Халыкаралык кукыктын кайнар коздерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 08:11, реферат

Краткое описание

Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзінің түсінігіне өзара байланысты екі элемент кіреді. Біріншіден, нормаларға заңи міндеттілік сипатын беру, яғни мемлекеттік ерікті білдіру жолы, екіншіден нормалардың сыртқы нысанынының сипаты.Әртүрлі жүйелерінің қайнар көздерінің ерекшелігі құқықтық реттеу обьектілерінің ерекшелігімен анықталады. Құқықтың қайнар көзі дегеніміз - құқықтық нормалары мазмұндалатын ресми нысан.Құқықтың қайнар көзі ол нақты заңи істі шешу үшін құқықтық норманы анықтауға мүмкіндік береді, оның 5 түрі бар:

Файлы: 1 файл

Халықаралық құқықтың қайнар көздерзадание 2.doc

— 82.50 Кб (Скачать)

 

1991ж. 14.06. «Қазақ КСР-дегі валюталық реттеу» Заң, Қазақ КСР Президентінің жарлықтарының, министірлер кабинетінің бірқатар жарғыларының  шығарылуы.

 

 

Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық  қатынастар:

 

а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;

 

б) халықаралық  ұйымдар арасындағы;

 

в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;

 

г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.

 

Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық  жеке құқық бар.

 

Халықаралық  бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы  саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.

 

Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар)  арасындағы халықаралық жобадағы  жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары)  бойынша туындаған  қатынастарды реттейді.

 

Халықаралық жеке құқық құқық жүйесі ретінде  барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық  құқық ғылымы  барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің  халықаралық  құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық  құқықтың қазақстандық  ғылымы.

 

Халықаралық жеке   құқық, кез келген мемлекеттің  ұлттық құқығы сияқты  салаларға бөлінеді. Халықаралық  құқықтың салалары халықаралық  қатынастардың  белгілі  бір тобын  реттейді  және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы,  Халықаралық  қауіпсіздік құқық саласы халықаралық   пен қауіпсіздікті  қамтамасыз етудегі  қатынастарды реттейді; Халықаралық  ұйымдар құқығы  халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.

 

Халықаралық құқықта мынадай шарттар қалыптасқан:

 

1) Халықаралық  құқық субъектілік құқық;

 

2) Халықаралық  ұйымдар құқығы;

 

3) Халықаралық  гуманитарлық құқық;

 

4) Халықаралық  теңіз құқығы;

 

5) Халықаралық  әуе құқығы;

 

6) Халықаралық  ғарыш құқығы;

 

7) Халықаралық  атом құқығы;

 

8) Халықаралық  экономикалық құқық;

 

9) Халықаралық  қылмыспен күрес құқығы;

 

10) Халықаралық  келісімшарт құқығы;

 

11) Халықаралық  қоршаған ортаны қорғау құқығы;

 

12) Халықаралық  қауіпсіздік құқығы.

 

Халықаралық-құқықтық институт – бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы,  Халықаралық  гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, Халықаралық  келісімшарт құқығындағы  - келісімшарттың жарамдылығы институты.

Қазіргі заманғы құқықты, соның ішінде халықаралық құқықты құрудағы ұлттық аспектілер мен ұлттық мемлекеттік мәселелер өздерін әлемдік аренада енді бекіткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қызығушылығын тудырады. Өркениет– географиялық ұғым емес, ол қалғандарды «өркениеттенбеген», яғни «екінші сорттыларға» жатқызатын қандай да бір «таңдалған» халықтарға тиесілі емес. Халықтар «иерархиясын», ұлттық құқықтық мәдениеттерді тану ұлтшылдық, шовинизм, фашизм үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар, ұлттық ерекшеліктерді, тіпті «Жаңа тарихи ортақтық - Кеңес халқын» құруға талаптанған Кеңес Одағы кезіндегідей жақсы оймен де ескермеуге  болмайды.

