Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 22:27, диссертация
Объект исследования – рисоводческие хозяйства различных форм хозяйствования Кызылординской области.
Цель и задачи диссертационной работы. Цель работы – исследовать теоретико-методологические и практические основы моделирования, позволяющие определить основных направлений развития и повысить эффективность сельскохозяйственного производства. А также применение моделей в оптимизации структур отраслей рисоводческих хозяйств.
ӘОЖ 001.891.57:338.432:004(
МЫРЗАМУРАТОВА АИДА АСКЕРБЕКОВНА
Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ауылшаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыруды модельдеу
(Қызылорда облысының күріш шаруашылықтары мысалында)
6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша
техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2011
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші: |
экономика ғылымдарының кандидаты Жалбырова Ж.Т. |
Ресми оппонент: |
ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Таутенов И.А. |
Қорғау 2011 жылы желтоқсанда сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді.
Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66 (5 оқу ғимараты, Политехникалық институт, № дәрісхана).
Диссертациялық жұмыспен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, К.Байсейітова атындағы көше, 100.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендерді заманауи талапқа сай жетілдіру, оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі еліміздің аграрлық саясатының маңызды мәселесі болып саналады.
Ел Президенті экономикалық саясаттың басым бағыттарымен қатар, аграрлық кешеннің де алдына жаңа міндеттер қойып, «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз етудің бірінші бағыты – агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту екеніне, ел халқының материалды және әлеуметтік қамсыздандырылу негіздерінің бірі – тиімділігі жоғары агроөндірістік кешен екеніне баса назар аударды. Осыған орай ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына негіз болатын жобалардың жүзеге асырылатындығын атап өтті.
Бәсекеге қабілетті АӨК қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне сәйкес болуы үшін ауылшаруашылығы кәсіпорындары түрлері мен олардың шаруашылық жүргізу формалары және ұйымдастырушылық-құқықтық формалардың сан алуандығын ескере отырып АӨК тиімді басқарудың, өндіріс тиімділігін арттырудың жаңаша жолдары мен тәсілдерін қарастыру қажет. Еліміздің дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы АӨК ахуалын зерделеп, өндіріс тиімділігін арттыру, өнім көлемін көбейту, сапаны арттыру және оның заман талабына сай бәселестік қабілетін жақсарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазақстан экономикасы аграрлық секторында күріш шаруашылығы маңызды орынға ие. Негізгі өндірісі күріш дақылы болатын Қызылорда облысы үшін күріш өндірісі тиімділігін арттыру, сапалы өнім өндіру, тиімді өткізу аймақтың күріш шаруашылықтары мен кәсіпорындарының негізгі мәселесі.
Ауылшаруашылығы, оның ішінде күріш шаруашылығы тиімділігін арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, экономикалық-математикалық модельдеуді пайдалану мәселесіне көптеген ғалымдар өз еңбектерін арнаған, атап көрсетсек, Сапарбаев А.Д., Рахметова Р.Ө., Крылатых Э.Н., Онищенко А.М., Кузубов Н.В., Тунеев М.М., Малик Г.С., Әбуов К.К., Гатаулин А.М., Мамыров Н.К., Леутский Л.И., Адамова А.И., Атаниязов Ж., Ковальский В.С., Беляева Г.В., Забелин В., Жалбырова Ж. Т., Лугачев М. И., Гаврилкова Н. Ю., Пелевин И. Ю., Булохов В. және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.
Қазіргі таңда АӨК секторында әртүрлі шаруашылық қызметі түрлерінің дамуы, мемлекет тарапынан жаңа реформалардың жүзеге асырылуы мен қолдаудың артуы, өндіріс тиімділігін арттыруда кәсіпорынды басқарудың тәсілдері мен әдістерін жетілдіру, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындарының ресурстарды рационалды түрде игере отырып, өзара қарым-қатынасын тиімді жолға қою мәселелерін шешуде экономикалық-математикалық модельдерді тиімді қолдану өз күшін жоя қойған жоқ. Қазіргі жағдайда ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру құрылымын оптималдау мәселесінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы арта түседі. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды қолданудың басым үлесі өндірісті басқару, құжат айналымы мәселелерін шешуге тиесілі. АӨК сияқты күрделі, көптеген табиғи факторларға тәуелді болатын жүйені басқаруда, оның дамып, өркендеуін болжап-бағдарлауда ақпараттық жүйелердің берер көмегі зор.
