Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 19:23, реферат
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында (1961) Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылды. Алғашқы меңгерушісі ‘’’Ж.Аралбаев’’’ болды. Лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын аталған лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді.
Қазақ тілі фонетика саласында әлі де болса да түпкілікті шешілмеген мәселелер жеткілікті, мысалы қазақ тілінің тарихи фонологиясы кенжелеп жатыр. Сондықтан Институттың фонетика бөлімі мемлекеттік тапсырыс бойынша тарихи фонетикасы мен диахрондық фонология проблемаларымен шұғылданып, мынадай мақсат қойып отыр: қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдерінің фонетика-фонологиялық құрылымдарына сүйене отырып, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы олардың дыбыс жүйелеріне диахрондық аспектіде фонологиялық талдау жүргізу. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2009-2011 жылдарға жоспарланған іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ тілі фонологиялық жүйесін диахрондық аспектіде зерттеу» (жет. З.М.Базарбаева) деген тақырып бойынша жұмыс істелініп жатыр. Бұл тақырып 2006-2008 ж. орындалған жұмыстың жалғасы болып табылады. Сонда қазақ тілінің фонетика-фонология жүйесіндегі дыбыстың дивергенция процесі мен фонологизация құбылысының тарихи негізі тілдің дыбыстық құрылымы дамуының шешуші факторы ретінде ретроспекциялық тұрғыдан зерттелген. Фонологизация құбылыстары негізінде дыбыстардың фонематикалық статусқа көтерілуі қарастырылды. Дыбыстардың позицияға байланысты аллофондары дербес фонемаларға ауысу процесі зерттелінді. Қазіргі түркі тіліндегі дауысты дыбыстардың сипаты көне түркі ескерткіштерімен байланысты қаралды. Дауысты дыбыстардың құрамы мен функциясы анықталып, ата түркі тіліндегі вокализмнің сипаты салыстырмалы әдіс арқылы нақтыланды. Қазақ тілі фонология жүйесінің даму кезеңдері мен қалыптасу жолдары белгіленіп, тарихи факторлар мен заңдылықтар анықталды. Орындалып жатқан зерттеу диахрондық фонология мәселелерін үш принциптің (жүйелілік, тарихилық, себептілік) аясында қарастырылды. Түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерінің даму тарихы мен кезеңдері салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы сипатталды. Фонетика-фонология құбылыстарының нәтижелерімен бірге байырғы дыбыс жүйелерінің дамуына себеп болған механизмдер де тарихи факторлар арқылы анықталды. Туыстас тілдермен қатар туыстас емес тілдердің де фонологиялық құбылыстары мен заңдылықтары ескерілді. Салыстырмалы-тарихи әдістерге сүйене отырып, вокализм мен консонантизмнің ата тілі моделін жасауда диалектілік және типологиялық материалдар да қарастырылды. Сонымен туыстас түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерін бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері анықталады және фонетикалық жүйелердің тарихи даму кезеңдері белгіленіп, фонемалардың пайда болу және қалыптасу жолдары сипатталады. Салыстырмалы-тарихи әдістердің негізінде туыстас түркі тілдерінің жақындық дәрежесі мен ортақ белгілері айқындалады және вокализм мен консонантизм жүйелерінің ататілі моделі жасалады. Түркі тілдерінің генеологиялық классификациясының негізінде олардың дыбыс жүйелері диахрондық аспектіде зерттеледі. Түркі тілдерінің даму кезеңдері анықталып, әр кезеңге тоқталып, әсіресе бізге қатысты тілдердің қыпшақ тобы қарастырылады. Салыстырмалы-тарихи әдістерге сәйкес алдымен туыстық жағынан жақын тілдердің дыбыс жүйелері зерттеледі. Ең алдымен олардың генеологиялық жақындығы ескеріліп, қазақ тілінің фонологиялық жүйесі қыпшақ тобына кіретін қарақалпақ татар, башқұрт тілдерінің фонема жүйелерімен қатар зерттеледі. Кейін қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтары қарлұқ тобына енетін өзбек, ұйғыр тілдерімен де салыстырыла қарастырылады, себебі бұл тілдердің ара жігінің айырылуы шамамен XIV–XV ғасырға таман келеді. Сондай-ақ қазақ тілінің дыбыс құбылыстары оғыз тілдерімен де салыстырыла зерттеледі. Туыстас түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерін бір-бірмен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтап, соның нәтижесінде фонетикалық жүйелердің тарихи даму кезеңдері анықталады. Сонымен қазіргі түркі тілдерінің белгілі фонетика-фонологиялық құрылымдарына сүйене отырып, ретроспекция арқылы жалпы түркі тілдерінің ататілі моделі ұсынылады. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің теориялық және практикалық мәні зор. Қазіргі түркі тілдерінің үлкен бір бұтағын құрайтын қыпшақ, қарлұқ, оғыз тобындағы тілдер мен көне түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер тілін вокализм, консонантизм, морфонология тұрғысынан зерделеу тарихи фонетика, тарихи грамматика, лексикология, этимология проблемаларымен айналысуға жол ашады. Сондай-ақ, қазақ тілінің салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің дамуына да тарихи фонетиканың зерттелуінің маңызы зор екені дау тудырмайды. Себебі қазақ тілі тарихи фонетикасының дыбыс құбылыстарын анықтау үшін ең алдымен туыстас түркі тілдерінің және қосымша туыстас емес тілдердің материалдарын ұқыптылықпен қарастыру керек. Жұмыста алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында түркітануға кіріспе, көне түркі тілі, түркі тілінің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәндері бойынша дәріс оқуда пайдалануға болады және тарихи фонетикадан студенттерге бағдарлама мен силлабус дайындауға болады. Ұлттық тіліміздің қазіргі лексика-грамматикалық формаларының даму эволюциясын, лексика-фразеологиялық бірліктерінің этимологиясын көрсетуде дыбыстардың архетиптері мен байырғы, түркі ататілінің фонемаларының құрамын анықтаудың маңызы ерекше. Бөлімнің жас қызметкерлері тарихи фонетика мәселелерімен шұғылданып, кандидаттық диссертацияларын қорғап (Ж.Жұмабаева), талқылаудан өткен (Н. Оспангазиева). А.Фазылжанова бұл тақырыпты докторлық диссертация деңгейінде орындап жатыр. А.Аманбаева тарихи морфонология мәселелерімен шұғылданып жүр. Бөлімнің қызметкерлері теориялық проблемалармен бірге қолданбалы мәселелермен де шұғылданады. «Тілдердің үйлесімді қызмет етуі мен дамуы – егемен Қазақстанның тұрақты және өркениетті дамуының тірегі» атты іргелі зерттеу тапсырмасының «Қазақ мәтінін (сөйленімін) синтездеудің фонетика-фонологиялық негіздері және компьютерлік бағдарламасы» (2003-2005жж.) атты бағыт бойынша зерттеу жүргізілді (З.Базарбаева, Ә.Жүнісбек, А.Фазылжанова, А.Аманбаева). Фонетика-фонологиялық теориялардың негізінде, қазақ тіл білімінде және жалпы түркологияда да әлі қаралмаған сөз синтездеу және оның компьютерлік бағдарламасы деген күрделі проблема қолға алынды. Бұл проблемаға демеу болатын теориялық және практикалық зерттеулер баршылық. Қазақ тілінің дыбыс және интонация жүйелері айтарлықтай экспериментті түрде зерттелінді. Әрбір дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, көлемді мәтіндердің фонетика-фонологиялық сипаттамалары мейлінше қаралды. Сондай-ақ қазақ тілінің сегментті және суперсегментті бірліктері анықталды. Оларға артикуляторлық-акустикалық талдау жасалды. Үндесім фонема мен интонемалардың варианттары айқындалып, олар модель, кесте түрінде берілді. Бұл қолданбалы проблеманы шешудің нәтижесінде қазіргі өмір талабына сай біраз жұмыстар атқаруға болады. Соңғы кезде бүкіл әлемде сөзтанушы компьютерлік бағдарламалар шығару жұмысы жүргізіліп отырғаны баршаға аян. Мысалы пернетақтадан мәтінді тергенше, оны ауызша айтқан анағұрлым ыңғайлы. Кейбір жағдайларда, мысалы автокөлік жүргізгенде, цифрлы құралдармен хабар алмасудың осы түрі айтарлықтай қауіпсіз болады. Ал зағип болып қалған немесе көру қабілеті төмен адамдар үшін – бұл компьютермен хабарласудың бірде-бір мүмкіншілігі. Бірақ хабарлау үшін компьютердің дауысын есіту керек емес пе? Сондықтан сапалы тіл интерфейсі тілді танып қана қоймай оны құрастыра (синтездеу) білуі, яғни сөйлесімге жағдай жасап, оны туындата білуі керек. Сөз синтездеу дегеніміз – бұл сөйлеп тұрған адам мен компьютер арасындағы жаңа байланыс арнасы. Оны қолданудың оңай көзі – мәтінді, тіпті кітаптарды дауыстатқызу және телефон арқылы арнайы кеңейтілген мәлімет, мысалы ақпарат қорынан заң мәтінін алу. Сөз синтезаторы не істей алуы керек? Олардың негізгі ролі – жазылған мәтіндерді дауыстау. Қазақ тілтанымының кенжелеп қалып отырған саласы қолданба-қолғанат қондырғылар құрастырудың теориялық және техникалық негіздемесі болып отыр. Сондықтан қазақ мәтінін синтездеу амалын қарастыру осы зерттеудің маңызын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ сөйленімінің сегментті және суперсегментті модельдеріне сүйене отырып, қазақ мәтінін синтездеудің фонетика-фонологиялық негіздерін анықтау. Зерттеу нысаны – жасанды тіл мәтіні: үндесім сегменттер, үйлесім сегменттер және ырғақты топтар, синтагмалар, сөйлемдердің интонациялық көрсеткіштері, интонемалар және оның варианттары. Сөйлемдеpдiң құрылымдық-коммуникативтiк түpлеpiне сүйене отырып, интонациялық ерекшеліктерін экспеpименттi әдістер арқылы зеpттеп, олаpдың түpлi модельдеpiнiң просодикалық көpiнiстеpi сипатталды. Сөйлеу актісінің құрылу ұстанымдарымен, оның қандай бөлшектерге мүшеленуі және оның бөліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы мен оларды синтездеуде сегментация тәсілдерінің қайсысы семиологиялық мағына ажыратушы қызмет атқаратындығы анықталды. Сөз легінің мағына жағынан бөлшектеніп қабылдануында интонацияның мелодикалық, темпоральдық, динамикалық құралдарының қызметі айқындалды. Интонация сөйлеу (мәтін) бірліктерін өзара ұйымдастыру мен біріктіруге қызмет ете отырып, олардың арасындағы логикалық байланыс дәрежесін көрсетіп, оларды мағыналық үзіктерге бөлетіні эксперимент арқылы дәлелденді. Сөз актісін мүшелеуде және біріктіруде ырғақтық, синтагмалық, фразалық, логикалық және басқа да екпін түрлері үлкен рөл атқаратыны айқындалды. Қазақ тілінде айтылған сөз актісінің (мәтіннің) семантика-интонациялық мүшеленуі мен бірігуі фонетикалық және семантика-интонациялық ең кіші бірліктер болып саналатын ырғақты топтар мен синтагмалар арқылы жүзеге асатыны дәлелденді. Қазақ сөзін синтездеуге қатысатын интонацияның компоненттері мен қызметі және қазақ сөйленімін құрайтын интонема модельдері жан-жақты сипатталып, қазақ мәтінін (сөйленімін) синтездеудің суперсегментті негіздері анықталды. Мәтін синтездеуге қатысатын просодикалық бірліктердің сипаттамасы берілді және интонема модельдерін ажырататын акустикалық параметр көрсеткіштері белгіленді. Сондай-ақ эксперименттік-фонетикалық талдау негізінде қазақ тілінің сегментті және суперсегментті бірліктерінің позициялық және комбинаторлық варианттары қарастырылды. Әрбір бірліктің фонологиялық қызметі мен фонетикалық табиғаты ашылды. Негізгі және үстеме белгілердің фонетикалық сипаты анықталды. Интонация түрлерінің фонетикалық ықпалы белгіленіп, оның дыбыс түрленіміне әсері айқындалды. Қазақ тіліндегі сегменттердің құрамы мен жүйесі айқындалып, олардың кестесі мен модельдері түзілді. Қазақ мәтінін құрап тұрған бөлшектерге ыдыратудың фонетика-фонологиялық жолдары айқындалып, тіл құрақтарын іштей ұйыстырып тұрған фонетика-фонологиялық белгілерінің басы ашылды. Сөйтіп қазақ мәтінінің (буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) табиғи естілімін қамтамасыз ететін тілдік белгілер түгенделді. Дыбыс түрленімінің акустика-артикуляторлық модельдері, кестелер мен сызбалар дайын болды. Қазақ интонациясының интонема модельдері, оның варианттары мен вариациялары анықталды. Эксперимент арқылы алынған нәтижелер осы бағыттағы теориялық және практикалық зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Зерттеу қолданба тілтаным саласында сөз болып отырған мәселе бойынша компьютерлік бағдарлама жасаудың лингвистикалық және әдіснамалық негізі болып табылады. Сонымен сөз синтездеу және оның компьютерлік бағдарламасы деген зерттеу проблемасынан елеулі қорытынды күтілуде. Атап айтқанда, қазақ тілінің жасанды сөйленім үлгілерін дайындауға жол ашылды. Қазақ сөзінің табиғи дыбысталу жолдарын анықтап, жасанды сөз, мәтін құрастырылды. Қолданбалы проблемалар аясында 2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша «Қазақ тілін өзге тілді ұлттар өкілдеріне оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері және оның бағдарламасы» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізілді (жет. З.М.Базарбаева). Жұмыстың мақсаты: тіл білімінің жаңа бағыты болатын интонология туралы мәліметтер беріп және оның заңдылықтарын, сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін көрсетіп, тапсырмалар мен жаттығулар арқылы өзге ұлт өкілдеріне қазақ интонациясын үйрету. Қазіргі таңда өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің әр түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылып жатқаны белгілі. Сондықтан бұл жұмыста просодикалық тәсілдер арқылы тілді үйренудің әдістері қарастырылды. Сонымен қатар оқыту технологияларын, яғни білім беру әдіс тәсілдері мен оқыту құралдарын қазақ тілі бойынша білім берудің теориясы мен практикасы межесінде ұтымды қолданудың жолдары белгіленді. Жұмыста қазақ тілін «екінші тіл», яғни қазақ тілін өзге тілді ұлт өкілдеріне оқытудың теориялық мәселелері, оның формалары
мен әдістері зерттеледі. Қазақ
тілін «екінші тіл» ретінде
оқыту жүйесі мен оны
Қазақ ғалым фонетистерінің зерттеулері
Ә.Жүнісбек - фонетика бөлімінің бас ғылыми қызметкері
Әлімхан ЖҮНІСБЕК, 1938 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы (қазіргі Отырар ауданы), Қарғалы аулында туылған. 1955 жылы Түркістан қаласындағы № 19 қазақ орта мектебін бітірген. 1958 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түсіп, 1963 жылы бітіріп шыққан. Университет бітірісімен ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының (қазіргі ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты) Фонетика бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. 1964-1967 жылдары А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетіндегі (қазіргі Санкт-Петербург университеті) акад.Л.В.Щерба атындағы Фонетика лабораториясында тәлімгер-зерттеуші болып өткізеді. 03.02.64 – кіші ғылыми қызметкер, 28.03.75 – аға ғылыми қызметкер, 30.01.86 – бөлім меңгерушісі, 01.01.01 – бас ғылыми қызметкер. 1995-2008 жылдар арасында Жоғары аттестация комиссиясының сараптау тобының мүшесі.
Ленинград университетінің профессоры Л.Р.Зиндердің ғылыми жетекшілігімен 1969 жылы «Қазақ тілінің дауысты дыбыстары» атты тақырып бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, 1989 жылы «Түркі тілдерінің сөз просодикасы және қазақ тілінің сингармонизмі» атты тақырып бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғап шығады. 1999 жылы профессор ғылыми атағын алады. 1999 жылы профессор ғылыми атағын алады. Ә.Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына зор еңбек сіңірген ғалым. Ол жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш (просодика слова) мәселесі; қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім) заңы; қазақ тілінің артикуляциялық базасы (моделі) құрамындағы артикуляциялық үлгілер; қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина); латын әліпбиіне көшу мәселелері; қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысады.
Сингармониялық бағыт Ә.Жүнісбек еңбектердің арқасында қалыптасып, ғылыми айналымға түсіп, қалың оқырманға танымал болды. (Қазақ грамматикасы. Астана, 2002 (сегментті фонетика бөлімі); Қазақ фонетикасы. Алматы, 2009. Введение в сингармоническую фонетику. Алматы, 2009. Қазақша-орысша фонетикалық сөздік. Орал, 2009). Аталған бағыттың ұстанған принциптері мынадай: сөздік екпін бар жерде тон мен сингармонизм болмайды, тон бар жерде сөздік екпін мен сингармонизм болмайды, сингармонизм бар жерде сөздік екпін мен тон болмайды. Қазақ тілі үндесім (сингармониялық) тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігі болады. Ә.Жүнісбек Демирел және Абай университеттерінде «Теориялық (академиялық) қазақ фонетикасынан» дәріс (аптасына 1 сағат) беріп келеді. Әр жылдары Халықаралық ИНТАС қорының (бұрынғы Кеңес республикаларының ғалымдарына көмек қоры), Халықаралық «Сорос-Қазқстан» қорының (үш дүркін), Аджип ККО компаниясы гранттарының иегері, Қазақстанның «Ұлттық идея» бағдарламасы бойынша тақырып жетекшісі. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталады. Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін «Нұр Отан» ХДП-ның ІІ дәрежелі Дипломымен (2009) марапатталған. Талапкерлерге ғылыми жетекшілік жасап келеді.
А.Фазылжанова - фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері
Фазылжанова Анар Мұратқызы 1974 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Жансүгір кентінде туған. 1980 жылы Ақсу ауданы Қаракөз кеңшарының Қызылорақ орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 1991 жылы орта мектепті Жансүгір кентіндегі қазіргі Ж.Сыдықов атындағы орта мектептің 11сыныбын «Алтын медальмен» үздік бітірді. Осы жылы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Филология факультетіне Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті, қосымша тарих мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1996 жылы оқу орнын үздік дипломмен аяқтап шықты. 1996 жылдың қарашасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түсті. 1999 жылы желтоқсанда аспирантураны бітіріп, 2000 жылдың мамырында З.М.Базарбаеваның ғылыми жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі қосқұрамды құрмалас сөйлем интонациясы (эксперименттік-фонетикалық зерттеу)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша қорғап шықты. Осы жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді. 2004 жылдан 2008 жылдар аралығында Институттың ғалым хатшысы лауазымын атқарды. А.М.Фазылжанова 2001-2003 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазіргі қазақ тілі мен әдістемесі теориясы кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. Осы уақытта қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, морфологиясы, синтаксисі, сондай-ақ Паралингвистика, Компьютерлік лингвистика сияқты курстардан дәріс оқып, семинар сабақтар жүргізді, қазақ филологиясы магистранттарына арналған «Компьютерлік лингвистика», «Паралингвистика», студенттеріне арналған «Морфология» курстары бойынша типтік және жұмыс бағдарламаларын әзірледі.
1999-2002 жылдары Талантты жас
А.Аманбаева - фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері
Аманбаева Айсәуле Жантемірқызы 1974 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жаңақазалы поселкесінде дүниеге келген. 1981-1991 жылдары №216 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепті бітірген. 1991-1996 ж. Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамындығы бойынша бітіріп шыққан. 1996-1997 жылдары Шымкент қаласы, «Ұлағат» орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. 2002 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сырттай аспирантурасына түсіп, профессор З.М.Базарбаеваның жетекшілігімен «Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық аспектісі» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 2002 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді. А.Аманбаеваның зерттеуінде интонация қазіргі антропоцентристік бағытта, яғни прагматикалық тұрғыдан қарастырылып, дайындықсыз сөз ағымына эксперимент жүргізіліп, талдап, ерекшеліктері сызба арқылы көрсетілген болатын. Осы жұмыстың негізінде «Функционалды грамматика» деп аталатын үлкен жинақта, зерттеу жұмысының нәтижелері ретінде ықшамдалған бөлігі берілді. Сондай-ақ, 2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін интонация арқылы оқыту тәсілдері» атты тақырып бойынша жұмыс істелді («Интонациялық бірліктерді прагмалингвистикалық тұрғыдан зерттеу» // Тілтаным, 2007№2. Қазақ тілі интонема модельдерінің прагмалингвистикалық сипаты // Тілтаным 2008, №1). А.Аманбаева іргелі зерттеу бағдарламасына сәйкес «Тарихи морфонология» атты тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізу үстінде («Қазақ тіл біліміндегі морфонологияның зерттелу жайы» // Ө. Айтбаевтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-теориялық конференция, А., 2007. «Буынның морфонологиядағы көрінісі» // Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-теориялық конференция, А., 2007). Қазақ тіл білімінде морфонология құбылысы әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет ететін тың салалардың бірі. Өйткені қазіргі кезде морфология мен фонетикалық заңдылықтардың ара-жігі әлі де болса айқындалмай келеді. Сол себепті морфонология құбылысын синхрондық тұрғыдан қарастыра отырып, диахрондық жағын зерттеу қолға алынып, зерттелу үстінде. Жалпы зерттеу жұмысына байланысты 20-ға жуық мақала ғылыми басылымдарда жарияланды. Зерттеу жұмысымен қатар, 2007-2008 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында қосымша дәріс берген. «Тіл мәдениеті», «Стилистика» пәндері бойынша лекциялар оқып, семинарлар өткізген. Курстық жұмыстар бойынша жұмыс істеп, дипломдық жұмыстарға тақырып беріп, жетекшілік еткен. 2004-2008 жж. А.Аманбаева А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан шығатын «Тілтаным» ғылыми басылымның редакция алқасының құрамында жауапты шығарушылардың бірі болған. 2008 жылы А.Аманбаеваның «Қазақ тіліндегі суперсегментті бірліктерді прагмалингвистикалық аспектіде зерттеу» атты жұмысы гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар зерттеулері үшін М.Әуезов атындағы сыйлықтар берудің конкурсына ұсынылып, М.Әуезов сыйлығының иегері атанды.