. КЭ – 301

Тексерген: Бозшагулова С.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2012 жыл

 

 

Динамикалық қатарлар

            Уақытқа байланысты қоғамдық құбылыстар үнемі өзгеріп отырады. Осы процестерді зерттеу үшін динамикалық қатарларды құрады.

          Динамикалық қатарлар деп - уақытқа байланысты құбылыстардың өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан қатарын айтады.
         Динамикалық қатарлар негізгі екі элементтен тұрады:
 уақыт көрсеткіштері – t және қатарлардың деңгейі – У.
Уақыт көрсеткіштері арқылы күн, ай, тоқсан, жыл сияқты уақыт мезгілдері көрсетіледі.
Қатар деңгейі деп құбылыстың шамасын сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы сандық мәнін айтады.
Уақыт көрсеткіштеріне байланысты динамикалық қатарлар мезеттік және интервалды болып бөлінеді.
Мезеттік қатарда қатардың деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт мезгіліне байланысты сипаттайды. Мысалы: оқу жылының басындағы студенттер саны, жыл аяғындағы жұмысшылар саны және т.б.
Интервалды қатарда қатардың деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт аралығына байланысты сипаттайды.
Зерттелетін көрсеткіштерге байланысты динамикалық қатарлардың мынадай түрлері болады:

  1. абсолютті шамалардың қатарлары;
  2. қатысты шамалардың қатарлары;
  3. орташа шамалардың қатарлары.

Динамикалық қатарларды зерттеу арқылы мынадай міндеттер шешіледі:

  1. зерттелетін құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруі сипатталады;
  2. зерттелетін құбылыстардың динамикасына статистикалық көрсеткіштер жүйесі арқылы талдау жүргізіледі;
  3. динамиканың негізгі даму бағыты (тренд) айқындалады;
  4. маусымдық ауытқулар зерттеледі;
  5. болжам (интерполяция және экстраполяция) жасалады.

Динамиканың аналитикалық көрсеткіштері

           Динамикалық қатарлардың деңгейлерін салыстыру нәтижесінде аналитикалық туынды көрсеткіштер есептеледі.Олар тізбектік және базалық тәсілдермен анықталады. Тізбектік тәсілді қолданғанда, ағымдағы қатардың әрбір деңгейі оның алдыңғы уақыттағы деңгейімен салыстырылады. Ал базалық тәсілде әрбір қатардың деңгейі белгілі бір тұрақты базалық уақыттың деңгейімен салыстырылады.
Статистикада динамикалық қатарларды есептегенде мынадай аналитикалық туынды көрсеткіштер қолданылады:
1. Абсолютті өсім () – салыстырылып отырған көрсеткіш деңгейлерінің айырмасы. Абсолютті өсімнің мәні оң немесе теріс шамаға немесе нөлге тең болуы мүмкін. :
а) базалық абсолютті өсім () – әр уақыттағы қатардың деңгейінен Yi белгілі бір тұрақты базалық уақыттың деңгейін Y0 шегеру арқылы есептеледі:
                                                                         

б) тізбектік абсолютті өсім  – салыстырылатын уақыттың деңгейінен () алдында тұрған уақыттың деңгейін () шегереді:       

мұнда  – ағымдағы мерзімдегі көрсеткіш мәні;
            – базалық мерзімдегі көрсеткіш мәні;
           – ағымдағы мерзімнің алдында тұрған мерзімнің көрсеткіш мәні.


2. Өсу қарқыны (Ө) – екі  уақыт көрсеткіштерінің қатынасы. Өсу қарқыны коэффициентпен немесе процентпен өлшенеді:
а) базалық өсу қарқыны (Ө) – әр уақыттағы қатардың деңгейін Yi белгілі бір тұрақты базалық уақыттың деңгейіне Y0
арқылы есептеледі:                                          

б) тізбектік өсу қарқыны  – салыстырылатын уақыттың деңгейін () алдында тұрған уақыттың деңгейіне () бөледі.    
Өсу қарқыны салыстырылатын деңгей базалық деңгейден неше есе артық екенін немесе салыстырылатын деңгейі базалық деңгейдің неше процентін құрайтынын көрсетеді.
Базалық және тізбектік тәсілмен есептелінген өсу қарқындарының арасында мынадай байланыс болады:

m- өсім қарқыны
n-   элемент саны

3. Өсім қарқыны (Ө) – абсолютті өсімнің салыстырылатын деңгейге қатынасы. Ол абсолютті өсімді қатысты шамалармен сипаттайды:
а) базалық өсім қарқыны   - базалық абсолютті өсімнің  базалық деңгейге қатынасымен есептеледі ().

б)  тізбектік өсім қарқыны ()– тізбекті абсолютті өсімнің  алдында тұрған уақыттың деңгейіне ()қатынасымен есептеледі.
Өсу қарқыны мен өсім қарқыны көрсеткіштерінің арасында мынадай байланыс болады: өсім қарқыны әрқашан өсу қарқынынан, егер коэффициентпен берілсе бір бірлікке, ал процентпен берілсе 100 % - ға аз болады.
             

