Экстремизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 12:37, практическая работа

Краткое описание

Иран және Ирак елдерінде қыздар мектепке бармайды, қоғамдағы саяси сайлауларға қатыса алмайды, бөтен еркектің бетіне қарамайды, беттерін жауып бүркеніп жүреді. Ал біздің елімізде ондай емес. Әйел қауымы саяси сайлауларға еркін қатысады, орта және жоғары білім ордаларында білім ала алады, кез келген өнер, ғылым, мәдениет т.б салаларға өз еркімен қатысып, көптеген жетістіктерге жетуде.

Файлы: 1 файл

экстремизм (2).docx

— 185.09 Кб (Скачать)

 Қазақстан Республикасының  
             Президен

Терроризм: әлеуметтік, психологиялық және діни аспект»

09 желтоқсан, 2011 

Ағымдағы жылдың  7-желтоқсаны күні  Алматы қаласында дәстүрлі қоғамдық талдауды жүргізіп келе жатқан «Темірқазық» ұлттық сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Дөңгелек үстелде елімізде соңғы жылдары кең етек алған, діни сипатымен ерекшеленетін қылмыстық істердің шығу төркінін ғылыми тұрғыдан зерттеу мақсатында «Терроризм: әлеуметтік, психологиялық және діни аспект» атты тақырыбы қозғалды. Эксперттік өз ой-пікірлерімен Нұр-Мүбәрәк ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, теология докторы Мұхиддин Иса мен Әл-фараби атындағы ҚАЗҰУ-нің доценті, психология кандидаты Жарас Сейітнұр қоғамдық тыңдауға негізделген баяндамаларын ұсынды.  
Терроризмнің қоғамдағы рөліне қатысты діни тұрғыдан қарастырған теология докторы Мұхиддин Иса, адамзаттың һақ дінінде зорлық пен зомбылыққа, өзге жандардың өліміне себепші болу, қоғамда, діни қауымда дүрбелең жүргізу шариат заңдарына жат дүние екенін жеткізді.  Мүминдердің арасында жарылыстар жасауды өзге теріс ниетті саяси күштердің ісі тұрғандығын, ал суық қаруларды пайдалану исламда ерекше жағдайларда рұқсат берілетіндігін айтты. Елдегі соңғы жылдарда орын алған оқиғалар, сыртқы күштердің қасақан ұйымдастыруымен, екіншіден, жамағаттың діни сауаттарының төменділігімен, діни экстремизммен күресте ғылыми түсіндіру жұмыстарын жүргізетін арнайы теолог мамандардың көмегінің қажеттілігін баса айтты.  
 
Сонымен бірге, тақырыптың кеңінен талқылауға мұрындық болған психология ғылымының кандидаты Жарас Сейітнұр, терроризмнің әлеуметтік-психологиялық аспектілеріне мынадай сүбелі мән беріп өтті. «Этностық, діни және саяси тұрақтылықтың толық үстемдік алғанына өзімізді сендіргеніміз соншалықты барлығымыз тым жайбарақаттанып кеттік. Біз терроризмнің елімізде орын алуын еш күтпедік».  
 
Ғалымдар терроризмге байланысты қандай позиция ұстануы керек? Мәселен, психологтар мына бағыттарда жұмыс жасауы тиіс: 
 
1.    Терроризмнің табиғатын түсіндіру.  
2.    Терроризмге бейім адамдары анықтау және террористердің психологиялық портретін сипаттау. 
3.    Мемлекеттік ұйымдарға терроризмге қарсы тұру үшін қажет тиімді амал-тәсілдерді ұсыну. 
 
Терроризмнің түрлері:  
 
- саяси - саяси қарсыласты қорқытып-үркіту арқылы билікке талас жүргізумен байланысты;  
 
- мемлекеттік - өзі мемлекетінің тұрғындарын қорқытып, оны толық жаншып езгілеуі;  
 
- идеалистік- «әділеттіліктің» жеңісі үшін, әлемді өзгертіп қайта құру  мақсатында жүргізілетін әрекеттер, бірақ осы әрекеттер қорқытып-үркіту шаралары арқылы жүргізіледі;    
 
- діни - өз дініне басқаларға мойындату, енгізу мақсатын көздеу;  
 
- белгілі бір пайдакүнемдік мақсаттағы- мұндай терроризм түрінде коммерциялық қарсыластарын үрей билеуі тиіс; 
 
Қорқытып - үркіту шаралары – бұл терроризмнің қажетті элементі.  
 
