Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 20:34, реферат
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сондықтан нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде ақша-несие саясат жүргізуі керек. Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі
КІРІСПЕ
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары
2. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Ақша-несиелік реттеудің қазіргі жағдайы
2.2 Ақша-несие саясатын талдау
2.3. Ақша-несие саясатын жетілдіру мәселелері және болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық
мәні және негізгі құралдары
2. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Ақша-несиелік реттеудің қазіргі жағдайы
2.2 Ақша-несие саясатын талдау
2.3. Ақша-несие саясатын жетілдіру мәселелері
және болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы
ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін
өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы
болып табылады. Сондықтан нарыққа өту
кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді
ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы
кезеңінде ақша-несие саясат жүргізуі
керек. Қазақстан Республикасының әлемге
нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде
танылғаны бәрімізге белгілі. Ал нарықтық
экономиканың негізгі талабы бұл экономиканың
еркіндігі және мемлекеттің экономикаға
тек қана жанама реттеу әрекеттерімен
ғана араласуы болып табылады. Экономиканы
жанама реттеудің негізгі құралдарына:
ақша-несие саясаты, бюджеттік-салық саясат,
тарифтік және валюталық саясаттар жатады.
Өз кезегінде экономиканы ынталандыруда
және шаруашылық механизмді реттеуде
ақша-несие реттеудің маңызы зор болып
табылады.Егеменді еліміздегі ұлттық
экономиканың нарықтық экономикаға өтуіне
байланысты экономиканың тиімді және
тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі
ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін,
ақшалардың және несиенің айналысын, олардың
көлемін, банк және қаржы жүйелерінің
қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ
тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары
мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің
және қаржы саласының негізгі міндеті
мен мақсаты болып табылады. Осы аталған
экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын
саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкік жүргізетін ақша-несие саясаты
болып табылады. ҚҰБ өзі жүргізетін
операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру
мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына
несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция
деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік
ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын
аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне
әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты
мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін
көтере отырып, несиеге деген сұранысты
азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны
және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз
ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі,
шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз
кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек,
ақша-несие саясаты алдағы уақытта немесе
белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне
қол жеткізуге тиіс. Бүгінгі таңда
өзекті және негізгі саясатардың бірі
болып отырған ақша-несие саясатының қалай
іске асатындығын, қызмет ету механизмін,
Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі
басты қызметтерін және ақша-несие саясатындағы
инфляциялық таргеттеудің жүргізілуі
осы тақырыптың зерттеу объектісі болып
табылады. Бұл тақырыптың мақсаты еліміздің
ақша-несие саясатының экономиканы жанама
ретеудегі маңыздылығын, оның іске асу
механизмі мен қазіргі таңдағы даму беталысын
қарастыру болып табылады.
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ НЕГІЗДЕРІ
1.2 Ақша-несие
саясатының экономикалық мәні
және негізгі құралдары.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы
ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн
өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие
саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын
басты орган болып табылады. Ақша-несие
саясатының экономикалық маңызы бұл саясат
нарықтық экономиканы реттеудегі өте
тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту
саясатты болуында. Ақша-несие саясатының
макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi
– Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық Банк тарапынан
реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол
және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы
жатады.
Шаруашылық жағдаятына
байланысты ақша-несие саясатының екi
түрi бар:
Рекстрикциялық
ақша-несие саясаты - коммерциялық
банктердiң несиелiк операциялар көлемiн
шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға
бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты
– несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы
ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен
және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне
байланысты сипатталады.
Ақша саясатының
құралдарын төмендегiдей топтастыруға
болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудiң лимитi, пайыз
мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тiкелей (а) және жанама
(ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану
ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты.
Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы
өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама
құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады. Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық
саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық,
сыртқы сауда, құрылымдық және басқа
да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша
саясаты жоғарыда аталған саясаттардың
бір бағыты ретінде қарастырылады. Аралық
мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей
орталық банктің жанама құралдары арқылы
жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жетуде
Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей
ақша-несие саясатының негізгі құраддарының
көмегімен реттеледі:
Қазақстан Ұлттық Банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс. Ұлттық Банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етіп отырады. Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алып-сатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары ссудалық нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен ішкі құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы, ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
Ақша-несие
саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн
өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын
Орталық банк коммерциялық банктерге
несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi
өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз
алу азаяды, демек коммерциялық банктiң
қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық
банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз
пайыз мөлшерлемесiн өсiредi.
Ақша мультипликаторы –
ақша базасы бiр бiрлiкке өскенде, ақша
ұсынысының қалай өзгеретiндiгiн көрсетедi.
