Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері және ақпарат жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 06:56, реферат

Краткое описание

Қаржылық менеджмент қаржы теориясында дамыған бірқатар байланысқан негізгі тұжырымдамаларға тірек етеді. Бұлар келесі:
а) уақытша ақша құны тұжырымдамасы;
ә) табыстылық пен тәуелділік арасындағы мәміле тұжырымдамасы;
б) капитал бағасы тұжырымдамасы;
в) капитал нарығының тиімділік тұжырымдамасы;
г) мәлімет ассиметриясы тұжырымдамасы;
ғ) агенттік қарым-қатынастар тұжырымдамасы;

Файлы: 1 файл

Айжан Кітап Қаржылык менеджмент жана.doc

— 118.50 Кб (Скачать)

      Қаржылық  ресурстарды кәсіпорынның пайдалануы әр түрлі бағытта жүзеге асырады:

  • өндірісті кеңейтуге мен оның техникалық жаңаруына күрделі шығынға өзінің қаражаттарын инвестициялау;
  • қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қаржы – банк жүйесінің ұйымдарына төлем (бюджетке салық төлеу, несиені пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлеу, сақтандыру төлемдері);
  • қаржы ресурстарын нарықта алынатын басқалай фирмалардың құнды қағаздарын алуға инвестициялау;
  • қаржылық ресурстарды әлеуметтік және марапаттау сипатындағы ақшалай қорды құруға бағыттау;
  • қаржылық ресурстарды демеушілік мақсатында пайдалану.

      Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және кәсіпорынның шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы  ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мамлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.  

      2.3. Қаржылық менеджменттің механизмі

      Қаржылық  механизм – бұл кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістарінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді. Қаржылық механизм құрамына бір-бірімен байланысқан бес элементтер кіреді: қаржылық әдістер, қаржылық тұтқалар, құқықты-нормативті және ақпаратты қамтамасыз ету.

      Қаржылық  менеджменттің механизмі өзімен бірге кәсіпорынның қаржылық іс-әрекет облысында басқару шешімдерін өңдеу мен іске асыру үрдісін реттейтін негізгі элементтер жүйесін көрсетеді. Қаржылық менеджменттің механизм құрылымына келесі элементтер кіреді:

  1. Кәсіпорынның қаржы іс-әрекетін мемлекеттік нормативті – құқықтық реттеу – заңдар және басқа да нормативті актілерді қабылдаудың кәсіпорыннның қаржы іс-әрекетін реттейтін, өзімен мемлекеттің ішкі қаржы саясатын іске асыру бағытының бірін көрсетеді.

        Нормативті қамсыздандыру:

  • нұсқаулар;
  • нормалар;
  • басқа нормативті құжаттандыру.

      Құқықтық  қамсыздандыру:

  • заңдар;
  • президенттің қаулылары;
  • үкімет қаулылары;
  • заңды тұлғаның жарлығы.
  1. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеттің жеке аспектілердің реттеудің ішкі механизмі – осындай реттеудің механизмі кәсіпорынның өзінің ішінде қалыптасып, осыған сәйкес оның қаржылық іс-әрекет сұрақтары бойынша белгілі бір жедел басқару шешімдеріне тәртіп белгілі:

      Қаржылық  тұтқалар:

  • пайда;
  • табыс;
  • қаржылық санкциялар;
  • баға;
  • пайыз, дисконт;
  • мақсаттық экономикалық қорлар;
  • салымдар;
  • инвестициялар;
  • валюталардың бағамы.
  1. Кәсіпорынның қаржылық  іс-әрекет реттеудің нарықтық механизмі – бұл механизм ең алдымен, қаржы нарық сферасында, оның жеке түрлері мен белгілі бір сегмент аясында қалыптасады.
  1. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекет басқару үшін нақты әдісі мен тәсілдер жүйесі – қаржылық іс-әрекет бақылау, жоспарлау және анализ жасау процесінде әдістер мен тәсілдердің кеңейтілген жүйесі қолданылады. Олардың көмегімен керекті нәтижеге жетеді. Негізгі әдістерге келесілер жатады:
  • жоспарлау;
  • болжау;
  • инвестициялау;
  • несиелеу;
  • салық салу;
  • есептеу жүйесі;
  • сақтандыру;
  • трансферттік операциялар;
  • жалгерлік;
  • лизинг;
  • факторинг.
 

      2.4. Қаржылық менеджменттің ақпараттық  базасы

      Қаржылық менеджменттің ақпараттық жүйесі кәсіпорынның қаржылық қызметінің барлық аспектілері бойынша талдауды жүзеге асырады, шұғыл басқару шешімдерінің тиімділігін дайындап және жоспарлау үшін қажетті, сәйкес ақпараттық көрсеткіштерді таңдауға бағытталған үздіксіз үрдісті сипаттайды.

      Қаржылық  менеджменттің ақпарат жүйесі қажетті  ақпаратпен тек кәсіпорынның өз меншік иелері мен басқару персоналын ғана емес, сонымен қатар оның сыртқы қолданушылар ортасының кең қауымның қызығушылығын қанағаттандырады.

      Қаржылық  менеджменттің ақпараттық жүйесіне кіретін ақпаратпен қолданушылар құрамын сипаттай, осы ақпараттың ішкі және сыртқы қолданушыларының қызығушылық ортасын ескерген жөн.

      Сыртқы  қолданушылар кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесі мен оның қаржылық жағдайын сипаттайтын, ақпараттың тек осы бөлігі қолданылады. Осы ақпараттың басыңқы бөлігі кәсіпорынмен ұсынылатын, ресми қаржылық есеп беруде болады.

      Ішкі  қолданушылар жоғарғылармен қатар, комерциялық құпияны ұсынушы, кәсіпорынның қаржылық қызметі туралы ақпараттың басым көлемін қолданады. Одан басқа ішкі қолданушылар қаржылық менеджменттің ақпараттық жүйесі кіретін, сыртқы көздерден қалыптасқан, қаржылық көрсеткіштердің басым бөлігін қолданады (4-сурет).

      Әрбір басқару жүйесінің тиімділігі оның ақпараттық қамсыздандыруына байланысты. Қаржылық менеджмент ақпараттық жүйесі бұл мақсатқа сәйкес ақпаратты жинақтау болып табылады. Қаржылық менеджменттің ақпараттық базасы әртүрлі экономикалық, коммерциялық, қаржылық және т.с.с. ақпараттардан тұрады (2-кесте). 

Қаржылық ақпараттың басты қолданушылары
 
 
ІШКІ  ҚОЛДАНУШЫЛАР

Қаржылық ақпараттың басты қолданушылары

Ішкі қолданушылар

 
 
 

    Кәсіпорын (директоры) басқарушысы
Барлық  дәреженің қаржылық менеджерлері

 

Кәсіпорын (акционерлері) меншіктері

 

Басқа да ішкі қолданушылар

 

СЫРТҚЫ  ҚОЛДАНУШЫЛАР
 

Кәсіпорын кредиторлары

 

Потенциалды инвесторлар

 

    Операциондық  қызмет бойынша кәсіпорын контрагенттері

 

Салық органдары

 

Аудиторлық  формалар

 

Тартылатын  қаржылық кеңесшілер мен сараптамашылар

 

Қор биржалары

 

Басқа да сыртқы қолданушылар

 
 

 
4-сурет. Қаржылық  ақпаратты пайдаланушылар сызбасы

2-кесте.  Қаржылық менеджменттің ақпараттық  базасы 

Мәліметтер Көрсеткіштер
1. Құқықтық  сипаттағы мәліметтер - заңдар, қаулылар  және басқа да нормативтік  актілер;

- қаржылық институттардың құқықтық негіздерін анықтайтын қаулылар мен құжаттар.

2. Нормативті-анықтамалық  сипттағы қаржылық мәліметтер - мемлекеттің  органдарының нормативтік құжаттары  (Қаржы Министірлігі, ҚР Ұлттық  Банкі және т.б.);

- халықаралық  ұйымдар мен әртүрлі қаржы институттардың қаржы облысындағы нарық қатысушыларына қойылатын талаптар, ұсыныстар мен нормативті саласы..

3. Бухгалтерлік  есептеме - бухгалтерлік  баланс;

- жылдық есептемелер.

4. Қаржылық  сипаттағы статистикалық мәліметтер - мемлекеттік  статистика органдарының биржалармен және арнайы ақпараттық-аналитикалық агенстволарының қаржылық мінездегі мәліметтерді жария ету.
5. Жүйелік  емес мәліметтер - қаржылық мінездегі  ақпаратқа қатысы жоқ мәліметтер  немесе басқа да жиелерде жұмыс істейтін тұрақты жиелік ақпараттар (ресми статистика, аудит компаниялардың мәліметтері, халықаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтер, ресми емес мәліметтер).
 

      2.5. Қаржылық менеджментті ақпараттық  қамтамасыз етудегі сыртқы көздер  сипаты 

      Қаржылық  менеджменттің ақпараттық жүйесін қамтамасыз етудің мазмұны, оның кеңдігі мен тереңдігі кәсіпорын қызметінің салалық ерекшелігімен, олардың ұйымдық-құқықтық түрінің жұмыс істеуімен, қаржылық қызметінің көлемі мен әртараптану дәрежесімен және басқа шарттар қатарымен анықталады.

      Осы жүйенің нақты көрсеткіштері  ақпараттың сыртқы көздерінен, сол  сияқты ішкі көздері есебінен де қалыптасады. Осы көздердің әр тобының бөлігінде  қаржылық менеджменттің ақпараттық жүйесіне кіретін, барлық көрсеткіштер жиынтығы алдын-ала жіктеледі.

      Сыртқы  көздерден қалыптасқан, қаржылық менеджменттің  ақпараттық қамтамасыз ету көрсеткіштер жүйесі негізгі 4 топқа бөлінеді. Оны 5-суреттен көруге болады. 

Сыртқы  көздерден қалыптасатын ақпараттық көрсеткіштер
 

 

Мемлекеттік жалпы экономикалық дамуы сипттайтын көрсеткіштер
 
 
Макроэкономикалық дамудың көрсеткіштері
 

Салалық дамудың көрсеткіштері

 

Қаржылық нарық  конъюктурасын сипаттайтын  көрсеткіштер

 

Қор құралары рыногының конъюктура көрсеткіштері

 

Ақша  құралдары рыногының конъюктура көрсеткіштері

 
 
 
 

Крнтрагент пен  бәсекелестерді сипаттайтын  көрсеткіштер

 

Банктердің

 

Информация о работе Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері және ақпарат жүйесі