Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 08:11, реферат
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзінің түсінігіне өзара байланысты екі элемент кіреді. Біріншіден, нормаларға заңи міндеттілік сипатын беру, яғни мемлекеттік ерікті білдіру жолы, екіншіден нормалардың сыртқы нысанынының сипаты.Әртүрлі жүйелерінің қайнар көздерінің ерекшелігі құқықтық реттеу обьектілерінің ерекшелігімен анықталады. Құқықтың қайнар көзі дегеніміз - құқықтық нормалары мазмұндалатын ресми нысан.Құқықтың қайнар көзі ол нақты заңи істі шешу үшін құқықтық норманы анықтауға мүмкіндік береді, оның 5 түрі бар:
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзінің түсінігіне өзара байланысты екі элемент кіреді. Біріншіден, нормаларға заңи міндеттілік сипатын беру, яғни мемлекеттік ерікті білдіру жолы, екіншіден нормалардың сыртқы нысанынының сипаты.Әртүрлі жүйелерінің қайнар көздерінің ерекшелігі құқықтық реттеу обьектілерінің ерекшелігімен анықталады. Құқықтың қайнар көзі дегеніміз - құқықтық нормалары мазмұндалатын ресми нысан.Құқықтың қайнар көзі ол нақты заңи істі шешу үшін құқықтық норманы анықтауға мүмкіндік береді, оның 5 түрі бар:
1) халықаралық келісімдер: 2)ішкі заңнама ; 3)сот және арбитраждық тәжірибе:4) әдет- ғұрыптар; 5) ілімдер.
Ілімде көрсетілген халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерінің негізгі ерекшелігі оның екіжақты сипатталынуында және теңдей заң күші барлығында : бір жағынан қайнар көздері – халықаралық келісімдер және халықаралық әдет – ғұрыптар , ал екінші жағынан ішкі заңи нормалар мен мемлекеттік сот тәжірибесі.
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.
Қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастарда халықаралық құқықтың қайнар көздері ретінде халықаралық конференциялар мен мәжілістердің қорытынды актілері пайдаланылады.
Халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық- құқықтық нормалар көрсетілген конференциялардың және мәжілістердің актілері болып табылады. Мысалы, Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәжілістің құжаттары; Веналық қорытынды құжат, 1989 ж., 1990 ж Копенгагенде болған мәжілістің құжаты, 1986 ж. Стокгольмде болған қорытынды құжат.
Барлық осы құжаттарда халқаралық құқықтың субъектілерінде мінез-құлық ережелері бар. Мысалы, СБСЕ –ның қорытынды актісі халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ережелерін дамытты, Европадағы сенімділікті нығайту шараларын белгііледі, СБСЕ –нің Стокгольмдік документі сенімділік шараларының қатарын қатарын кеңейтті.
Осы көрсетілген актілер халықаралық құқық болып табылмаса да міндетті заңды қажеті бар.
Осы құжаттар мінез-құлық ережелерімен қатар оларды сақтауда бақылау және тексеру қарастырылған.
Халықаралық құқықтық нормаларды тудырудың жаңа әдісі – халықаралық органдар мен ұйымдардың резолюцияларын қабылдау. Халықаралық ұйымдардың резолюциясының заңды күші олардың уставтарымен анықталады. Уставтарына сәйкес көптеген ұйымдардың (рекомендательный) ұсыну сипатында болады.
Халықаралық шарттар.
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері ретінде көпжақты конвенциялар ерекше орын алады. Халықаралық шарттарды қабылдау - шетелдік элементпен күрделенген , халықаралық жеке құқықтың жеке құқықтық қатынастарды реттейтін біріңғай құқықтық нормаларды шығару процесі. Бұл процесс ғылымда унификация деп аталады. Унификация халықаралық дәрежеде модельді заңдарды қабылдаумен жүзеге асырылады. Халықаралық келісімдерді жасаумен халықаралық жеке құқықтың нормаларын унификациялауға маманданған халықаралық ұйымдар жасап шығарды. Ең алғашқы халықаралық ұйым – Гаага конференциясы. Гаага конференциясының аясында 40-тан астам конвенция жасалынды:
- Ажырасуды тану жөніндегі конвенция 1970ж
- Тауарларды халықаралық сатуда қолданылатын құқық туралы 1955 ж конвенция
- Өсиет нысанына байланысты байланысты коллизиялар жөніндегі конвенция 1961ж
- 1974 жылғы Тауарларды халықаралық сату және сатып алу жөніндегі конвенция
- 1978 жылғы Жүктерді теңізбен халықаралық тасымалдау туралы конвенция
- 1991 жылғы Көлік терминалының халықаралық саудадағы операторлардың жауапкершілігі туралы конвенция.
Халықаралық жеке құқықты унификациялау процесінде халықаралық экономикалық қатынастар саласында Халықаралық сауда палатасы ерекше орын алады.Халықаралық сауда палатасының маңызы – оның әдет – ғұрыптарды биресми кодификациясын жүргізуінде.
Халықаралық шарт – оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім. Халықаралық құқықтың субъектілерінің келісімдерінің 1-ші стадиясы – келісімшарттың мәтінін құрастыру және келісу; 2-ші стадиясы келісімшарттың мәтінінде көрсетілген ережелерді заңды міндетті түрде мақұлдау. Халықаралық келісімшарт (келісім, пакт, конвенция) халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі ретінде танылады. Келісімшарт, ереже бойынша, жазбаша формада болады. Оның мәтінінің астына қолдар қойылып оны мөрмен бекітеді.
Ұлттық құқықта азаматтардың, адамдар топтарының және мемлекеттің күнделікті жай ережелерді сақтай отырып әрекет етуінен, әдеттегі әрекеттерінен әдет-ғұрып туындайды және оларға жалпыға міндетті статус беріледі.
Ал халықаралық құқықта мемлекеттердің өздері бір-бірінің арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық әдет-ғұрыптарды тудырады. Осыған байланысты, халықаралық құқықта халықаралық байланыс жасаған кезде мемлекететрдің мінез-құлықтарының бірыңғай нормаларын белгілейтін бір орталық жоқ немесе болған емес, сондықтан халықаралық қатынастарды келісімшарттық реттеуде кемшіліктер болуы мүмкін. Осыған байланысты, әдет-ғұрыптар және салт –дәстүрлер ІМҚ қарағанда халықаралық құқықта өте зор маңызы бар. Келісімшарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде салыстырмалы түрде жақын арада бекіді. Мемлекеттердің өзара қатынастарының даму тарихында әдет-ғұрып халықаралық құқықтың бірден-бір маңызды қайнар көзі болып табылады. Бұл тұжыоырым еуропа және азия елдері үшінде ақиқат. Дипломатиялық, сыртқы сауда қатынастары негізінен әдет-ғұрыптардың көмегімен реттелгенін халықаралық қатынастардың тарихы куәландырады. Ежелгі кезден бастап халықаралық байланыстарды жүзеге асыруда бірнеше рет қолданылған мемлекеттердің әрекеттерінен халықаралық қатынастар сферасында мемлекеттердің мінез- құлқын реттейтін кәдімгі ережелер қалыптасты. Оларды сақтаудағы мемлекеттің үнсіз келісімі, оларды ұзақ уақыт қолдану, олардың заңды күшін мақұлдау туралы міндетттемені өзіне қабылдау нәтижесінде олар халықаралық құқықтың қайнар көзінің күшіне ие болды.Олар халықаралық сауда әдет- ғұрыптары деп деп аталады және тарапардың екеуімен де орындалатын болады.
Келісімшартты нормативті актілерден мына ерекшеліктерімен ажыратылады:
1) Келісімшартпен қарастырылатын мінез-құлық тәртіп ережесін тек қана оның қатысушылары орындауға міндетті;
2) Келісімшарт тең құқықлық мүмкіндіктері бар субъектілер арасында қалыптасқан қатынастарды реттейді.
Әкімшілік келісімшарт әкімшілік құқықтық қатынастардың заңды формасы болып табылады.
Ол келісім шарт болуы мүмкін:
1) Әкімшілік қатынастарды реттеу қажет;
2) Міндетті субъект ретінде мемлекеттік басқару органы болатынын білу қажет;
3) Мемлекеттік басқару органдарының атқарушы басқару функцияларын (қызметін) жүзеге асыру;
4) Басқару органдарының құзырлығын (компетенциясын) анықтайтын құқықтық нормалармен қарастырылған нәтижеге жетуге бағытталған тараптардың келісімі болу керек;
5) Заңды факт ролінде кіру қажет, соның күшінде ӘҚҚ-с туындайды, өгереді және жойылады.
Құқықтық құбылыс ретінде ӘҚ-тың ҚК – дерін ары қарай оқып зерттеуді және терең игеруді қажет етеді.
1993 ж. 13 тамызда шығарылған, ол Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдармен Инвестициялық қорлардың құнды қағаздарын шығару және тіркеу туралы инструкция бекіткен.
ҚР Конституциялық Кеңесі (Конституционный Совет РК) заң шығарумен қатар кез келген нормативті актіні Конституцияға сәйкес емес деп тануға және осы Нормативтік актінің негізінде туындағанбарлық құқықтық қатынастардың барлығының күшін жоя алады. Сондықтан Конституциялық Кеңестің нормативті қаулылары ӘҚ-тың ҚК болып табылады.
Жоғарғы соттың нормативті қаулыларын ӘҚ-тың ҚК-деріне жатқызуға болады егер осы қаулылар мыналарға қатысты болса:
a) Әкімшілік істерді қарастырудағы практиканы жинақтап қорытса;
в) Әкімшілік заңнаманың құқық қолдану практикасын жетілдірсе;
Әкімшілік құқықтың ҚК–нормативті актілерінің -заңды күшінің дәрежесі бойынша классификациясы осындай. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан территориясындағы қалыптасқан практикаға сәйкес. Әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық актілер танылады, мысалы, 1966 ж. 16 желтоқсанда шыққан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және 1948ж. 10 қыркүйекте шыққан адам мен азамат құқығының жалпыға ортақ декларациясы.
Халықаралық шарт – оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім. Халықаралық құқықтың субъектілерінің келісімдерінің 1-ші стадиясы – келісімшарттың мәтінін құрастыру және келісу; 2-ші стадиясы келісімшарттың мәтінінде көрсетілген ережелерді заңды міндетті түрде мақұлдау. Халықаралық келісімшарт (келісім, пакт, конвенция) халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі ретінде танылады. Келісімшарт, ереже бойынша, жазбаша формада болады. Оның мәтінінің астына қолдар қойылып оны мөрмен бекітеді.
Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастарда халықаралық құқықтың қ.к. ретінде халықаралық конференциялар мен мәжілістердің қорытынды актілері пайдаланылады.
Келісімшартты нормативті актілерден мына ерекшеліктерімен ажыратылады:
1) Келісімшартпен қарастырылатын мінез-құлық тәртіп ережесін тек қана оның қатысушылары орындауға міндетті;
2) Келісімшарт тең құқықлық мүмкіндіктері бар субъектілер арасында қалыптасқан қатынастарды реттейді.
Әкімшілік келісімшарт әкімшілік құқықтық қатынастардың заңды формасы болып табылады.
Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады. Халықаралық құқық субъектілік мемлекетке өзінің өмір сүру кезінен бастап тән.
Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы), ереже бойынша, заңды және жеке тұлға қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы мекемелерінде, осылай, парламитарлық одақ БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық субъектіліктің барлық элементтері болмайды.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдарда егемендік болмайды, өз территориясы, тұрғыны мемлекеттің өзге де атрибуттары болмайды. Олар халықаралық құқыққа сәйкес келісімшарт негізінде егеменді субъектілерінен құрылады және құрылтай құжаттарнда бектілген нақты құзырлықтары болады. Осы құрылтай құжаттарға қатысты 1969 ж. халықаралық келісім шарт құқықғы туралы Вена Конвенциясы әрекет етеді.
Халықаралық ұйымдрдың негізгі қатынастары:
1. Халықаралық нормаларды құруға қатысу құқықғы;
2. Нақты биліктік өкілеттіктерді ұйым органдарының пайдалану құқығы; соның ішінде орындалуы міндетті шешім қабылдауға құқық;
3. Ұйымға және оның қызметкерлеріне берілген артықшылықтармен иммунитеттерді пайдалану құқығы;
4. Қатысушылары арасындағы дауларды қарастыру құқығы;