Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)

Ойлаудың физиологиялық  негiздерi И.П. Павловтың бiрiншi және екiншi сигнал жүйесi жөнiндегi iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қыртысының күрделi формадағы анализдiк-синтездiк қызметiнiң нәтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң уақытша жүйке байланыстары жетекшi рөл атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде жүйке қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерiнiң мидағы заңдылықтары бiрдей. Бiрақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер бiрiншi сигнал жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi оларды жалпылап отырады. 

Адамның ойлауы әр түрлi деңгейдегi ойлау  операцияларынан тұрады. Ал олардың  әрқайсысы әр түрлi танымдық мәнге  ие. Мысалы, баланың өз алдында кездестiретiн  қиындықтарын жеңуде жүзеге асыратын қарапайым ойлау әрекетi мен ғалымның қандай да бiр ғылыми мәселенi шешуде қолданатын ойлау операцияларының жүйесiн салыстыруға келмейдi. Сондықтан, жалпылау деңгейiне, құбылыстардың терең мәнiн түсiнiп, бiлуге байланысты ойлаудың жоғарғы немесе төменгi дейгейлерiн ажыратуға болады. Осындай әр түрлi деңгейдегi ойлаудың түрлерi ретiнде қарапайым көрiнiстегi көрнекi ойлау мен берiлген көрiнiс шегiнен шығатын теориялық ойлауды бөлiп көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осылайша, шығу тегi мен пайда болуы (генезi) бойынша ойлау келесi түрлерге жiктеледi:

  1. Көрнекi-әрекеттiк ойлау - мәселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы iске асатын ойлау түрi.
  2. Көрнекi-бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетiн ойлау түрi.
  3. Сөздiк-логикалық (пайымдаушы) ойлау – тiлдiң және тiлдiк құралдардың көмегiмен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi.

Сонымен қатар, психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.

  1. Мәселенiң түрiне байланысты:

1) Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдарды пайдалану негiзiнде заңдар мен ережелердi танып-бiлуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрi.

2) Практикалық ойлау - ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйiн (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) бiлдiретiн ойлау түрi. Бұл ойлау түрi кеңес ғалым-психологы Б.М. Тепловпен едәуiр көп зерттелiнген.

2. Таным түрi бойынша:

  1. Эмпирикалық ойлау - теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсiн, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрi.
  2. Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдар негiзiнде заттар мен құбылыстардың мәнiн танып-бiлу.

3. Рефлексия немесе  саналау деңгейi бойынша:

  1. Интуитивтiк ойлау - тез өтетiн, анық кезеңдерi жоқ, көбiнесе саналанбайтын ойлаудың түрi. Бұл ойлау түрi кеңестiк психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б. зерттелiнген.
  2. Рационалдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық) ойлау - уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдерi бар, ойлаушы субъектiнiң санасында едәуiр көрiнiс табатын ойлау түрi.

4. Әрекеттiң тәсiлдерi негiзiнде:

  1. Вербалдық (сөздiк) ойлау - тiлдiк құралды пайдалану арқылы адамның өз пiкiрiн тұжырымдауы, бiлдiруi.
  2. Көрнекi ойлау – мәселенi шешу нақты бейнелi түрде көрiнуiнде жүзеге асатын ойлау түрi.

5. Ойлау бағыттылығымен  байланысты:

1) Шынайы (немесе реалистiк) ойлау – ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетiн ойлаудың бiр түрi.

2) Аутистiк ойлау - адамның ниеттерiн жүзеге асырумен байланысты болатын ойлау түрi. Осыған ұқсас келетiн эгоцентрлiк ойлаудың ерекшелiгi - адамның басқа бiреудiң позициясында тұра алмауы.

6. Ойлау iс-әрекетiнiң  өнiмiне байланысты:

  1. Продуктивтiк ойлау - адамның ойлау iс-әрекетiнiң жаңа өнiмiн шығару.
  2. Репродуктивтiк ойлау – ойлау iс-әрекетi барысында өмiрде бар бiлiмдердi пайдалану.

7. Ойлаудың функцияларына байланысты:

  1. Творчестволық ойлау – ақиқат дүниеге жаңалықты тудырумен, жаңа бiлiмдердi тауып, негiздеумен байланысты болатын ойлаудың түрi.
  2. Критикалық ойлау - заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негiзiнде, солар жөнiндегi көзқарастар мен пiкiрлердегi қайшылықтар мен кемшiлiктердi таба бiлумен байланысты болатын, ғылыми дәйектелген сындық пiкiрден тұратын ойлаудың бiр түрi.

8. Ерiктiк күштiң жұмсалуына  байланысты:

1) Ырықсыз ойлау - түс көру бейнелерiн ырықсыз трансформациялау.

  2) Ырықты ойлау – проблемалық жағдаяттарды, ой есептерiн мақсатты түрде шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлаудың негiзгi формалары

Ойлау ой операцияларымен  қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. өғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының арта түсуi ғылым негiздерiн меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның бiлiм ортасындағы түрлi ғылымдар негiздерiн игеру әсер етедi. Сол барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнiнде бiлiмдерi қалыптасады.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр - бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. Мысалы: ңАстана - Қазақстанның астанасың шындыққа сай пiкiр.

Саналау мен түсiну ойлаудың негiзгi белгiсi болып табылады.

Адамның ойлау әрекетiнде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негiзгi қасиеттерiн, ерекше белгiлерiн, мәнiн түсiне бiлудiң маңызы зор. Бiз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бiр-бiрiне тәуелдiлiгiнiң шығу тегi мен даму жолын түсiну арқылы ғана ажыратамыз. Түсiну шындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көрiп-бiлуден басталады. Өйткенi, қандай да бiр нәрсенi ұғыну үшiн оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.

Түсiну сөз арқылы берiлетiндiктен, түрлiше формаларда тұжырымдалады. Түсiну қысқаша, жалпы, кең, деталдi және т.б. болып келуi мүмкiн.

Түсiнудiң екi түрi бар. Бiрiншiсi – тiкелей түсiну. Тiкелей  түсiну - жанама түрдегi ой операцияларын керек етпейтiн, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екiншi түрi – жанама түсiну. Жанама түсiну – түрлi фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететiн, көмескi нәрсенi айқын етiп бейнелеуде бiрнеше ой қорытындыларын қажет ететiн процесс.

Жалпы, ойлау дегенiмiздiң өзi - мәселенi шешу, оның мәнiсiн түсiне бiлу деген сөз.

Ойлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет.

Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:

1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.

Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.

Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.

Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлаудың психологиялық  теориялары

  1. Ойлаудың ассоциативтiк теориялары.

Құрылымдық  психологияға сәйкес, жеке сезiмдiк  елестер психологиялық тәжiрибенiң  бастапқы элементтерi болып табылады. Осындай жеке сезiмдiк елестер  арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрасттылық, уақыт пен  кеңiстiкте сәйкес келу сияқты ассоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтiк психологияда ойлау сезiмдiк елестердiң ассоциациясы ретiнде түсiнiледi. Бұл бағыттағы психологтардың негiзгi қойған мiндетi – ойлаудың белгiлi логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсiндiру. өғымдардың қалыптасуы елестердi ассоцияциялау барысында жүзеге асады деп есептелiндi.  Пiкiр ұғымдарды ассоцияциялау, ал ой қорытындысы пiкiрлердiң ассоцациялау нәтижесi ретiнде түсiндiрiлдi.

Осылайша, мәндi мен жалпының арасына теңдiк  белгiсiн қою тұтас ассоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теорияларға келесi тұжырымдар ендi.

  1. Г. Мюллердiң ңдиффуздық репродукцияларң теориясы. Берiлген тұжырымдамаға сәйкес, екi (немесе одан да көп) елестердiң үйлесiмi былайша қалыптасады: субъектте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрiздi басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).
  2. Ойлау үйрену ретiнде. Бұл жерде талдаудың негiзгi элементтерi болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесiмге келтiру заңдылықтары бөлiнiп, шығады. Жаңа стимул-реакциялық байланыстар, яғни шартталу механизмдерi интеллектуалдық мiнез-құлыққа тән емес. Сондықтан, ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық мiндеттi шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Адамның психикалық өмiрiнң әмбебап заңдылықтары ассоциация принципiмен байланысты. Ассоциацияның негiзгi заңы: ассоциация жиi қайталанған сайын, дұрыс әрi берiк болады.

Ассоциациялардың  төрт негiзгi түрi бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңiстiктiк iргелестiк бойынша, қатынас бойынша.

Ассоциациялардың  заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т. Цигень және т.б. еңбектерiнде зерттелiндi. Бұл жерде ассоциация психикалықтың бiрлiгi және түсiндiрушi принципi ретiнде қарастырылды. Ассоцианистер ойлау белсендiлiгiн түсiндiре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тәуелсiз ақыл-ойдың туа бiткен қабiлетi деп бiлген. Бұларда рационалдық сезiмдiкке баланып, субъекттiң iс-әрекет белсендiлiгi талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердiң ырықсыз iлесуi  кез-келген ақыл-ой процесiнiң жүзеге асу типi ретiнде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердiң пайымдауынша, ойлау – ассоциацияларды жинау процесi.

Идеялардың  репродукциясы (қайта өңделуi) сауалы ақыл-ой iс-әрекетiнiң ассоциативтiк теорияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi  болып табылғандықтан, оны жиi репродуктивтiк психология деп атаған.

Отандық психологияда ассоцианистiк тұрғы  Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен зерттелiндi. Ассоциациялардың ойлау механизмi ретiндегi мәнi А.Ф. Эсауловпен ерекше аталды.

2. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп - сана психологиясын зерттеген бағыттардың бiрi. Бұл мектептiң негiзiн салушылар – О. Кюльпе және К. Бюлер, ал өкiлдерiне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.б.

Вюрцбурлық мектеппен зерттелiнген негiзгi мәселелер: а) ойлаушы субъекттiң белсендiлiгiн анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретiндегi ойлаудың қасиеттерiн сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесiнiң психологиялық механизмдерiн түсiндiру.

Сәйкес әдiстеменi шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсiлдерiн таңдау процесi мен қолдану сипаты субъектпен шешiлетiн нақты мiндеттерге байланыстылығын атап өттi. Осылайша, вюрцбурлық мектептiң негiзгi қосқан үлесi – ңмiндетң ұғымын енгiзуi (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi интроспекция әдiсiн өзгерттi. Субъекттiң өзiнiң iшкi ойлары, елестерi, күйзелiстерi жөнiндегi есебi белгiлi-бiр қойылған сұраққа жауапты iздеу, белгiлi-бiр мiндеттi шешу жолымен жүрдi. О. Кюльпе ңОйлау психологиясың еңбегiнде ойлау мен ерiктi зерттеуде интроспекциялық әдiстi қолданды. Зерттеген мәселелерi: ңэмпирикалық ойлауң деп аталатын және формалдық логика заңдарына сүйенетiн ңтаза ойлаудың ң нақтылы жүзеге асуын көрсететiн психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бiр қосқан үлесi - ңдетерминациялық тенденцияларң тұжырымдамасын шығарып, негiздеуi. Басқаша айтқанда, бұл – себептендiру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды түртiп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзiнен-өзi пайда қалыптаспайды. Ол тiкелей сыртқы орта әсерiнен пайда болады.

Сезiмдiк елестер мен  ойлаудың арақатынасын түсiндiруде бұлар  мынадай пiкiрде болды. Өз-өздiгiнен  сезiмдiк елестер мен олардың  кез-келген үйлесiмi тiптi оңай логикалық  есептi шешiп бере алмайды. Себебi, есептi шешу үшiн берiлген мiндеттiң сезiмдiк көрiнiсiнен тыс, одан еркiн болатын, есептiң (мiндеттiң) шарттары мен мен талаптары  арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады.

Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi ойлаудың басқа психикалық процестерден өзiндiк ерекшелiктерiн көрсеттi: тұтастылығы, белсендiлiгi, бағыттылығы, бейнесiздiгi және т.б.

Вюрцбурлық мектептiң  негiзгi идеялары О. Зельцтiң еңбектерiнде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуi ретiнде анықтады. О. Зельц өз алдына ойлау iс-әрекетiнiң қандай да бiр нәтижесiнiң жүзеге асуындағы интеллектуалдық iс-әрекеттiң әрбiр сатысының қызметiн анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекетi ретiндегi ойлауды түсiндiру үшiн оның мiндеттi шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретiнде қарастыру керек.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп