Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)

Гештальт психологиясының  өкiлi-К.Левиннiң “мотивацияның динамикасы” теориясы. К.Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүрiс-тұрыста, кейiннен коллективтi жүрiс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өрiс” ұғымын “психологиялық кеңiстiк” ұғымымен сәйкестендiрдi. К.Левин концепциясы бойынша;  адам жүрiс-тұрысының негiзгi қозғаушы күшi өмiрлiк психологиялық кеңiстiктегi адамдардың мотивтерiнiң iшкi шиеленiсi. К.Левин және Э.Толмен көзқарастары негiзiнде жүрiс-тұрыс екi өзгермелiден: а) бiр нәрсенi күту; б) мотивтерге айналатын құндылықтар ретiнде қарастырылады.

К.Левин бойынша, адам өз-өзiне берген тапсырмалар негiзiнде, “квази қажеттiлiктер” соны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, iс-әрекетте шынығатын, шиеленiстер жүйесiн шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгiзсе, онда бұл iс-әрекет тежеледi, шиеленiстiк қайта шынығуға әкелетiн, үзiлiп қалған iс-әрекетке қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.

Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделi теориялардың бiрi- американдық  психологтар Д.Макклелланд, Д. Аткинсон және немiс психологы Хекхаузен ұсынған iс-әрекет түрлерiндегi  “Табысқа жету мотивi”. И.Аткинсон және К.Берчтiң- ңаисторическая и афизиологическаяң мотивациялық теориялары.

ңҮшiншi күшң ретiнде танылған жеке тұлғаны зерттеудiң тағы бiр  бағыты -ңөркендеу теориясың деп аталады. Бұл теорияны  гуманистiк психология өкiлдерi А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетiлуге талпынуын, өз мүмкiндiгiн жүзеге асырылуын белгiледi.

А.Маслоудың мотивацияның ңтұлғалықң теориясы негiзiнде өз-өзiн  актуализациялау концепциясы жасалған. Негiзгi еңбектерi ңМотивация и личностьң (1954, 1957)  А.Маслоу осы уақытқа дейiн адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжiрибе жасау арқылы қол жеткiзуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы  бойынша, әрбiр адамда өмiрге келген сәттен бастап, белгiлi бiр қажеттiлiктер жүйесi  бiрге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлiнiп орналасқан. Қажеттiлiктердiң деңгейi неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмiр сүруi үшiн маңызы күрделiленiп, адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi ретiндегi маңызы артады. Осы төменгi деңгейдегi қажеттiлiктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттiлiктерi бой көрсете бастайды.

  • Физиологиялық қажеттiлiктер; (тамақ, демалу, шөл, жыныстық қатынас)
  • Қауiпсiздiк қажеттiлiктерi;(өзiн, сәтсiздiк, қорқыныш жағдайларынан  қауiпсiз сезiну, өз-өзiн қорғау қажеттiлiгi),
  • Сүйiспеншiлiк және өзiн қабылдау қажеттiлiгi; (өзiнiң белгiлi бiр ортада қабылдануы, танылуы, ұнатуы сезiмдерiне бөлену қажеттiлiгi),
  • Өзiн құрмет тұтуға қажеттiлiк (өзiнiң қажеттiлiгiн сезiну, бiлiктiлiк, табысқа жету, құптау, жетiстiгiн мойындату).
  • Өзiн жүзеге асыруға немесе жетiлдiруге қажеттiлiк; (өз мақсатын, қабiлеттерiн жүзеге асыру, жеке тұлғасын дамыту).

Бұл теория бойынша, ең маңыздысы- өз-өзiн актуализациялауға деген  қажеттiлiк. Қажеттiлiктердiң иерархиялық  жүйесi бастапқы мотивацияның -өзiн-өзi актуализациялауды жүзеге асыруға  бағытталған. Өзiн-өзi актуализациялау  олар арқылы адамның даралылығының қалыптасуы үшiн бастапқы мотивациялық негiз ретiнде анықталады. Өзiн-өзi актуализациялаудағы қажеттiлiк негiзiнде, адамда белгiлi бiр жеке адамдық қасиеттердiң жиынтығын дамытуға мүмкiндiк беретiн мотивацияның ерекше типi қалыптасады. Жүрiс-тұрыс қажеттiлiктер мен қабiлеттерге тәуелдi және iшкi, сыртқы мотивтер арқылы анықталады.

ХХғ. 2-шi жартысында  адам жүрiс-тұрысының мотивациясын түсiндiруде “әлеуметтiк қажеттiлiктер” мен  “гуманистiк” теорияларының маңызы зор болды.  Оның өкiлдерi Д.Аткинсон, Ю.Роттер, Г.Хекхаузен, Г.Маррей Г.Келли, А.Маслоу т.б. мотивация сферасының жан-жақты феномендерiн қарастырғанымен олардың келген тұжырымдары мен жасаған қорытындыларының бәрiне бiрдей ортақ жақтары бар. Олар:

  • Адам және жануар жүрiс-тұрысын бiрдей түсiндiретiн бiртұтас, әмбебап мотивациялық теория жасау мүмкiн еместiгiн мойындау;
  • Адамның мотивациялық қозғаушы күшi тек iшкi шиеленiсу деңгейiмен сипатталмайтындығына сендiру;
  • Адам мотивациясының қозғаушы күшi оның белсендiлiк принципiнiң негiзiнде адам психологиясына байланысты екенiн бекiту;
  • Адам жүрiс-тұрысының сана арқылы реттелiп отыратындығы;                
  • Адам мотивациясына ғана тән ерекшелiктердi (әлеуметтiк қажеттiлiктер, мотив, өмiрлiк мақсат, танымдық фактор) бөлiп шығару;
  • Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшiн жануарлардың жүрiс-тұрысын зерттеуде қолданылатын әдiстердi терiске шығару;
  • Адам мотивациясын зерттеуге арналған әдiстердi iздеу және оны санамен, тiлмен байланыстыра отырып жүргiзу.

Мотивацияның адам жүрiс-тұрысын түсiндiрудегi жаңа психологиялық концепциялары арасында адам бiлiмi мен санасына ерекше маңызды орын беретiн мотивацияның когнитивтi теориялары жоғары орын алады. Iс-әрекетке ынта адамдарда тек эмоцияның әсерiнен ғана емес, сонымен бiрге танымның ықпалымен де пайда болуы мүмкiн.

Осы кезде дүниеге  келген  қазiргi кезге дейiн адам жүрiс-тұрысын түсiндiруде көп қолданылатын теориялардың бiрi-“Мотивацияның когнитивтi “ теориясы. Бұл теория бойынша, негiзгi мәселе адам санасы мен бiлiмiне, оның танымымен байланысты феномендерге тiкелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негiзгi ұғымдары- когнитивтi диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшiн құндылығы, сәтсiздiкке ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейi. Бұлар бiр-бiрiмен өте тығыз байланыста, өзара әрекеттестiкте болатын мотивациялық феномендер. Бұл факторға алғашқылардың бiрi болып көңiл аударған- “Когнитивтi  диссонанс”  теоориясының негiзiн салушы Л.Фестингердiң мотивации теориясы әлеуметтiк психология мен биология негiзiнде қалыптасқан. Негiзгi еңбектерi-ңТеория когнитивного диссонансаң(1958), Оның пiкiрiнше, адам бойындағы жалпы әлем туралы және өзi туралы бiлiмдер жүйесi өзара келiсiмге ұмтылады. Өзара келiспеушiлiк немесе диссбаланс орнаған жағдайда адам оны шеттетуге, бәсеңдетуге ұмтылады.

Бұл теория бойынша, адамда өзi қабылдаған шешiмiне маңызды құндылық беру және осы таңдауының жалғыз дұрыс шешiм екендiгiн ақтайтын психологиялық қорғаныс жүйесi жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қабылданбаған шешiмдi жоққа шығаруға, жарамсыздығын дәлелдеуге қосымша фактiлер iздеп, сол арқылы өз шешiмiнiң дұрыстығына көңiл қояды. Когнитивтi диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек адам өзiн келiспеушiлiктiң негiзгi себепшiсi  ретiнде түсiнiп, өзiн тiкелей жауапты сезiнiп, уайымдағанда пайда болады.

Отандық психология ғылымында А.Н.Леонтьевтiң “Адам мотивациясының iс-әрекеттiк тегi” теориясының маңызы зор. Бұл теория адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегiн түсiндiруге бағытталған.

Психиканың даму анализi, адам санасының  генезистегi қалыптасуға көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейдi, ңадам өзiнiң жеке адам ретiнде қалыптасуының психикалық көрiнiсiн өзiнiң мотивациялық сферасының дамуынан табадың. Мотивация 2 топ мотивтерден құралады, мағына-мотивтер және стимул-мотивтер. 1-шi топ мотивтер iс-әрекеттiң жеке адамдық мағынасын анықтайды. 2-шi топ мотивтерi де iс-әрекеттi себептендiредi, оның орындалуының стимулдары ретiнде көрiнедi.

А.Н.Леонтьев бойынша iс-әрекет схемасы, қажеттiлiк -мақсат, таңдау- қажеттiлiктiң  қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттiлiктi туғызатын iс-әрекет мотивiнiң пайда болуының қажеттi шарты ретiнде анықталады.

А.Н.Леонтьев  теориясы бойынша, адамның  мотивациялық сферасы оның басқа  да психологиялық ерекшелiктерi сияқты өзiнiң практикалық iс-әрекетiнен басталады. Адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi осы iс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттiлiктерiмен сипатталады. Бұл теория бойынша, iс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы  изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестiлiкке негiзделедi. Адамның мотивациялық сферасында болатын динамикалық өзгерiстер өз кезегiнде қоғамның объективтi заңдарына бағынатын iс-әрекет жүйесiнiң даму бағытына байланысты.

Отандық психология ғылымында мотивация  мәселесiмен айналысқан  ғалымдардың  теорияларына жасалынған мотивация механизмiнiң үлгiлерiн талдау бiзге келесiдей қорытындыларды жасауға мүмкiндiк бередi:  

  • Барлық үлгiлер, мотивацияны жеке адам белсендiлiгiнiң қайнар көзi ретiнде, iс-әрекеттiң қандайда бiр механизмi ретiнде анықтайды. 
  • Келтiрiлген үлгiлердi құрылымына байланысты 2 топқа ажыратуға болады, моноқұрылымдық (бiрқұрылымдық) және полиқұрылымдық  (көп құрылымдық).
  • Аталған үлгiлердiң көбiсi 2-деңгейден құралған: 1 деңгей -төменгi органикалық физиологиялық, яғни байланыс индивидтiң өмiрлiк қоғамдық маңызды   себептенiп, саналы түрде жүзеге асады.

 

§ 3. Мотивация және iс-әрекет

Психологияның өзектi мәселелерiнiң  бiрi мотивация және iс-әрекет мәселесiн және мотивтердiң шығу тегiн Х. Хекхаузен ңМотивация және iс-әрекетң жұмысында қарастырған. Мотивация–бұл тұлғалық және iс-әрекеттiк жүйелердiң бiрiгуi негiзiнен пайда болған психологиялық ерекшелiк.

Адам iс-әрекетi мотивациясының ең маңызды мәселелерiнiң бiрi - оның қылықтарын себептi тұрғыдан түсiндiру. Психологияда осындай түсiндiру каузальдi атрибуция деп аталады.

 Каузальдi атрибуция  адамның мiнез-құлқы туралы қабылданған ақпаратты мағыналауға, қылықтарының себебiн анықтауға, адамның оларды алдын-ала болжау қабiлетiн дамытуға бағытталған когнитивтi түрдегi мотивацияланған мiнез-құлық болып табылады. Бiр адам басқа бiреудiң iстеген қылығының себебiн бiлiп жатса, оны түсiндiрмек түгiлi болжай да алады. Бұл деген адамдар арасындағы қатынастары мен әрекеттерi үшiн өте маңызды.

  Бұған қоса каузальдi атрибуция адамның көрiп жүрген  құбылыстарды түсiндiруге деген қажеттiлiгi ретiнде, ондай түсiндiруге қабiлетi ретiнде болып келедi. Каузальдi атрибуция адам қатынастарын реттеумен тiкелей байланысты болып, адамдардың қылықтарын түсiндiру, ақтау және кiнәлау сияқты әрекеттердi бiрiктiредi.

     Каузальдi атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердiң 1958 жылы шыққан ңЖеке адам аралық қатынастар психологиясың деген еңбегiнен бастау алған. Осы кiтаппен бiрге баспада адам туралы ақпаратты көрсету қатарлылығының адамды тұлға ретiнде қабылдауға әсерiн анықтайтын адамдардың бiрiн-бiрi қабылдау жайында маңызды зерттеулер пайда болған. Бiлiмнiң осы саласында Г.Келлидiң жеке адамдық құрылым - адамға әлемдi қабылдауға мүмкiндiк беретiн ұғымдар жүйесi болып табылатын тұрақты когнитивтi-бағалама құрылымдар-теориясы жөнiндегi жұмыстар үлес қосты. Жеке адамдық құрылым деп айтатынымыз бiр адамның басқа бiр адамға немесе айналасында болып жатқан жағдайларға беретiн мiнездемелерiнде жиi кездесетiн қарама-қарсы бағаламалық қос ұғым (мысалы, ңақ - қараң, ңжақсы-жаманң). Бiр адамға сай жеке адамдық құрылымдары арқылы оның әлемге деген өзгеше көзқарасын бейнелеуге болады. Ондай құрылымдар адамның мiнез-құлқын болжау, оны мотивациялық-когнитивтiк тұрғыдан түсiндiру (каузальдi атрибуция) қызметiн атқарады.

 Мотивацияның Отандық теорияларында iс-әрекет пен жеке адам бiрлiгi принципi негiзiнде мотивтердiң келесi қызметтерi бөлiнiп сипатталған:

  1. Мағына құрушы қызметi. Бұл қызметтi ең алғаш барлық iс-әрекеттiң анықтаушы негiзгi функциясы ретiнде Леонтьев А.Н. қарастырған
  2. ңМен-әрекетң арасындағы мағыналық байланыстарды реттеушi қызметi (Рубинштейн С.Л., Шорохова Е.В., Асеев В.Г.).
  3. Мотивация әсерiнiң белсендiлiгiн сипаттайтын қызметi (Божович Л.И, Рубинштейн С.Л., Леонтьев А.Н.).
  4. Селективтi қызметi. Бiр ғана әрекет кем дегенде 2 мотив арқылы себептенiп, мотивтердiң бiреуiнiң әрекетi, екiншiсiнiң жетiстiгiне кедергi жасауы мүмкiндiгi.
  5. Энергетикалық қызметi- интенсивтiлiгiн, орындау үшiн жiберiлген iс-әрекет субъектiсiнiң энергиясының санымен шарттануын сипаттайды. (Гальперин П.Я., Шорохова Е.В., Асеев В.Г.). 
  6. Мақсат құрушы қызметi- қажеттiлiктi мотивациялық сферадағы иерархия, мотивацияның мәндiлiгi мен мазмұны, мақсаттың ерiктi қалыптасуының құрылымын анықтаушы фактор ретiнде шығады.

 

§ 4. Мотивация және жеке адам

Бiз жоғарыда қарастырып өткен мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға етене болатыны соншылық оның тұлғалық бiтiстерiне айналады. Олардың қатарына; табысқа жету немесе сәтсiздiктен қашу мотивi, мазасыздану, локустық қадағалау, өзiндiк бағалау, талаптану деңгейiн жатқызуға болады.

Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретiнде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген қажеттiлiгi (аффилиация мотивi), билiк мотивi, басқаларға жәрдемдесу мотивi (альтруизм) және өшпендiлiк сияқты адамның басқа адамдарға деген қатынасын реттейтiн әлеуметтiк маңызды мотивтерiне кеңiрек тоқтала кетуге болады.

1) Табысқа жету  және сәтсiздiктен қашу мотивi. Табысқа жету мотивi теориясы бойынша адамда iс-әрекет пен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екi түрлi мотив болады. Бұл екi мотивке ие жеке адамдардың жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерi арасында елеулi айырмашылықтар болады.

Табысқа жету мотивiн  ұстанған адамдар өз iс-әрекетi алдына нәтижесi сөзсiз табысқа әкелетiн iс-әрекет түрлерiн, әдiс-тәсiлдерiн таңдап алып, оған жетуге белсендi атсалысады. Мұндай адамдардың когнитивтi сферасында табысты күту,яғни табысқа жету сенiмдiлiгi болады. Олар өз iс-әрекетiн басқалардың қолдауы, құптауын сезiнiп, осыған сай iс-әрекетi жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз iсiне бар күш-жiгерiн жұмсау, қойған мақсатына бар зейiнiн шоғырландыру тән болып келедi.

Керiсiнше, сәтсiздiктен қашу мотивi басым адамдарда, iс-әрекеттегi негiзгi  мақсат табысқа жету емес, сәтсiздiктен қашу болып табылады.  Олардың бар күш жiгерi осы мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенiмсiздiк, сынға ұшырау, сәтсiздiк қорқынышы нәтижесiнде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсiздiкке ұшырау қаупiн үнемi сезiнгендiктен iс-әрекетке деген ықыласы төмендейдi.

Табысқа жету мотивi бар  адамдар әдетте, өз мүмкiншiлiктерi мен iскерлiк, дағдыларына сай iс-әрекет түрлерiн таңдап алады. Талаптану деңгейi мен мүмкiндiктерi арасында толық теңдiк орнаған. Ал, сәтсiздiктен қашу мотивi бар адамдар өз мүмкiндiгiн бағалауда  жоғары өзiндiк бағалау немесе төменгi өзiндiк бағалау нәтижесiнде ең қиын немесе ең оңай iс-әрекет түрiн таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен мүмкiндiк деңгейi арасында сәйкестiк болмайды.

Табысқа бағытталған  адамдар өз алдына  қойған мақсаттарына жету үшiн барлық мүмкiншiлiктердi пайдаланады. Ал басынан сәтсiздiкке бағытталған адам өзiне сенiмсiздiк бiлдiрiп, сыннан қорқады.

2) Аффилиация мотивi. Бұл  мотив адамдардың өзара қарым-қатынас  кезiнде адамдармен жағымды, эмоциялық  тұрғыда жылы қарым-қатынас жасауға  талпыну ретiнде көрiнедi. Бұған  қарама-қарсы адамның басқа адамдар тарапынан шеттетiлуiнен, өзiн қабылдамауынан қорқу мотивi де байқалады. Адамдардың жеке адам аралық қарым-қатынастағы  белсендiлiгi немесе енжарлығы оның бойында аталмыш мотивтердiң басымдылығымен айқындалады.  Аффилиация мотивi көбiне жеке адамның қоршаған орта тарапынан қолдауға ие болуы және өзiне деген сенiмдiлiктi қалыптастырумен қатар өз-өзiн бекiтуге деген талпынысымен байланысты жүзеге асады.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп