Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)
  1. Экстероцептивтi деп сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiктi айтады. Ол бес негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу.  Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және реттеушi қызмет атқарады. Объектiнiң рецепторға әсерi бойынша экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi: контакттық және дистакттық. Контакттық рецепторлар, дистанттыққа қарағанда, филогенезде ертерек қалыптасқан. Оларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады. Дистанттыққа көру, есту, иiс сезу рецепторлары кiредi. Бұлар құрылымы мен функциялары жағынан күрделi қызмет атқарады.
  2. Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды. Проприоцептивтiк түйсiктер, экстероцептивтiкпен салыстырғанда, жақсы байқалмайды. Проприоцепцияның негiзiнде пайда болатын дене бөлiктерiнiң бiрыңғай орналасуын дене схемасы деп атайды. Әсiресе, эфференттiк бұйрықтарды атқаруда проприоцепциядан келетiн дене схемасы жөнiндегi ақпаратты пайдалану маңызды. Себебi, оларды ескерудiң негiзiнде ғана дененi дұрыс қозғалтуға болады. Сондықтан, мидан келетiн сигнал дұрыс орындалу үшiн перифериялық эфференттiк мүшенiң күйiн, қалпын ескерген дұрыс.

   4) Интероцептивтi – организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар қатарына механо- және хеморецепторлар кiредi. Олар барлық iшкi мүшелерде кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т.б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан тыс жүзеге асады. Органикалық түйсiктер пайда болғанымен, тек диффуздық түрде организмнiң жалпы күйiн комфорт немесе дискомфорт, қысылу немесе босаңсу, мазасыздық немесе тыныштық түрiндегi көбiнесе эмоционалдық боялған күйiн бейнелейдi. И.М. Сеченов оларды ңқараңғы сезiмдерң деп атаған.

Интероцептивтi қызмет тек 1930-шы жылдардан кейiн ғана, Кеннонмен гомеостазис ұғымы ашылғаннан кейiн ғана едәуiр толық түсiнiктi болды. Организмнiң iшкi тепе-теңдiк күйi немесе гомеостазис өмiр сүрудiң қажеттi шарты болып табылады.

Сенсорлық процестердiң  эволюциялық жiктеуiн 1920 жылы ағылшын неврологы Х. Хед ұсынды. Ол сезгiштiктiң екi түрiн бөлiп, ажыратты: эпикритикалық және протопатикалық.

     1) Эпикритикалық сезгiштiк анағұрлым жас әрi жетiлген болып табылады. Ол объектiнiң кеңiстiктегi орналасуын дәл табады және ол жөнiнде объективтi мағлұматтар бередi. Мысалы, сипап сезу жанасу орнын дәл анықтай алады, ал есту – дыбыс шыққан бағытты анықтай алады. Эпикритикалық сезгiштiкке жататындар: көру, есту, сипап сезу (жартылай).

   1) Протопатикалық сезгiштiк едәуiр ежелгi болып табылады және сыртқы кеңiстiкте де, дене кеңiстiгiнде де объекттiң дәл локализациясын бере алмайды. Олар әрқашан аффективтi боялған болып табылады және көбiнесе объективтi процестердi емес, ал субъективтi күйлердi бiлдiредi. Оларға жататындар: дәм сезу, иiс сезу, сипап сезу (жартылай).

Экстероцептивтiң негiзгi бес түрiнiң iшiнде сезгiштiктiң эпикритикалық және протопатикалық компоненттерi әр түрлi арақатынаста кездеседi. Бұл келесi схемада көрсетiлген:

 

                

 

Эпикритикалық сезгiштiк

     КӨРУ

Протопатикалық сезгiштiк

          ЕСТУ

   СИПАП СЕЗУ

ИIС  СЕЗУ

ДӘМ СЕЗУ


 

 

 

Түйсiктердiң  түрлерi

Түйсiк белгiлi-бiр физикалық тiтiркендiргiштiң сәйкес рецепторға әсерi болып табылғандықтан, олай болса, түйсiктердiң жiктеуi де осы рецепторларға негiзделетiнi анық. Осының нәтижесiнде, берiлген қасиеттi (модалдықты) түйсiну пайда болады.

