Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)

Ерiктiк реттеу механизмi бойынша ғылым тарихында ерiк  теориясының екi типiн бөлiп көрсетуге  болады: автономдық (волюнтаристiк) және гетереномдық (интеллектуалдық, эмоциялық).

Бүгiнгi таңда ерiктi реттеудiң психологиялық механизмi ретiнде әрекеттiң мағынасының өзгеруi немесе қосымша мағына жасауды негiздеген  В.А.Иванниковтың зерттеулерi қызығушылық тудыруда. Тарихи тұрғыда тұлғаның мағыналық құрылымының iс-әрекеттi реттеуге қатысы болу мүмкiндiгiн алғаш рет көрсеткен Л.С.Выготский едi. Ол балалардың мiнез-құлқының олар үшiн өз әрекетiнiң мағынасының өзгеруi нәтижесiнде қалай өзгерiске ұшырағанын сипаттаған едi. В.А.Иванников ерiктiк реттеудiң жоғары түрпiшiнi ретiнде мәнсiз немесе мәнi шамалы, бiрақ орындауға мiндеттi әрекеттi тұлғаның мағыналық сферасына қосу деп есептейдi. Ол мотивацияның ырықты түрi әрекеттiң туындауында ерiктiк реттеудiң негiзi ретiнде қарастырады.

Сонымен, қазiргi психологияда ерiк проблемасы екi нұсқада көрiнедi: өзiн-өзi детерминдеу проблемасы ретiнде ( мотивациялық тұрғы мен “ерiктi таңдау” тұрғысы) және өзiн-өзi реттеу проблемасы ретiнде ( реттеушi тұрғы).

Жалпы ерiк тақырыбы психологиялық  тұрғыда күрделi боп саналады. Өйткенi, ерiк мәселесi қалыптасқан дәстүр бойынша философиялық тұрғыда ерiк бостандығы, еркiндiк проблемасы ретiнде қарастырылды. Сондай-ақ, физиологиялық тұрғыда ырықты қозғалыстар мәселесi боп зерттелiндi. Ерiктiң психологиялық проблемасын оның философиялық, физиологиялық проблемаларынан ажыратып бөлек қарастыру керек.

Психология тарихына қарап отырсақ, XVIII−XIXғ.-да ерiктiң  эмпирикалық теориясы басым болды. Мұнда, ерiк жеке адамның басында  өтiп жатқан iшкi психологиялық процесс  ретiнде қарастырылды. Адамды қоршаған дүниемен шынайы қатынасында емес, әлдеқандай бiр iшкi тұрғыдан алып қарады. Сыртқы мiнез-құлық “iштей” баста шешiлген жайдың салдары боп табылады. Бүкiл процесс негiзiнен сананың iшiнде жүзеге асады. Ерiктi зерттеудiң негiзгi әдiсi өзiн-өзi бақылау әдiсi болып табылды.

Бүгiнгi таңда ерiктi психологиялық зерттеу әр түрлi ғылыми бағыттар арасында өзара бөлiнiп алынды: бихевиористiк бағыттағы ғылымдарда тиiстi, сәйкес мiнез-құлық формасы зерттелiнсе, мотивация психологиясында iшкi тұлғалық қайшылық-кикiлжiңдерге және оларды жеңу тәсiлдерiне баса назар аударылады, ал тұлға психологиясында негiзгi назар тұлғаның тиiстi ерiктiк қасиеттерiн бөлiп зерттеуге бағытталады. Ерiктi зерттеумен сондай-ақ адам мiнез-құлқын өзiн-өзi реттеу психологиясы да айналысады. Басқаша айтсақ, қазiргi уақытта ерiктi зерттеу бұрынғы бiртұтастығынан, терминологиялық анықтығынан, бiр мәндiлiгiнен айырылып қалды. Жаңа ұғымдарды, жаңа теория мен әдiстердi қолдану нәтижесiнде тақырып аясы тереңдедi әрi кеңею үстiнде. Көптеген ғалымдар қазiр  ерiк туралы iлiмге тұтас және бiрiккен сипат беруге бағытталған әрекеттер жасауда.

Ерiктi психологиялық  зерттеуде адам мiнез-құлқы табиғаты жөнiндегi екi қарама-қайшы концепциялардың - реактивтiк және активтiк (белсендi) арасындағы күрес елеулi рөл атқарды. Алғашқысы адамның күллi мiнез-құлқын iшкi және сырқы стимулдарға реакциялар (жауаптар) ретiнде ғана түсiндiрдi. Зерттеудiң мiндетi сол стимулдарды табу және олардың реакциялармен байланысын анықтау. Мұндай түсiнiкте ерiкке орын қалмай қалады, ол табиғаты жағынан рефлекторлық боп табылатын реакция ғана. И.П.Павлов ерiктi тiрi ағзаның кедергiге кездескендегi белсендiлiгiнiң көрнiсi, “еркiндiк инстинктi” ретiнде қарастырды. Мiнез-құлықты реакция ретiнде түсiну ХХ ғ. алғашқы ширегiнде психологияны реактология (К.Н.Корнилов) және рефлексологиямен ( Б.М.Бехтерев) ауыстыруға әкелiп соқты. Ал екiншi концепция бойынша, адамның мiнез-құлқы әуел бастан белсендi болып табылады, оның формаларын адам саналы түрде таңдауға қабiлеттi. Мiнез-құлықты бұлай түсiнуде ерiк және ерiктiк реттеу ұғымдары мiндеттi түрде қажет. Физиология саласында Н.А.Бернштейн мен П.К.Анохин жүргiзген зерттеулер осы көзқарасты растайды. Бұл зерттеулер негiзiнде қалыптасқан концепциялар бойынша, ерiк адамның өзiнiң мiнез-құлқын саналы реттей алуы, меңгеруi боп табылады. Бүгiнгi таңда осы тұрғыдан қарастырып зерттеуде қазiргi сана психологиясы мен когнитивтiк психология бағыттары маңызды рөл алуда.

Сонымен, ерiк ұғымын ерекше бiр психикалық құрылым ретiнде  түсiну әрекетi психологияда әр түрлi теориялық  көзқарастың тууына әкелген екен. Мұның өзi ерiк ұғымының күрделi құбылыс екендiгiн бiлдiредi.

 

 

§  2.  Ерiктiң физиологиялық негiздерi.

Ерiктiк әрекеттердiң  физиологиялық механизмдерiн былай  түсiндiруге болады. Үлкен ми сыңарларының төбелiк бөлiгiнде қимыл қозғалысты басқаратын аумақ орналасқан. Ол ми қыртысының барлық аумақтарымен, соның iшiнде барлық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгiлi бiр аумағында  пайда болған қозудың қимыл-қозғалыс аумағына жетiп, онда да осындай процесс туғызу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

Сонымен, ми қыртысының қозғалыс бөлiгiнiң мидың басқа бөлiктерiмен  байланысы адамның саналы қимылдары  мен әрекеттерiнiң алға шарты болады. Бiрақ мұндай байланыс мiнез-құлықты  ерiктiк реттеу механизмiн толық  қамти алмайды. Сондықтан екiншi сигалдық байланыстардың рөлiнде ескеру керек. Өйткенi, екiншi сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесiне қосылады да, оның қызметiн әлдеқайда күрделендiрiп жiбередi.

Екiншi сигналдық байланыстар  негiзiнде адам мiнез-құлқының барлық саналы және мақсатты реттелуi жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгiлiн, сипатын, тәсiлiн, қарқынын т.б. анықтау атқарылады. екiншi сигнал жүйесiнiң тiтiркендiргiштерi адам мiнез-құлқының қимыл-қозғалыстық бөлiгiнiң ғана белсендiлiгiн арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрiздi көптеген психикалық процестердiң басталуының сигналы болады, зейiндi реттейдi, сезiмдi туғызады. Екiншi сигналдар (сөздер) көмегiмен адамның бүкiл саналы әрекетi жүзеге асып реттелiнедi. Екiншi сигналдық байланыстар қимыл әрекеттердi бөгеу, ерiктi тежеу қызметiнде шешушi рөл атқарады.

Сонымен, екiншi сигналдық  байланыстар ақпараттың талдағыштан  қозғалыс бөлiгiне жылжудың бағытын  өзгертедi. Бұл ақпарат өте күрделi жолдан өтедi. И.П.Павлов қимыл-қозғалыстың  ырықты болуы бүкiл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесi деп түсiндiредi. Ал сананың реттегiш жағы ретiнде ерiк шартты рефлекстiк табиғатқа ие. Уақытша жүйкелiк байланыстар негiзiнде сан алуан ассоциациялар мен олардың жүйелерi қалыптасып нығаяды да бұлардың өздерi мақсатты мiнез-құлыққа жағдайлар жасайды.

Тәжiрибе ерiктi реттеуде ми қыртысының маңдай бөлiгiнiң айырықша маңызы бар екенiн көрсетiп отыр. Әр сәт сайын жүзеге асып жатқан нәтиже мен алдын ала жасалынған мақсат бағдарламасының салыстырылуы тап осы жерде өтедi. Маңдай бөлiмiне зақым келу қимыл-қозғалысты, әрекеттi ырықты реттеудiң бұзылуынан көрiнетiн апраксияға әкеп соғады. Мұндай адам қандай-бiр әрекеттi орындауды бастап, кез-келген кездейсоқ әсердiң нәтижесiнде оны бiрден тоқтатады не өзгертедi, яғни ерiктiк актыны жүзеге асыру мүмкiн емес. Ми патологиясы негiзiнде iс-әрекетке түрткiнiң болмауынан, шешiм қабылдауға, қажеттi әрекеттi жүзеге асыруға қабiлетсiздiктен көрiнетiн абулия (ерiктiң әлсiреуi) пайда болуы мүмкiн. Абулия  ми қыртысының патологиялық тежелуiнен туындайды.

Мiнез-құлықтың ерiктiк  реттелуiнiң рефлекстiк табиғаты ми қыртысында қозудың оптималдық орны жасалуының алға шарты. Оптималдық қозу орны- бұл ми қыртысындағы жұмыс  орны. Ол адамның осы сәттегi негiзгi iс-әрекетiн жүзеге асырады.

Мiнез-құлықтың ерiктiк реттелуiнiң жалпы механизмiндегi ретикулярлық формацияның маңызды мәнiн атамай кетуге болмайды. Ретикулярлық формацияның ми қыртысына баратын белгiлi бiр импульстердi iрiктеп алып, өмiрлiк мәнi жоқтарын бөгеп отыратын ерекше сүзгi тәрiздi екенi белгiлi боп отыр. Ретикулярлық формация бұл импульстердi електен өткiзедi. Сол сияқты ретикулярлық формацияның ми қыртысын энергиямен қамтамасыз ететiн өзiндiк аккумулятор және басқару пультi екендiгi жалпыға белгiлi.

П.К.Анохин ұсынған мiнез-құлықтың ерiктiк реттелуi механизмi ретiнде әрекет акцепторы ұғымы бiздiң түсiнiктерiмiздi  одан әрi тереңде түседi. Оның мәнiсi – жүйке процестерiнiң сыртқы оқиғалар барысынан оза жүретiндей көрiнетiндiгiнде. Бұрынғы тәжiрибе негiзiнде адам жүйке жүйесiнде болашақта берiлетiн әсердi алын ала бiледi. Сигнал негiзiнде мида көп рет қайталау арқылы қалыптасқан жүйкелiк байланыстардың бүкiл кешенi, ассоциациялардың барлық жүйесi қалпына келтiрiледi.

Сонымен, саналы басқарылатын мiнез-құлық үлкен ми сыңарларында өтiп жататын көптеген күрделi процестердiң өзара әсерiнiң нәтижесi болып саналады.

§ 3.  Ерiктiк әрекеттiң құрылымы

    Адамның еркi  алдын ала қойылған мақсатқа  сай орындалатын әрекет, қылықтардан  көрiнiп отырады. Ерiктiк әрекеттер  құрылымы жағынан өте күрделi процесс болып табылады. Ерiктiк әрекеттер мақсаттың және сол сияқты оларды орындау барысында кездесетiн кедергiлердiң, қиындықтардың болуымен, оларды орындау кезiнде бастан кешетiн тебiренiс,толғаныстардың болуымен сиптталады.

Ерiктiк әрекеттердi қарапайым және күрделi деп бөледi. Қарапайымы, әдетте, мақсат қою және орындау сияқты екi буыннан тұрады. Күрделi ерiктiк әрекетте мақсатты ұғыну, жоспарлау және орындау деген үш буын айқын бөлiнедi.

Адам еркiнiң психологиялық  мәнiн түсiну үшiн күрделi ерiктiк  әрекеттi қарастырып көрейiк.

Мақсатты ұғыну. Адам мiнез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу, шөлiркеу сияқты физиологиялық қажеттiлiктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттiлiктерi, басқа адамдармен араласу, бiлiмге, көңiл көтеруге құмарлық тәрiздi әлеуметтiк қажеттiлiктер бола алады. Қажеттiлiктердi саналы ұғыну дәрежесiне байланысты елiгу және тiлек деп бөледi.

Туа бiткен қажеттiлiк  адам санасында күңгiрт, бұлыңғыр зауықтану,елiгу түрiнде бейнеленедi. Оның күңгiрт болатыны оған қажеттiлiк аз, оның сигналдары мида айқын бейнеленбейдi. Адам өзiне әйтеуiр бiрдеңе қажет сияқты сезiнедi, бiрақ оның нақты не екенiн анық бiлмейдi. Елiгудi әдетте өтпелi күй ретiнде қарастырады. Саналы түрде ұғынылмаса ол баяу басылып жоғалады. Не болмаса қажеттiлiктiң арта түсуiне қарай оны айқын ұғыну белең алып, елiгу нақты тiлекке айналады. Бiр нәрсенi тiлеу дегенiмiз- не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатынын бiлдiру. Ал тiлек дегенiмiз – мұрат түрiнде өмiр сүретiн (адам миында) қажеттiлiк мазмұны.

Тiлек әрекетте мотив болуы мүмкiн. Iс-әрекеттiң мотивi ретiнде тiлек қажеттiлiктi айқын ұғыну, жете түсiнумен сипатталады. Ал тiлеу дегенiмiз - тiлектi қанағаттандыру үшiн әрекет жасау болып табылмайды. Тiлекте қажеттiлiк мазмұны бейнеленгенiмен, онда әрекет белсендi элемент жоқ. Адам көп нәрсенi тiлей алады, бiрақ бұдан ол барлық бағытта әрекет жасай бередi деген ой тумайды. Сонымен, бiрдеменi тiлеу дегенiмiз- ол, ең алдымен, қозғаушы стимулдың мазмұнын бiлу деген сөз.

Бiрақ тiлек пен жалпы  бiлiм арасында теңдiк белгiсiн қоюға болмайды. Кез келген бiлiм тiлекке айнала бермейдi, бiрақ тiлектiң бәрi – бiлiм. Тiлек мiнез-құлықтың тiкелей мотивiне, одан соң мақсатына айналмас бұрын талқыға салынады. Талқылау барысында бiз оны қолдауға болатынына не болмайтынына дәлеледер келтiремiз. Бiз артқа көз салып, осы мақсатқа бiздi не итермелегенiн, тiлегiмiздiң қандай екенiн ұғынамыз. Бiз мақсатымыздың жүзеге асуына көмектесетiн немесе бөгет жасайтын жағдайларды салыстырамыз, алдымызды қиялдай шолып, қабылданған шешiмдерiмiздi жүзеге асу нәтижесiн ойша болжаймыз.

Басқаша айтқанда тiлектi iрiктеу, мұшелеу және негiздеу бағытында  ой жұмысы атқарылады. Тiлек өмiрде  бiрден жүзеге аспайды. Кейде адамда бiрнеше келiсiлмеген, тiптi сәйкес келмейтiн  қайшы тiлектер пайда болуы мүмкiн. Онда ол оның қайсысын жүзеге асыру керектiгiн бiлмей қиын жағдайда қалады. Бiрнеше тiлектердiң қақтығысынан туындайтын психикалық күйдi немесе арасынан бiреуiн таңдауға тура келетiн қарама-қарсы, үйлесiмсiз мотивтер қақтығысын мотивтер тартысы деп атайды. Мотивтер тартысы оған қатысты толғаныстарды тудырады. Мотивтер тартысының ақыры шешiмге келумен бiтедi. Яғни, әрекет мақсаты пен тәсiлi таңдалады. Шешiмге келу дегенiмiз – бiр тiлектi екiншi тiлектен ажырату, сөйтiп мақсаттың идеалды бейнесiн жасау. Қабылданған шешiмдер әдетте “осы шешiмге тоқтаймыз”, “осылай жасаймыз” деген сияқты тоқтам түрiнде қысқа тұжырымдалады. Шешiмге келiп болған соң, мотивтер тартысы кезiндегi шиеленiс әлсiрейдi. Қабылданған шешiм тiлек, ниетiне сай болған жағдайда адамның бойы мүлде жеңiлденедi. Бұл жағдайда ол тiптi қанағаттану, шаттану сезiмдерiн бастан кешiредi. Тiптi қабылданған шешiм адамның тiлек арманымен толық сай келмеген жағдайдың өзiнде де жеңiлдену болады. Өйткенi, шешiмге келу фактысының өзi шиеленiстi бәсеңдетедi.

Жоспарлау. Күрделi ерiк әрекетiнде шешiм қабылдаудан соң қойылған мiндетке жету жолдарын жоспарлау басталады. Рас, кейде шешiмдердi жүзеге асыру тәсiлдерi мақсаттың қалыптасуы барысында содан туындап, жалпы түрде белгiленедi. Бiрақ, бұлай болған жағдайдың өзiнде ол тiкелей практикалық әрекет алдында мұқия талқылаудан өтедi.

Тәсiл таңдау кезiнде  де мақсат таңдау кезiндегiдей толғаныс, тебiренiс түрiндегi қиындықтарың болуы  мүмкiн. Қиындықтар бiр жағынан, мақсатқа жетудiң жолы мен тәсiлдерi оңай көрiнгенiмен, моральдық ережерлерге сай келмейтiндiктен және басқа адамдарға зиян келтiретiн болғандықтан да туады. Екiншi жағынан келгенде, кейбiр жолдар қиын, орасан зор күш жұмсауды керек ететiн,бiрақ әдеп ережелерiне қайшы келмейтiн болуы мүмкiн. Басқаша айтқанда, iштей толғаныс кикiлжiң жағдаят қалыптасқандықтан туады : мақсатқа жеткiзер жолдың бәрi жақсы ма әлде мақсатқа жетудiң моральға лайық жолдарын iздеген дұрыс па? Адам мақсатқа жеңiл жолмен жету мүмкiн не мүмкiн еместiгiн шешуге мәжбүр.

Орындау. Амал-тәсiлдер белгiленген соң адам қбылдаған шешiмдердi жүзеге асыруға кiрiседi. Көптеген психологтар ерiктiң мәнiн нақ осы қабылданған шешiмдi орындаудан көредi. Ерiктiк әрекеттiң орындау сатысының күрделi құрылымы бар. Қабылданған шешiмдi орындау ең алдымен белгiлi бiр уақыт мерзiммен байланысты. Егер шешiмдi орындау ұзақ уақытқа кейiн ысырылса, онда оны орындау ниетi деп айту қабылданған. Ниет өзiнiң мәнi бойынша кейiнге қалдырылған әрекетке iштей әзiрлiк және шешiммен бекiтiлген мақсатты жүзеге асыру бағыттылығы боп табылады. Алайда тек бiр ғана ниет жеткiлiсiз. Алдын ала жоспарланған әрекеттi жүзеге асыру үшiн саналы түрде ерiктiк күш салу керек. Ерiктiк күш салу ретiнде iшкi ширығыс,шиеленiстiң ерекше күйi немесе адамның ойлаған нәрсесiн жүзеге асыру үшiн қажет әрi оның iшкi мүмкiндiктерiн жұмылдыратын белсендiлiктi түсiнемiз. Сол себептi, ерiктiк күш жұмсау әрқашан едәуiр энергия шығындаумен, жұмсалған қуат көлемiне байланысты. Қазақ психологы Ж.Аймауытұлы “Жан жүйесi мен өнер таңдау” (1926) атты кiтабында немiс психологы әрi педагогы Э.Мейманның “Оқығандар және қайрат” деген кiтабын талдай отыра, “қайраттың бiр белгiсi – екпiндi, я жiгерлi болмағы” деп жазады. Ол ерiктiң энергия жұмсау жағын сипаттау үшiн “жiгерлi қайрат” деген сөз тiркесiн қолданған екен.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп