Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)

К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенедi:

  1. Гипертимдi тип- анық жест, мимикалары болады.сөзге құмар қарым-қатынасқа бейiм, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзiнiң отбасылық қоғамдық мiндеттерiне қалай болса солай қарағандықтан адамдармен конфликтiге тез түседi, конфликтiнi өзi бастайды. Оптимист, энергиясы мол, iс-әрекеттi сүйедi. Бiрақ жеңiлтек, аморальды әрекеттердi жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттерi бар, жалғыздық пен қатал тәртiптi қиын көтередi.
  2. Дистимдi тип- пессимистi көңiл-күйдi, аз сөйлегiш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмiр сүредi. Конфликтiге түспейдi. Онымен достасатын адамдарды бағалап, тiптi оларға бағынады. Әдiл, байсалды, баяу ойлайды, бiрақ тиянақты.
  3. Циклоидты тип-көңiл-күйi тез өзгередi, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелi болып келедi. Көңiл-күйi жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседi, төмен болғанда тұйық болады.
  4. Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактiлiгi төмен, конфликтiге бейiм, көңiлсiз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, коллективте бiрге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерiн қадағаламайды,жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйедi.
  5. Тежелгiш тип- сөйлемейдi, басқаларды үйретедi. Конфликтiде белсендi роль атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзiне үлкен талаптар қояды. Ренжiгiш, сезiмтал, өш алғыш, өзiне тым сенiмдi, қызғаншақ, ар ұяты мол.
  6. Педантты тип- конфликтiде енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлiктi кейде басқаларға да бередi. Өзiнiң тазалықты сүйюiмен үйдегiлердi де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйедi, жұмыста сенiмдi, бiрақ конфликтiде ұрысқақ.
  7. Уайымшыл тип- ұялшақ, өзiне сенiмсiз, конфликтiге аз түседi, енжар болады. Басқалардан көмек iздейдi. Достықты бағалайды, өзiн-өзi көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергiш.
  8. Эмотивтi тип- жарты сөзден ақ бiрiн бiрi түсiнетiн адамдар тобынан құралады. Ренжiсе оны iшiнде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершiлiк, орындаушылық қасиеттерi бар, бiрақ жылығыш, тым сезiмтал жан.
  9. Демонстративтi тип- байланысты жеңiл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеушi мен лидерлiкке талпынады, өзiнiң өзiне-өзi сенiмдiлiгiмен адамдарға ұнамайды. Конфликтiнi өзi тудырып, өзiн өзi қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бiрақ эгоист, мақтаншақ, жұмыстан қашады, екiжүздi.
  10. Экзалтацияланған тип- контактiге түсуi өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бiрақ конфликтiге жеткiзбейдi, конфликт кезiнде белсендi, әрi енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңiл бөледi. Талғамы жақсы, шын сезiмге бейiм. Көңiл-күйi тез өзгергiш.
  11. Экстравертивтi тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлi нәрселер жайлы сөйлесе бередi, достары мен жақындарына лидерлiктi бередi. Олардан бiр нәрсе сұраса соны орындайды,зейiн қойып тыңдайды, бiрақ жеңiлтек. Басқалардың әсерiне бейiм, ойланбай бiр нәрсе iстей салады, әңгiме айтып отыруға бейiм, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңiлдi уақыт өткiзуге құмар.
  12. Интравертивтi тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейiм, жалғыздықты сүйедi, тек өз өмiрiне басқа бiреу кiрiскенде ғана конфликтiге түседi. өстамды, принциптерi көп, қатал сенiмдерi мен көзқарастары болады. Бiрақ бiрбеткей, өз идеяларын дәлелдегiш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей бередi.

 Адам мiнезiндегi әрбiр  ерекшелiк белгiлi жағдайларға  сәйкес көрiнiс бередi. Мұндай ерекшелiктердiң  өзiндiк физиологиялық ерекшелiктер бар. Адам мiнезiнiң физиологиялық негiзiн ашып көрсетуде ерекше орын алатын жәйт жоғары жүйке қызметiнiң типтерiндегi ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И.Павлов қандай сигнал жүйесiнiң басым екендiгiне қарай адам мiнезiнiң типтерiн мынадай үш типке бөледi:

1.Ойшыл тип-бұл негiзiнен  сөзбен байланысты,екiншi сигнал  жүйесi рефлекторлық қызметiнiң  басымдылығы.

2.Көркем тип-бiрiншi сигналдық шартты рефлекстiң басымдылығы.

3.Орташа тип-мұнда  екi сигнал жүйесiнiң бiрде-бiрi басымдылық көрсете алмайды. Адамдардың көпшiлiгi осы орташа типке жатады. Адам мiнезiнде бұлардан басқа да мiнез ерекшелiктерiнiң пайда болуына әсер етiп отыратын арнайы типтердiң болуы ықтимал. Әр мiнез ерекшелiктерiне сәйкес әр түрлi типтегi адамдардың еңбексүйгiштiгi мен әрекетшiлдiгi де түрлiше болып келедi.

Адам мiнезiнiң құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбiр мiнез ерекшелiктерi бiр-бiрiне тәуелдi, өзара байланысты болып  келедi. Мiнездегi осындай әртүрлi қасиеттерден құрылған бiртұтас бiрлiктi мiнез құрылымы деп атайды. Ал, мiнездегi өзара байланысты психикалық қасиеттердiң жүйесi симптомокомплекс не факторлар деп атайды.

 

§  2.  Тұлға және мiнез

Тұлға құрылымында ең орталық орынды мiнез алады. Адам мiнезi көптеген адам бойындағы ерекшелiктерге, соның iшiнде танымдық процестерге де әсер етедi. Мiнез әрбiр адамның жеке-даралығын және жеке адамдық ерекшелiктерiн көрсетедi. Адам мiнезi жеке адам қызығушылықтарымен, қажеттiлiктерiмен, бағдарларымен, бағытымен, мотивiмен т.б. байланысты.

Психология ғылымында мiнез топтастырылып оның қасиеттерi мынадай төрт түрлi жүйеге бөлiнiп қалыптастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшелiктерiн көрсетедi.

1.Мiнездiң еңбекке байланысты  қасиеттерi: еңбексүйгiштiк, адалдық,  еңбекке жауапкершiлiкпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық.

2.өжымға, адамға қатысты  қасиеттер: қайырымдылық, сергектiк,  талапқойғыштық, асқақтық,менсiнбеушiлiк.

3.Өзiне-өзiнiң қатынасы: өркөкректiк, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзiмшiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк.

4.Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы, ұқыпсыздығы.

Мұндай ерекшелiктер адамның  азаматтық қасиеттерiн көрсететiн негiзгi және өзектi сипаттары болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтiк типтiк ерекшелiктерi. Ал, мiнез құрылымының ерекшелiктерiне мыналар жатады:

1.Мiнездiң тереңдiгi. Бұл  қасиет адамның қоғам тарапына  орай көпшiлiкке, ұжымға, еңбекке  деген қатынасын бiлдiредi.

2.Адамның жеке басының  ерекшелiгi, белсендiлiгi. Бұл қасиет  мiнездiң күшi. Осыған орай, адам мықты, жақсы, тұрақты және нашар мiнездi болып келедi.

3.Мiнездiң тұрақтылығының, бейiмделгiштiгiнiң ерекше мәнi  бар. Мұндай адамдар әрқилы  қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзiмдiлiк пен бейiмделгiштiлiк  көрсетiп,мiнездiң күшiн аңғартады.

 

 

§  3.  Мiнездiң қалыптасу ерекшелiгi

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып  табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек. 

Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.

Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа  дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.

Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң  бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау  стилi, сонымен қатар үлкендердiң  баланың өзiмен қатынас жасау  ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден  бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен  қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.

Баланың мектепке дейiн кезеңiнде  мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады. 

Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.

Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал  етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып  отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.

 

                                           ҚАБІЛЕТ  ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

Адамның қабілетінің  жалпы сипаттамасы. Қабілет туралы ұғым. Б.М.Теплов бойынша қабілетті анықтау. Оқытудың табыстылығы мен қабілетінің сәйкестігі. Адамның қабілеті мен дамуы. Қабілеттің жіктелуі. Жалпы қабілеттің сипаттамасы. Теориялық және тәжірибелік қабілеттер.

Қабілетті дамыту дейгейлері және дербес ерекшеліктері. Қабілетті дамыту деңгейлерінің негізгі жіктелімі. Туа біткен талаптылық пен генотип. Бейімділікті әлеуметтік шарттастырылған үрдісте дамыту. Потенциалды және актуалды қабілеттер. Жалпы және арнайы қабілеттердің сәйкестігі. Дарындылық. К.А. Гельвецияның қабілет тұжырымдамасы. Шеберлік және талант. Данышпандық.