Түйсiктердiң негiзгi түрлерiне жататындар: терi түйсiктерi – жанасу, қысым, сипап сезу, температуралық түйсiктер, ауырсыну түйсiктерi, дәм сезу түйсiктерi, көру түйсiгi, есту түйсiгi, күй-қалып пен қозғалыс түйсiктерi (статикалық және кинестетикалық), сондай-ақ, органикалық түйсiктер (аштық, шөлдеу, жыныстық түйсiктер, iшкi мүшелердi түйсiну және т.б.).

Әлi күнге дейiн көп зерттеле қоймаған түйсiктердiң iшiнде интермодалдық сезгiштiк – вибрациялық түйсiктердi атап көрсетуге болады. Олар тактилдi-моторлық аумақты есту аумағымен байланыстырады және генетикалық тұрғыдан сипап сезу түйсiктерiнiң есту түйсiгiне өту формасы болып табылады.

Вибрациялық сезгiштiк – бұл дененiң қозғалысынан туатын ауа тербелiсiне сезiмталдық. Бұл сезгiштiк түрi адамның, әсiресе, көру мен естуiнiң бұзылысы кезiнде ерекше практикалық мәнге ие болады.

  1. Органикалық түйсiктер. Органикалық түйсiктер, бiрiншiден, организмнiң органикалық қажеттiлiктерiмен байланысты туады, екiншiден, iшкi мүшелердiң қызметiнiң бұзылу кезiнде пайда болады. Органикалық түйсiктерге аштықты, шөлдi түйсiну, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу және жыныстық жүйеден келетiн түйсiктер, сонымен қатар, жалпы көңiл-күйдiң жақсы немесе жаман сезiмдiк негiзiн құрайтын айқын емес, ажыратылмайтын түйсiктер жатады. Түрлi iшкi мүшелерде кездесетiн рецепторлар ×. Шерингтонның жiктемесi бойынша интероцепторлар категориясына жатады. Интероцепторлар механикалық, химиялық, физикалық-химиялық сипаттағы тiтiркендiргiштердi қабылдайды.

Барлық органикалық  түйсiктердiң бiрқатар ортақ қасиеттерi болады. Мысалы:

  1. Олар көп жағдайда органикалық қажеттiлiктермен байланысты. Бұл қажеттiлiктер осы органикалық түйсiктер арқылы санада бейнеленедi. Органикалық түйсiктердiң барлығы белгiлi-бiр қысылумен байланысты. Мұның өзiнде оларда қажеттiлiктердi қанағаттандырумен байланысты болатын түйсiктер тәрiздi динамикалық, елiгу, ұмтылыс және кернеудi босату сияқты сәттерi болады.
  2. Органикалық түйсiктерде сенсорлық, перцептивтi сезгiштiк әлi аффективтi сезгiштiкпен ұласады. Сондықтан ңаштықты түйсiнудiң ңаштық сезiмiң, ңшөлдi түйсiнудiң ңшөлдi сезiнуң деп бекерден айтпайды. Барлық органикалық түйсiктер күштi аффективтi сипат, айқын эмоциялық бояуға ие. Сондықтан органикалық түйсiктерде тек сенсорика ғана емес, сондай-ақ аффективтiлiк те көрiнiс табады.

Органикалық түйсiктер организмнiң қасиетiн емес, ал оның күйiн бейнелейдi, және көп жағдайда саналанбайды. Органикалық түйсiктер жиi диффузды сипатта болып, өзiнiң  шоғырланған жерiн көрсетпейдi.

  1. Органикалық түйсiктер қажеттiлiктердi бейнелей келе, әдетте, қозғалыстық импульстармен байланысты болады. Осылайшва, мысалы аштық сезiмiнде, тыныс қысылғанда және т.б. спазмалық қозғалыстар және түрлi ырықсыз әрекеттер пайда болады.

Осылайша, органикалық  түйсiктер психиканың әр түрлi жақтарымен – аффективтiк күйлермен, елiгулермен және ұмтылыстармен жапсарлас келедi; ең басынан бастап, олар қажеттiлiктермен тығыз байланысты болады.

  1. Терi сезгiштiгi сезiм мүшелерiнiң классикалық физиологиясы бойынша төрт түрге бөлiнедi. Әдетте, келесi рецепцияларды ажыратады: 1) ауырсыну, 2) жылулық, 3) суықтық және 4) жанасу және қысым. Шамамен, бұл сезгiштiктердiң әрқайсысында өздерiнiң арнайы рецепторлары және ерекше афференттiк жүйесi болады.