Ақша мультипликаторының мөлшерi мiндеттi
резервтеу нормасына байланысты, өйткенi
мiндеттi резерв банктер мен несие ресурстарының
көзi ретiнде пайдаланылмайды, сонымен
қатар айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады. Мiндеттi
резервтер – бекiтiлген нормативке сәйкес
Ұлттық Банктегi арнайы шотта несие корреспонденттiк
шотында сақталуға мiндеттi банк депозиттерiнiң
бөлiгi. Артық резервтер – дегенiмiз
банктердiң Ұлттық Банктегi корреспонденттiк
шотта қаражатының барлығына байланысты
болғандықтан, Ұлттық Банк ақша базасының
мөлшерiн, екiншi деңгейдегi банктердiң
Ұлттық Банктегi корреспонденттiк шоттағы
қаражатының көлемiн, яғни банктер өнiмiлiгiн
реттеу арқылы реттейдi. Ол ақша-несие
саясатының құралдарын пайдаланумен iске
асады. Бұл құралдар ақша базасының кенеюi
шегiн көрсететiн және ақша жиынының, ақша
базасы арқылы есептелетiн ақша мультипликаторының
мөлшерiне әсер етедi.
2. ЭКОНОМИКАНЫ
РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ
2.1 Ақша-несиелік
реттеудің қазіргі жағдайы
Ақша-несие саясатын әзiрлеу
және жүргiзу Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк ақша-несие
саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын
бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан
Ұлттық Банкi ақша-несие саясатын бағалардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында
жүзеге асырады. Ұлттық Банктің экономиканы
реттеудегі басты мақсаты бағаның
тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие
саясатының басқа түрлері (айырбас
бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат
болып табылмайды.
Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкiнiң ақша-несие
саясатының құралдарын нақты қарай отырып,
оларды бiрнеше көрсеткiштерге бөлуге
болады:
- ықпал ету нысаны бойынша- тiкелей
және жанама. Ақша-несие реттеудiң тiкелей
ықпал ету әдiстерi реттелетiн объектiге
тiкелей ықпал етуге мүмкiндiк бередi, олар
басқаруы жоғары деңгейде орталықтандырылған
елдерге тән, сондай-ақ нарықтық экономикалы
елдерде мына тарихи ерекшелiктерге орай
пайдаланылады:
- тiкелей ықпал ететiн объектiлер бойынша
- ақша ұсынысы мен ақша сұранысы;
- реттеу барысында белгiленетiн параметрлер
бойынша сандық және сапалық;
-уақыт аралығына негiздеп- ақша-несие
реттеудiң қысқа және ұзақ мерзiмдi құралдары;
- ықпал ету ауқымы бойынша- жалпы
және iрiктемелi;
Ұлттық Банк
негізгі мақсатты орындау үшін мына міндеттерді
іске асыруды жалғастырады:
1) мемлекеттік ақша-несие саясатын
әзірлеу мен жүргізу;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық
бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
2.2 Ақша-несие саясатын талдау
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық ақша-несие саясатының негізгі мақсаты болып табылатын ұлттық валютанының тұрақтылығы болса, ал сол валютамыз теңге толық қанды даму барысында. Бұл ұлттық валютаны кең көлемде қаржы секторында реформалауды 1993 жылы 15 қарашада енгізілгеннен бастап іске асты. Бұл салада әлемдік стандарттарға қол жеткізу Қазақстанның қаржы жүйесінің жоғары деңгейге жеткендігін көрсетеді. ТМД елдері бойынша қаржы жүйеміз неғұрлым рыноктық талаптарға сай дамыған, мемлекеттік араласудан өзара арылып шыққан жүйелердің бірі болып табылады.
|
Бүгінгі таңдағы
ақша-несие саясатының негізгі
мәселесі белгіленген инфляция
мөлшерінің тұрақты деңгейін
сақтау және елдегі қазіргі
болып жатқан қаржылық, несие
беру бойынша туындап отырған
мәселелерді реттеу болып
Ақша-несие саясаты тек
қана инфляция деңгейін реттеп қана қоймай,
айналыстағы ақша массасын реттеп отырады.
Ал бұл өз кезегінде ЖІӨ динамикасына
елеулі әсер етеді.
2010 жылы экономикадағы банктердің
кредиттерінің көлемі 0,6% төмендеді.
Банктердің кредиттік белсенділігінің
төмендеуінен М3 өсуі 2010 баяулады. 2011 жылғы
1-тоқсанда кредиттеу көлемі 0,9% ұлғайды,
М3 жедел өсті, алайда ЖІӨ өсуі жылдық көрсетуде
6,9%-ға дейін баяулады ( 2010 жылғы 4-тоқсанда
- өсу 7,0%). Ақша- несие саясатының ең басты
көздеген бағыттарының бірі - теңге тұрақтылығын
қамтамасыз ету. Соған байланысты ұлттық
валютаның кәсіпорындардың шаруашылық
қызметіне ықпалын қарастырып өткен жөн.
2.3 Ақша-несие саясатын
жетілдіру мәселелері және болашақтағы
дамусипаты
Ұлттық валютаның ендiрiлуiне
байланысты, мемлекеттiк ақша-несие
саясатын жүргiзу мен банк реттеуi қатысында
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң
рөлi едәуiр артты. Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi банк жүйесi жұмысының
нормативтiк және құқықтық базасын
қалыптастыруға көп назар аудара бастады,
пруденциялық реттеудiң нормативтiк базасы
ендiрiлдi, банктер үшiн ең төмен резерв
талаптары, экономикалық нормативтер
белгiлендi және шетел қатысуымен банктердiң
қаржыларының бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру
және банктердiң қарыз қоржынын сыныптау
туралы ережелер қабылданды.
1993 жылғы сәуiр айында “Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi туралы”
Қазақстан Республикасының жаңа Заңы
қабылданды, онда орталық банктiң мiндеттерi,
қызмет қағадалары, орталық банктiң құқықтық
мәртебесi мен өкiлеттiктерi, банк жүйесiндегi
орны мен рөлi, Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк билiк органдарымен өзара
қатынастары белгiлендi.Қазiргi уақытта
екiншi деңгейдегi барлық жұмыс iстейтiн
банктердiң ширегiне жуығы қосылу мен
бiрiгу процесiмен бетпе-бет кездестi.
Бiрiгуден кейiн олардың негiзгi қаржылық
және сапа көрсеткiштерi жақсарып, оларға
елдiң тұрақты банкiлерiнiң қатарынан көрiнуге
мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк банк санын қысқартуға ұмтылмайды,
керiсiнше, әрбiр банктiң таратылуы бүкiл
елдiң банк жүйесiн беделiн кетiруi мүмкiн
және бұл өте ауыр және ұзақ уақыт жалғасатын
жұмыс. Сондықтан және Қазақстанның ауқымды
аумағын ескере отырып және аймақтардағы
банк институттарының төмен шоғырлануына
байланысты, Ұлттық Банк банк қызметтерiнiң
нарығында өзiнiң орнын нық алатын аймақтық
банктердi қолдау жөнiндегi жанама шаралар
қолдануда. Аймақтық банктер үшiн Астана
және Алматы қалаларында орналасқан банктермен
салыстырғанда, меншiк капитал мөлшерi
төмен даңгейде белгiленген. Аймақтық
банктердiң меншiк капиталының ең төменгi
мөлшерi 500 млн. теңгеден кем болмауға,
басқа жұмыс iстейтiн банктердiкi- 1 млрд.
теңгеден артық болуға тиiс. Қазiргi уақытта
37 банктiң меншiк капиталының мөлшерi 1
млрд. тең немесе одан артық.Экономиканың
тұрақтандырылған және инфляция деңгейiнiң
жалпы төмендеу жағдайында, банк институттары
үшiн несие операцияларының басымдығы
анық. Мемлекет тарапынан экономиканы
несиелеу үшiн белгiленген жағдайлар жасалуда.
Атап айтқанда, Ұлттық Банк коммерциялық
вексельдердi қайта есептеу жолымен экономиканың
нақты секторының кәсiпорындарын белсендi
түрде несиелейтiн екiншi деңгейдегi банктердi
қайта қаржыландырады.Тұрғын үй құрылысы
саласында ипотекалық несиелеудi белсендiру
мақсатында, ел Үкiметi Қазақстан Республикасында
ұзақ мерзiмдi тұрғын үй құрылысын қаржыландыру
мен ипотекалық несиелеу жүйесiн дамытудың
тұжырымдамасын қабылдады. Осыған байланысты
2000 жылдың соңында Қазақстандық ипотекалық
компания құрылды. Қазiргi уақытта Ұлттық
банкiнiң қалыптасуы үшiн 1 млрд. теңге салды
және ол Компанияның жеке дара акционерi
болып табылады. Компанияның капиталында
қатысуға бiрқатар отандық iрi банктер;
сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары
(ЕББР және ХВҚ) келiсiм бердi. Компания
ипотекалық несиелердiң қайталама нарығындағы
оператор болады және оның негiзгi функциясы
екiншi деңгейдегi банктерден стандартты
ипотекалық несие алып және осы несиелермен
қамтамасыз етiлген облигациялар сатып
оларды қайта қаржыландыратын болады.
Әлемдік тәжірибеде Орталық
банктің және коммерциялық банктердің
несиелері арасында тұрақты өзара байланыс
байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі
елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда
Орталық Банктің ставкалары несиелер
бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы
шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда
ең төменгі шегі белгіленеді. Орталық
банктің несиелері банктік ресурстар
көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық
саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға
таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы
құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау
кезінде ереқше танымал болды, себебі
ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға
қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал
ашық нарықтағы операциялар дамымады.
Ал қазіргі кезде ақша-несие
саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін
бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың
мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық
саясаттан толық бас тарту мүмкін емес,
өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы
тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы,
АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас
тартқан елдердің бірі болып саналады.
Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми
пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу
құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші
ретінде пайдаланылады.Әлемдік тәжірибеде
пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына
көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген
жағдайларда пайыздық ставкаларда жанама
реттеу банктік резервтер келеміне әсер
ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей
белгілеуді ауыстыруды болжайды.
Соңғы жылдары банктер
құрамына сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары, зейнетақы активтерiн басқару
жөнiндегi компаниялар, сондай-ақ өнеркәсiптiк,
сауда және басқа да кәсiпорындар кiретiн
үлестес тұлғалардың үлкен топтарының
бөлiгi болып қалуда. Осыған банк қадағалауы,
атап айтқанда, бiрiктiрiлген қадағалау
жөнiндегi жаңа заңнама және норматвитiк
құқықтық кесiмдердiң қабылдануы негiз
болды.
Қазiр банктер өзiнiң
стратегиясын негiзiнен халықаралық
тәжiрибеде қабылданған стандарттар
негiзiнде қалыптастырады. Қызметтерi халықаралық
стандарттарға жауап бермейтiн банктер
Ұлттық банкке өзiнiң қызметiн капиталдандыру
және жақсарту жөнiндегi жоспарларын
табыс етуге тиiс. Мұндай жоспар Ұлттық
Банк тарапынан нысанды түрде талап
қана емес, ол активтер мен пассивтердi
басқаруды, несие және депозит саясатын,
iшкi бақылау жүйесiн ендiрудi, бухгалтерлiк
есеп берудiң стандарттарына көшу және
ақпарат ендiру мен таратужөнiндегi ең
төмен стандарттарына қол жеткiзудi қоса
алғанда, орталық банк қызметiнiң барлық
бағыттарын қамтиды және пруденциалдық
нормативтер бойынша белгiленген талаптарға
және басқа да мiндеттi талаптарға қол
жеткiзу жолдарын, қызметкерлермен
жұмыс iстеу жоспарларын, жаңа банк қызметтерiн
игеру, банктiң басқару және экономикалық
саясатын жетiлдiру жоспарларын көрсетуге
тиiс. Ақша-кредит саясатының аспаптарын
жетiлдiру және оны Еуропалық Одақ елдерiнiң
стандарттарына жақындату мақсатында
Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай негiзгi
шараларды iске асырды.
1. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын
тоқсан сайын қайта қарауды және белгiлеудi
iс жүзiнде қолданылу енгiзiлдi, ол валюталық
өтiмдiлiктi, инфляцияны және т.б. реттеу
жөнiндегi негiзгi аспаптардың бiрi ретiнде
пайдаланылатын болды. Осылайша, 2006 жылғы
1 шiлдеден бастап қайта қаржыландыру ставкасы
9%, екiншi деңгейдегi банктерден тартылатын
депозиттер бойынша 4% деңгейiнде қалыптасып
отыр.Ұлттық Банктiң операциялары бойынша
ставкаларды арттыру нәтижесiнде банкаралық
ақша нарығында және банктердiң кредиттерi
бойынша ставкаларды арттыру күтiлуде,
мұның өзi өз кезегiнде кредиттiк белсендiлiктiң
және ақша агрегаттарының өсу қарқынын
баяулатуға әкеп соқтыруға , түпкi қорытындысында
инфляцияның деңгейiн төмендетуге тиiс.
2. Ең төменгi резервтiк талаптарды
есептеу әдiстемелерi жетiлдiрiлдi. Қазақстан
Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 2006 жылғы 27
мамырдан бастап "Ең төменгi резервтiк
талаптар туралы ереженi бекiту туралы"
және "Ең төменгi резервтiк талаптардың
нормативтерiн белгiлеу туралы" жаңа
редакциядағы қаулылары қабылданды.Алдыңғы
редакциямен салыстырғанда мiндеттемелер
құрылымы бөлiгiнде өзгерiстер көзделедi,
ол бойынша екiншi деңгейдегi банктер ең
төменгi резервтiк талаптардың және есептiлiктi
беру тәртiбiнiң нормативтерiн орындауға
мiндеттi болады.
Информация о работе Ақша-несие саясатын жетілдіру мәселелері және болашақтағы даму сипаты