Фонетиканың зерттеу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 19:23, реферат

Краткое описание

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында (1961) Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылды. Алғашқы меңгерушісі ‘’’Ж.Аралбаев’’’ болды. Лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын аталған лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді.

Файлы: 1 файл

Фонетика Раушан.docx

— 58.54 Кб (Скачать)

 

 

Ж.Жұмабаева - фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері

 

Жұмабаева Жанар Төлендіқызы 1980 жылы 20 қыркүйекте Алматы облысы (бұрынғы  Талдықорған), Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында дүниеге келген. 1987 жылы сондағы  Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 1997 жылы 11-сыныпты бітірген. Сол жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетіне түсіп, 2001 жылы бакалавр, 2003 жылы магистратураны бітірген. 2003 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасына түсіп, проф., З.М.Базарбаеваның жетекшілігімен «Түркі тіліндегі дауыстылардың фонологизациялануы» атты диссертациясын 10.06.06.- түркі тілдері мамандығы бойынша 2006 жылы қыркүйекте қорғап шықты. Осы жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда іргелі зерттеу бағдарламасына сәйкес «Вокализм тарихы» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жүр. Ж.Жұмабаеваның еңбектерінде орхон-енисей жазба ескерткіштер тілі негізінде дауысты дыбыстар жүйесінің дамуына себеп болған механизмдер тарихи факторлар негізінде қарастырылды. Түркі тіліндегі дыбыстар жүйесінің қалыптасу, даму жолдары әмбебап фонологизация процесі негізінде айқындалып, аллофондардың фонемаға айналу механизмі анықталды. Осы тақырыпта Қазақ вокализмінің даму жолдары // ҚР ҰҒА Хабарлары №1 (155). –Алматы, 2006. –Б. 72-75. Көне түркі тілдеріндегі дауыстылардың сипаты // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. –Алматы. №7 (89). 2005. –Б. 41-44. Тарихи фонетика: дауыстылардың фонологизациялану құбылыстары // «Академик Ә.Т. Қайдар және тіл білімі мәселелері». –Алматы, 2004, –Б. 367-375. Түркі тілдеріндегі дауыстылардың даму тарихына қысқаша шолу // Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-теориялық конференция. А., 2007. «Ә» дауысты фонеманың мәселесі. // Тілтаным. 2007, №2 мақалалары жарық көрді. Қазіргі таңда ғылыми жұмыстармен қатар А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан шығатын «Тілтаным» ғылыми басылымның редакция алқасының құрамында жауапты шығарушылардың бірі болып қоғамдық негіздегі жұмыстарды және 15 томдық қазақ әдеби тілінің сөздігіне қатысып жүр. 2007-2008 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында қосымша дәріс берген. «Тарихи грамматика», «Қазақ әдеби тілі» пәндері бойынша лекциялар оқып, семинарлар өткізген. Курстық жұмыстар бойынша жұмыс істеп, дипломдық жұмыстарға тақырып беріп, жетекшілік еткен.

 

 

Н.Оспанғазиева – фонетика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

 

Оспанғазиева Назгүл Бақытқызы 1984 жылы 10 мамырда Алматы облысы (бұрынғы  Талдықорған), Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында туған. 1990 жылы сондағы Ш.Уәлиханов  атындағы орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 2000 жылы 11-сыныпты бітірген. Осы жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (КазГУ) Филология факультетіне қазақ тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2004 жылы оқу орнын үздік дипломмен аяқтап шықты. Әрі қарай осы университеттің екі жылдық магистратура бөлімін жалғастырып, 2006 жылы филология магистірі дәрежесін алып шықты. 2006 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға қабылданып, профессор З.М.Базарбаеваның жетекшілігімен «Түркі тілдеріндегі фонологиялық айырым белгілерінің тарихи негіздері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация тақырыбын бекітті. 2008 жылы аспирантураны бітіріп, осы жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында фонетика бөлімінде аға лаборант, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді. 2010 жылдың 11-қазанында жоғарыда аталған кандидаттық диссертация тақырыбы негізінде 10.02.06 – түркі тілдері мамандығы бойынша талқылаудан өтіп, аяқталған ғылыми жұмыс ретінде бір ауыздан қабылданып қорғауға ұсынылды. Қазіргі кезде ол қазақ тілінің тарихи фонетикасы бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Н.Оспанғазиева тарихи фонетка саласымен шұғылданып фонологиядағы айырым белгі теориясымен айналысуда. Қазақ тілінің фонологиялық жүйесінде бірөлшемді және көпмөлшемді айырым белгілер сөздерде және сөзтұлғаларда мағына ажыратушы қызмет атқаратыны және олардың еліктеуіш сөздерден келуі дәлелденді. Қазірде 20-ға тарта ғылыми мақалалары бар: Қазақ фонологиясындағы айырым белгі теориясы. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2008. №3. Бірөлшемді және көпмөлшерлі айырым белгілер. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары 2008 ж. №5. Қазақ тіл біліміндегі морфонологияның фонологиямен байланысу жолдары. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2008. №4. Фонема және оның айырым белгілері. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары 2009 ж. №4. [қ], [к] мен [ғ], [г] дауыссыз дыбыстарының фонетика-фонологиялық белгілері. // «Қазіргі білім берудегі ізгілендіру үрдістері және жаңаша оқытудың өзекті мәселелері» ХҚТУ профессоры Ө.Танабаевтың 70 жылдығына арналған Халқаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары І бөлім. Шымкент, 2010 ж. Н.Оспангазиева жылда өтетін ғылыми-методикалық және теориялық конференцияларына, мемлекеттік тілге қатысты дөңгелек үстелге үзбей қатысып келеді. Бүгінде ғылыми жұмыстармен қатар А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан шығатын «Тілтаным» ғылыми басылымның редакция алқасының құрамында жауапты шығарушылардың бірі болып қоғамдық негіздегі жұмыстарды атқарып келеді.

 

Ғалымдардың басты еңбектері

З.М.Базарбаева Типологическое исследование интонации вводных единиц (на материале  французского, казахского и русского языков). Алма-Ата, 1991, 7 п.л.

З.М.Базарбаева Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. Алматы, 1996, 11п.л.

. З.М.Базарбаева Қазіргі қазақ  тілінің интонация негіздері.  Алматы, 2002, 12 п.л. (оқу құрал).

З.М.Базарбаева Строй казахского языка. Фонетика (коллектив авторов) 1991.

З.М.Базарбаева Қазақ грамматикасы (авторлар ұжымы). Алматы, 2002.

З.М.Базарбаева Некоторые аспекты  реформирования казахского алфавита на основе латинской графики. Латын  графикасы негізіндегі қазақ  әліпби. Алматы, 2007. 218-222 бб.

З.М.Базарбаева Казахская интонация. Алматы, «Дайк-Пресс», 2008, 18 б.т.

З.М.Базарбаева Қазақ тілі: интонология, фонология. Алматы, «Жібек жолы», 2008, 20,5 б.т.

З.М.Базарбаева Казахско-русский справочник для широкого круга читателей. Алматы, 2010, 215 с.

Ә.Жүнісбек Қазақ грамматикасы. Астана, 2002 (сегментті фонетика бөлімі).

Ә.Жүнісбек Қазақ фонетикасы. Алматы, 2009.

А.Жунисбек Введение в сингармоническую фонетику. Алматы, 2009.

Ә.Жүнісбек Қазақша-орысша фонетикалық сөздік. Орал, 2009.

Ә.Жүнісбек Әліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек. Орал, 2007.

А.Жунисбек Сингармонизм в казахском  языке. Алма-Ата, 1980

А.Жунисбек Гласные казахского языка. Алма-Ата, 1972.

А.Жунисбек Просодика слова в  казахском языке. Алма-Ата, 1987

А.Жунисбек Строй казахского языка. Фонетика (коллектив.) Алма-Ата 1992.

Қосқұрамды құрмалас сөйлем интонемалары мен интонациялық типтері. "Тілтаным", № 2, 2001.

Фазылжанова А. Құрмалас сөйлем интонациясы  және өтем заңы // ҚР ҰҒА Хабаршысы, Тіл әдебиет сериясы. 1999. № 3;

Фазылжанова А. Қосқұрамды құрмалас сөйлем интонемалары мен интонациялық типтері // "Тілтаным", № 2, 2001;

Фазылжанова А. Қазақ тілінің орфоэпиялық  сөздігі (75 000 сөз) (құрастырушылардың  бірі, жауапты шығарушының бірі). Бас редакторы: Ә.Жүнісбек. Құрастырушылар: Н.Уәли, Қ.Күдеринова А., «Арыс», 2004 ж.;

Фазылжанова А. Қазақ орфоэпиясының  сегментті және суперсегментті фонетикалық  негіздері жайында // «Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері». А., «Арыс», 2004 ж.;

Фазылжанова А. Қазақ тілінің орфоэпиялық  анықтағышы (радио,-тележурналистерге арналған көмекші құрал) // Сөйлеу техникасы мен эфирдегі дыбысталған сөздің интонациясы (41-66 бб.); Қазақ тілі функционалды стильдеріндегі мәтіндердің айтылым үлгілері (Ғ.Әнеспен бірге) (66 - 76); Қысқаша орфоэпиялық сөздік (Н.Уәлиұлы, Қ.Күдериновамен бірге) (76 – 198 бб.). Алматы, «Арыс», 2004 ж.;

Фазылжанова А. Қазақ тілінің орфографиялық  сөздігі (Жауапты редакторы мен  құрастырушылардың бірі). Бас редакторы Р.Сыздық. А.: «Арыс», 2004;

Фазылжанова А. Ауызша тіл және жазба  тіл бірліктерінің дискреттілігі // «Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ  тіл білімі мәселелері». А., «Арыс», 2005 ж.;

Фазылжанова А.Онбестомдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі». І-ХV томдар (жауапты редакторының, авторларының бірі). Бас редакторлары Қ.Ысқақов, Н.Уәли. А.: «Арыс», 2006;

Фазылжанова А. Орфографиялық сөздік. (құрастырушылардың бірі). Жауапты редакторы Р.Сыздық. А.: «Арыс», 2007;

Фазылжанова А. Әзербайжан, Түркия, Өзбекстанның латын графикасы негізіндегі  жаңа әліпбиге көшу тәжірибелерін ғылыми-лингвистикалық талдау // Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы ғылыми зерттеулер А., 2007 ж.;

Фазылжанова А. «Рабочая тетрадь» (для  начинающих самостоятельно изучать  казахский язык) учебного комплекса  «Тілашар» для самостоятельного изучения, изданного продюсерским центром Gala TV с видео и DVD форматным расширением, Алматы 2007. 15 б.т.;

Фазылжанова А. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік беделін көтеру: лингоәлеуметтану аспектілері (Н.Уәлимен бірге)// Тілтаным, 2008, № 4;

Фазылжанова А. Мультимәдениеттілік және тілдік біргейлік // Туған тіл, 2009 ж., №1;

Фазылжанова А. «Орхон-енисей жазба  ескерткіштеріндегі с-ш дыбыстарының қазіргі қазақ тіліндегі рефлекциясы» //«Өркениеттер диалогындағы түркі  әлемінің рөлі» атты халықаралық ғылыми симпозиум материалдары, Алматы, 2009 ж.;

Фазылжанова А. Мемлекеттік тілді  оқытудың ұлттық және тілдік бірегейлік аспектісіндегі жаңа тұжырымдамасы туралы // Қазақстан мектебі, 2009, №6;

Фазылжанова А. Тілтанымдық жаңартпалардағы <лат. innovation> білімдер жүйесін қазақ  тілі пәнінің мазмұнына енгізудің маңызы // Р.Сыздықдың 85 жылдығына арналған «Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршендігі» атты ғылыми-конференция жинағы. Алматы, 2009;

Фазылжанова А.Түркіаралық ротацизм және ламбдаизм мәселесі //Қазақ  әдеби тілі тарихының өзекті мәселелері (Қ.Өміралиевтің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары), Алматы, 2010;

Фазылжанова А. Мультимәдени қоғамдағы  тілдік бірегейлік (лат.identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі // Мемлекеттік тіл ұлттық бірегейліктің негізі. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011;

А.Аманбаева Интонация – тілдік қарым-қатынас құралдарының бірі // Тілтаным. 2003, №1.

 

А.Аманбаева Суперсегментті фонетика жөнінде жалпы сипат // Тілтаным. 2003, №3. 53-55 бб.

А.Аманбаева Қазақ тіліндегі  интонацияның прагматикалық негізі мен коммуникативті маңызы // БжҒМ ҰҒА  Хабарлары, Филология сериясы. №1, 2004 ж.

А.Аманбаева Суперсегментті фонетика мен прагмалингвистиканың қазақ  тіл біліміндегі алар орны // А.Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толуына арналған ғылыми жинақ. Алматы, 2004 ж.

А.Аманбаева Дайындықсыз еркін  сөйлеу интонациясын эксперименттік жолмен зерттеу. «Академик Ә.Қайдар және қазақ  тіл білімінің өзекті мәселелері». А., 2004ж.

А.Аманбаева Сахнадағы сөйлеу тілінің  нақыштары // Алматы қаласы бойынша  Тіл департаменті өткізген «Терминология  және тіл мәдениетінің мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция, А., 2006.

А.Аманбаева Түркі тіл біліміндегі морфонология құбылысының пайда болуы мен қызметі // Тілтаным 2008, №2.

А.Аманбаева Морфонология құбылысының  түркі тілдеріндегі көрінісі. // Қ.Өмірәлиевтің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. А., 2010ж.

А.Аманбаева Қазақ тілі интонема модельдерінің прагмалингвистикалық сипаты // Тілтаным 2008, №1.

Ж.Жұмабаева Қазақ вокализмінің даму жолдары // ҚР ҰҒА Хабарлары №1 (155). –Алматы, 2006. –Б. 72-75.

Ж.Жұмабаева Түркі тілдеріндегі айырым белгінің (ашық/қысаң) тарихи сипаты // «Қазақ тіл біліміндегі функционалдық  бағыт». –Алматы, 2006. –Б. 177-183.

Ж.Жұмабаева Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі дауысты дыбыстардың көрінісі // «Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімінің мәселелері». Алматы, –2004. –Б. 159-161.

Ж.Жұмабаева Қазақ фонетикасының  зерттелу жайы // Тілтаным. №4 (16). – Алматы, 2004. –Б. 139-145.

Ж.Жұмабаева Көне түркі тілдеріндегі дауыстылардың сипаты // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. –Алматы. №7 (89). 2005. –Б. 41-44.

Ж.Жұмабаева Тарихи фонетика: дауыстылардың  фонологизациялану құбылыстары // «Академик  Ә.Т. Қайдар және тіл білімі мәселелері». –Алматы, 2004, –Б. 367-375.

Ж.Жұмабаева Түркі тілдеріндегі дауыстылардың даму тарихына қысқаша  шолу // Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-теориялық конференция. А., 2007.

Ж.Жұмабаева «Ә» дауысты фонеманың  мәселесі. // Тілтаным. 2007, №2.

Ж.Жұмабаева Түркі тіліндегі  дауыстылардың созылыңқы/қысқа белгілері // Тілтаным, №1 2008 ж.

Н.Оспанғазиева Қазақ фонологиясындағы айырым белгі теориясы. // «Тілтаным» журналы. 2008. №3.

Н.Оспанғазиева Қазақ тіл біліміндегі морфонологияның фонологиямен байланысу жолдары. // «Тілтаным» журналы. 2008. №4.

Н.Оспанғазиева Бірөлшемді және көпмөлшерлі айырым белгілер. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары 2008 ж. №5.

Н.Оспанғазиева Фонеманың зерттелуі  жайында. «Профессон Н. Оралбай және тіл білі мен әдістеме ілімі» атты конференция материалдары. 2008 ж.

Н.Оспанғазиева Тарихи фонология ұғымы  жөнінде. «Профессор С.М. Исаев: Қазақ  тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференциясының материалдар жинағы. 2008 ж.

Н.Оспанғазиева Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу бағыттары. «Рухани-ғылыми мұра» тақырыбындағы республикалық ғылыми теориялық конференция материалдары. Алматы. 2008 ж.

Н.Оспанғазиева Фонема және оның айырым белгілері. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары 2009 ж. №4.

Информация о работе Фонетиканың зерттеу тарихы