Тұлғаның кәсіби қалыптасуындағы негізгі ұғымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2013 в 04:26, реферат

Краткое описание

Жасөспірімдік жаста психиканың дамуы дегеніміздің өзі индивидуалды психиканың ұлттық форманың осы дәуірдегі обьективті және нормативті рухқа дейін көтерілуі (Э.Шпрангер), осының арқасында индивид тарихи күнге бұрынға қарағанда жақындай түседі (Э.Эриксон) және өзін белгілі бір кезеңнің өкілі ретінде таныстыруға мүмкіндік алады (А.В. Толстых).
Осы тұрғыдан, бұл рефератта тұлғаның кәсіби қалыптасуының бастауы болып табылатын жасөспірімдік жас кезеңіне психологиялық талдау жасауға тарыстым. Ол үшін, отандық және сонымен қатар шетел психологтарының осы жас кезеңіне арналған теорияларын салыстыра қарастырдым. Психологиялық теорияларды қолдана отырып, жасөспірімдік кезеңнің психологиялық дамуына сипаттама жасауға тарыстым.

Оглавление

Кіріспе ....................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Тұлғаның кәсіби қалыптасуындағы негізгі ұғымдар........................5
1.1 Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні..................7
1.2 Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі...........................................................9
2. Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні...............10
2.1 Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі................11
3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.........12
Қорытынды .........................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................21

Файлы: 1 файл

Тулганын касиби калыптасуы.docx

— 54.45 Кб (Скачать)

Жеткіншектердің қалыптасуында  жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен  рөл атқарады. Мораль мәселелерін  талдау және адамгершілік тақырытындағы  пікір сайыстардың әсерінен өмірдің  мәні, өз болашағы, мамандығы туралы, өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім  бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі. Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әр баламен ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес. Жеткін-шектермен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету.

Осы жаста адамның мінез-құлқы  және басқа да жеке басының негіздері  қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен  жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер  айқын көріне бастайды. Соңғы кездері  жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік  жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық  пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.

Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім  деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын  айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл  атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты  жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі  жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы - барлық жеткіншектердің  нағыз табиғи ортасы, ең маңызды  қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы  отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу  жүйесіндегі сәтсіздік - ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы  және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден  пайда болады. Осы аталып көрсетілген  ауытқу девиантты мінез-құлық деп  аталады.

Девиантты мінез-құлықтың бір  түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл  тигізу) жатады.

Жеткіншектің мінез-құлығындағы  агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің  жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу  нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп кетуі  мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы  агрессивтілік ішімдікпен, нашақорлықпен  тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған  оқиғаларын) атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар "қиын" балалар қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы  оң нәтиже бермей-ді, керісінше қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне  әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері көзқарасын жасырмағанда, олармен кикілжіңге келеді. Девиантты  мінез-құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилакти-калық іс-шаралар  – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық  түзету іс-шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру.

Жасөспірім шақ (15-17 жас)

Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ  бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың  өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен  бағытын белгілейді.

Жасөспірімдік шақтың аса  маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты  талап етеді.

Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі  жетіле береді. Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының  аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің  күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік  шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты  ашуға құштарлық тән [15].

Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға  мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау  мен педагогикалық басшылық жасау  керек.

Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін  бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.

Бұл күндегі жастардың  мінезінде түрлі өзгерістер пайда  болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында  осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен  мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы  мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың  дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Л.Ф. Обухова психологиялық  зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың  түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік  жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі –  бұлардың барлығы ерте жеткіншек  жаста сақталады, бірақ, олар мәнді  өзгерістерге ұшырап, саналы түрде  бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс  тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік  рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін  білуге талпынысы жатады.

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім  болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді.

Филип Роистың «Психология  подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері  мен қызығушылықтары, арман тілектері  мен талпыныстары нақты зерттеу  мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына  «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды [5].

Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда  жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын  сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда  жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың  басқаға ұқсамауы және құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.

Осыларды қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы – түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық және физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
  2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
  3. Обухова Л.Ф Возрастная психология. - М., 1999.
  4. Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского возраста. - СПб., 2000.
  5. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970.
  6. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
  7. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.
  8. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988.
  9. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988.
  10. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. -М.: Просвещение, 1985.
  11. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.
  12. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979.
  13. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий, 1988.
  14. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.
  15. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.
  16. ХарламовИ.П. Педагогика. - М.,1990.
  17. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.

 


Информация о работе Тұлғаның кәсіби қалыптасуындағы негізгі ұғымдар