Террорист тұлғалардың түрлі типологиялары бар. Оны арнайы қарастыру қажет. Олардың ішінде есі сау, интеллектілері жоғары жандар, сондай –ақ сауаты шамалы тұлғалар да кездеседі. Лаңкестер арасында, психикалық тұрғыда ақыл есі толық емес фанатиктер жетіліп артылады. Терроризм әрекеттің басты түрткісі ретінде, оның жақын ортасындағы - референттік топтағы, тіпті ұлт ішіндегі өз-өзін таныту не мойындатуды көздеу деп түсіндіруге болады. Яғни, лаңкестерді өз халқын құтқару мақсатындағы фанаттық идеялар билейді дегендей ұйғарым жасауға да болады. Сондай-ақ, ақшаға байланысты - пайдакүнемдік мотивтері ретінде де түсіндіруге болады. 
 
Өз-өзіне қол жұмсайтын террорист (камикадзе, немес шахид) – бұл бойында алаңдаушылығы, мазасыздығы шектен тыс дәрежедегі тұлға. Сол себепті ол бейсаналы тұрғыда өз-өзін мазалайтын себептерді іздестіре бастайды: өлім, өз еркімен өзіне қол жұмсау арқылы атын мәңгілікке қалдырамын деп, өлім алдындағы қорқынышынан құтылғысы келеді.  
Осылайша, терроризмнің басты мақсаты – қорқытып үркіту әдісін пайдалану арқылы қарсыласты мүлде сал ету, яки қозғалмайтын дәрежеге әкелу шаралары болып табылады.  Екіншіден, лаңкес тек өз мәселелерін ғана емес, сонымен қоса, ұлт, дін, топ мақсаттарына байланысты мәселелерді шешуге тырысады. Сол себепті олар “риясыз қылмыскер-идеалистер” тобына жатқызылады.  
 
Лаңестік топтар құпия түрде жасырын әрекет етеді, өйткені олар қоршаған ортаның дұшпандық сезімін жақсы түсінеді. Оларды өзара тәуелділік, жалпы адами құндылықтардан бас тарту, қатігездіктің ең жоғарғы түрі, эмпатияның жоқтығы одан сайын байланыстыра түседі. Запа шеккен адамдар олар үшін, адами келбеті жоқ, адам санатына жатпайтын бұқара, тобырлар болып табылады. Олардың бойын нәпсіқұмарлық пен жеккөру сезімдері, өздерінің ісі дұрыс екен дегендей кері сезімдер билеп алған. Олардың арасында истериялық не жан кеселі күйзелісіне тап болған тұлғалар көп, олар психикалық тұрғыдағы ауытқушылықтарға ие екендігін дәлелдеп өтті.  
Жарысөз барысында, клуб мүшелері ел арасын кезіп кеткен «Терроризмнің антологиясы қандай, «Халифат сарбаздары» кімдер, Қазақ қоғамындағы дәстүрлі діни сенімдердің ғылыми негізделуі қаншалықты, еліміздегі соңғы оқиғалардың діни экстремизмдік пиғылы, осы ретте мемлекеттің жауапкершілігі мен амалдары қандай болуы шарт?» және т.с.с. көкейдегі сауалдарын ғалымдарға жолдады.  
 
Дін маманы Мұхиддин Иса: Кешегі 11-қыркүйектегі АҚШ-ғы оқиғада Бен Ладенге жала жабылып, оның лаңкестігі қолдан жасалған деп ойлаймын. Әсіресе, соңғы он жылдағы әлемдік мәселеге айналған ахуал діни астарға негізделген саясаттың кесірі. Яхуди, христиан, ислам діндерінің ара қатынастарының бұзылуы, арнайы көзделген белгелі топтың саяси ойындары. Құранда мындай аяттар бар: «Сендерді алмастырып, әлемді билетіп отырамыз» деген. Яғни, бұны дұрыс түсінбесек, біріншіден, 11-қыркүйектегі оқиғаның алдын ала 2-3 ай бұрын саяси мықты дайындалған жағдай екен. Бұл әсіресе, яхудилер мен христиандарды мұсылман болмауы үшін жасалған әрекет екендігі. Өйткені, соңғы жылдарғы статистикада әлем халқының 50 пайызы ислам дінінен қорқатындығын көрсеткен. Екіншіден, кешегі біртұтас Ирак еліне баса көктеп кіруі, мақсаты не десек, Саддам режимі емес - Ирак мұнайы болып отыр. Ал, Қазақстандағы жағдай өзгеше, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын бастап сыртқа жастарымызды оқыттық, олар арнайы теріс бағыттарды да оқып келгенін бәріміз мойындадық, жамағатымызға қай бағыттағы үгіт-насихатымызды жасағанымызды аңғармай қалдық. Оның дұрыс-бұрыстығын еліміздегі қазіргі діни ахуалдарымыз көрсетуде.  
Жалпы қазір адамдардың діни экстремизге қатысы бар-жоғын анықтау қиын. Өйткені, сақал қойғандарды, намаз оқығандарды қамай беруге болмайды. Ол үшін, діни сипаты бар топқа кіретінін не үгіт-білімін анықтайтын арнайы теология кадрлары керек. Мемлекеттік тұрғыда стратегиялық мақсатта теолог мамандарын құқықтық органдарда, қоғамдық, мемлекеттік мекемелерде жасақтамаса проблема ушыға береді.  
 
Хайролла Ғабджаллилов, «Алаш» тарихи зерттеу орталығының президенті:     
 
Осы жарылыстардың көрінісі Қазақстанның Діни басқармасының қызметінің әлсіздігі. Мен елде екі мешіт ашқанмын, ниетім халықты имандылыққа шақыру. Кейде мешіттерді өз күштерімен салдырған азаматтарды теріс қаралау көзделген. Бұл құдай алдындағы жауап, бағаны халық бере жатар. Ал, енді дінді саясатқа пайдалану басқа мәселе. Әлемде католиктер дінді саясатқа айналдырып отыр. Бізде көшеде нағыз рэкиттер пайда болды. Олар намаз оқиды, шет елде жекпе-жекті үйренген, бір топ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жайратып тастайтын сұмдық күштері бар. Ал, бұны байқап отыратын органдар, ішкі саясат, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік орындары ай қарап отырған ба?! Ал енді келіп, шаш ал десе бас алатын жағдайды туғызуда. Жақындағы Ақтөбедегі жағдайда, бір үйдің екі баласы шейіт болып отыр. Бұған кім жауап береді?  
 Дін істері Агенттігі төрағасы Лама-шарифтің сөзінде, имамдардың 96 пайызы діни сауаттылығы төмен дегенді айтты. Сонда олардың сауаттылық деңгейіне кім жауап беруі тиіс? Мешіттердегі уағызда «жәннәт» пен «тозақты» айта салу оңай іс емес, егер жүрекпен айтылмаса, жүректен шығып жүрекпен қабылданбаса. Имамдардың алдымен білімін көтеру, екіншіден әлеуметтік жағдайын, үшіншіден азаматтық жауапкершілігін арттыру керек.  
 
Болат Дүйсенбі, экономист: Жалпы қоғамда діни жағдайларға байланысты ғылыми сараптама қоғамда жүргізілмейді. Әрбір ғылыми астарлы жағдайға саяси тұжырымдамамен шектеледі. Бұл әлемдік деңгейдегі қалыптасқан дәстүр. Себептеріне үңілуден қашамыз. Біріншіден, мемлекеттік мүддесіне сәйкес қарастырамыз деп, халықтың ішкі қарсылықтарын туғызамыз. Екіншіден, әлеуметтік мәселе шешілмеген. Үшіншіден, қоғамда рухани, экономикалық, құқықтық бағытта әділетсіздіктер жүруде.  
Кейде еуропалық еуроцентристік бағыттағы қоғамның көшірмесін көшіргіміз келеді. Осыдан барып, әлемдік дамуын қалайтын иудейлік топтардың саясатының елдегі қоғамдық дамуға араласуы кеңінен орын алғанын байқамаймыз.  
 
Бөтеев Болат, «Қазақ елі» халықтың бейнелі энциклопедиясы, жетекшесі:  
Діни ахуалдың ушығуына идеология саласының немқұрайлы қарауынан болып отыр. Ауруды басынан жасырып келдік. Ж.Баласұғынның өзі парасатты қоғамды айтып кеткен, Батыс одан көшірген. Ал, Шәкәрімнің сөздерінде капиталистік, коммунистік қоғамның неге алып келетіндігін, адам жанының рухани азығын дінді соңғы мәселеге қалдырмау керектігін айтқан. Яғни, алдымен экономика, содан кейін саясат деудегі таяқтың бір ұшы басымызға тиюде. Мемлекет қоғамды жүйелі кешенділікпен тәрбилеу керек еді. Бізде қазір 25 000-нан астам қоғамдық ұйымдарды ашып тастадық. Бұл Батыстың еуроцентристің ықпалы. Яғни, жалпы Азаматтық қоғамды құру үлгісінің әдістерін қайта қарайтын уақыт жетті. 
 
