Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:36, курсовая работа
Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.
Кіріспе.......................................................................................................3
1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы, қайнар көздері және қағидалары
1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.......................................4
1.2 Ішкі және территориялық сулар ұғымы...........................................9
1.3 Ашық теңіз ұғымы...................................................................................14
2 Жағалауындағы аймақ және ерекше экономикалық аймақ
2.1 Жағалауындағы аймақ және құрлықтық қайраң ( континенталдық шельф)...............................................................................................................................18
2.2 Ерекше экономикалық аймақ........................................................................21
2.3 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар.............................................................................................25
Қорытынды ...........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................29
Ашық теңізде кез келген мемлекеттің жағалауда орналасуына немесе теңізге шыға алмайтынына қарамай, ашық теңізде өз кемесінің туымен жүзуіне құқығы бар. Тумен жүзуге құқығы бар кеме, сол туға ие мемлекеттің ұлттығын иеленеді. Мемлекет пен кеме арасында нақты байланыс болуы тиіс. Сонымен қатар, халықаралық шарттарда тікелей көзделген немесе туымен жүзіп жүрген мемлекеттің айрықша құзіретіне бағынуы туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін қоспағанда, барлық кемелер бір мемлекеттің туымен жүзуі тиіс. Барлық кемелер меншік құқығының басқаға анық түрде өтуін немесе тіркеуінің өзгеруін қоспағаңда, жүзу немесе тоқтау, портқа кіру кезінде өз туын қолдануға құқылы емес.
Конвенцияның 92-бабының 2-тармағында, егер кеме екі немесе одан да көп мемлекеттің туымен жүзіп, оны өз қажеттігіне қарай пайдаланса, басқа мемлекеттерде бірде-бір тиісті ұлттығын тануды талап ете алмайды және ұлттықты иеленетін кемелерге теңестірілмейтіні туралы қатаң түрде айтылған. Мемлекеттермен қатар, Конвенция кемелердің БҰҰ-ның, оның мамандандырылған мекемелерінің және Атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттігінің туларымен жүзетінін белгілеген.
Ашық теңізде әскери кемелер туға ие мемлекеттен басқа, кез келген мемлекеттің құзыретіндегі толық иммунитеттерді иеленеді. Сонымең қатар, әскери кемелердің, басқа мемлекеттерге ашық теңіз бостандықтарын занды негіздерде пайдалануға кедергі жасауға және мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқығы жоқ. БҰҰ Конвенциясы әскери кемелерге, теңізде және мүхитта халықаралық құқықтық тәртіпті сақтау және олар бүзылған жағдайда араласу үшін ерекше өкілеттіктерді бөлді.
Кез келген кемені ұстау және тексеру құқығы жеткілікті негіздер болған жағдайда беріледі. Ол негіздер төмендегідей:
а)
кеме қарақшылықпен айналысса;
ә) кеме құл сатумен айналысса;
б) кеме рұқсат етілмеген хабарларды жеткізумен айналысса;
в) кеме ұлттықты иеленбесе;
г) кемеде шетел туы көтерілгенімен, ол кеменің ұлттылығы әскери кеме ұлттылығымен бірдей болса. Кейбір жағдайларда халықаралық шарт негізінде әскери кемелер кеменің туына құқығын тексере алады. Осы мақсатта, әскери кеме офицер басшылығымен күдікті кемеге қайық жіберуі мүмкін. Құжаттар тексерілгеннен кейін күдік сейілмесе, арықарай әскери кеме бүкіл кемені тексере алады.
Осы жоғарыда аталған күдік негізсіз болса жөне тексерілген кеме осы күдікті дәлелдейтін ешқандай әрекет жасамаған жағдайда ұсталса, кемеге кез келген келтірілген залал немесе зиян өтелуі тиіс.
Әскери кемелермен қатар, тексеру кұқығын әскери ұшқыш аппараттар және мемлекеттік қызметте тұрғанын дәлелдейтін айқын анықталған белгілері бар уәкілетті кеме жүзеге асырады.
Ашық
теңіздегі кез келген мемлекеттің
құзыретіндегі толық
Халықаралық құқыққа сәйкес, заңсыз есірткі немесе психотроптық заттармен сауда жасау немесе оларды тасымалдау халықаралық қылмыстарға жатады. Соңдықтан кез келген мемлекет туының астында жүзіп жүрген кеме есірткі немесе психотроптық заттармен заңсыз сауда жасайтынын білсе, басқа мемлекетке осындай заңсыз сауда жасауды жою мақсатында қызметтесу туралы ұсыныс жасауы мүмкін.
Рұқсат етілмеген хабарларды жеткізу, апатқа байланысты сигнал беруді қоспағанда, ашық теңізде орналасқан халықты тыңдауға арналған кемеден немесе құрылғыдан, дыбыстық радио немесе теледидар бағдарламаларының халықаралық ережелерін бұзуға хабар беруді білдіреді.
Конвенцияда ашық теңізден рұқсат етілмеген хабарларды жеткізуге қарсы барлық мемлекеттердің бірігіп қызметтесу міндеті бекітілген. Ашық теңізде рұқсат етілмеген хабарларды жеткізу жүргізіліп жатса, осындай құқыққа қайшы әрекеттерге қарсы қызмет жасайтын кез келген тұлғаның немесе кеменің оны қамауға алуға құқығы бар және жеткізуші аппаратты тәркілей алады.
Ашық теңіздің құқықтық режимін қамтитын нормалар мен ережелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Конвенция кемені тексеру құқығымен қатар, жағалау мемлекеті өзінің кұқықтары мен ережелерін бұзғаны жөнінде жеткілікті негіздер болса, шетел кемесінің ізіне түсу құқығын қарастырады. Егер шетел кемесі іздеуші мемлекеттің ішкі аймақ немесе архипелагтік суларында немесе іргелес аймағында орналасса, кеменің ізіне түседі және олардың шегінен тыс жерлерде, ізіне түскен жағдайда ізіне түсу жалғасады. Құқық бұзушы кемені көруге немесе естуге мүмкіндік беретін ара қашықтықта тоқтап, дыбыс немесе көрінетін сигнал берілгеннен кейін, кеменің ізіне түседі. Осындай кұқық бұзушыға тоқтауға бұйрық беретін кеме кез келген орында, сонымен қатар ашық теңізде тұруы мүмкін. Бірақ іргелес аймақта және экономикалық аймақта немесе континенттік қайраңда тұрған кеменің ізіне түсу, осы аймақтарды қорғау мақсатында қабылданған зандар мен ережелерді бұзған жағдайда басталады. Мысалы, осы аймақтарда шетел кемесінің заңсыз балық аулауы. Мұндай ізіне түсу құқығы, қудаланып жатқан мемлекет өзінің аймақ суына немесе кез келген басқа мемлекеттің аймақтық суына кірген кезден тоқтайды. Ізіне түсу құқығы тек әскери немесе үкімет қызметінде тұрған өкілетті теңіз және әуе кемелері арқьлы жүзеге асырылады. Кемені аймақтық суынан тыс, жеткіліксіз негіздерде ұстағаны үшін келтірілген зиянмен шығын өтеледі.
Кез
келген мемлекет өз туының астында
жүзіп жүрген кеменің капитанына
теңізде өлім қатері төніп тұрған
кез келген тұлғаға көмек көрсету
міндетін жүктейді. Дәлелді себептерсіз
теңізде кез келген тұлғаға көмек
көрсетпеген капитан
2
Жағалауындағы аймақ
және ерекше экономикалық аймақ
2.1 Жағалауындағы аймақ
және құрлықтық қайраң (
континенталдық шельф)
Құрлықтық қайраң дегеніміз (ағьлшын тілінен аударғанда сөре, шығыңқы жер, саяз жер), теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.
Материктің су асты шетінің құрамдас бөлігі ретінде континенттік қайраңға: континенттік құрлықтық қайраң және континенттік (құрлықтық) тұғыр жатады.
1982
ж. Конвенция жағалаудағы
Сонымен
қатар, Конвенция жағалаудағы
Мүндай континенттік қайраңның ені 200 және 350 теңіз милі болатын екіжақты қүқықтық режимнің басты ерекшелігі, Конвенцияның 82-бабында көзделген 200 теңіз миль континенттік қайраңды өңдеуге байланысты бөліп шығару және төлем төлеу қызметін атқарады.
Бастапқы
сызықтан 200 теңіз миль шегіндегі
континенттік қайраң туралы көрсеткіштерді,
тиісті жағадағы мемлекет өз континенттік
қайраңының сыртқы шекарасын белгілеуге
қатысты мәселелер бойынша
1958 ж. Конвенция және 1982 ж. Конвенция да жағалаудағы мемлекеттің қайраңға қүқығы - қайраң бетін жабатын судың жөне сол сулардың үстіндегі әуе кеңістігінің күқықтық мәртебесін қозғамайтыны туралы ережелерден тұрады. Жағалаудағы мемлекетке континенттік қайраңның ресурстарын барлау жөне оның табиғи ресурстарын өндеу мақсатында егеменді құқық беріледі. Бұл құқықтар, егер жағалаудағы мемлекет континенттік қайраңға барлау жүргізбесе және оның ресурстарын өндемесе ерекше болып табылады, ешкім мұндай жұмыстарды жағалаудағы мемлекеттің белгілі бір келісімінсіз жүргізе алмайды.