Адами қабілеттің жаратылысы. Қабілеттің алғашқы теориясы. Френология. Ф.Галлей және Ф. Гальтонның қабілет тұжырымдамасы. Қабілетті зерттеудегі Егіздер әдістемесі. Қабілетті дамытудағы тәрбиелеу ерекшелігінің маңызы. К.А.Гельвецияның қабілет тұжырымдамасы.  Адам қабілетінің биоәлеуемттік жаратылысы.

Қабілетті дамыту. Қабілетті дамытудың негізгі кезеңдері. Қабілетті қалыптастырудағы ойынның маңызы. Қабілетті дамыту және жанұялық тәрбиедегі өзгешеліктер. Қабілетті дамыту және макроортаның шарттары. Үгіт-насихаттың мәселелері. Е.А.Климов бойынша мамандықты жіктеу және кәсіби жарамдылықты жіктеу.

 

 

§  1.  Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы

     Біз   жеке немесе  жекелеген жағдайларда  қалатын адамдардың неге әр  түрлі табыстарға қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз, адамдар табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына тоқталамыз. Бұл ұғым біреулердің дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам қабылдап алуының немесе басқалардың ұзақ, тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген кезде пайдаланады. Қабілет дегеніміз не?

Тәжірибеде  “қабілетң  сөзінің алуан түрлі салада кең  қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын   дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда, “қабілет” термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі  қабілетті зерттеу  барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады. Бірінші жағдайда қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл “қабілет” терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі. Екіншіден қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVІІІ-XІX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және де қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі. Үшінші  бұл – біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген .

Отандық психологияда қабілетті тәжірибелік зерттеу көбінесе соңғы    ықпал негізінде құрылуда. Оның дамуына елеулі үлес қосқан отандық белгілі ғалым Б.М.Теплов. Ол “қабілеттің” төмендегідей  негізгі үш түрін бөліп көрсетті.

Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешеленетін  дербес-психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік  туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді.

Екіншіден, қабілет деп  қандайда бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды.

    Үшіншіден,  “қабілет” түсінігі аталмыш  адамда қалыптастырылған дағдылармен  немесе іскерлікпен, сол білімділікпен  сәйкес келмейді.

     Қабілеттің онтогенезде даму мәселесі бойынша профессор С.М. Джакупов өзінің еңбектерінде көрсетеді:    Қабілеттердің нышандар негізінде қалыптасуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Іс- әрекет барысында нышан қабілетке айналады дегентұжырымның өзі де әлі дәлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс- әрекетте қандай орын алатынын көрсету керек.

      Қабілеттің  генезис мәселесінің мәні , оны  тек шешу арқылы қабілеттің  даму механизмін түсіну нәтижесінде  олардың мақсатты қалыптасуы  мен  диагностикасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде көрінеді.Ол адамды жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғатын құрайды деген.Бірақ адам табиғаты – тарихи өнім болып табылады. Сондықтан да адам табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде жүреді.( адамның еңбек іс- әрекеті нәтижесінде қалыптасады) Бірақ Рубинштейн осы мәселені нақтылағысы келгенмен, сол мәселенің шешімінен алшақтайды.” Нышандар- қабілеттің алғышарты,- дейді С.Л. Рубинштейн. Қабілет нышандар негізіндн дамымағанмен, кабілет бәрі бір нышанның функциясы болып табылмайды, керісінше нышандар алғышарт негізінде дамудың функциясы болып табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері дамиды, яғни ауысып және өзгеріп отырады.

      Ең қызығы  көптеген зерттеушілер қолданбалы  есептерді шешуде қабілеттер  генезисі мәселесін пайдаланбайды.  Н.С. Лейтес бойынша: балалық  шақта жас ерекшелік дамудың  ішкі жағдайлары қабілеттердің  қалыптасу факторы болып табылады.лейтес  жастық шақта дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді. Оның рольі: бейімділік қабілеттің алдында жүреді және дамудың алдында жүреді және дамудың негізгі факторларының бірі- ми қатысатын процесстерге жағымды эмоциялық күй береді, еңбекқорлықты жоғарлатады, ұйқыдағы күштерді оятады.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп