Фонетиканың зерттеу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 19:23, реферат

Краткое описание

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында (1961) Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылды. Алғашқы меңгерушісі ‘’’Ж.Аралбаев’’’ болды. Лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын аталған лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді.

Файлы: 1 файл

Фонетика Раушан.docx

— 58.54 Кб (Скачать)

 

Фонетиканың зерттеу тарихы

 

     Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында (1961) Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылды. Алғашқы меңгерушісі ‘’’Ж.Аралбаев’’’ болды. Лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын аталған лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді. 60-80 жылдарда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І.Кеңесбаев пен Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде біраз зерттелді. Бұл ғалымдар фонетика мәселелерін талдаумен байланысты қазақ тілінің сөйлеу және жазу нормаларына көңіл аударды. І.Кеңесбаев қазақ фонетикасының негізгі проблемаларын, яғни фонемалардың құрамы мен жіктелуі, буынның жасалуы мен алмасуы, дыбыстардың үндесуі, сингармонизм, акцентуация мәселелерін сөз еткен (Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1962.). Фонема теориясына келгенде І.Кеңесбаев дәстүрлі фонология мектебінің принциптерін ұстанады.

    «Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаны фонема деп атаймыз» дейді ғалым. Екпін категориясы сөз болғанда, І.Кеңесбаев оның үш түрін көрсете келіп: лебізді (динамикалық), үнді (тоникалық), квантитатив, яғни қазақ және басқа түркі тілдерінде лебізді екпіннің үстіне квантитатив екпін қосылады дейді.      Қазақ тілінде сөз екпінінен басқа фразалық (ритмикалық) екпін де болады, себебі «сөйлем ішіндегі сөздердің бәрі бірдей үнемі дербес екпінге ие болуы шарт емес». Сондай-ақ ғалым тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын да жасаған. Ж.Аралбаев қазақ тілі фонетикасының кейбір өзекті мәселелерін зерттеп кеткен ғалым: фонемалар құрамы және олардың айтылу ерекшеліктері, сингармонизм заңдылығы, буын жігі және кейбір просодикалық мәселелері (Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер, Алматы, 1988.). Ж.Аралбаев қазақ тілінің фонема теориясының дамуына үлес қосқан. Оның мәні мен жаңалығы, біріншіден, фонемалар бір-біріне қарсы қойылып айқындалады, екіншіден, олар тек өзінің комбинаторлық не позициялық варианттарында көрініс табады деп ғалым нақты мысалдармен дәлеледейді.

    Ғалым фонетиканың тарихи мәселелеріне де назар аударған, «қазақ тілінің көне заңдарын, тарихын жақсы білмейінше, оның қазіргі заңдарын, дамуын жақсы білуге болмайды» деп қазақ тіліне байланысты ламбдаизм, ротацизм құбылыстарын және дыбыстарының ілгерілеу процестері жайында сөз қозғаған. Сондай-ақ Ж.Аралбаев ритмикалық және ой екпіні, фразалық мелодика, интонацияның семантика-синтаксистік функциялары жөнінде де құнды пікірлер айтып кеткен. Бұл ғалымдардың тұсында қазақ тілінің дыбыс құрылысын өмірдің сұранысына сәйкес экспериментті түрде зерттеу қажеттілігі туындады. Сол уақытта бөлім қызметкерлері эксперименттік жұмыстарды жүргізіп, кандидаттық диссертацияларын қорғап шыққан (Ә.Жүнісбеков, С.Татубаев, Н.Түркпенбаев, М.Райымбекова, А.Қошқаров, С.Кеңесбаева, З.Базарбаева). 1986 жылы эксперименттік фонетика лабораторияның аясында фонетика бөлімі ашылып, Ә.Жүнісбеков бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. 2001 жылдан бері З.Базарбаева бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

