Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 21:20, реферат
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәләлі – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжыры-мдамасының жобасы» жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ-стан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріп отыр.
Психологиядағы
педагогикалық қабілет
мәселесі
Бүкіл
әлемдік білім беру кеңістігіне
ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып
отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған
мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу
қажеттілігі туындап отыр. Осыған
мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты
тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның
бір дәләлі – Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжыры-мдамасының жобасы» жариялануы
болса, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақ-стан экономикалық, әлеуметтік
және саяси жаңару жолында» атты Қазақстан
халқына Жолдауында да білім беруге үлкен
мән беріп отыр.
Мемлекетіміздің
тек саясат пен экономика емес,
білім беру жүйесіне де үнемі назар
аударуы еліміздің болашағы жайындағы
кемел ойлардан туындап отырғаны
түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай
мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда
болмасын шешуші фактор –адам және жеке
тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы
қалыптасқан рухани құндылықтарымызды,
байлығымызды тү-гендеу, игеру, жас ұрпақ
бойына игі қасиеттерді сіңіру – бүгінгі
ұстаздардың басты борышы.
Ғылым
мен техника аршындап алға басқан,
қарыштап қадам басқан 21 ғасыр да
бастылып кетті. Бүкіл әлемді шарпып
келе жатқан жаһандану үрдісі, ғылым
мен білімді игерудегі
Ұстаз.
Ұстаздық – киелі әрі өте көне
мамандық. Адамзатты ежелден ойлан-дырып,
толғандырып келе жатқан, қоғам-дық
құрылыс өзгеріп жатса да қажеттігін
жоймайтын маңызды мәселе – жас
ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл
қиын мәселе өйткені әр адам –қайталанбас
жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше
бір әлем. Уақыт озған сайын, қоғамдағы
саяси - әлеуметтік қарым –қатынас дамыған
сайын, бүкіл дүние жүзінде мемлекетаралық
интеграция күшейген сайын ұстаздың қызметі
қиындай түсетіні анық.
Бүгінгі
ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп
қана қоймай, оны дүниежүзілік білім,
ақпарат, экономика кеңістігіне
шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында
өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз
ұстаздың қолынан келеді. Бала бойына
білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін
егетін басты тұлға –Ұстаз. Яғни жас ұрпақты
оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне
мұғалімге байланысты. Осыған байланысты
қазіргі кездегі педагогтардың педагогикалық
қабілет мәселесін зерттеу көкейтесті
болып табылады.
Педагогтың
міндеті – рухы мықты, жан дүниесі
бай, жан – жақты жетілген жеке тұлғаны
қалыптастыру. Жас ұрпақтың дарыны мен
талантын ашу, шығар-машылық ойлау қабілетін
жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін
нығайту, бір сөзбен айтқанда өмірде өз
жолын өзі таңдауына түрткі болу – ұстаздар
қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы.
Ғасырдың
басында – ақ П.Ф. Каптерев: «оқыту
ахуалында мұғалім бірінші
«Обьективті
сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің
өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде,
берілген мамандық бойынша, туыстас пәндер,
кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде
жатыр; содан кейін – пән әдіснамасымен,
жалпы дидактикалық принциптермен таныстықта
және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне
тура келетін балалар жаратылысының қасиеттерін
білуде жатыр; субьективті сипаттың екінші
қасиеті – оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық
талант пен шығармашылықта жатыр. Екіншісі,
педагогикалық әдепті, педагогикалық
өз бетіншілікті және педагогикалық өнерді
қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста,
даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз
тұлға болу керек. П.Ф. Каптеревтің: шығармашыл
оқушы мен мұғалімді «өздігінен білім
алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады»,
біріктіреді және де олар іс жүзінде, бір
алаңның, бір баспалдақтың екі қарама
–қарсы жағы болып табылады» деген пікірі,
мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі
нағыз оқудағы еңбектестігінің психо-логиялық
табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін
негізгі болып табылады.
«Ақыл
– ойлық» қасиеттерге жатқызылған
«арнайы» мұғалімдік қасиеттермен қатар,
П.Ф. Каптерев мұға-лімнің қажетті тұлғалық
«адамгершілік – еріктік қасиеттерін»
де көрсетіп, оларға бейтараптылықты,
ілтипаттылықты, сезгіштік, адал ниеттілік,
төзімділікті, шыдамдылықты, әділеттілікті,
балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті
жатқызады. Бұл жерде «балалар мен жастық
шаққа деген сүйіспеншілікті мұғалімдік
маман-дыққа деген сүйіспеншілікті ажырата
білу керек: балаларды өте жақсы көріп,
жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік
іс -әрекетке қарсы болмай, тіпті оны басқалардан
артық көріп, бірақ, балаларға, жастық
шаққа мүлдем көңіл соқпауы мүмкін». Сірә,
тек шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа
деген шынайы сүйіспеншіліктің бірігуі
ғана мұғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз
ететін болар.
Балаларды
тәрбиелеу және оқытудың жетістіктері
көптеген факторлармен анықталады. Аталған
факторлардың қатарына- оқыту және тәрбиелеу
әдістемесі, балалардың жас ерекшеліктері,
олардың даму деңгейлері жатады. Бала
дамуының маңызды факторы - өз қолына мұғалім
және тәрбиеші рөлін алатын педагог болып
табылады. Маман педагог - өз уақытының
көп бөлігін баланы оқытуға және тәрбиелеуге
жұмсайды. Егер педагогтар баланы оқытумен
және тәрбиелеумен айналыспаса онда бірнеше
ұрпақтан соң қоғам өзінің дамуын тоқтатар
еді. Қазіргі қоғамда педагог ерекше назарды
талар ететін фигура болып табылады. Егер
педагогтың орныны жеткіліксіз кәсіби
даярлығы бар адам басса онда ең алдымен
балалар яғни оқушылар зардап шегеді.
Қазіргі
кездегі зерттеушілердің
Н.В.
Кузьмина бойынша субьектілік факторлар
құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер
деңгейі мен құзырлылықты қамтиды,
оларға арнайы –педагогикалық, әдістемелік,
әлеуметтік–психологиялық, дифференциалды
– психологиялық, аутопсихологиялық құзырлылық
жатады.
Осы факторлық құрылымның үш
негізгі құрастырушысы айқын:
тұлғалық, даралық және кәсіби
–педагогикалық. Құрылымның соңғы компоненті
кәсіби білімдер мен іскерліктерді қамтиды.
Бұл кәсіби құзырлылық оның қалыптасуына
және өзіндік даму деңгейіне қосқан үлесі
жетекші болып табылатын пәндік негіздері
бойынша анықталады. Мұнда автор ұсынған
құзырлылық құбылысының өзінің жіктелінуі
және оның аутопсихологиялық құзырлылық
сияқты маңызды деңгейін бөлу мәнді болып
табылады. Ол әлеуметтік интеллекті «ойлау
процестерінің өзге-шелігін, тиімді елеу
мен әлеуметтік тәжірибе жинауға негізделген,
өзін, және басқа адамдарды, олардың өзара
қатынастарын түсінуге және тұлға аралық
оқиғаларды болжауға тұрақты қабілеттілік
ретінде» түсінуге негізделген.
Педагогикалық
іс - әрекеттің күрделілігін – қабілет
құрылымының күрделілігі
Л.М.
Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс
- әрекет – қарым – қатынас
–тұлға» схемасының контексіндегі
мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби
маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық
қабілеттердің екі тобын анықтайды.
Өзіне
назар аудартатын жағдай, біріншіден,
қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет
тиімділігін анықтаушы субьектілік факторлар
ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық
басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.
Жалпы
субьектілік қасиеттердің сапалық
құрылымы жайлы көрсетулер келесі төрт
топты бөлуге негіз береді:1) субьектінің
психологиялық қасиеттері, нышандар ретінде
болатын, оның субьекттік рөлін іске асыру
алғы шарты ретінде; 2) қабілеттер; 3) бағыттылықты
қамтитын тұлғалық қасиеттер; 4) кәсіби-педагогикалық
және пәндік білімдер мен іскерліктер
тар мағынадағы кәсіби құзырлылық ретінде.
Субьектілік қасиеттердің осы топтарын
біз ары қарай педагогикалық іс -әрекет
субьектісі құрылымының компоненті ретінде
қарастырамыз.
С.Л.
Рубинштейн көрсеткендей «адам қабілеттерінің
даму процесі адамның даму процесі болып
табылады. Адамның белгілі бір білімдер
мен әрекеттер тәсілдерін игеруі өзінің
алғышарты, өзінің ішкі шарты ретінде
ақыл –ой дамуының белгілі деңгейі –
ақыл –ой қабілеттерінің дамуына ие болады».
Бұл ахуал оқу іс -әрекетін түсіндіру үшін
аса маңыды. Б.М. Теплов берген неғұрлым
кең түрдегі анықтамада қабілеттердің
тұлғаның даралық қасиеттері ретіндегі
негізгі сипаттамалары келтірілген. Қабілеттер
Б.М. Теплов бойынша дағдылар мен іскерліктерге
теңестірілмейді және де белгілі бір іс
-әрекетті орындаудың табыстылығына қатысты
бір адамды екіншісінен ажыратады.
Егер
С.Л. Рубинштейн бойынша ақыл –ой
қабілеттерінің дамуы білімдерді игерудің
алғышарты болса, онда Б.М. Теплов бойынша
қабілеттердің өзінің даму алғы шарты
ретінде нышандар болады, яғни туа берілген
анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
ретінде. Қабілеттер іс -әрекетте жаратылады
және де іс -әрекеттің оның құралдары мен
тәсілдерін игерудің жылдамдығы, тереңдігі,
беріктігі сияқты динамикалық сипаттамаларында
көрінеді. Іс -әрекеттің әр түрлеріне қатысты
жалпы интеллектуалдық және арнайы қабілеттер
жіктеледі. «Қабілетердің кең алынған
анықтамасы оның индивид қасиеттері екендігінде,
оның ансамблі белгілі бір іс -әрекетті
орындаудың табыстылығын шарттайды. Мұнда
іс -әрекеттің өзінде онтогенетикалық
дамитын және осыған орай сыртқы жағдайларға
байланысты қасиеттер назарға алынып
тұр».
Отандық
зерттеушілер С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов
қарастырған ахуалдардың
бетінше
және шығармашылық қалыбы, тапқырлық
немесе шапшаң және дәл бағдарлану,
мұғалімнің өзінің жұмысын және де
жақсы оқушылар ұжымын жасауды қамтамасыз
ету үшін қажетті ұйымдастырушылық
қабілеттер.
Осы
бес негізгі қабілеттер мазмұнын дамыта
және жете қарастыра отырып Ф.Н. Гоноболин
он екі қабілетті атайды, оларды біріктіре
отырып келесі топтарды алуға болады.
Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті
қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен
байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп
өзіндік бір дидактикалық қабілеттер
тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым
қысқа және қызықты формада беру деген
жалпы қабілетпен байланыстырылады. Педагогтың
оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық,
жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты
бақы-лымпаздық – бұл адамның рефлексивті
–гностикалық қабілеттерімен байланысты
қабілеттердің екінші тобы. Оқушыларға
педагогикалық еріктік әсер ету, педа-гогикалық
талап қоюшылық, педаго-гикалық әдеп, оқушылар
ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл
қазір атап жүргендей интерактивті- коммуникативті
қабілеттер. Қабілеттердің аса маңызды
төртінші тобы – педагог тілінің мазмұндылығын,
ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігін
сипаттайтын қабілеттерді қамтиды.
Информация о работе Психологиядағы педагогикалық қабілет мәселесі