1. Ауырсыну  түйсiгi

Ауырсыну биологиялық  өте маңызды қорғаныс бейiмi болып табылады. Сипаты мен күшi бойынша қиратушы тiтiркендiргiштердiң әсерiнен ауырсыну организм үшiн қауiптi әсерлер жөнiнде белгi бередi.

Адам денесiнде  ауырсынуға сезiмтал емес және ауырсынуға сезiмтал учаскелер болады. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну нүктелерi сәйкес келедi.

Эксперименттiк  зерттеулер көрсеткендей, ауырсыну нүктелерiнiң  таралуы динамикалық, қозғалғыш  сипатта болады. Ауырсыну түйсiктерi белгiлi бiр тiтiркендiргiштен келетiн  импульстардың қарқындылығы, ұзақтығы мен жиiлiгiнiң шамадан тыс артуының нәтижесi болып табылады.

Ауырсыну сезгiштiгiне аз қозғыштық тән. Ауыртатын тiтiркендiргiштен кейiнгi импульстар баяу өткiзiледi. Ауырсыну импульстарына бейiмделу өте баяу жүредi. Ауырсынуды сезiну белгiлi бiр  қанағаттанбағандықпен немесе азап шегумен байланысты. Ауырсынудың орналасқан жерi айқынсыз болады.

2. Температуралық (термиялық) түйсiктер

Температуралық түйсiктер бiзге жылулық пен суықтықтың түйсiгiн бередi. Бұл сезгiштiк дене температурасын рефлекторлық реттеу үшiн  үлкен маңызға ие. Сезiм мүшелерiнiң классикалық физиологиясында жылулық пен суықтыққа сезгiштiктi екi, бiр-бiрiнен тәуелсiз сезгiштiк түрлерi ретiнде қарастырады. Себебi олардың әрқайсысында өз шеткi рецепторлық аппараты болады.

Суықты түйсiнудiң  анатомиялық аппараты болып Краузе шақшалары, ал жылуды түйсiнудiң аппараты – руфиндiк денешiктер табылады. Бiрақ бұл әлi тек ғылыми болжам ғана.

Суықтықтық  нүктелердi адекватты емес тiтiркендiргiшпен, мысалы, ыстық ұшпен тiтiркендiргенде, олар суықтық түйсiнуiн бередi. Бұл – суықтықты парадоксалды түйсiну.

Термиялық түйсiктерде терiнiң әр түрлi температураларға тез  бейiмделгiштiгi маңызды рөл атқарады.

Субъективтi түрде  нөлге тең температура орташа, терi температурасына тең температуралар болып табылады. Едәуiр жоғары температура жылулықты сезiнудi, ал төменгi температура суықтықты сезiнудi бередi.

3.  Жанасу, қысым түйсiктерi

Жанасу мен  қысым түйсiктерi өзара өте тығыз байланысты. Қысым қатты жанасу болып табылады.

Ауырсыну түйсiгiмен  салыстырғанда, жанасу мен қысым түйсiктерiнiң салыстырмалы нақты локализациясы болады. Бұл көру мен бұлшықет сезiмiнiң қатысуымен, олардың негiзiнде жиналған тәжiрибемен байланысты. Қысым рецепторларының өзiне тән ерекшiлiктерiнiң бiрi – олардың бейiмделгiштiгi. Сондықтан бiз қысымның өзiн емес, ал көбiнесе оның өзгеруiн сезiнемiз. Жанасу мен қысымға сезгiштiк терiнiң түрлi учаскелерiнде әр түрлi болады.

4. Есту  түйсiктерi. Адамның есту түйсiктерi сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты.

Есту түйсiктерi есту рецепторына әсер ететiн дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып, сиреуi болып табылатын дыбыстық толқындарды бейнелеу болып табылады.

Дауыс көмекейдегi дыбыс  желбезегiнiң (шымылдығының) тербелiсiнен  туады. Оның тербелiсi ауаның өтуiне және дыбыс желбезегiнiң керiлу күшiне байланысты болады.

Есту адаптациясы - есту сезiмталдығының түрлi дыбыс күшiне бейiмделуi.

Есту жiткiрлiгi - сыбырлап айтылған сөздi құлақтың ұзақтан анық есту қабiлетi.

Дыбыстық  толқындар, бiрiншiден, тербелiстiң түрлi амплитудасымен сипатталады. Екiншiден, тербелiстiң жиiлiгi мен созылу ұзақтығына байланысты болады. Үшiншiден, тербелiс түрiмен сипатталады.

Есту  түйсiктерi жүйелi, сондай-ақ жүйелi емес тербелiстiк процестермен де тудырылуы  мүмкiн. Бiрiншiлерi музыкалық дыбыстарда, ал екiншiлерi шуда бейнеленедi.

Адамның сөйлеуiнде де шулармен қоса музыкалық  дыбыстар да бар.

Кез-келген дыбыстың негiзгi қасиеттерiне жататындар:

  1. оның қаттылығы;
  2. жоғарылығы;
  3. тембрi.

Дыбыстың  есту аппаратына әсерi барысында оның сезгiштiгiн өзгертетiн адаптация процестерi жүредi. Бiрақ есту түйсiктерi аймағында адаптация жоғары болмайды және айрықша жекедара ауытқулармен сипатталады.

Бiздiң  құлақпен барлық дыбыстар қабылдана  бермейдi. Ультрадыбыстар да (өте үлкен  тербелiстi дыбыстар), сондай-ақ инфрадыбыстар да (өте баяу тербелiстi дыбыстар) бiздiң естуiмiзден тыс қалады.

Абсолюттiк есту (толық есту) - индивидтiң полифониялық дыбыстарды, жоғарылығы белгiлi басқа дыбыстармен қатаң салыстырмай, олардың жоғарылығын дауыспен дұрыс қайта жаңғыртып, анықтай алуы.

Абсолюттiк есту – бұл музыкалық естудiң абсолюттi модалдығы, оның сипаттамасы емес, ал дыбыстарды қабылдаудың айрықша түрi.

Абсолюттiк естуi жоқ  адамдар белгiлi бiр дыбыстарды өз дауысының ең жоғарғы және ең төменгi дыбыстық тембрiмен салыстырып, тондарды жақсы қабылдап, дұрыс ажыратып, тани алатын индивидтердiң естуi квазиабсолюттiк есту деп аталады.

Абсолюттiк естуi бар адамдар ешбiр қосалқы акустикалық-жоғарылықтық байланыстарды қолданбай музыкалық тондарды дұрыс қабылдап, тани және нақты тауып ала алады.

Абсолюттiк есту, әдетте, балалық-жасөспiрiмдiк кезеңдерде жақсы  анықталады.

Бинауралды есту - екi құлақпен бiрдей есту. Осылай есту адам дыбыс шыққан жаққа бетiмен тура қарай алады, ал бiр құлағы нашар еститiн болса, дыбыс шыққан жаққа сау құлағын тосып, басын бұрып тыңдайды.

      4. Көру түйсiгi. Көру түйсiгiнiң таным процесiндегi рөлi зор. Олар адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын кең көлемдi мәлiметтердi бередi.

Көру  түйсiгi көзге жарық сәулесiнiң  әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң  көзiмiз жалпы түстердi емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.

Көру  түйсiгiнiң негiзгi рецепторлары – ол  таяқшалар мен шақшалар.

Таяқшалар - көздiң iшкi бетiнiң  әсiресе жиек шетiнде қалың орналасқан фоторецепторлардың бiр түрi. Ол ымырттағы  көрудi қамтамасыз етедi. Адамның көзiнде 110-125 млн. таяқша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, кеш болғанда, ымыртта көз көрмей, ңақшам соқырң (ңтауық соқырң) болып қалады.

Шақшалар - фоторецептордың тағы бiр түрi. Көздiң тор қабығының iшкi бетiнiң орта бөлiгiнде (шұңқырында – фовеада) 1 мм-де 140 000-ға дейiн қалың орналасқан. Ш. өте жарық сәулелердi ғана қабылдайды. Адамның көзiнде 6-7 млн. Шақша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, адам жарыққа қарай алмай, “түс соқыры” (ахромазия) ауруына ұшырайды.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп