Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:36, курсовая работа
Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.
Кіріспе.......................................................................................................3
1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы, қайнар көздері және қағидалары
1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.......................................4
1.2 Ішкі және территориялық сулар ұғымы...........................................9
1.3 Ашық теңіз ұғымы...................................................................................14
2 Жағалауындағы аймақ және ерекше экономикалық аймақ
2.1 Жағалауындағы аймақ және құрлықтық қайраң ( континенталдық шельф)...............................................................................................................................18
2.2 Ерекше экономикалық аймақ........................................................................21
2.3 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар.............................................................................................25
Қорытынды ...........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................29
Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы. Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану және толық қарусыздандыру режимін бекітуді қамтитын 1959 ж. Антарктика жөніндегі шарттың, 1971 ж. Теңіздер және мұхиттар түбіне және рның қойнауына ядролық қарулар мен жаппай қарулардың басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу жөніндегі шарттың және 1963 ж. “Ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу жөніндегі” шарттардың маңызы зор. Қазіргі уақытта бұл қағиданың бөлек нормативтік мазмұнын ашатын жалпы түсінік шығарылған жоқ. Бірақ әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасының мазмұны – сөзсіз мемлекеттердің Дүниежүзілік мұхитты пайдалану жөніндегі қызметтерін күшпен немесе күш қаупімен іске асыруды болғызбаудан тұрады [4, 191 б].
1982ж.
БҰҰ Конвенциясының
Бұл
қағиданың мазмұнын ашатын жалпы
тұжырымды айтылған қорытынды бойынша,
301-бапқа сәйкес қатысушы мемлекеттер
күш қаупінен немесе кез келген мемлекеттің
аумақтық тұтастығы және саяси тәуелсіздігіне
қарсы қолданудан немесе БҰҰ жарғысында
іске асырылған халықаралық құқық қағидаларына
сыйыспайтын басқа да түрлерден тыйылады.
1.2
Ішкі және территориялық
сулар ұғымы
Аймақтық
теңіз – бұл жағалаудағы
БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі ІІІ Конференциясы аймақтық теңіздің ең жоғарғы енін 12 теңіз милі ретінде Конвенциялық ережені бекітті. 1982 ж. БҰҰ теңіз құқығы бойынша Конвенциясының күшіне енгенінен кейін аймақтық теңіздің енін 12 теңіз милінен жоғарылатуды ұсынған бірқатар мемлекеттер өз заңдарын Конвенцияға сәйкестіндірді.
БҰҰ Конвенцияға сәйкес, аймақтық суларды есептеудің 3 негізгі тәсілдерін қарастырды:
— судың ең көп қайту сызығынан жағалаудағы мемлекеттің жағасын бойлай;
¾ егер жағалаулық сызық қатпарлы, жырымдалған немесе жағалауға жақын жерде аралдар тобы болса, онда тікелей бастапқы сызық әдісі қолданылуы мүмкін, яғни теңіздегі мейлінше шығып тұрған аралдардың жене жағалаудың нүктесі;
—ішкі теңіз суларынан.
Балық аулау кәсібі, аумақтық теңіз шеңберіндегі тірі ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін жағалау мемлекеті өз қалауы бойынша шешеді. Аумақтық суда шетелдік кемелердің кәсіпшілік қызметіне жол бермейтіндіктен, жағалау мемлекеті кәсіпшілік үшін лицензия бepyi мүмкін. Әдетте, қызметтің мұндай тәртібіне екіжақты келісім негізінде жол беріледі.
БҰҰ конвенциясы шетелдік кемелердің аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде жүріп өту құқығын бекітті, бұл бұрыннан пайда болған және халықаралық әдет-ғұрып ережесі ретінде дамыды. Теңіз дауылы кезінде кемелердің шығанақтарға, койнауларға және өзге де қауіпсіз жерлерге тағалауына мүмкіндік беретін қауіпсіз теңіз жолдары және мейлінше ыңғайлы жолдар мемлекеттердің жағалауында орын алады.
Халықаралық құқықтың дамуы, сонымен қатар теңізде жүзу жетістіктері және оның жүзеге асырылу жағдайлары ескеріле отырып, кейін олар толықтырылып, нақтыланып 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясының негізгі бөлігіне айналды.
Бейбіт түрде жүріп өту жылдам және үздіксіз болуы қажет. Егер ол жүзудің әдепкі жағдайларымен немесе апатпен, сонымен 6ipгe қауіпті жағдайда қалған аумақтық теңізде апатқа ұшыраған адамдарға, кемелерге және ұшу аппараттарына көмек көрсету қажеттігімен байланысты болса, онда тоқтауға да болады.
1982 жылғы Конвенцияға сәйкес, барлық мемлекетердің кемелері (жағалаулық және теңізге шықпайтын) аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде өту құқығын пайдаланады. Мұндай құқық Конвенция ережелерін сақтаған жағдайда беріледі.
Мынадай жағдайларда жүзіп өтуді жүріп өту деп түсінеді:
a) Ішкі суларға кірместен немесе рейдте, портта тоқтамастан, теңізді кесіп өту;
ә) Ішкі суларға ену немесе шығу, портта, рейдте тоқтап тұру.
Егер жүзіп өту кезінде тыныштық, тәртіп және жағалау мемлекеттің қауіпсіздігі бұзылмаса, ол бейбіт түрде өту деп саналады. Конвенцияның 19-бабы бойынша жүзіп өту бейбіт түрде деп саналмайды, егер жүзіп бара жатқан кеме "жүзіп өтуге тікелей қатысы жоқ" кез келген кызметті жүзеге асырса, күшпен қорқытса немесе жағалау мемлекеттің егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне, аумақтық біртұтастығына қарсы күш қолданса немесе қандайда 6ip өзгеше түрде БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық құқықтың қағидаттарын бұзса, жағалау мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіре отырып ақпарат жинаса немесе маневрлер жасаса, аумақтық теңіз арқылы өтуді жүзеге асырып жатқан әp6ip кеме, әp6ip әскери кеме аталмыш белгілерді жан-жақты ескерулері қажет, әрине олар ең алдымен жағалау мемлекеттің қауіпсіздігін, егемендігін қорғауға бағытталған және аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде өту кезінде шетелдік кемелер тарапынан жасалуға жол берілмейтін ic-әрекеттер туралы айқьн түсінік береді.
Сонымен, шетелдік кемелер бейбіт түрде өту кезінде жағалау мемлекеттің заңдарын және ережелердің сонымен қоса теңіздегі қақтығыстардың алдын алуға қатысты жалпыға танымал ережелерді сақтауға міндетті.
1958 және 1982 жылғы Конвенциялар шетелдік әскери кемелердің бейбіт түрде өту құқығын қарастырады.
1982
ж. Конвенцияның арнайы
Егер шетелдік әскери кеме өту кезінде жағалау мемлекеттің заңдарын және ережелерін сақтамаса, онда мемлекет аталмыш кеменің аумақтық теңізден кетуін талап етуге құқылы.
Барлық әскери кемелер жағалау мемлекеттің азаматтық және қылмыстық юрисдикциясынан иммунитет иеленеді. Юрисдикциядан иммунитет коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланатын мемлекеттік кемелер де пайдаланады.
Белгілі бір жағдайларда, жағалау мемлекет аумақтық теңіз арқылы өтіп жатқан шетелдік: кеме ішінде өзінің азаматтық және қылмыстық юрисдикдиясын жүзеге асырады (27, 28-баптар). Мысалы, 27-бапта жағалау мемлекет өзінің қылмыстық юрисдикциясын жүзеге асыратын негіздер көрсетілген, нақты айтар болсақ:
а)
егер қылмыстың зардабы жағалау мемлекетке
тараса;
ә) егер қылмыс елдегі тыныщтықты бұзатындай
немесе аумақтық теңіздегі бейбіт тәртіпті
бұзатындай сипатта болса;
б)
егер капитан кемесі дипломаттық агент
немесе
жағалау мемлекеттің лауазымды тұлғасы
жергілікті билік
өкілдерінен көмек сұраса;
в) егер мұндай шаралар есірткінің немесе есеңгірететін заттардың заңсыз саудасының алдын алу үшін қажет болса.
1982 ж. Конвенцияның 27-бабының 2-тармақшасы жағалаудағы мемлекеттің төмендегідей құқығын сақтайды, яғни ішкі судан шығып, аумақтық теңіз арқылы өтіп бара жатқан кемені қамауға алу және тергеу құқығы. Аталған екі кеңістік те жағалау мемлекеттің егемендігінде болғандықтан, мұндай құқық негізделген болып табылады.
Аумақтық теңіздегі шетелдік кемеге қатысты, жағалау мемлекеттің азаматтық юрисдикциясы да шектеулі: аумақтық теңіз арқылы өтіп бара жатқан шетелдік кемені тоқтатуға немесе оның ішіндегі тұлғаға қатысты азаматтық юрисдикцияны жүзеге асыру мақсатында оның жүріс бағытын өзгертуге тыйым салынады. Жағалау мемлекет мұндай кемеге қатысты жазалау шарасын немесе қамауды, тек оның міндеттемелері бойынша немесе аумақық теңізден өтуі үшін осы кеме өзіне қабылдаған жауапкершілігі негізінде ғана қолдана алады.
Іргелес аймақ дегеніміз, аймақ суына жанасып жатқан аудан. Іргелес аймақтың ені, аймақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан бастап 24 теңіз миль шегінен аспауы керек.
Іргелес аймакты жағалау мемлекеті өз ішкі теңіз суларында және аймақ суларында шетел кемелерінің кедендік, фискальдық, иммиграциялық және санитариялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін құрады. БҰҰ Конвенциясының 33-бабы бойынша, жағалау мемлекеті оның аймақтық суына жанасып жатқан іргелес аймақта мынадай мақсаттармен бақьлауды жүзеге асыра алады:
а) өз аймағы немесе аумақ суының шегінде кедендік, фискальдық, имиграциялық және санитариялық заңдар мен ережелердің бұзьлуын болдырмау;
ә) өз аймағы немесе аймақ суының шегінде жоғарыда аталған заңдар мен ережелерді бұзғаны үшін жазалау.
Осылайша, іргелес аймақты, аймақ суы енінің бастапқы сызығын есептегенде 24 теңіз мильден аспайтын ені бар және аймақ суына жанасып жататын, ашық теңіздің бөлігі болып табылатын, сонымен қатар сол бөліктің шегінде жағалау мемлекетіне жеке арнайы қарастырылған салалар бойынша бақылау жүргізу кұқығын беретін теңіз ауданы ретінде анықтауға болады.
Іргелес аймақ пен аймақ суының басты айырмашылығы мынада, аймақтық суы бойынша жағалаудағы мемлекетке оның үстінен толық өкілеттік беріледі, ал іргелес аймақ бойынша тек шектеулі және арнайы құқықтар беріледі.
Сонымен
қатар, ашық теңіз ауданының бөлігі
ретіңде іргелес аймақта, жағалау
мемлекеттің өзі белгілеген белгілі
бір ережелердің сақталуын
Іргелес аймақта жағалаудағы мемлекет өз мүддесін қорғай отырып, осы аймақты қорғау үшін белгіленген зандар мен ережелерді бұзғаны үшін жазалау жөне тоқтату, тексеру жүргізу құқығын иеленеді. Оған қоса, жағалау мемлекеті осы ережелерді бұзғаны үшін ізіне түсу құқығын да иеленеді. Мұндай ізіне түсу іргелес аймақта, егер қудаланушы кеме жағалаудағы мемлекеттің аймағында немесе аймақ суының шегінде іргелес аймақты қорғау үшін сол мемлекеттің белгіленген заңдары мен ережелерін бұзған жағдайда басталады.
Қазіргі уақытта жағалаудағы мемлекетке мынадай іргелес аймақтар белгіленген:
— кедендік аймақ. Ол контрабандамен күрес мақсатында белгіленеді;
— фискальдық (қаржылық аймақ). Ол қаржылық заңдар мен ережелердің бұзылуын болдырмау мақсатында белгіленеді. Кейбір мемлекеттер кедендікке ұқсас фискальдық аймақты белгілейді;
— иммиграциялық аймақ жағалаудағы мемлекеттің шетел азаматтарының кіруі және шығуына байланысты өз зандары мен ережелерінің сақталуын қадағалауы үшін белгіленеді;
—
санитариялық зона теңіз шекарасы арқылы
эпидемиялар мен жұқпалы
1.3
Ашық теңіз ұғымы
Аймақтық суының сыртқы шекарасында орналасқан теңіз және мұхит кеңістігі ашық теңіз деп аталады.
Ашық теңіз ұғымының анықтамасы 1958 ж. Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.
Осы Конвенцияның 1-бабына сәйкес, ашық теңіз дегеніміз аймақтық суы мен кез келген мемлекеттің ішкі суларына енбейтін теңіздің барлық бөлігі. Сонымен қатар, Конвенцияның 2-бабына сәйкес, ашық теңіз барлық ұлттар үшін ашық және ешқандай мемлекет оның кез келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқығы жоқ. ашық теңіз бостандығы халықаралық құқығының нақты баптары және басқа да нормаларымен анықталған жағдайларда жүзеге асырылады. Жекелеп алғанда, олар жағалаудағы және жағалаудағы емес мемлекеттер үшін:
1) кеме қатынасы бостандығы;
2) балық аулау бостандығы;
3) су асты кабельдері және құбырлар қондыру бостандығы;
4) ашық теңіз үстінен ұшу бостандығынан құралады.
БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы Конвенциясының жаңа редакциясына, қазіргі талаптарға жауап беретін Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясының ережелеріне кейбір толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. БҰҰ Конвенциясының 89-бабы ешқандай мемлекет ашық теңіздің кез келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқылы емес деген дәстүрлі ережені бекітеді. 87-баптың 1-тармағы ашық теңіз бостандықтарына кеме қатынасы, ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын орнату бостандығы және оған жасанды арал және құрылғылар салу, ғылыми зерттеулер жүргізу құқықтары туралы жаңа ережелермен толықтыру арқылы Конвенцияның 2-бабын жаңғыртты.