Қиын оқушыларды оқыту процесінде тәрбиелеудің жолдары мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 21:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
- қиын бала ұғымын, факторларын, бұзылу себептерін және жағымсыз әдеттерінің пайда болуы жөніндегі ғылыми әдебиеттерді талдау;
- бастауыш сыныпта кездесетін «қиын» балалармен қайта тәрбиелеу жұмысын жүргізудің әлеуметтік-психологиялық әдістерін және механизмдерін зерттеу.
- бастауыш мектептегі педагогтың тәжірибелік іс-әрекетінде қолданбалы модель жобасын өңдеу және оған әдістемелік нұсқауларды беру.
- мектептегі «қиын» балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс істеу технологиясының негіздерін дәлелдеу, талдау.
- қиын балалалрға арналған жаттығулар өткізу әдістері;
- ғалымдардың қиын балалар психолгиясын зерттеген еңбектері туралы мағлұмат беру.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Қиын балалар психологиясы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері
1.1. Қиын балалардың психологиясы....................................................................6
1.2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар...............................................15
ІІ тарау. Қиын балаларды қайта тәрбиелеуге арналған жаттығулары
2.1. Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін
жұмыс ерекшелігі..................................................................................................21
2.2. Бастауыш мектепте қиын балалармен атқарған
жұмысының қортындысы.....................................................................................28
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................33

Файлы: 1 файл

Қиын оқушыларды оқыту процесінде тәрбиелеудің жолдары мен әдістері.doc

— 233.50 Кб (Скачать)

Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.

Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:

1) Әрбір қиын баланы  жан – жақты зерттеп, мінез  – құлықтарының бағыт – бағдарын  айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.

2) Әрбір оқушының адамгершілік  сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы  өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым  – қатынас дағдыларын қалыптастыруды  ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.

4) Кейбір қиын оқушылардың  оқу – тәрбие процесінде ұжымдық  өмір қарым – қатынастарында  ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата – ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету. [ 6.120]

Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.

Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

- дайындық кезеңі;

- қиын баланың тәртібінің  төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;

- екінші кезең – қиын  оқушылар  мен көш жора –  жолдастары арасындағы байланыстырудың  дәрежесін тереңдігін аңықтау.

Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың  арасында күрес басталады. 

Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге  талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.

Қазақ халқы-ғажап тәлімгер. Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.

Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.

«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.

Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.

 

ІІ тарау. Қиын балаларды қайта тәрбиелеуге арналған жаттығулары

2.1. Қиын оқушылармен   және  ата – аналармен өткізілетін

жұмыс ерекшелігі

Мақсаты: Мұғалім бойында балаға деген жағымды –эмоцияналды қатынасын дамыту , қиын балалармен қарым-қатынаста тәжірбие алмасу.

Топ мүшелерін шеңбер бойымен өздерінің тәжірбиесінде кездескен бір қиын оқушы жайлы оның түр әлпетін, өзін сабақта қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі, соған байланысты қандай қиын ситуациялар болған және т.с.с. жайттарды баяндап беру тапсырылады. Мұғалім оған әсер ету үшін қандай амалдар қолданғанын суреттеуі керек. Топ мүшелері өздерінің тәжірбиесін пайдалана отырып ол балаға әсер етудің эффективті тәсілдерін табуға көмек береді.

Баяндама мақсаты:

1.Оқушылармен ата –  аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз , ата - ана қарым - қатынасын нығайту.

2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер  арқылы олармен өткізілетін жұмыс  түрін арттыру.

3.  Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу.

Баяндама барысы:

Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.

Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді  мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.

Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, ұстаздардың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен , сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың  өз отбасындағы ата-анамен  қарым - қатысына байланысты екені  анықталды.

Кей  оқушылар  ата - ана  тарапынан  ешқашан  жүрек  жылуын көрмей  өсіп , осыған  мектептегі өз  тобындағы  оқушылардың , мұғалімдердің  кері көзқарасы  қосылып , ұзаққа  созылған  қайғыру , ренжу  жүйке  ауруларына  шалдықтырып ,  бала  ашуланшақ ,  өмірге  ызалы , тұйық  қалыпқа түседі.

Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан  жылылық  сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз  деп есептеп , уайымға  шалдығады ,  кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты  түстер  көріп , иммунитеті  төмендейді.

«Қиын»  оқушыларды  2 топқа  бөліп  қарастыруға  болады:

> Тән  кемтарлығы  және  жан  жарақаты  бар  оқушылар.

> Отбасында , мектеп тәрбиелеуден  шет  қалған, жеке  басын қалыптастыруды  сыртқы  кері әсерлерден , әлеуметтік  жағдайдың  әсері  болған  және  өтпелі  кезеңнің  күрделілігінен  мінезі дұрыс қалыптаспай қалған  оқушылар.

«Қиын»  оқушылардың  өскен  ортасының ,  отбасының  жай - күйін талдағанда ,  кейде  отбасының  өзі  бала  тәрбиесіне кері әсер бертіні анықталып отыр.  Әдетте ,  ата - аналардың  бала  тәрбиесінен  әр  түрлі себептерге  сай  аулақатануы  да теріс  әсер етеді (ата - аналардың жұмыс басты  болуы  немесе  жеке басының  қамымен  жүруі ,  балаларына теріс үлгі көрсетіп , келеңсіз өмір сүретін , ұзақ іс сапарда болатын ата-аналар). 

Жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  тағы  да бір  қолайсыз  жағдай  бала тәрбиесіне  ата – аналардың  әртүрлі көзқарасы  немесе  біреуінің  бала тәрбиесінен  шет қалуы ,  яғни , баланың толық  емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан  болады. Отбасындағы  орта қандай болса , бала сондай болып өседі. Отбасындағы  жайсыз ахуал қандай  болсын  балаға  ауыр әсер етеді. Әсердің  күші мен тереңдігі балалардың жасында , осы кезге дейінгі тәжірибесіне , мінезіне , тәрбиесіне ,тәрбиелілігіне ,сезімталдығына тәуелді. Мұндай жағдайды  болдырмау  үшін  ата –ана  не істеу керек?

-Жазалау мен шектеуді  шектен тыс қолданбау.

• Балаға жекелей ықпал жасау керектігін  ұмытпау.

-Танымдық  қызығын  арттыру.

• Баланы ағартушылықтың  көптеген  түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды үнемі  бақылауды  ұмытпау.

-Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ  бірден  үлгілі  мінез - құлықты  талап етпеу.

• Өзгерістерді  бала өміріне  кешенді  түрде  енгізу.

- Мінез -құлқындағы  кішкене  болса  да  өзгерістерді  бақылау.

•   Бала жетістікке  өзі  жету арқылы  бақыт  пен  қуанышты сезіну.

•   Баламен  әдепті сөйлесу.

•  Балаға  сену  керек , әрине , бұл  ең маңызды.

«Бала тәрбиесінің ең  үлкен мектебі  -  әке мен шешенің қарым -қатынасы» - деп В.А.Сухомлинский  айтқандай , « Ата – ана  -  өз  баласының тәрбиесі үшін  ел , халық  алдында  жауапкер». [ 3.23]

Жүргізілген  зерттеулеріміздің  нәтижесі  бойынша  « қиын » оқушылардың  тууына итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік , таршылық.Қазір   материалдың  байлықтың  рухани байлықтан  жоғары тұрған  уақытында  жасөпірімдер  арасында  « анау да керек ,  мынау да керек » деген көрсеқызарлықтың әсерінен , «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ » деген оймен баланың көзқарасының өзгеріне әкеп соғуы мүмкін.

Жасөспірім бойындағы жағымды қасиеттерді  дамытуда әлеуметтік – педагогикалық ,  психологиялық  әдістерді  қолданып , тәрбиені ерікті , зорлықсыз  түрде іске асыру керек. Ата – аналар  бала тәрбиесінде қолданатын  әдістерді  таңдауда  жиі  қателеседі. Мәселен, кей отбасы жолды ұстанады. Жасөспірімдердің  жеке  басын сыйламау , адам қатарына санамау), негіссіз  жазалау , көп  сөз , қорқыту , ұру – жасөспірімнің  қатыгез, қатал, ашықтан  - ашық  отбасы  талабын  орындамай , өз білгенің  істеуге бейім  болып  өсуіне  әкеліп  соқтырады. Ымырашылдық  жол – бұл , керісінше , баланың  барлық  талабын ойланбай орындау , жазаламау. Мұнда  қолданылатын  әдіс , негізінен , әңгіме , сол арқылы  баланың  барлық  іс - әрекеттерін  жақтау , балаға  жалыну , өтіну болады. Ондай жеткіншек бойында өзімшілдік , дарашылдық , жеке басты ойлау , қоғамдық мүддеден гөрі өз басының мүддессін бірінші орынға қою , өзгелердің ойымен санаспау, өз ісін атқаруда өзгеге талап қою әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Үнемі ескерту естіп , үлкендер тарапынан кеміту қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз , тұйық , өзіне – өзі көңілі толмайтын , көңгіш , келеңсіз болып қалыптасады. Қиын жасөспіріммен жұмыс істегенде , сынып жетекшісі мен мұғалімдер оны жеке тұлға ретінде танып, біліп қана қоймай , мынадай үш кезеңді ескеруі , оның дамуын көре білуі  қажет:

- Бұрынғысы;

- Қазіргісі;

- Болашағы;

Оқушының мінез – құқының ерекшеліктерін анықтау барысында төмендегілерге көңіл бөлгенміз жөн:

- Оқушының тәртібін сабақ  үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;

- Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерін , бақылау  жұмыстары , шығармалары , т.б.);

- Оқушыдан оны не қызықтырады  және жақсы көретін сабақтарын  жөнінде әңгімелесу;

- Достарымен , ата – анасымен  әңгіме жүргізу;

Жазалау мен көтермелеу әдістерін қатар қолдану – педогогтің негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс – тәсілдер баланы өз қылығына басқаша  қаратып , мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған әдіс – тәсілдер оқу – тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп , қиын оқушы мен педагог қарым – қатынас жақсартатыны сөзсіз.

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге , балаға , ата – анаға байланысты екенін талдадық , соның ішінде білім негізі – стандрат талаптарын орындау , ал стандарт талаптарын орындау – күнделікті дайындық пен қатемен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады, қатемен  жұмыс кезінде оқушыға мұғалім мен ата – ана көмегі , қадағалауы , уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.

«Тек қана ата – аналармен бірге , жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беру мүмкін» деген ұлы ғұламалар.

Олай болса осы талаптарды орындау кімге жүктеледі.

Стандарт талаптарын орындау кімге жүктеледі?

Осыған жүгінсек – ата – анамен істелетін жұмыстың сапалылығы.

Ол үшін ата – аналарды әртүрлі ерекшелікутеріне қарай топтарға бөліп алу қажет.

Мектепте жүргізілген тест қорытындысы бойынша ата – ана мен баланың бірін – бірі қаншалықты жақсы білетіндігі анықталды.

Баласын үнемі қадағалап , бағыт – бағдар беруді мақсат тұтатын  ата – аналар жауабы дәл келіп , ал тәрбиеге жауапсыз қарайтын ата – аналар жауаптары бала жауабымен  үлеспей тұрды .

Оны мынадай түрде талдауға болады.

Осындай шаралардан соң қиын баламен де жалпы сынып оқушыларымен жұмыс атқару жалпының ісі екені сөзсіз.

Осыған байланысты өз сынбында өткізген «Баланың бас ұстазы – ата – ана » атты жиылысындағы бірнеше элементтерді сіздермен өткізбекпін.

1.Педагогикалық ойын. (2минут  ішінде жазып оқу).

1 топ:  Мақтау сөздерін  жазу .

2 топ : Ұрсу сөздерін жазу.

2. Педагогикалық сұрақ .( Балаға мақтау сөздер айтып , 2 – ден жарысады).

Информация о работе Қиын оқушыларды оқыту процесінде тәрбиелеудің жолдары мен әдістері