90-шы жылдардан бастап, Қазақстан  егемендік алғаннан бері қазақ  тілінің фонетикалық жүйесі үндестік  заңы (сингармонизм) тұрғысынан қарастырыла  бастады. Бөлім қызметкерлері экспериментті жұмыстармен қатар теориялық проблемалармен де шұғылданатын болды. Сингармониялық бағытты қолға алып, оның ұғымдары мен терминологиясын жасап, теория деңгейіне көтерген Ә.Жүнісбеков болатын. Аталған бағыттың ұстанған өзіндік принциптері бар: сингармонизм теориясы бойынша фонема мен екпін есепке алынбайды. Сингармонизмнің ең кіші функциональды бірлігі сингема деп танылады және ол төрт түрлі сингармониялық тембрмен сипатталады: езу жуан, езу жіңішке, ерін жуан, ерін жіңішке. Бұл бағыт бойынша қазақ фонологиясын үндесім фонология деп біледі.

       Сонымен қазақ тіліндегі үндесім дыбыстардың құрамы анықталып, жүйе ретінде берілген: барлық дыбыстардың жасалым, айтылым және естілім белгілері анықталған (А.Жүнісбек Қазақ фонетикасы, Алматы, 2009, 17 б.т.; Введение в сингармоническую фонетику, Алматы, 2008, 108 б.). Ғалымның айналысатын проблемалары: Жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш (просодика слова) мәселесі. Тілдердің айырым белгілері олардың жіктеліміне негіз болып қана қоймай, кейбір пікір-талас тудырып жүрген мәселелерді шешуге де септігін тигізеді. Бұл ең бастысы қазақ тілтанымында орнығып қалған «европацентристік» ұстанымдардан арылуға мүмкіндік береді. Сөздік екпін акцент тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни орыс тілінің құрылымына ғана тән болғандықтан, сөздік екпінді, мысалы, қазақ не қытай тілінің құрылымынан іздемеу керек. Әуен немесе тон тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қытай тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше тонды, мысалы, қазақ не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек. Үндесім немесе сингармонизм тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қазақ тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше сингармонизмді, мысалы, қытай не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек. Олай болса: сөздік екпін бар жерде тон мен сингармонизм болмайды; тон бар жерде сөздік екпін мен сингармонизм болмайды; сингармонизм бар жерде сөздік екпін мен тон болмайды. Қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім). Теориялық тілтаным (фонетика) мен қолданбалы лингвистика (оның ішінде әдістеме де бар) үшін әліпби дыбыстардың санымен шектелу жеткіліксіз болып отыр. Себебі дыбыстардың әліпби тізбегі тілдегі ақиқат дыбыстардың бір тобын ғана қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде Т, С (әліпби атауы – ты, сы) дауыссыз дыбыстары бар. Ал осы дыбыстар тек тыс сөзінің құрамында ғана кездеседі де, дәл сол Ты, Сы айтылым үлгілері тіс, тұс, түс сөздерінің құрамында кездеспейді. Өйткені, Ті, Тұ, Тү, Сі, Сұ, Сү дыбыстарының жасалымы да (артикуляциясы), естілімі де (перцепциясы) басқа екені эксперимент арқылы анықталып отыр. Ендеше, теориялық фонетика дыбыс түрленімінің мүмкін болған үлгілерін түгел анықтауға тиіс, онсыз ғылыми нәтиже толық болмайды; бұны қолданбалы лингвистика қолғанат қондырғылар құрастырғанда ескерілуі керек, онсыз ақпарат (байланыс) желісінде ақау болады; әдістеме өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйреткенде пайдалану керек, онсыз акцент жойылмайды. Қазақ тілінде (түркі тілдерінде) үнді-еуропа тілдеріне тән фонема жоқ. Ендеше сол тілдерге тән аллофон да жоқ. Себебі үнді-еуропа тілдері екпінді (акцентті) тілдер, ал қазақ (түркі) тілі үндесім (сингармониялық) тіл. Түркі (қазақ) тілдерінің үнді-еуропа тілдерінің ізімен талданып жүргендігі бұған дейінгі тілтанымдағы европа-өзімшіл (европацентристік) ұстанымның басымдылығынан болып отыр. Өкінішке орай, қазақ (түркі) фонетистері әзірге европацентризмнен арыла алмай келеді. Қазақ тілі үндесім (сингармониялық) тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігі болады. Қазақ сөзінің мағынасын түрлендіретін ең кішкене дыбыс бөлшегі үндесім дыбыс болғандықтан, оны үндесім фонема немесе сингармофонема деп атауға тура келеді. Осыған орай, үндесім фонеманың варианттары үндесім аллофон немесе аллосингармофонема деп аталады. Тағы да еуропацентризмге ұрынбас үшін үндесім фонема (үндесім аллофон) немесе сингармофонема (аллосингармофонема) атауларының орнына ықшам әрі сингармонизмнен туындайтын сингема және аллосингема атауларын енгізген жөн болады. Қазақ тілінің артикуляциялық базасы (моделі) құрамындағы артикуляциялық үлгілер. Қазақ тілінің жасалым негізіне «Қазақ тілі дыбыстарын жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының жиынтығы» деген анықтама берілген. Ендеше қазақ тілі дыбыстарының жасалымына қатысатын сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын дәл анықтап, оның жүйесін (айырым белгілерін) дұрыс сипаттап шығу үшін ең алдымен қазақ тілінің жасалым негізін анықтап алу қажеттілігі туындайды. Олай болмаған жағдайда қазақ тілінің дыбыс құрамы дәл анықталмайды, дыбыс жүйесі дұрыс сипатталмайды. Өкінішке орай, ондай жаңсақтықтар қазіргі қазақ фонетикасында баршылық.

      Жаңсақтықтардан арылудың жолы тек қазақ тілінің жасалым негізіне сүйенгенде ғана табылады. Қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина). Адамзат тілінің әлеуметтік (лингвистикалық) жағымен бірге, оның физиологиялық жағы да бар. Буын адамзат тілінің құрамды бөлшегі болғандықтан, оны екі жағынан да талдауға болады. Жоғарыда айтылғандай, лингвистикалық пайымдаулар буын табиғатының шешімін таба алмай отырғандықтан, буын табиғатын физиологиялық жолмен іздеу қажеттілігі туындайды. Өйткені тіл физиологиясы дегеніміз тіл артикуляциясы болғандықтан, буын тіл артикуляциясының туындысы болып табылады.

 

      Бұл – барлық тілдерге тән ортақ пайымдау, басқаша айтқанда, буын барлық тілдерге тән физиологиялық бірлік. Бірақ дыбыстардың буынға кірігу тәсілі барлық тілдерге ортақ болмайды. Себебі әр тілдің немесе туыстас тілдер тобының өзіне тән бірегей буын құрауыш (просодика слога) амалы бар. Сөйлеу үстінде (сөз құрамында) өзара кірігіп, бір тұтас болып айтылатын (жасалатын) дыбыс тіркесін (немесе дербес дауыстыны) буын дейміз. Буын тілдегі әрі қарай бөлшектенбейтін ең кіші жасалым (артикуляциялық) бірлік болып табылады. Қазақ (түркі) тілінде буыннан кіші морфема болуы мүмкін емес, ендеше қазақ грамматикаларында ескеріліп жүрген дауыссыз морфемалар жалған нәтиже болып табылады. Қазіргі таңда қазақ тілінің дыбыс жүйесі екі теориялық бағыттың принциптері бойынша зерттеліп келеді. Бірінші бағыт дәстүрлі фонологиялық теория негізінде қалыптасқан (І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев). Екінші - сингармониялық теория негізінде қалыптасқан (А.Жүнісбеков, Ж.Абуов). Дәстүрлі теорияны ұстанатын ғалымдар фонема - тілдегі шағын, сөз мағынасын ажырататын функциональды бірлік деп есептейді. Ал сингармониялық теория бойынша, фонеманың қызметін сингема деген просодикалық бірлік орындайды. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі тек сегментті фонетиканың аясында емес суперсегментті фонетика тұрғысынан да зерттеліп жатыр. Себебі тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, сөздердің дыбыстарынан ғана тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегментті деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды. Суперсегментті фонетика дегеніміз сөйлеу тілінің интонациялық жүйесін, оның қызметін, бірліктерін, компоненттерін (әуен, қарқын, интенсивтілік, ырғақ, екпін, ұзақтылық, дауыс реңкі т.б.) тіл білімінің басқа салаларымен (синтаксис, семантика) байланысты қарастырады. Осы орайда ғалым З.Базарбаеваның бастамасымен интонология өз алдына жеке білім саласы ретінде қалыптасып (З.Базарбаева «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі», Алматы, 1996, 11б.т.; «Қазақ тілі: интонология, фонология», Алматы, 2008, 20 б.т.), бөлімнің жас ғылыми қызметкерлері кандидаттық диссертациялар қорғап шықты (А.Фазылжанова, А.Аманбаева). Сондай-ақ сегментті бөлшектерді – фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды – интонология зерттейді. Интонологияның өзіне тән зерттеу объектісі мен әдістері бар. Тіл жүйесінде дербес бір құбылыс ретінде интонацияның өзіндік мағынаға ие болатын бірліктері бар, олар интонема деп аталады. Қай тілде де интонемалардың саны белгілі бір мөлшерден аспайды. Сегментті бөлшектерді – фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды - интонология зерттейді. Қазіргі уақытта қазақ тілінің интонемалары және олардың варианттары анықталып, экспериментті түрде сипатталған. Сөйлемнің барлық түрлерінде де интонеманың өзіндік орны, атқаратын қызметі анықталды. Қазақ тіліндегі анықталған интонемалар тұңғыш рет сөйлемді ажырататын ең кіші функциялық бірлік ретінде қарастырылды. Сөйлемнің қай – қайсысы да интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсысының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемнің сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруы үшін интонеманың мәні ерекше.

    Қай тілде де сөйлеушінің жадында сол тілдің негізгі интонемалары сақталады және бұл интонемалар сөйлесудің эталоны болып табылады. Интонемалар фонемалар сияқты өзінің просодикалық өлшемдерімен және ерекшеліктерімен варианттарында көрініс табады. Ал ол варианттардың қайсысын қолдану-қолданбау сөйлеушінің мақсаты мен еркіне байланысты. Интонеманың да фонема сияқты дифференциялау қасиеті болғандықтан, негізгі қызметі сөйлемдерді ажырату болып табылады. Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттері экспериментті зерттеу арқылы айқындалды. Әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембр интонацияның негізгі компоненттері болып табылады. Сөйлеу тілінде интонацияның аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Бірақ олар сөйлемнің барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Олар өзара түрлі қарым - қатынасқа түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуші, оларды бір-бірінен ажыратушы қызмет атқарады. Интонацияның компоненттері тілдердің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып

 табылады. Барлық тілдердегі  синтагмалар арасындағы мағыналық  қарым-қатынасты білдірудің универсалды әдісі болып, просодикалық тәсілдердің әуені, қарқыны, паузасы саналады. Мысалы, синтагманың соңғы сөзіне түсетін тонның бәсеңдеуі, тиянақты әуені барлық тілдерде сөздің аяқталуының белгісі болып табылады, ал фразаның соңындағы тонның көтерілуі аяқталмағандықты, тиянақсыздықты білдіреді. Барлық тілдерде қарқынның баяу, байсалды болуы информацияның маңыздылығынан хабар береді, ал қарқынның жылдам, тез болуы оның маңызы, мәнінің шамалы екенін білдіреді. Әр тілдегі просодикалық тәсілдердің көрінісі сол тілдің интонациясының жалпы ерекшелігіне байланысты болатыны анық. Мысалы, орыс тілі интонациясының әуеніне әсер ететін, оның ерекшелігін түзетін осы тілдегі сөз екпіні екені белгілі. Орыс тілінің бұл әмбеорынды жылжымалы сөз екпінінің сөздердің морфологиялық формаларын ажыратуда ғана емес, олардың негізгі мазмұнын анықтаудағы мәнін айтуға болады. Ал қазақ тілін алатын болсақ, мұнда әр сөзге түсетін екпін жоқ екені белгілі. Қазақ тілінде, француз тіліндегі сияқты синтагманың соңғы сөзіне түсетін синтагмалық екпін бар екені экспериментті түрде дәлелденген. Интонацияның қызметіне қатысты неше түрлі пікірлер мен таптастыруларды кездестіруге болады. Бұларда әркім әр түрлі өзгешеліктер мен қасиеттерді негізге алады.

   Интонацияның негізгі бес функциясын атауға болады: 1) сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтау, 2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату, 3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату, 4) сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде бір-бірінен айырып, бөліп алу және қосу, 5) әр түрлі эмоцияларды дифференциялау. Өзара тығыз байланысты болып келетін интонацияның функцияларын ешқашан бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайды. Сөйлеушінің алдына қойған мақсаттарына қарай, сөйлемдегі интонация функциясының қолданылуы да түрленіп тұрады. Ол кейде жай хабарлы коммуникативті мағынаны білдірсе, кейде хабарға үстеме эмоциональды мағынаны, ал кейде фактылар туралы айтылған ойлардың мағыналық ақиқаттығының бір-бірімен сәйкестігін, тағы да басқа сезімге, түйсікке байланысты факторларын айқындап тұрады. Интонацияны сөйлемдердің түрлерін түзуде олардың синтагмаларын ажыратып, сөз тізбектерін синтаксистік қызметі мен мазмұнына қарай топтастырып түсінікті ететін, түйіндеп айтқанда, сөйлемдерді адам қоғамының қатынас құралына айналдырып, адамдардың бір-бірімен түсінісуін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі деп санауға болады. Сонымен қазақ тілінің интонациялық жүйесі алғашқы рет егжей-тегжейлі зерттелуінің арқасында оның қортындылары ғылыми айналымға түсіп, интонациялық деңгейдің тілдегі орны, рөлі мен маңызы анықталып, интонология қазақ тіл білімінде, түркітануда тұңғыш рет жаңа сала ретінде танылды. Бөлім қызметкерлері «Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының ғылыми негіздерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ мәтінін (сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері» атты тапсырмасы бойынша 2000-2002жж. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді (З.Базарбаева, Ә.Жүнісбек, А.Фазылжанова). Сөз болып отырған кезең аралығында жүргізілген зерттеулерде жүйелі құрылым болып табылатын мәтін бүтіннен бөлшекке қарай деген методологиялық негізде қаралады. Сөз ағымындағы негізгі жетекші ой өзара мағыналық қатынасқа түсетін жеке-дара ойлар тізбегінен құралады, сондықтан олардағы просодикалық тәсілдер де белгілі бір байламда тұрады.   

 

