Даму психологиясының пәні мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:03, контрольная работа

Краткое описание

Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады.

Файлы: 1 файл

1,2.docx

— 23.99 Кб (Скачать)

Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің  дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдайды.

Ж. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу  еді. Осы құрылымды қарапайым  эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни, интеллектілік  күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден  құралатынын дәлелдемекші болды. Ж. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын интеллектінің  өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар  арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына  орын қалдырмады.

Ж. Пиаженің теориялық тұжырымдары  жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның  адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған  сайын оның санасының жан-жақты  дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін  тіпті көре алмады.

Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы кемшілік: интеллект  даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік – қоғамдық фактордың  жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа  шығарылды.

3-тақырып. Даму психологиясының  негізгі зерттеу әдістері

1. Даму психологиясының әдістерін  топтастыру.

2. Бақылау әдісі, оның түрлері,  ерекшеліктері.

3. Эксперимент әдісі және оның  түрлері.

Даму психологиясының әдістерін  топтастыру. Ғылым – ең алдымен ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмейді, әдістер аймағын тануды да қамтиды. Осыдан зерттеу әдістері ғылымның өзімен  бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.

Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық  талаптарға сай болады. Даму психологиясында  адамның психикалық қызметтің зерттеулерінің алуан түрлі әдістері бар. Оларды былай топтастыруымызға болады:

- бақылау әдісі;

- эксперимент әдісі;

- әңгімелесу әдісі;

- қызмет нәтижелерін зерттеу  әдісі;

- анкета әдісі; 

- тест әдісі; 

- модельдеу әдісі;

- егіздерді зерттеу әдісі;

- социометрия. 

Бақылау әдісі. Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.

Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың  көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:

Лабораториялық эксперимент –  арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі. Табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында  өтеді. Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский болған.

Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда  мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін  сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің  бүкіл барысында жайма-шумақ ықыласты сақтау керек.

Қызмет нәтижелерін зерттеу  әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары, жұмысқа деген қабілеті, білім  деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін анықтайды. Балалардың жазған шығармаларын, суреттерін, күнделіктерін, еңбек сабағында  істелген заттары арқылы, зерттеу  арқылы болады.

Анкета әдісі. Зерттелушілерге  бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады. Жазба жауаптарға анализ жасалынады, содан соң статистикалық өңдеуден өткізіледі, одан кейін белгілі бір  қорытынды жасалынады.

Тест әдісі. Ағылшын тілінен  енген сөз («сынақ») деген мағына білдіреді. Арнайы дайындалған, стандартталған сұрақтар тізбегін  тест деп атаймыз.

Интроспекция әдісі. Адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, зерттеу жүргізуі.

Егіздерді зерттеу әдісі. Егіздер 2 түрлі болады:

– бір жасушадан жаралған;

– екі жасушадан жаралған.

Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері. Бақылау әдісі – таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.

Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның  іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды  жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі  бақылаушы өзі күткен көрінісін  тосуға тиіс.

Эксперимент әдісі және оның түрлері. Даму психологиясында эксперименттің рөлі өте зор. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың  көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:

1) лабораториялық эксперимент –  арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі;

2) табиғи эксперимент – табиғи  жағдайда адамның іс-әрекетінің  барысында өтеді. 

Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский  болған.

Әсіресе, баланы зерттеуде табиғи эксперимент жетекші рөл атқарады. Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген  табиғи эксперимент оқушылардың  танымдық әрекеттерін жеке адамның  қалыптасу ерекшеліктері мен  жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәрбиешінің табиғи жағдайға жақын  әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге  мүмкіндік береді.


Информация о работе Даму психологиясының пәні мен міндеттері