Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 05:32, реферат
Соттық психология қылмыс жасаған тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Бұл жерде психологиялық өзгерістердің туу себебін ғана анықтау жеткіліксіз. Қылмыс дегеніміз ерікті, саналы түрде жасалған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық мінез-құлық объективті, субъективті нысандар, жалпы және арнайы, анықталған алғышарттар мен жағдайлар негізінде қалыптастырылады.
Кіріспе
1. Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы.
2. Қылмыстық әрекеттің психологиялық сипаттамасы. Жасалған қылмыстың салдарының психологиясы.
3.Ұйымдасқан қылмыстық топ психологиясы.
4.Тінту және тану психологиясы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Тақырыбы: Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы.
Жоспар
Кіріспе
1. Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы.
2. Қылмыстық әрекеттің психологиялық сипаттамасы. Жасалған қылмыстың салдарының психологиясы.
3.Ұйымдасқан қылмыстық топ психологиясы.
4.Тінту және тану психологиясы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қылмыстылықпен күрес жүргізу үшін қылмыс жасаған тұлғаның психологиялық негіздерін қарастыру керек. Ең бірінші қылмыс жасауға мүмкіндік берген, қылмыстылық мінез-құлықты қалыптастырған себептерге анализ жасаған жөн. Соттық психология қылмыс жасаған тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Бұл жерде психологиялық өзгерістердің туу себебін ғана анықтау жеткіліксіз. Қылмыс дегеніміз ерікті, саналы түрде жасалған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық мінез-құлық объективті, субъективті нысандар, жалпы және арнайы, анықталған алғышарттар мен жағдайлар негізінде қалыптастырылады.
Адамның саналы әрекеті ретінде қылмыс экономикалық, әлеуметтік, психологиялық себептер негізінде туындаған құбылыс. Адам өмір сүретін микроортада, өмір сүру деңгейі, әлеуметтік тәжірибе, өмірлік құбылыстарды дұрыс түсіну және т.б.мінез құлық ерекшліктері пайда болады.
Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы.
Қылмыс жасау себептерін екі себептік байланысқа жіктеуге болады:
Біріншісі, қылмыс нәтижесінің туындауына қолайлы жағдайлардың болуы;
Екіншісі, қылмыс нәтижесінің болу мүмкіндігін болжау.
Екінші түрі жалпы және арнайы, мерзімдік, әлеуметтік факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыс жасау үшін тұлға жағдайды болжаумен айналысады. Яғни, қылмыс жасау саналы әрекет болғандықтан тұлға әлеуметтік ғана емес, сонымен қатар ішкі де факторларды да саралап, бағалаудан өткізеді.
Еникеев М.И., Антонян Ю.М. өз еңбектерінде қылмыстық әрекетті түсінуге мүмкіндік беретін келесі аспектілерді қарастырады:
1) Тұлғаның әлеуметтік нормаларды түсінуінің қиындығы. Нормаларды өз деңгейінде қабылдамау. Көп адамдар жасаған «қылмыстық әрекетті» түсінеді ал «жазаны» түсінбейді.
2) Отбасылық негізгі функциялардың дұрыс орындалмауы. Отбасы, еңбек, ұжым, шағын топтардың болмауы.
3) Ортаға деген негативті көзқарас. Қорғану механизмі ретінде агрессия таңдап алынады. Қоғамдық ортаны субъективті түрде күрделі үрдіс ретінде қарастырады.
4) Өзін түсінетін, қолдайтын басқа адамдарды іздестіру. Қоғамға қарсы ойларды біріктіру.
5) Өзіндік құндылықтардың болмауы.
6) Эмпатия – басқа адамдардың эмоционалдық жағдайын түсінбеу.
Тұлғаның құқық бұзушы ретінде қалыптасуының жағдайлары:
1) өзіндік мінез-құлыққа есеп береуі.
2) әлеуметтік сипаттағы
проблемаларға күрделі
3) қоғамға пайдалы іс жасауға жағымсыз көзқарас,
4) өзін - өзі тәрбиелеу процесінің тоқтауы.
Қылмыстық әрекетке психологиялық анализ – бұл қылмыстық әрекеттің құрылымдық элементтерінің мазмұнына психологиялық анализ жасау. Қылмыстық әрекет – бұл ниетті, мақсатқа бағытталған, ерікті түрде жүзеге асырылатын құқыққа қарсы акт.
Қылмыстық әрекеттің құрылымдық элементтері:
1)ниет, мақсат, бағыттылық, кінәлілік нысаны. (психологиялық компоненттер).
2) әрекет ету пәні, тәсілі, әркетті жүзеге асыру жағдайлары. (физикалық- заттық компоненттер)
3) нәтижеге жету.
Мақсат қылмыстық әрекеттің құрамдас бөлігі ретінде анықталған функцияны орындайды. Бірінші функция бұл бұл тұлғаның объектіні, затты, адамды сезінуі, қабылдауы. Екінші функция әрекет арқылы нәтижеге қол жеткізу. Адам өзінің қажеттілігін, мүдделілігін, қызығушылығын сезіне отырып, мақсатты қалыптастырады. Әрбір мақсат өзіндік ниетке ие болады. Психология ғылымында ниет дегеніміз – тұлғның нақты әрекеті мен мінез-құлқына байланысты белсенділігінің қайнар көзі немесе ниет бұл мақсатқа жету барысында қалыптасқан саналы іс-әрекет. Қылмыстық әрекет нәтижесінде ниет:
1)әрекет етуші ниет болып қалаады (өзгермеген түрінде);
2)басқа, қосымша ниеттермен толықтырылады.
Ниет, мақсат және қылмыстық
әрекет арасындатікелей және қайталама
байланыс болады. Тікелей байланыс
бұл ниет пен мақсат негізінде
қылмыстық мінез-құлық
Түрткінің өзгеруі іс - әрекеттің бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді. Тұлғаны қандай да болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолындасыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.
Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады.
Түрткілер, ниет және мақсат
қылмыстық әрекетте «қылмыстық ниет»
деген ұғыммен түсіндіріледі. Психологиялық
құрылымы жағынан қылмыстық ниет
динамикалық құбылыс болып
Қылмысты жасау тәсілі – бұл әрекет етуші тұлғаның психикалық ерекшеліктерімен бағаланған, осы әрекеттің мақсаты ман ниетіне сәйкес келетін әрекет ету тәсілдер жүйесі. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс жасау тәсілі – қылмыс құрамының құрамдас бөлігі болып табылады. әрекет ету тәсілі арқылы адамның психофизиологиялық (білімі, қабілеті және т.б.) негіздерді анықтауға болады.
Қылмыс жасау барысында адамның алдына қойған мақсаттарының орындалуына байланысты жасалған қылмыстық әрекеттің салдарын ажыратуға болады. Қылмыс салдары немес қылмыс нәтижесі тікелей болуы мүмкін Тікелей нәтиже бұл тұлғаның субъективті мақсатына сәйкес келеді, яғни мақсаттың тікелей орындалуы.
Әртүрлі объективті факторларға байланысты тікелей нәтиже көлемі жағынан мақсатқа сәйкес келе бермейді. Мұндай жағдайларда мақсат толық орынджалмайды. әрекет нәтижесі мен мақөсат арасындағы қатынас мақсаттың «асыра орындалуына» әкеледі. Мұндайда нәтиже мақсаттың мазмұнынан көлемірек болады.
Адам өзінің мінез-құқына қандай жағдайболмасын есеп береді. Адамның әрбір әрекетіниеттілік негізге ие. Психологиялық ниет – бұл адам әрекетінің активтілігімен суреттеледі. Психолог А.Н.Леонтьевтің пікірінше ниетке-адамның өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттерге негіз болған, ой, көрініс түрткілерді атайды.
Қажет - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Адамның қажеттерінің өтелмеуі көп қиыншылық тудырады. Олай болса, адамдардыңқажеттері-іс - әрекетінің негізгі мотивтері, оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады.
Әрбір қылмыстық әрекет өзіндік динамикаға ие.яғни, өзінің басталу және аяқталу формасы бар. Жедел іздестіру және тергеу практикасына сәйкес қылмыстық әрекет екі этапқа бөлінеді:
1. Дайындық кезеңі. (мотивациялық кезең).
2. Ниетті тәжірибе жөнінде жүзеге асырукезеңі.
Нақты әрекетке көшпес бұрын
субъект сол әрекеттің модельін
Қылмыстық әрекет ниеттену сатысында мақсат пен болатын жағдайдың нәтижелері аоасында сәйкес келмушілік болады. Ниеттену үрдісі тұлғаның нақты шешім қабылдауымен аяқталады. Қылмыс жасау туралы шешімге келу әртүрлі психологиялық жағдайда болуы мүмкін:
1)Стрессіз – қарапайым жағдай. Белгілі бір уақыт аралығында, асықпай шешімге келу.
2) Күрделі психологиялық жағдай. Шешім қабылдауға уақыт жетпеу, конфликтілік жағдай.
Шешім қабылдағаннан кейін ең басты этап – қаклыптастырылған ниет негізінде мақсатқа қол жеткізуге әрекет жасау. Ниеттену сатысында қылмыстық мінез-құлықтың жобасы жасалады.
Ниет пен мақсаттың қылмыстық әрекет жасау дайындық сатысындағы функцияларын ажырата білу керек. Дайындық сатысында ниет пен мақсат адамның еркін білдіреді. Ал қылмысты орындау барысында олар қалыптасқан адамның еркін құрайды.
Қылмыскер тұлға. Бұл ұғым көп мағыналы. Себебі оны тек психологтар ғана емас, сонымен қатар қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминология мен криминалистика сұрақтарымен айналысатын заңгерлер де қарастырады. Заңдық психологияда аталған ұғым басты сұрақтардың қатарына жатады. Қылмыс жасаған тұлғаның тұлғалық ерекшеліктеріне анализ жасау келесі сұрақтарға жауап беру үшін қажет: неліктен тұлға қылмыс жасады?,қылмыскер өзінің әрекеті үшін қандай жауапкершілік тартуы керек? және т.б. Кінәлі тұлғаның индивидуалдықерекшеліктері қылмыс құрамын анықтаған, қылмыстық қылмыстық жауапкершілік пенжазаны тғайындағанда есепке алады. Айыпталушы тұлға туралы мәлімет тергеу әрекеттерінің жүйесін анықтағанда, тергеу тұспалдарын (версия) тексергенде, тергеудің бағытын қалыптастыруда жоғары дәрежедегі маңызға ие. Қылмыстың жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларын қалыптастырмас бұрын біз қылмыскер тұлғаның жеке басын анықтап алуымыз керек.
Қылмыстық құқық ғылымы бойынша қылмыстық субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыскер тұлғаның ұғымы көптеген әлеуметтік-демографиялық, әлеуметті-функционалдық кешенді қамтиды. Бұл кешендік белгілер қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік сипатын және оны жасаудың себебін айқындауға мүмкіндік береді.
Қылмыс жасаған тұлғаның психологиясын заңдық психологияда оқу келесі мақсаттарды көздейді:
1. Қылмыстық құқықтық және қылмыстық процессуалдық сипаттағы шешім шығаруға көмектеседі.
2.Әртүрлі тергеу әрекеттерін
жүргізу кезеңдерінде сезікті
немес айыпталушыға ықпал ету
үшінқолданылатын тактикалық
3. Кейбір дәлелдеуге жататын мән-жайларды қалыптастыруда, оның ішінде айыпкер тұлғаның жасаған қылмысының ниетін анықтау.
4. Жасаған қылмыстың себебін анықтағанда
5. Қылмыс жасаған тұлғаға тәрбиелік шара қолдану немесе қайта тәрбиелеу.
Қылмыскер тұлға ұғымы ғылыми-практикалық мақсатта өзіндік құрамдас бөліктерге бөлінеді. Қазіргі кезде ғылыми әдебиеттерде қылмыскер тұлғаны зерттеу мақсатында келесі екі үлкен топқа бөледі.
1. Әлеуметті-демографиялық.
2.Әлеуметтік – психологиялық.
Қылмыскер тұлғаның әлеуметті демографиялық жүйесі. Бұл жүйе: сотталушының жынысын, жасын, отбасы жағдайын, білімін, мамандығын, әлеуметтік – материалдық жағдайын, соттылығын анықтауды қамтиды. Бірақ бұл белгілер (соттылықтан басқасы) адамның қылмыс жасауға деген бейімділігін көрсетпейді. Көптеген криминология оқулықтарынының авторларының пікірі бойынша қылмыскер арасында әйел адамдардаг гөрі, ер адамдар басым. Оның ішінде криминогендік белсенділікпен 25-37 жастағылар ерекшеленеді. Бұзақылық, қарақшылық, ұрлық сияқты қылмыстарды жасайтындар жұмыс орнын жиі ауыстыратындар немесе еңбек әрекетімен яғни, қоғамға пайдалы еңбек әрекетімен айналыспайтын тұлғалар. Жастар арасындағы криминогендік белсенділік олардың әлеуметтендіру үрдісінің аяқталмағанымен, төменгі дәрежелі мәдениетімен, өмірлік жоспар, мақсаттарының болмауымен анықталады. Білім деңгейінің төмен болуы – адамның интеллектісінің төмендігін, ал әлеуметтік бейімделуінің қиындығы – олардың эмоционалдық тұрақсыздығымен, импульсивтілігінің, агрессивтілігінің жоғарылығымен байланысты болады.
Әлеуметтік демографиялық