Что такое "Элита"

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 16:17, реферат

Краткое описание

"Элита" терминi фраңцуздың еiлне деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған, тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын бiлдiредi.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi.

Файлы: 1 файл

Элита.docx

— 21.75 Кб (Скачать)

"Элита" терминi фраңцуздың еiлне деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған, тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын бiлдiредi. 
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi. Платон билеушi-философтарға, әскерлерге, егiншiлер мен кәсiпшiлерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесi ретiнде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, немiс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды. 
Гаэтано Моска (1854-194!) элита теориясын "Саяси ғылым негiздерi" (1896) деген еңбегiнде негiздедi. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлiнедi дедi. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлiктi, байлықты, дiни дәреженi (мәртебенi) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кiруге есiк ашады. 
""Элита" терминiн ғылыми айналымға енгiзген Вальфредо Парето (1848—1923). "Жалпыға бiрдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билiк басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келедi. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, iзденiсi баяулай бастайды. Одардың орнына жаңа идеяны жаңа элита билiк басына келедi. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейдi олар, бiр элита екiншiнi алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады. 
Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдiстерi туралы очерк" (19'1) Дегең еңбегiнде "олигархияның темiрдей заңын" шығарды оның ойынша, бұқара халықтың өзiн-өзi ұйымдастыруға жэне басқаруға қабiлетi жетпейдi. Парламенттiк демократия жайында кейбiреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сейтiп Кәсiби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшiлiктен бiртiндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелерiне өздерiн қарсы қояды. Соның нәтижесiнде билiктi өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбелiндей байлар саяси және экономикалық билiкке ие болады. Халықтың егемендiгi, билiгi дегеннiң бәрi бос былшыл "Олигархияның темiрдей заңы" осы дейдi Р. Михельс. 
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916—1962) "Билеушi элита" атты еңбегiнде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп аныктайды. Оның ойынша, қоғам үшiн ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билiк элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар қүрайдьм 
Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер "Абсолюттiк құқық" деген еңбегiнде қазiргi элитаны жабық каста ретiнде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкiмшiлiктерден және iскер адамдардан тұратын билiктiң ұшбұрышын құрайды. Олар үкiметтi калыптастырадьi, мемлекеттi билейдi, iрi корпорациялар мен банктердi басқарады. 
Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар кандай? Оларға мыналар жатады: I) қоғамға арнайы бiлiмi, тәжiрибесi, қабiлетi бар кәсiби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа бiткен) және әлеуметтiк (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңеiздiктерi; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бүқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (қүнделiктi өмiрде әркiм саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады). 
Саяси элита стратегаялық мақсатты айқындайды, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын белгiлейдi, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетiктерiн табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеғе асуына бақылау жасайды. 
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты белуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешiмдер қабылдауға катысты жоғары мәртебесi мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. 
Қазiргi саясаттану ғылымында бiлiмнiң, элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлiн, әлеуметтiк-саяси процестерге ықпал ету әдiс-тәсiлдерiн және т.б. зерттейдi.


Информация о работе Что такое "Элита"