Ақпараттық технологиялар нарығы туралы басылымдық мәліметтерді талдау еліміздегі ақпараттық технологиялардың көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарға арналғанын байқатады. Осы тұрғыда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың ақпараттық технологияларды өз деңгейінде пайдалануы төменгі деңгейде болып отыр. Осыған орай, аймақтың агрокешенін басқаруда, өнімділікті болжауда, ресурстық қамтамасыз ету мәселелерін шешуде, ішкі және сыртқы азық-түлік нарығындағы ахуалды зерделеп, өнім өткізу арналарымен байланысуда жаңа сипаттағы техникалық жағынан көп мүмкіндікті ақпараттық технологияларды тиімді қолдану агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің табысты өрлеуіне және оларға қарасты ауылдық аумақтардың да әлеуметтік, экономикалық дамуына жол ашады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Аймақтың ауылшаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыру модельдерін жаңа ақпараттық технологиялар негізінде талдап, оларды агроөнеркәсіп кешенін басқару мен дамытудың негізгі бағыттарын айқындау және күріш шаруашылығы өндірісі тиімділігін жетілдірудің жолдарын қарастыруды мақсат ететін модель құруда қолдану.
Зерттеу мақсатына сай алға төмендегідей міндеттер қойылды:
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қызылорда облыстық күріш шаруашылығы кешендері, шаруа қожалықтары мен шаруашылықтар алынды. Жұмысты орындау барысында ақпараттық база ретінде ауылшаруашылығы, өндірісі тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырған ғалымдар еңбектері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының жылдық есептері мен статистикалық жинақ мәліметтері, баспасөз және ауқымды желі материалдары пайдаланылды.
Зерттеу пәні. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық даму барысын зерттеу, күріш өндірісі тиімділігін арттыру мақсатында ауылшаруашылығы кәсіпорнын басқару, өндірісті болжау мен жоспарлаудағы экономикалық-математикалық модельдеудің ролін айқындау.
Зерттеудің
теориялық-әдістемелік
Зерттеу
жұмысының нормативтік-ақпаратт
Зерттеу тәсілдері. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу және міндетті орындауда абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық салыстырмалы талдаулар, болжам жасау әдістері және экономикалық-математикалық модельдеу әдістері қолданылды.
Магистрлік зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ауылшаруашылығы өндірісін басқарудың жаңа тәсілдерін негіздеу және құру, ауылшаруашылығы өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында күріш шаруашылығын дамыту жолдарын ұсынуға негізделген.
Зерттеу барысында диссертацияның ғылыми жаңалығын анықтайтын және қорғауға ұсынылған төмендегідей негізгі нәтижелер алынды:
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.
3. Бүгінгі күннің
негізгі талабы бәсекелестік
қабілет, сапа мен сұраныс
Осы мәселелерді
шешу жолдарын қарастыру барысында
ресурстар потенциалын
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Магистрлік зерттеу жұмысының нәтижелерін күріш шаруашылықтарының өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруда, шаруашылық ресурстарын тиімді орналастыру варианттарын таңдауда қолдануға болады. Әзірленген модель күріш шаруашылығының стратегиялық жоспарын құру және басқару шешімдерін қабылдау барысында егіншілік кәсіпорындарының тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Зерттеу нәтижелері күріш шаруашылығымен айналысатын «Шаған-Жер» ЖШС көрсеткіштері негізінде Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасында және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу үдерісінде қолданылды.
Жұмыстың негізгі бағыттары бойынша әр түрлі аймақтық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасалды және Білім және Ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитеті ұсынған басылымда жарияланды. «Ақмешіт хабаршысы» журналы. Қызылорда, 2011.-0,5б.т.; «Ғарыш және адам» Ғарышты игеру дәуірінің 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қызылорда-Киев, «Болашақ» университеті, 2011, 205-207б.-0,13б.т.; Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы. Қызылорда, 2011, №1/31/,55-58б.–0,22б.т.; Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Білім мен ғылымның инновациялық дамуы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың проблемалары мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2011-0,25б.т. Барлығы 4 мақала, жалпы көлемі 1,1 б.т.
Магистрлік жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Магистрлік жұмыс 97 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әлемдік қаржы дағдарысы қазіргі күні көп жағдайды өзгертіп, біраз мәселенің басын ашып берді. Бүгінгі күні кез келген мәселеде орындалатын іс-қимылға басты талап – тиімділік қойылады. Ал тиімділік шаруашылықты ең ыңғайлы тәсілдермен оңтайлы іске асыруды талап етеді. Бүгін тиімділік пен үнемділік алға қойылып отырғанда инновациялық әдістер бірінші орынға шығуда. Нәтижесінде ғылыми негіздемеге сүйене отырып өндіріс технологиясы алға жылжып, шығындар азаяды.