      Қазақ мәтінін (сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері интонация межесінде арнайы экспериментті-инструментті әдісті қолдану арқылы алғаш рет зерттелді. Зерттеудің мақсаты қазақ мәтінін сұрыптап алып, оларды алдымен күрделі фразалық тұтастыққа, құрмалас сөйлемге, күрделенген сөйлемге, жай сөйлем түрлеріне, синтагмаларға жіктеп, мәтіннің мазмұндық мүшеленуінің интонациялық көрсеткіштерін, мазмұн мен интонация және синтаксис ара қатынасын ашып көрсету болатын. Мәтіннің мүшелену нәтижесінде оның сегментті және суперсегментті бірліктері анықталады. Интонацияның мәтінді сегменттерге мүшелеуінің маңызы зор. Мәтінді сегментке мүшелеуде оның қандай бірліктерге бөлінетінін, олардың өзара қалай байланысатынын, мәтін құрамында орналасу ретін, просодикалық тәсілдердің қайсысы айырықша қызмет атқаратынын байқауға болады. Мәтін аумағында интонациялық құралдың қызметін талдау, оның интонациялық және семантикалық сипаттамаларының ара қатынасын белгілеу, мәтіннің семантикалық дәрежесін көрсетуде интонацияның рөлі ерекше, себебі ол интонациялық өлшемдер мен басқа тіл өлшемдері арасында өзара әсер түрінің тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ интонациялық бірліктер басқа да тіл бірліктерінің байланысын, бір-біріне қатысын жеткілікті түрде көрсетіп бере алады. Сөйлеу барысында лексика-грамматикалық тәсілдермен бірге, ал кейде жалғыз өзі-ақ сөз мазмұнын, тіл бірліктерінің мағыналық ара-қатынасын жеткізе алады. Мәтін деңгейінде просодикалық тәсілдерді талдау барысында жаңа нәтижелерге жетуге болады. Мәтін мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздерін анықтау үшін ең алдымен оның құрамдас бөліктерін іріктеп, олардың өзара байланысу қағидаларын саралап алудан бастау керек. Мәтіннің мағыналық жіктері мен семантика-грамматикалық байланыстарын, әуеннің құбылуы, қарқынның баяулауы мен жылдамдауы, үдемелігінің күшеуі, тоналды дипазондар мен интервалдардың өзгеруі және басқа да интонациялық компоненттерінің көрсеткіштерінен байқауға болады. Сондай-ақ мәтін бөлшектері біріне-бірі ұласып, бірінен-бірі өрбіп, бірімен-бірі үндесе үйлесіп бір ойды просодикалық құралдар арқылы жүзеге асырылады. Зерттеуде мәтіннің күрделі фразалық тұтастық деңгейінде мүшеленуін, кешенді түрде, яғни функциональды-семантикалық (дискурстық бағыт) және прагматикалық (пресуппозиция тұсынан) қырларынан қарастырудың тиімділігі айқындалып, дәлелденді. Қазақ тілі мәтінінің мағыналық-тұлғалық ұстаным негізінде мүшеленген бірліктеріндегі интонация көріністері сипатталып, олардың мәтін құрамында орналасу реті айқындалды.

      Қазақ мәтінінің семантика-интонациялық мүшеленуіндегі просодикалық құралдар қызметі олардың әрқайсысының сөз семантикасына тәуелді түрде өзіндік көрініс тауып бірігуі нәтижесіндегі кешенді құбылыс ретінде қарастырылды. Интонацияның сөйлеу тіліндегі көріністері, оның компоненттерінің мәтін бөлшектерінде ара-қатынасы мен өзара байланысуында алатын орны және басқа да қасиеттері мүмкіндігінше жан-жақты тексеріліп, анықталды. Мәтіннің құрылымы мен жасалуына қызмет атқарып, әрі ондағы айтылған сөздің коммуникативтік мағынасын, эмоциялық-экспрессивтік қырларын анықтауда сөз әуенінің көтерілуі мен бәсеңдеуі, сөз бөлшектерінің белгілі бір уақыт аралығындағы ұзақтылығы, сөз ағымындағы кідіріс, айтылымның қайсыбір бірлігін ерекшелеп тұлғаландырудағы қарқын мен үдемелік және адамның көңіл-күй ахуалын жеткізудегі дауыс реңкінің рөлі экспериментті әдістер арқылы сипатталды. Интонация және оның бірліктері мен компоненттерінің қазақ тілінің түрлі синтаксистік құрылымдарында өзара әрқилы күрделі қатынастарға түсіп, мәтін сегменттеуде, мәтін бөлшектерін семантикалық-құрылымдық топтарға бөлуде, оларды бір-бірімен байланыстыруда мәні зор екені эксперимент арқылы дәлелденді. Сөйлеу тіліндегі синтаксистік құрылымдардың аяқталған-аяқталмағандығы, олардың кідіріс арқылы бөлінуі, ол құрылымдардың интонациясының әуені, қарқыны, ұзақтылығы, үдемелігі, тональды диапазоны мен деңгейі ондағы айтылған ойдың мазмұнына тікелей қатысып, мәтіннің сегменттерге мүшеленуінде зор қызмет атқаратыны дәлелденді.

Информация о работе Фонетиканың зерттеу тарихы