Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 21:50, курсовая работа
Зерттеу міндеттері:
- қиын бала ұғымын, факторларын, бұзылу себептерін және жағымсыз әдеттерінің пайда болуы жөніндегі ғылыми әдебиеттерді талдау;
- бастауыш сыныпта кездесетін «қиын» балалармен қайта тәрбиелеу жұмысын жүргізудің әлеуметтік-психологиялық әдістерін және механизмдерін зерттеу.
- бастауыш мектептегі педагогтың тәжірибелік іс-әрекетінде қолданбалы модель жобасын өңдеу және оған әдістемелік нұсқауларды беру.
- мектептегі «қиын» балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс істеу технологиясының негіздерін дәлелдеу, талдау.
- қиын балалалрға арналған жаттығулар өткізу әдістері;
- ғалымдардың қиын балалар психолгиясын зерттеген еңбектері туралы мағлұмат беру.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Қиын балалар психологиясы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері
1.1. Қиын балалардың психологиясы....................................................................6
1.2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар...............................................15
ІІ тарау. Қиын балаларды қайта тәрбиелеуге арналған жаттығулары
2.1. Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін
жұмыс ерекшелігі..................................................................................................21
2.2. Бастауыш мектепте қиын балалармен атқарған
жұмысының қортындысы.....................................................................................28
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................33
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
«Педагогика және психология»
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Қиын оқушыларды оқыту процесінде тәрбиелеудің жолдары мен әдістері»
Орындаған:
Тексерген: аға оқытушы
Орал 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау. Қиын балалар психологиясы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері
1.1. Қиын балалардың психологиясы..
1.2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі
ұстанымдар....................
ІІ тарау. Қиын балаларды қайта тәрбиелеуге арналған жаттығулары
2.1. Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін
жұмыс ерекшелігі....................
2.2. Бастауыш мектепте қиын балалармен атқарған
жұмысының қортындысы....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Сондықтан мен зерттеу жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы» длеп алдым.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатсада, «қиын бала» мәселесі әліде күн тәртібінен түспей келеді «Қиын» оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету.
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптағы қиын балалар.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының арасындағы қиын балалардың психологиясын зерттеу, қиын балалалармен жұмыстар, тесттер, түрлі ойындар мен тренингтер өткізу әдістемелерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
- қиын бала ұғымын, факторларын, бұзылу себептерін және жағымсыз әдеттерінің пайда болуы жөніндегі ғылыми әдебиеттерді талдау;
- бастауыш сыныпта кездесетін
«қиын» балалармен қайта
- бастауыш мектептегі педагогтың тәжірибелік іс-әрекетінде қолданбалы модель жобасын өңдеу және оған әдістемелік нұсқауларды беру.
- мектептегі «қиын» балалармен
педагогикалық-психологиялық
- қиын балалалрға арналған жаттығулар өткізу әдістері;
- ғалымдардың қиын балалар психолгиясын зерттеген еңбектері туралы мағлұмат беру.
Зерттеу болжамы: Егер, бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізілсе, баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Психологтар мен оқытушылар қиын балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында дұрыс жұмыстанса, сабақтан көп қалу, тәртібі нашарлануы, білім деңгейінің төмендеуі, құрбыларымен тіл табыса алмауын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасау т.б. мәселелер жойылады деген болжам бар. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері: педегогикалық, психологиялық, этно- педагогикалық, тарихи - этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сынып тағы қиын балалар психологиясын зерттеу және қиын балалармен жұмыстану ерекшеліктер. Отбасында және мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І тарау. Қиын балалар психологиясы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері
1.1. Қиын балалардың психологиясы
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.
Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті. [ 3.23]
Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегіқиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөліне келсек көз алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының дүние тамақтануы мен бүтін өз замандастарынан кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей жауапты. Баланың тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды.
Педагог – ғылымдар
«қиын» балалар мәселерін жан-
Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта «қиын
оқушыларды» адамгершілікке
Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.
Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі. [ 5.19]
Информация о работе Қиын оқушыларды оқыту процесінде тәрбиелеудің жолдары мен әдістері