Құрманбек Ашанов, кәсіпкер: Сақалды бір қазақ жігіттерімен сөйлесіп қалдым, пікірлескеннен кейін шынымды айтсам, олардан ешқандай ұлттық рухты таппадым. Мәселе көңілдің ізгілігінде, әлеуметтік дамуында. Егер жастар кәсіптің көзін тауып, еңбек етсе, оларда ешбір теріс пиғылдағы діни мақсаттармен шаруалары да болмас еді.  
 
Ғалия Әженова, «Әділ сөз» ұйымының қоғамдық талдау орталығының жетекшісі: Егер діни астары бар қылмыстық істерді сот процестерінде қарастыратын болсақ, біз үлкен проблемаға тап боламыз. Өйткені қарапайым діни экстремистік терминологияда сарапшылық жасап, талдайтын, түсіндіретін теология мамандарына зәрулікті көруге болады. Яғни, қоғамдағы діни ахуалдарға дұрыс сараптама жүргізетін діни білімі жоғары сауатты теологтар тапшы.  
 
Мұхиддин Иса, дінтанушы: Ғалымдар қазіргі жағдайға ауадай қажет. Екінші мәселе сол ғалымдардың кез келген діни астары бар мәселеге бейтарап ұстанымда болса. Мәселен, бір мәзғаптағы ғалымдар түрлі жамағатқа бөлінген. Олардың ойлары бір жерден шықпауы артында тұрған күштерге байланысты болатын жағдайлар кездесуде.  
 
Бекбосынов Ермек, теолог-құқықтық сарапшы: Діни экстремизммен күресуде халықаралық тәжірибелерді өзімнің ғылыми жұмысымда біраз жылдар бойы зерттедім, өзім он бес жылдай имам болып жұмыс істеп, ғылым саласына кеттім. Экстремизм деген сөз ғылымда үш түрге бөлінеді. Олар саяси, ұлттық, діни экстремизмдер. Жалпы ғылыми жіктейтін болсақ, танымдық мәселесінде діни экстремизм обьективтілік емес, субьективтік мәселе. Яғни, тұлғалардың ішкі аспектісі сыртқа шықпайды. Ал сыртқы аспектілерін ғалымдар, теологтар өз зерттеу обьектілеріне айналдырады, мұнда тек салдарымен зерттеу дәрежесі айқындалады.   
 
Қазақстанда діни экстремизм шарықтаған кезеңге жетпеді. Олардың мотивациясы идеологиялық әрекеттері әлі де болса тұрақталмаған. Бұны алдын алуға болады деген сөз. Егер Өзбекстандағы ислам қозғалыстарымен салыстырсақ, онда діни экстремизм екінші деңгейге көтерілген. «Хизбут-тахрир» ұйымы мәселен, зорлық-зомбылыққа бармайды, лаңкестік әрекеттерін көздемейді. Алайда, билікті құлату және ислам халифатын құру сияқты идеологиялық мақсаттары салыстырмалы тұрғыда мықты жасалған.  
 
Елімізде діни экстремизммен күресуде құқықтық органдардың қарқыны әлсіз өтуде. Негізі мұндай құбылыспен күш қолдану нәтижесін бермейді. Сондықтан осы жерде теолог ғалымдардың көмектеріне жүгінген дұрыс. Қоғамда дін жолында «шәхит» болу дегенді дұрыс түсіндіру керек. Діни экстремизмдегі топтармен құқық қорғау органдарының сұрауымен ел арасында бірнеше рет кездесіп жүрдік. Расында діни ұғымдарды түсінген, қабылдаған деңгейлері төмен, сауатсыздық дәрежесі кең тараған жамағат өсіп келе жатыр. «Шәхит» дегеніміз – өзін-өзі жару емес, ол діни тұрғыда да, құқықтық тұрғыда да – суицид жасаумен, яғни өзіне қол жұмсаумен пара-пар әрекет. 
 
Тыныштықбай  Мырзаев, ҚМДБ Діни істері бөлімінің меңгерушісі:   
 
 Білімсіздіктің кең етек алуы осыдан он жыл бұрын басталған жағдай. 2004 жыл Семейде «Аль-каида» ұйымының мүшелері болған. Сонда олар сол аймақта еркін тайраңдап жүріп, үгіт-насихат жүмыстарын жүргізген екен. Сондағы үгіттерінің мақсаттары, Өзбекстанға барып жарылыстар ұйымдастырып, жасау. Бұл енді діни бағытын қолға алып келе жатқан елге сол кезден бері арнайы заңның ауадай керектігін көрсетеді.  Содан бері, Діни басқарманың басшысы, Бас муфти Әбсаттар Дербісәлі, «ертеңгі күндері Маңғыстауда, Атырауда, Оралда жарылыстар болуы мүмкін, қазірден құқықтық әрекеттер жасамаса болмайды», деп 2001 жылы, 2003 жылы жоғарыға хат жазған.  
Діни басқарма діни бірлестіктер қатарында, олардың саны елімізде 4000-нан астам тіркелген. Олардың құқықтары тең. Ал, енді Қазақстанның 70 пайызы мұсылман мемлекеті бола тұра, біздің Діни басқарманың мәртебесі әлі осы уақытқа дейін айқындалмаған.    
 
Алтынбек Ұтысханұлы,  ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы: Қазіргі таңда Діни басқарманың қолынан келгенше амал-әрекетін жасап жатқан жайттары бар. Елімізде 9 медресе, ислам институты ашылды. Дін қызметкерлерін шығаратын Нұр-Мүбәрак ислам мәдениеті университеті жұмыс істеп жатыр. Ал енді, дұрыс емес пиғылдағы үгіттер қайдан келеді десек, қазір көбінесе ғаламтор желілеріндегі сайттардан келуде. Барлығы адамның, қоғамның өзі өзгермейінше, проблемалар шешілмейді. Екіншіден мемлекеттік заң дұрыс болуы керек, үшіншіден әрбір отбасындағы имани тәрбиенің дұрыс жолға қойылуынан болады.  
 
Сөзсіз, дінге бет бұрғындардың басында көбісінің діни сауаты әлсіз келеді. Егер олар Сауд Арабиясына барса, міндетті түрде оларды өздеріне қарататын насихаты жүргізіледі. Кейбір мәліметтерде, қазақ жастарының ол жаққа барғандары университет білімдерінен гөрі, оқудан тыс арнайы үгіт-насихат білімдерін алатындығы анықталған. Мұндай тәжірибелер жеткілікті. Ал, әлеуметтік жағдайы төмен жастар болса, материалдық жағдайларына көмектесуге баратыны тағы бар. Яғни сананы да, қарынды да толтырады деген сөз. Содан шыққан жастар елге келіп, дүмшелікті көрсетеді. Нәтижесінде қазіргі қоғамдағы лаңкестік әрекеттерден көріп отырмыз.  
 
Клуб отырысын үйлестірген, саясаттанушы Мақсат ЖАҚАУ

Дүниежүзіндегі  экономикалық, саяси һәм әлеуметтік ахуалдың күрделілігі терең сараптауды қажет етпейтіндей дәрежеде баршаға  аян. Оның ішінде Қазақстанымыздың дербес ел ретінде кемелденуі қаншалықты қиындықтарға толы екенін осы елдің азаматтары ретінде сіздер мен біздер көріп, біліп отырмыз. Әсіресе, дін мәселесіне келгенде де жағдайымыз шым-шытырық, мүшкіл һәм қолайсыздау. Тәуелсіздіктен бері өткен азғантай жылдың ішінде Қазақстан  діни ағымдар мен діни-идеологиялық топтардың экспансия (жайылу) һәм  эксперимент (сынақ) алаңына айналғандай. Ядролық сынақтарды тоқтата білген күшіміз бен даналығымыз, бірлігіміз бен жауапкершілігіміз зардабы  ядролық апаттан төмен түспейтін  діни сынақтарға келгенде қауқарсыз  не бейқам болып қала берді. 1992 жылдың қаңтар айында қабылданған қолданыстағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заң» Қазақстанды діни ықпал енгізу тұрғысынан«инвестиция» салуға өте қолайлы және шұрайлы елге айналдырды. Адам құқықтары мен демократиялылықтың басты көрсеткішін дін атаулыға есік ашып, төрлету деп қабылдаған жаңсақ сана салдарынан атам қазақ атын естіп, түсін түстеп көрмеген сан ағым қаптап, азаматтарымызды түрлі әдістермен бағындырып, ғасырлар бойы ел ішінде көрінбеген жік салды, ағайынды араздастырды. Ағайынды бірбіріне жау қылмаса да жат қылды, ал олар күндердің күні жау болмайды деп айта аламыз ба? Деструктивті діни ағымдар мен тоталитарлық секталардың антагонизмді насихаттап, басқа жолдағыларға теріс көзбен қарайтыны бесенеден белгілі. Кейбірі азаматтарымызды біріне-бірін айдап, азғырып ғана қойған жоқ, тіпті, оларды өз мемлекетіне қарсы күреске де салып қойды. Бұрын, тіпті, ойға келмейтін нәрселер қазір күнделікті әңгімеге айналып барады. Мәселен, сектаға өтіп кеткен кейбір жастарымыз әскери борышын өтеуден бас тартып жатыр екен, бұл көп емес, осыдан 15-20 жыл бұрын ғана ойға келуші ме еді? Жуырда араб елдерінен шабыт алатын «салафи» бағытын ұстанған 200-ден астам қазақ жастары ел аман, жұрт тынышта отанынан қашып, бірнеше жыл бойы Чехияда босып жүр дегенді баспасөзден оқып, жағамды ұстадым. Ол қашқан қазақ кімге керек өзі?! Олардың салафилердің отанына емес, зайырлы Еуропаны паналағаны өз алдына жеке әңгіме. Кейбір азаматтарымыздың (көбісі қандастарымыз) Кришна ағымын қолдап, шеру ұйымдастырғаны мәлім. Айта берсек осындай келеңсіздіктердің тізімін бүгін бітіре алмаспын ба деп қорқамын. Сонда бізге не болды?! Қайда бара жатырмыз, ағайындар-ау?! Жетіскеніміз осы ма?! Сан ағымның жетегінде кеткен он мыңдаған, тіпті, жүз мыңдаған бауырларымыздың душар болған осы халіне көңілдеріңіз тола ма?! Ұрпақтарымыз осындай талан-таражға салынады-ау деп ойлап па екен бұрынғылар?!

Бұл жерде мәселенің  тек діни сенім бостандығы яки  жекелеген адамдардың өздеріне ұнаған сенімге қосылуынан әлдеқайда тереңде  жатқанын бәріміз аңғарып тұрсақ керек. Менің ойымша әңгіме халқымыздың дәстүрлі тұтастығына жасалған операцияда, отанымыздың ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне жасалған саботажда, ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық бірлікке, халықтар достығына қағылған сынада. Өзінің дәстүрлі діні мен тіліне, қысқасын айтқанда, рухани мұрасына әлі қауышып үлгермеген, оны заманауи биіктен сараптау деңгейіне жетпеген, жазусыз ақ қағаздай жаны пәк азаматтарымызды түрлі авторлардың құзырына беріп, тастағандаймыз. Не жазса да сол автордың өз еркінде! Нәтижесінде кейбір азаматтарымыз не кришнашы, не иеговашы, не евангелист немесе Исламды далдалаған кертартпа да қанаушы топтардың бірінің ішінен шыға келуде. Бір таң қаларлығы, сырттан келген діни ағымдарға беріліп кеткен біздің азаматтар, жеті атасынан сол ағымда келе жатқан белсенділерден сол ағымды қорғаштау, насихаттау жағынан асып түспесе, төмен түспейтіні. Бүгінде иеговашылармен қандай бір дау-дамайға түссеңіз, америкалық иеговашы алдыңнан шықпайды, кришнашыларға бірдеңе айтып көрсеңіз, сөз таластырған үндіні көрмейсіз, фундаменталист протестант миссионерлермен пікір таласқа яки ғылыми айтысқа түсе қалсаңыз, олардан гөрі олардың ықпалында кеткен өзіміздің ағаларымыздың қаһары қаттырақ болатынын көресіз. Демек, діни ағымдардың «инвестициясы» өзін ақтады, олар Қазақстанға келіп, бекерге шығынданған жоқ, алда қырман күтіп тұр оларды. Дәл осы тұста мына сахна неліктен көрініс тапты және біздер неге әлсіз болып қала бердік деген сауал мазаласа керек. Әр ата-ана өз ұрпағын жаманаттан, кесапаттан сақтап қалуға тырысатыны секілді, мемлекет деген ірі ұғым, биік шаңырақ та өз азаматтарын зиянды ықпалдардан, ірітуші-шірітуші күштерден арашалап қалуы керек емес пе?

Айтпасқа амалым жоқ, Конституция Кеңесі жақында  ғана «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңның ел мүддесіне басымдық берген жаңа нұсқасын кейбір техникалық кемшіліктерді желеуретіп «Конституцияға сәйкес емес» деп  жариялағанда, қабырғамыз қайысып, түн  ұйқымыз төрт бөлінді. Бұл осыменен екінші рет кері қайтқан дін заңымыз! 2001 жылы дәл осылай болған жоқ па? Ол кезде де миссионер ұйымдары, сырттан келген діни ағымдар мен  адам құқығын «қорғаушылар» шуылдағанда, Мәжіліс пен Сенат бекіткен заңымыз  Конституция Кеңесінен өте алмай, құрдымға кеткен-ді. 2008 жылдың ақпан-наурыз айларында Мәжіліс және Сенат  депутаттарынан құралған бастамашы  топ қолданыстағы заң мемлекетімізге көп зиян келтіруде, оны қазіргі  заманның талабына сай өзгерту керек  дегенде, «Тәуба! Дұғаларымыз қабыл  болды!» деп, қуанып едік. Бірнеше  дінтанушы, зиялы азаматтар Алматыдағы «Ұлттық баспасөз клубында» мәслихат өткізіп, депутаттардың бастамасын қолдайтынымызды жария еткенбіз. Соңыра, ҚР Парламенті ұйымдастырған  дөңгелек үстел жиналыстарында пікір  білдіріп, заң жобасы бойынша ұсыныстар  жасап едім, мақалаларым бірнеше  басылымдарда жарияланған-ды. Сонымен  қатар заң жобасына қарсы топтың белсенділерімен полемикаға түскенім бар. Осы еңбектің бәрі зая кеткенін көріп, қатты қынжылып отырмын, ағайын. Ел тағдырын арқалаған депутаттарымыз бұл мәселені осымен қалдырмайтын шығар, түптің түбінде діни диверсияны ауыздықтайтын  заң қабылданатын шығар деген  үміттен күдер үзгім келмейді...  

 

КІМНІҢ  ҚҰЛЫМЫЗ? 

 

Деструктивті  діни ағымдардың, тоталитарлық секталардың, дін атын жамылған қанаушы топтардың  қоғамға келтіретін апаты - өздеріне мойынсұнған адамдарды құлақ  кесті құлға, дүмбілез мәңгүртке, еркін  ойлау қабілетінен ажыратылған  зомбиге айналдыруы. Олардың кейде криминалдық топтармен, наркобизнес барондарымен, лаңкес ұйымдармен қоян-қолтық араласып кететіні де біраз нәрсені аңғартса керек. Қатарларын анағұрлым көбейтіп, томаға-тұйық құлдар армиясын ұйымдастыратын қанаушы топтардың құрығына ілінген байғұс пенделерді материалдық һәм психологиялық қиындықтар мен қиналыстар күтіп тұрғаны аянышты. Алайда, имандылар кімнің құлы болуы керек, кімге құлдық борышын өтеп, кімге ғана тәуелді болуы керек? Жауапты Құраннан іздеп көрелік:

«Күдіксіз, Мен Аллаһпын! Менен өзге тәңір жоқ! Ендеше, Маған құлдық ет!» (Та-Ха сүресі, 20/14)

«Өзіңе құлдық етеміз және Өзіңнен жәрдем сұраймыз!» (Фатиха сүресі, 1/5)

«Шынында, менің  жалбарынуым, құлшылықтарым, өмірім және өлімім әлемдердің Иесі - Аллаһ үшін!» (Әнғам сүресі, 6/162)

Құран аяттарында мұсылман пенденің тек Жаратушыға құлдық қылатыны, Аллаһтың көрсеткені және түсіргені бойынша өмір сүретіні айқындалған. Арабшадағы «абд» сөзі құлдықты, тәуелділікті, бағыныштылықты, қызмет/еңбек етуді, ұлықтауды білдіреді. Құран, біртұтас жүйе ретінде, басынан аяғына дейін имандыларды тек Аллаһқа ғана «абд» яғни «құл» болуға, басқаға құл болмауға үндейді. Демек, имандылар толыққанды еркіндікте болуы керек, ешбір күшке, ешбір адамға яки затқа басы байлаулы құл болмауы керек. Құлдық ұғымы барлық әлемін жаратқан шексіз құдірет Иесіне ғана қарата болуы мүмкін. Құранда имандылардың фәни адамдарға құлдық ұруы, қанаушы топтардың жетегінде кетуі дегендер жоқ. Күллі ғаламды бар еткен Аллаһқа тәуелді болмасқа амалымыз жоқ, өйткені, ауа жұтуымыздан бастап, барлық функцияларымыз Оның заңдары бойынша болады. Міне, Ислам дініндегі осы еркіндік, тәуелсіздік концепциясы ешбір дінде, ешбір философиялық идеяда жоқ. Өзгелері адамдарды фәни пенделерге, шіркеуге яки өткінші құрылымдарға, тіпті ақыл-еске еш сыймайтын нәрселерге, қысқасы, құлға құл етеді де тұрады. Құранда баяндалған қиссаларды оқыңыз, мәселен Мұса пайғамбардың Исраил ұрпақтарын құлдықтан тәуелсіздікке жетектеуі туралы айтылады. Сол сияқты Мұхаммед пайғамбар да мұсылмандарды Меккеден Мединеге көшіру арқылы құлдықтан құтқарды, саяси һәм экономикалық тәуелсіздікке жеткізді, мұсылман қоғамы сөйтіп нығайды...  

 

ИСЛАМ ӘЛЕМІНІҢ АЯНЫШТЫ ХАЛІ 

 

Жә, шын мәнінде  Құранның жоғарыда қысқаша ғана келтірілген  тәуелсіздік, еркіндік концепциясы  қазіргі дәуірде мұсылман әлемінде қалай көрініс тапқан? Мұсылмандар  шынымен де толық тәуелсіздікке  қол жеткізе алған ба? Ислам үмметі кімге құлдық қылуда және кімнен жәрдем сұрауда? Мұсылмандар қалай күн көруде, кімге жалбарынуда? Сәл осы мәселелер төңірегінде ойланайық, ағайын. Алдымен сіздерге қазіргі Ислам әлемінің шынайы хал-ахуалы туралыИслам Конференциясы ұйымының (ИКҰ) есептерінен бірнеше дерек келтірейін:

Дүниежүзінде 1,5-2 миллиард мұсылман бар деп болжануда. Демек, мұсылмандар әлемдегі жан санының 25 пайызын (1/4) құрайды. Бұл өте үлкен көрсеткіш, мұсылмандар христиандардан кейін екінші орында.

Әлемде 57 мұсылман мемлекеті бар, бұлар Ислам Конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер. Демек, әлемдегі барлық мемлекеттердің 30 пайызы (1/3) мұсылмандардікі. Бұл да үлкен көрсеткіш (http://www.oic-oci.org/member_states.asp). Дүниежүзіндегі минералды ресурстардың, энергия көздерінің айтарлықтай бөлігі мұсылман елдерінің еншісінде екенін назарға алайық.

Енді осы мәліметтер негізінде мына деректерге көңіл  бөліңіз:

§ Надандық: Әлемдегі мұсылмандардың тең жартысы сауатсыз. Бұл 1,5-2 миллиард адамға шаққанда сұмдық үрейлі көрсеткіш, масқара. Кейбір елдердегі сауатсыздық деңгейі таңдай қақтырады: мәселен, 2008 жылғы деректер бойынша ересек әйелдердің Алжирде 34%, Бангладеште 52%, Мысырда 40%, Мароккода 58%, Пәкістан мен Йеменде 60%, Түркияда 20% сауатсыз (http://www.sesric.org/baseind_5.php). Шумерлердің осыдан 5300 жыл бұрын сауатты қоғам орнатқанын ескергенде, ХХІ-ғасырдағы мұсылмандардың мына аянышты халіне не дерсің?! Кітабының аты «Құран» яғни «оқулық» деп аталған, алғашқы аяты «оқы!» деп басталатын бұл діннің үмметіне лайық па осы надандық? Жуырда Израиль әскері Палестинаның Газа бөлігіне баса көктеп кірмекші болғанда, Хамас ұйымының басшылары «250 мың қарулы адамымыз бар!» деп сес көрсетіп еді. Израиль екі аптаға созылған шапқыншылықта 2 мыңнан астам адамды қырғанда (оның басым бөлігі сәбилер мен еш жазығы жоқ әйелдер, қарттар), жаңағы Хамасы болсын, араб елдері болсын, ешбірі қарсылық көрсете алмады. Хамастың білімсіз 250 мың қарулы адамы болғанынша 250 мың білімді адамы болса, Палестиналық мұсылмандар осы халге душар болар ма еді? Ішетін суынан, электр қуатына дейін, дәрі-дәрмектен жанар-жағар майға дейін түгелдей Израильден алатын Газалықтар, өздері толығымен тәуелді болып тұрған Израильмен қалай тайталасқа түспек? Жастардың қолына калашниковтың орнына қалам ұстатып, білім жолына салғанда, Палестина баяғыда мемлекет болар еді және де гүлденген, дамыған елге айналар еді ғой...

§ Ғылыми потенциал: Ғылым және техника салаларында жарияланған мақалалардың жалпы мөлшері елдердің даму деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіштерден. 1996-2005 жылдары аралығында (10 жылда!) Сомалиде 16, ең дамыған мұсылман елі саналатын Түркияда 87,629 ғылыми-техникалық мақала жарияланған екен. Ал аталмыш кезеңде АҚШ-тағы екі-ақ жоғары оқу орнында - MIT (Massachussets Institute of Technology) және Станфорд университеттері, 99,643 мақала жарияланған екен! (Science & Technology in the OIC Countries, SESRTCIC, Ankara, 2005, 1-бет). Аталмыш кезеңде Қазақстан 2,242, Ауғаныстан 59, Грекия 65,107, Финляндия 86,608 мақала шығарған. Барлық әлем пайдаланатын Нокиа телефондарын өндіретін Финляндияның бар-жоғы 5-ақ миллион халқы бар.

Информация о работе Экстремизм