Мустафа Кемал Ататүрік

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 22:01, реферат

Краткое описание


Мустафа Кемал Ататүрік – Түркия республикасының алғашқы президенті. Түркия республикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, оның қабырғасын қалануына негіз болған тұлға. 1908 жылы Жас түріктер қозғалысынан бастап көзге түсе бастап, 1911 ж Стамбулдағы әскери күштер Генштабында қызмет етіп жүргенде, Триполидағы 1911 ж италяндықтарға қарсы күреске қатысып, 1911 жылдың 22 желтоқсандағы Тобрук жерінде оларды жеңіп, 6 наурызда Дернедегі осман әскерінің командирі лауазымына ие болады. 1915 жылы ол 19-девизияны құру үшін Текирдаг жіберілді.

Файлы: 1 файл

муста.docx

— 16.27 Кб (Скачать)

ҚР Білім  және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

 

 

 

ЭССЕ

Тақырыбы:   Мустафа Кемал  

                         Ататүрік        

                

 

 

 

 

 

Дайындаған: Құрманғазиева Ф.

 Тексерген: Тұрынтаева А.

 

Мустафа Кемал Ататүрік – Түркия республикасының алғашқы президенті. Түркия республикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, оның қабырғасын қалануына негіз болған тұлға. 1908 жылы Жас түріктер қозғалысынан бастап көзге түсе бастап, 1911 ж Стамбулдағы әскери күштер Генштабында қызмет етіп жүргенде, Триполидағы 1911 ж италяндықтарға қарсы күреске қатысып, 1911 жылдың 22 желтоқсандағы Тобрук жерінде оларды жеңіп, 6 наурызда Дернедегі осман әскерінің командирі лауазымына ие болады. 1915 жылы ол 19-девизияны құру үшін Текирдаг жіберілді.

 I дүние жүзілік соғыс кезінде Мустафа Кемалдың басқаруындағы түрік әскері мен герман әскері арқасында Чанаккал шайқасында Дарданелла операциясының бұлар үшін жеңіспен аяқталуы, үлкен маңызы бар оқиғаға айналды.

1920 жылы 16 наурызда Мустафа  Кемал өзінің жеке парламенті - Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысын құрды. Осыдан кейін 6 қағиданы ұстанатын ( халықтық, республиканизм, ұлтшылдық, кеңестілік, экономикадағы мемлекеттік бақылау, реформизм) кемализм идеологиясы қалыптасты.

I дүние жүзілік соғыс кезіндегі кемалистердің негізгі мақсаты солт-шығыста армяндар, батыста гректермен соғыс болып, сонымен қатар олар Антантадан түрік жерлері мен капитуляция режимін оккупациялауды көздеді.

Армян, гректерге қарсы күресте кемалистреге әскери және қаржылай көмекті РКФСР көрсетті.

Грек – түрік соғысы кезіндегі Сакарье шайқасындағы жеңіс Мустафа Кемалға маршал атағын берді. Ал 1922 жығы 18 тамыздағы  Кемал бастаған әскер гректер  әскерінің соғыс қимылдарын түгелдей тоқтатып,  30 тамызда Афьон-Карахисарды, 5 қыркүйек – Бурсаны алды.

9 қыркүйекте Кемал бастаған  түрік әскері Измирьге  баса  көктеп кіріп, қаланы өртеді.

Жалпы Греция 1922ж  11 қыркүйектегі Антанта мен кемалистер арасындағы татуластық келісімі бойынша Шығыс  Фракияны ондағы гректерді жер аудартып, оны қалдыруға мәжбүр болды.

1923 ж 24 шілдеде қазіргі  Түркияның батыс шекарасын анықтайтын  Лозан бейбіт келісіміне қол  қойылды.

1923 ж 29 қарашада Мустафа  Кемал президенті сайланған Түркия  республикасы жарияланып, 1924 ж 20 сәуірде екінші конституция қабылданып, реформалар жүргізілді.

Кемалдің келуімен Ұлттық партияның құрылуы (1923 ж 29 қазанда), әйелдер мен еркектер құқығын теңестіру (1926-1934 ж), бас киімдер жайында реформа (1925 ж 25 қараша), шариғатқа негізделген мәжілістің жойылуы жөнінде заңдар (1924-1937 ж), Азаматтық кодекстің қабылдануы (1926ж), сонымен қатар барлық оқу орындары министрліктерге беріліп, оқудың бірыңғай кеңестік ұлттық жүйесінің құрылуы, жаңа түрік алфавитінің шығарылуы, 1933-1937 ж барлық территориялық жолдардың салынуы жөніндегі жоспарлардың қабылдануы, өндірістік саладағы заңдар, ашар жүйесінің жойылуы сияқты өзгерістер орнады.

Мустафа Кемал қазіргі  кездің өзінде бүкіл түрік халқының атасы ретінде ел тарихында ең маңызды рөлді алады.


Информация о работе Мустафа Кемал Ататүрік