Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 20:34, реферат
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сондықтан нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде ақша-несие саясат жүргізуі керек. Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі
КІРІСПЕ
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары
2. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Ақша-несиелік реттеудің қазіргі жағдайы
2.2 Ақша-несие саясатын талдау
2.3. Ақша-несие саясатын жетілдіру мәселелері және болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы
ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн
өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша – несие саясатын Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі жүргізеді.Қазақстан Республикасының
қаржы секторын одан әрi дамыту және Қазақстан
Республикасының ақша-кредит саясатын
халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру
мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкiметi қабылдаған 2007-2011 жылдарға арналған
тұжырымдамасы да осы ақша – несие саясатына
тікелей бағытталған. Ұлттық Банк жүзеге
асыратын ақша-несие саясаты ұлттық экономиканың
дамуының тиімділігін реттейтін басты
саясаттардың бірі болып табылады.
Бұл саясаттың экономика дамуындағы маңыздылығын
Қазақстан Республикасы Қаржы саласының
бүгінгі таңда ТМД елдері бойынша ең дұрыс
қалыптасқан және әлемдік талаптарға
сай дамып отырған бірегей жүйе болуымен
және елдің ақша-несие саясатында 2002 жылдардан
бастап негізгі басты мақсат ұлттық валютаның
тұрақты деңгейін және оның нығаюын қамтамасыз
ету болып отырғандығынан көре аламыз.
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды
сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық
Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде
жүзеге асырады. Бүгінгі күні ақша-несие
саясатын жүзеге асыруда онымен бірге
орын алып отырған мәселелер тобын айта
кету қажет, олар өздеріне ерекше оларға
экономиканың перегреві, шетел капиталдарының
жоғары ағылымы, қаржы рыногының өтімділігінің
азаюы. Осыған байланысты инфляция тек
қана Ұлттық Банк бақылауында ғана анықталып
қоймай, ол кең мақсатта еліміздің ішкі
және сыртқы жағдайларына тәуелді болып
отыр. Макроэкономикалық көрсеткіштер
мен инфляция арасындағы байланысты есеке
отырып Ұлттық Банк оларды реттеудегі
трансмиссионды механизм – комплексті
шараларға әсер ету әдістерін қолдануда.
Сондықтан жоғарыда аталған мәселелерді
шешу үшін ақша-несие саясаты құралдарының
бірі пайыз саясатын қысқа мерзімдегі
негізде өсіру қолға алынып отыр. Осыған
байланысты Ұлттық Банк 2005 жылы ақша-несие
саясаты арқылы реттеуді кеңейтті. Оларға:
ақша-несие саясаттарын оптимизациялау,
салымдардың тартылу мерзімдерін белгілеу,
қысқа мерзімді ноталардың айналысқа
шығуы, қайта қаржыландыру операциялары.
Осы қайта қаржыландыру елдегі инфляцияны
төмендету мақсатында пайыздарды өсіруді
қолға алды. Қаржы рыногын қайта қаржыландыру
пайыздары арқылы кварталдар бойынша
бақылап, оны реттеп отыруа ақша-несие
саясатының белгіленген бағыттары бойынша
қызмет етуге мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Ақша-несие саясатын жетілдіру мәселелері және болашақтағы даму сипаты