Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:36, курсовая работа
Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.
Кіріспе.......................................................................................................3
1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы, қайнар көздері және қағидалары
1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.......................................4
1.2 Ішкі және территориялық сулар ұғымы...........................................9
1.3 Ашық теңіз ұғымы...................................................................................14
2 Жағалауындағы аймақ және ерекше экономикалық аймақ
2.1 Жағалауындағы аймақ және құрлықтық қайраң ( континенталдық шельф)...............................................................................................................................18
2.2 Ерекше экономикалық аймақ........................................................................21
2.3 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар.............................................................................................25
Қорытынды ...........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................29
Ешқандай мемлекеттің шекарасына және егемендігіне жатпайтын теңіз бен мұхит аудандарында, ешбір мемлекет сол аудандағы табиғи ресурстарды иемденуге құқық бермейді.
Жағалаудағы мемлекет ерекше экономикалық аймақта барлау жүргізу, пайдалану, тірі ресурстарды сақтау және оларды басқару барысында, өзінің егемендік құқығын жүргізуде БҰҰ Конвенциясына сәйкес, қабылданған заңдар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге қажетті тексеру, инспекциялау, қамау және соттың істі қарауы сияқты шараларды қолдануға құқылы.
Бірақ БҰҰ Конвенциясы жағалаудағы мемлекеттің экономикалық аймақта заңдар мен ережелерді бұзғандарға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының шегін белгілейді. Мысалы, қамауға алынған кеме мен экипаж қажетті кепіл берілгеннен кейін немесе басқа да қамтамасыз ету шараларынан кейін тез арада босатылуы тиіс. Ерекше экономикалық аймақта балық аулау ережелерін бұзған адамға, мүдделі мемлекеттер арасында жеке адамды жазалау туралы келісім-шарт болмаған жағдайда жағалаудағы мемлекеттің оны түрмеге қамауға құқығы жоқ. Ал шетелдік кемені қамауға алған жағдайда сол кемеге жағалаудағы мемлекеттің қолданған шаралары және кез келген жазалары туралы кемедегі жағалаудың иесі болып табылатын мемлекетке тиісті арналар арқылы хабар беруге міндетті.
Конвенцияның 61-бабына сәйкес, жағалаудағы мемлекет ерекше экономикалық аймақтағы тірі ресурстарды аулауға шек қоя алады. Сонымен қатар, Конвенцияға сәйкес жағалаудағы мемлекеттің өзі де ерекше экономикалық аймақтағы тірі ресурстарды пайдалану мүмкіндігін белгілейді.
Егер жағалаудағы мемлекет қажетті аулау кезінде белгіленген жоспардан аз мөлшерде атқаратын болса, келісім-шарт бойынша қалған бөлігін басқа мемлекеттің аулауына мүмкіндік береді.
Конвенцияның 62-бабының 4-тармағы ерекше экономикалық аймақта басқа мемлекеттің балық кәсібін жүргізетін азаматтары, жағалаудағы мемлекеттің заңдары мен ережелерінде бекітілген қорғауға байланысты шараларды және басқа ережелер мен талаптарды бұзбауы тиіс. Ол ережелер мен зандар БҰҰ Конвенциясына сәйкес болуға міндетті, жекелеп алғанда олар томендегі жағдайларды қозғауы мүмкін:
а) жинақ және басқа да төлемдердің түрлерін төлеуді қоса алғанда, балықшыларды, балық аулайтын кемелерді және жабдықтарды лицензиялау;
ә) ауланатындардың түрлерін анықтау жөне нақты қорларға немесе қор топтарына қатысты квотасын белгілеу;
б) балық кәсібінің маусымын және ауданын, аулау құралының түрлерін, мөлшерін және санын, сонымен қатар пайдаланылатын балық аулау кемелерінің түрін, көлемін және санын реттеу;
в) балықтың және ауланатын басқа түрлерінің жасы мен көлемін белгілеу;
г) ауланған балық және кәсіптік тырысушылықтың статистикалық көрсеткіштерін қоса алғанда, балық аулау кемесінен талап етілетін мәліметтерді анықтау және кеменің түрған орны туралы хабар беру;
д) орындалуын қамтамасыз ететін рәсімдер. Жағалаудағы мемлекет тірі ресурстарды қорғау және оларды басқару женіндегі заңдар мен ережелер туралы мүдделі мемлекеттерге хабарлауы тиіс.
Жағалаудағы мемлекеттің көптеген жылдардан бері алыс теңіз аудандарына орын ауыстырып, өздері туылган түщы суға қайта оралатын балықтардың анодрамдық (өтпелі) түрлеріне қүқығы туралы БҰҰ Конвеницясының 69-бабы Қазақстанды көбірек қызықтырады.
Балықтың мұндай түрлеріне Каспий теңізінің бекіре тектес балықтары жатады. Қазақстан аймағында орналасқан Орал, Ембі, Қиғали өзендерінде қазіргі уақытта олардың негізгі ұдайы өндірісі өрбіп жатыр, осылай біздің республикамыз балықтың анодрамдық түрлері пайда болған мемлекет болып табылады. Конвеницяның 66-бабына сәйкес, өзенінде анодрамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет, бірінші кезекте сол қорларға қызығушылар ең бірінші жауап береді.
Анодрамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет жағадан өзінің ерекше экономикалық аймағы және балық көсібінің сыртқы шекарасындагы барлық судағы балық кәсібін реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдау жолымен оларды қорғайды.
Анодрамдық түрлердің қоры пайда болған мемлекет, осы қорлармен кәсіп жүргізетін қызығушы мемлекеттерден кеңес алғаннан кейін, өз өзеніндегі пайда болған қорларға байланысты ауланатын балықтың жалпы көлемін белгілейді. Осылайша Конвенция балықтың анодрамдық түрлері пайда болған мемлекеттің мүдделерін белгілеп бекітеді.
Осы жалпы танылған Конвенциялық нормаларға сүйене отырып, Қазақстан өз аумағындағы пайда болған анодрамдық түрлердің қорын қорғау және пайдалану туралы басқа Каспий жанындағы елдермен бір келісімге келгені дұрыс болар еді.
Жағалаудағы мемлекет экономикалық аймақта табиғи ресурстарға егеменді құқыққа ие болумен қатар, 1982 ж. Конвенцияга сәйкес, жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтар, теңіз ғылыми зерттеулерін құру және пайдалану, теңіз ортасын қорғау және сақтауға қатысты ерекше құзыретке ие. Жағалаудағы мемлекеттің экономикалық аймақта жасанды аралдарға, құрылғылар мен жабдықтарға айрықша құзыретінің мәселелері континенттік қайраңның құқықтық режиміне ұқсас болып келеді. Жағалаудағы мемлекеттің ерекше экономикалық аймақта теңіз ғылыми зерттеуіне қатысты құзыреті, басқа мемлекеттердің мұндай зерттеулерді жағалаудағы мемлекеттің келісімінсіз жүргізе алмайтынын білдіреді. Осыған сөйкес "барлық адамзат үшін теңіз ортасы туралы" ғылыми білімді кеңейту мақсатындағы 1982 ж. Конвенция "жағалаудағы мемлекет әдеттегі жағдайларда өзінің ерекше экономикалық аймағында басқа мемлекеттің немесе құзыретті халықаралық үйымдардың теңіз ғылыми зерттеу жобаларының жүргізілуіне келісім береді" (246-бап) деп бекіткен. Бірақ жағалаудағы мемлекет өз қарауы бойынша басқа мемлекетпен немесе құзыретті халықаралық ұйыммен экономикалық аймағында теңіз ғылыми зерттеу жобаларын жүргізуіне төмендегі жағдайларда келісім беруден бас тарта алады, егер ол жоба:
а) тірі және тірі емес табиғи ресурстарды барлау және өндеу үшін тікелей мәнге ие болса;
ө) континенттік қайранда бүрғылауды, жарылғыш заттарды пайдалану немесе зиянды заттарды таратуды көздейтін болса;
б) табиғи аралдар, қүрылғылар мен жабдықтарды қүру, пайдалану және қолдануды көздейтін болса;
в) жобаның сипаты мен мақсатына қатысты дәлелсіз мәліметтерден құралса немесе зерттеу жүргізіп отырған мемлекет немесе құзыретті халықаралық ұйымның жағалаудағы мемлекет алдында, бұрынғы жүргізілген зерттеу жобасы бойынша орындалмаған міндеттері болса.
1982
ж. Конвенция ерекше
Ерекше экономикалық аймақ Конвенцияда нақты көрсетілген. Жағалаудағы мемлекеттің ол жерде құқықтарын жүзеге асыруын қоспағанда, ашық теңіздің мәртебесін сақтайды.
Мұндай бостандықтарды жүзеге асыруда барлық мемлекеттер жағалаудағы мемлекеттің құқықтары мен міндеттерін ескеріп, жағалаудағы мемлекеттің теңіз қүқығы нормаларына сәйкес қабылданған зандар мен ережелерін бұзбауға міндетті. Бірақ жағалаудағы мемлекет Конвенцияда көрсетілгеніндей, экономикалық аймақта өзіне тиісті егеменді құқықтары мен құзыретін жүзеге асыру кезінде тиісті түрде басқа мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін ескеруге жөне теңіз құқығы ережелеріңде белгіленген тәртіпте қызмет жасауға міндетті.
Дүние
жүзінде теңізге шыға алмайтын 50-ден
астам елдің бар болуына орай, БҰҰ Конвенциясы
теңізге шыға алмайтын мемлекеттер мен
географиялық қолайсыз жағдайларда орналасқан
мемлекеттердің тиісті аймақта немесе
қосымша аймақта тірі ресурстарды пайдалануға
кіру және қатысу құқықтарын қамтамасыз
еткен. Бірақ Конвенция бүл мемлекеттерге
экономикалық аймақтың тірі ресурстарын
басқа мемлекеттермен тең негізде қол
жеткізу кұқығын іс жүзінде жүзеге асыруын
қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, дүние
жүзінің барлық экономикалық аймағында
балықтың негізгі әлемдік қоры шоғырланған
ауданның 76 %-ы тек 25 елге тиесілі.
2.3
Теңіз түбінің халықаралық
аудандандары және халықаралық
шығанақтар мен каналдар
БҰҰ
Конвенциясының 136-бабына сәйкес, континенттік
қайраңнан тыс Аудан деп
1) бірде-бір мемлекет ауданның немесе оның ресурстарының бөліктеріне қатысты егемендікті немесе егеменді құқықтарын талап ете алмайды, бірде-бір мемлекет немесе занды тұлға оның қандай да бір бөлігін иелене алмайды. Егемендік пен егеменді кұқықтарды жүзеге асыру және оныиелену мойындалмайды.
2) ауданның ресурстарына барлық құқықтар барлық адамзатқа тиесілі, оның атынан Орган әрекет етеді. Бүл ресурстар сатуға жатпайды, бірақ дегенмен ауданнан алынатын пайдалы қазбалар осы бөлім және нормамен органның ережелері мен рәсімдеріне сәйкес сатылуы мүмкін.
3) бірде-бір мемлекет, жеке немесе занды тұлға ауданнан алынатын пайдалы қазбаларға құқықты талап ете алмайды және ондай құқықтар танылмайды.
Ауданның жаңа режимінің маңызды ерекшелігі — барлық минералды ресурстарды барлау және өңдеу жөніндегі қызмет мемлекеттердің жұмыс жоспары және органның рұқсаты негізінде органның бақылауымен жүргізіледі.
Бірақ жоғарыда келтірілген Конвенцияның XI бөлігіндегі ережелер жоғары дамыған индустриалды мемлекеттерден қолдау таппады (AҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада, Жапония, Нидерланды, Бельгия). Олардың ойынша, Аудан және халықаралық орган туралы қаулылардың барлық кешені өндірістік дамыған мемлекет пен компаниялардың ұлттық мүдделерін қорғау кепілдігіне қатысты тиімсіз деп есептейді.
1984 ж. 3 тамызда бұл мемлекеттер теңіз түбінің учаскелерін өзара бөлуге бағытталған "Теңіз түбінің мәселелері бойынша уақытша келісу" туралы Спарт келісіміне қол қойды. Сегіз дамыған мемлекеттің қаржы-экономикалық қатысуынсыз Конвенцияның XI бөлігін жүзеге асыру мүмкін болмағандықтан, дайындық комиссиясы теңіз түбі халықаралық ауданының құқықтық режимі және Теңіз түбі халықаралық органының кызметіне қатысты жан-жақты, толық нұсқасын жасап шығара алды.
1982
ж. "Теңіз құқығы жөніндегі"
БҰҰ Конвенциясының XI бөлігін жүзеге
асыру туралы келісім 1994 ж. 28 маусымда
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 48/263 қарары
мен БҰҰ-ның ресми құжаты мәртебесін алды.
Келісім уақытша негізде Конвенциямен
6ip мезгілде күшіне енді. Келісім мен Конвенцияның
XI бөлігінің арасында сейкессіздік болған
жағдайда Келісімнің артықшылық күші
бар
Қорытынды
Халықаралық теңіз құқығында сонымен бірге өзіндік негізгі қағидалар, оған сипатталатын халықаралық құқықтың жалпы жүйесінің бір саласына ғана жататындар кіреді.
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары қатарына жататындар: ашық теңіз бостандығы; теңіз ресурстарын сақтау және орынды пайдалану; теңіздік ортаны қорғау; әлемдік теңіздерді бейбіт мақсатта пайдалану.
Жағалаудағы мемлекетке ерекше экономикалық аймақта барлық табиғи ресурстарды барлау, өндеу және аяқтау мақсатында егеменді қүқықтар беріледі. Мұндай табиғи ресурстарға судағы тірі жөне тірі емес, теңіз түбінде тұнып жатқан ресурстар және теңіз түбінің қойнауы жатады. Бұл жағалаудағы мемлекетке барлық тірі және минералды ресурстарға егемендік емес, жоғарыда көрсетілген егемендік құқық береді.
Ешқандай мемлекеттің шекарасына және егемендігіне жатпайтын теңіз бен мұхит аудандарында, ешбір мемлекет сол аудандағы табиғи ресурстарды иемденуге құқық бермейді.
Жағалаудағы мемлекет ерекше экономикалық аймақта барлау жүргізу, пайдалану, тірі ресурстарды сақтау және оларды басқару барысында, өзінің егемендік құқығын жүргізуде БҰҰ Конвенциясына сәйкес, қабылданған заңдар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге қажетті тексеру, инспекциялау, қамау және соттың істі қарауы сияқты шараларды қолдануға құқылы.
Қазіргі
кезде теңіз түбінің
Теңіз
түбі жөніндегі халықаралық органның
кұрылымы мен міндеттері Конвенцияның
156-бабында көрсетілген. Осы органның
Бас органы немесе бөлімшелері Ассамблея
Кеңесі және Секретариат. 158-бапқа сәйкес,
Ауданның ресурстарын барлау, өңдеу, тасымалдау,
қайта өңдеу және пайдалы қазбаларды алу
Органның өнеркәсіптік және коммерциялық
бөлімшесі болып табылатын кәсіпорны
арқылы орындалуы тиіс. Аудан ресурстарын
пайдалану жөніндегі қызмет Ауданнан
алынатын пайдалы қазбалардың қүрлықтағы
түрлерін алушы мемлекеттің мүддесі есеп-ке
алына отырып жүзеге асырылады. Осы мақсатта
БҰҰ Конвенциясында сол мемлекеттерге
өтемақы төлеу жүйесін белгілейтін ережелер
карастырылған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