Жоғарыдағы құқықтар олардың қайраңды тиімді немесе жалған басып алуына не сол туралы тікелей жариялауына тәуелді емес.
Жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңда егеменді қүқықтарын жүзеге асыруы кеме қатынасына, балық аулауға жөне Конвенцияда көзделген басқа құқықтар мен бостандықтарға шек қоймауы немесе кез келген дәлелсіз кедергілерге, олардың жүзеге асуына соқтырмауы тиіс.
Жоғарыда айтып өткендей, континенттік қайраңның бетін жабатын сулардың мәртебесі ашық теңіз суының бөлігі болады және сол бөлікте ашық теңіз қүқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Бүл бостандықтарға кеме қатынасы, балық аулау, ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын жүргізу, жасанды арал және құрылғылар салу бостандықтары жатады.
БҰҰ Конвенциясы бойынша, жағалаудағы мемлекеттерге жасанды арал жасауға рұқсат беру және оның қызметін реттеу, сонымен қатар пайдалану және қолдану, континенттік қайранда экономикалық мақсаттарға қажетті құрылғылар мен жабдықтар орнатуға айрықша құқықтар беріледі.
Бұл құқықтар экономикалық аймақтағы режимдер үшін берілетін құқықтармен пара-пар. Осы мақсатта Конвенцияның 80-бабы бойынша экономикалық аймақтағы жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтарға, континенттік қайраңдағы жасанды аралдар, құрылғылар мен жабдықтарға mutatis mutandis колдану туралы 60-бапта көрсетілгеніндей ережелерден құралады.
Барлық
мемлекеттердің континенттік қайраңда
су асты кабельдері мен құбырларын
қондыру құқығы бар, бірақ мұндай
құбырларды қондыру үшін қажетті
жолды анықтау жағалаудағы
Барлық
кемелер осы қауіпсіздік
Жасанды
аралдар, құрылғылар мен жабдықтар
және қауіпсіздік аймақтары
Жағалаудағы мемлекеттің осындай жасанды аралдарға, құрылғылар мен жабдықтарға айрықша құзыреті жүреді, оның ішінде кедендік, фискальдық, санитариялық және иммиграциялық заңдар мен ережелер, сонымен қатар қауіпсіздікке байланысты заңдар мен ережелердің орын-далуын талап ету құзыреті де кіреді, бірақ мүндай объектілер аралдық мәртебеге ие бола алмайды, олардың барлығы теңіздің, экономикалық аймақтың және континенттік қайраңның шекарасын анықтауға септігін тигізе алмайды.
246-бапқа
сәйкес, қайраңдағы ғылыми зерттеу
жұмыстары тек жағалаудағы
Жағалаудағы
мемлекет 253-бап ережесінің негізінде
қайрандағы зерттеу жүмыстары 248-бапқа
сәйкес жүргізілмеген жағдайда немесе
249-бапта қаралған шарттар орындалмаған
жағдайда барлық зерттеу жүмыстарын тоқтатуды
талап етуге қүқылы. Жағалаудағы мемлекеттің
мүндай шешімі Конвенцияда қаралған дауларды
реттеу рәсіміне сәйкес талқылауға және
қайта қарауға жатпайды.
2.2
Ерекше экономикалық аймақ
Ерекше
экономикалық аймақ дегеніміз аумақ
суы жөне аумақ суының енінен өлшенетін
бастапқы сызықтан бастап ені 200 теңіз
милін қосып есептегендегі
Жағалаудағы мемлекетке ерекше экономикалық аймақта барлық табиғи ресурстарды барлау, өндеу және аяқтау мақсатында егеменді қүқықтар беріледі. Мұндай табиғи ресурстарға судағы тірі жөне тірі емес, теңіз түбінде тұнып жатқан ресурстар және теңіз түбінің қойнауы жатады. Бұл жағалаудағы мемлекетке барлық тірі және минералды ресурстарға егемендік емес, жоғарыда көрсетілген егемендік құқық береді.