4. Үдемелі даму:
а) абсолютті  – тізбектелген тәсілмен есептелген ағымдағы кезеңдегі абсолютті өсімнің мәнінен базалық кезеңдегі абсолютті өсімнің мәнін шегереді.
Көрсеткіш теріс мән қабылдаса, онда дамудың баяулағанын білдіреді. Дамудың мәні нөлге тең болса, түзу сызықты тенденцияны сипаттайды. Тұрақты даму параболалық тенденцияны сипаттайды. 

б) қатысты – тізбектелген тәсілмен есептелген ағымдағы кезеңдегі өсім қарқынының мәнін базалық кезеңдегі өсім қарқынының мәніне бөледі.
5. Үдеу қарқыны (Үқ) – тізбектік абсолюттік өсімдердің базалық мерзімдегі көрсеткіштің мәніне қатынасымен есептеледі.

6. Бір проценттік өсімнің абсолюттік мәні (К1%) – тізбектелген тәсілмен есептелген абсолюттік өсім мәнінің процентпен берілген өсім қарқынының мәніне қатынасымен есептеледі. Бұл көрсеткішті басқа тәсілмен де есептеуге болады.
Бір проценттік өсімнің абсолюттік мәні өсімнің әрбір процентінің абсолютті мәні қалай және қаншаға өзгергенін көрсетеді.
Динамиканың негізгі аналитикалық көрсеткіштері 28 - кестеде берілген.

28 – кесте.  Динамиканың аналитикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Көрсеткіштің түрі

базалық

тізбектік

1. Абсолюттік өсім

2. Өсу қарқыны

3. Өсім қарқыны

4. Үдемелі даму
а) абсолютті

б) қатысты

 


 

5. Үдеу қарқыны

Үқі

 

6. Бір проценттік өсімнің абсолютті мәні

                                                       К1%

Динамиканың тізбектелген және базалық көрсеткіштерінің арасында мынадай байланыс болады:
– белгілі бір уақыт кезеңдеріндегі тізбектелген абсолютті өсімдердің сомасы осы кезеңдегі  базалық абсолютті өсімге тең болады:
                      

- белгілі бір уақыт кезеңдеріндегі коэффициентпен берілген  тізбектелген  өсу қарқындарының көбейтіндісі осы кезеңдегі  базалық өсу қарқынына тең болады:

                      
Динамикалық қатардың көрсеткіштеріне 29 - кестенің мәліметтерін қолданып талдау жүргізейік.

 29 – кесте.  Динамикалық қатардың көрсеткіштерін талдау

 

Уақыт
кезеңдері

 

 

Көрсет
кіштің
мәні
(Уі)

 

Абсолютті
өсім ()

Өсу қарқыны (Өқ)

Өсім
 қарқыны
 

 

1%
өсімнің
абсо
лютті мәні
(К1%)

 

Үдемелі
даму

базалық

тізбектік

 

базалық

 

тізбектік

базалық

 

тізбектік

 

абсолютті

қатысты

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

150
151
160
165
170
180
190
195
200
210

––
1
10
15
20
30
40
45
50
60

––
1
9
5
5
10
10
5
5
10

––
1,01
1,07
1,1
1,13
1,2
1,27
1,3
1,33
1,4

––
1,01
1,06
1,03
1,03
1,06
1,06
1,03
1,03
1,05

––
0,01
0,07
0,1
0,13
0,2
0,27
0,3
0,33
0,4

––
0,01
0,06
0,03
0,03
0,06
0,06
0,03
0,03
0,05

  –
1,5
1,51
1,6
1,65
1,7
1,8
1,9
1,95
2,0



8
-4
0
5
0
-5
0
5



1,05
0,97
1,0
1,03
1,0
0,97
1,0
1,02

Осы берілген кестеден динамикалық қатар көрсеткіштерінің деңгейлері әр кезеңде әр түрлі өзгергенін көруге болады

Динамикалық қатарлардың орташа көрсеткіштері

Зерттелетін құбылыстардың динамикасын жалпы түрде сипаттау үшін динамиканың орташа көрсеткіштері есептеледі.
1. Қатардың орташа деңгейі - абсолютті деңгейлердің типтік шамасын сипаттайды. Қатардың орташа деңгейін есептеу қатардың түріне байланысты болады:
а) толық интервалды қатарда – жай арифмерикалық орташа формуласымен есептеледі:  

29 - кестенің мәліметтері бойынша қатардың орташа деңгейі былай есептеледі:
       177,1 бірлік;
б) толық мезеттік қатарда – хронологиялық орташа формуласымен есептеледі:

Бұл екеуі де хронологиялық орташа шаманың формуласы болып табылады, есептелінген орташа мәндерінің нәтижесі бірдей болады.
в) орта мезеттік қатарда – салмақталған арифметикалық орташа формуласымен есептеледі

30 – кесте. Екі қаладағы тұрғын үйлердің бағасы

А қаласы

Б қаласы

Мәліметтер берілген уақыт

Үйдің бағасы, млн. теңге

Мәліметтер берілген уақыт

Үйдің бағасы, млн. теңге

01.01.08
01.02.08
01.05.08
01.10.08
01.01.09

11,4
12,4
11,8
10,3
9,5

01.01.08
01.04.08
01.07.08
01.10.08
01.01.09

11,5
12,3
15,1
12,4
10,5

Информация о работе Статистикалық динамикалық қатарлар