Құқықты құрудың ұлттық аспектілерінің ерекшеліктері көптеген қазіргі заманғы құқықтық жүйелер генезисінде, интеграцияланған процестер ерекшелігінде, планеталық құқықтың құрылуының ерекшеліктеріндегі көптеген жайттарды түсіндіріп бере алады, Л.Н.Гумилев ескергендей, жеке этностар бір-бірінен оқшауланбаған, «антропосфера мозаика түрінде болады, ал оны этносфера деп атаған дұрыс» /1,544 б./. Философ және тарихшы Л.П.Карсавин адам тарихын «көпбірлік» терминімен сипаттайды. Ал Н.А.Бердяевтың ұқсас термині бар – «моноплюрализм». 1990 жылдардың ортасында Г.Н.Манов мемлекеттік өркениеттік сипаттарына, құқықтың ұлттық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, бұқаралық билік аппаратымен бірге мемлекеттің ел ретінде де көрінетіндігі туралы жазған. Дамыған жағдайдағы ел – бұл әрқашан белгілі бір өркениет /2/. Халықаралық Сот мүшесі және оның бұрынғы төрағасы Т.О.Элайас «өркениет» және «құқықтық жүйе» ұғымдары қазіргі замандағы құқықтық идеялардың әртүрлілігі тәрізді саяси ойлау мен қоғамдық әрекеттердің әр түрлі бейнелерінің өкілдігін білдіреді деп түсіндіреді. Оның ойынша, бұл терминдерді «мәдениеттер» сөзімен алмастыруға болады /3,24 б./.

Жоғарыда айтылған ғалымдардың барлығы жалпы адамзаттық жинақталған-бірдей болмайды дегенді білдірді, ол әділеттік, парыз, жауапкершілік, тәртіп тәрізді қоғамның барлық әлеуметтік реттеушілерінің негізі болып табылатын құндылықтарды сақтаудың ең тиімді нысаны - ұлттық нысан ретінде өмір сүреді. Ұлттық құқықтық жүйелер ғасырлап дамитын, әр халықта әр түрлі болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, құқықтық практиканың негізінде пайда болады.

Құқық қазіргі заманғы мемлекеттердің өмірінде қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде рөл атқарады. Бірақ құқықтың мағынасы әр елде әртүрлі. Нормативті құқықтық актілерде бекітілген құқық пен  шын мәнісінде сол мемлекеттің өзінде жүзеге асып жатқан құқықтың арасында, басқа да жағдаяттардан бөлек, құқықты түсіну мен жүзеге асырудың этникалық факторлары жатыр және олар ұлттық құқықтың ерекшелігін құрайды. Ұлттық құқық пен сол мемлекеттің тұрғындарын құрайтын ұлттардың мәдениеттері ұлттық-мемлекеттік ерекшеліктің анықталуында аз рөл атқармайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін африкалық халықтардың көбісі тәуелсіздігін алғаннан соң, жаңа ұлттар өздерінің еуропалық қағидаларға сүйенген мемлекеттілігі мен құқықтарын модернизациялану тенденциясын көрсете бастайды. Дәстүрлі салттардың орнына жаңа заңнама ауыстырылды. Дегенмен 80%-дан  90%-ға дейін тұрғындар ескі дәстүрлерге сүйеніп өмір сүре берді /4,61б./. Олар жаңа заңнамамен мүлдем таныспаған және үлкен  қалаларда жүзеге асырылатын заңдар мен институттар жайлы ештеңе білмейді. Құқық африкалық қоғамдардың әлеуметтік ұйымдастырылуының орталық қағидасы болып келмейді.

Бұл жағдайда, ұлттық құқықтық жүйе сол халық үшін әлемнің құқықтық үлгісі деп айтуға болады. Сондай-ақ бұрын оқшауланған өркениеттер байланысының кеңею процесі үздіксіз жүріп жатқанын, соның нәтижесінде қазір ұлттық мәдениеттерінің айрықша белгілерін сақтай отырып біртіндеп біртұтас жаһандық өркениет құрылып келе жатқанын есте сақтауымыз керек. Алайда қоғамға ұзақ уақыт бойы өмір сүруге, жаңаруға, дамудың өзіндік жолдарын табуға көмектесетін бейімдеушілік (адаптациялық) мүмкіндіктер болып табылады. А. Дж. Тойнбидің айтуынша, мәдениеттік элементтердің реинтеграциясы арқылы ортақ мәдениет нысанын құру тенденциясы тек механикалық қосылуға емес, сонымен қатар жаңа біртұтастықтың пайда болуына әкеп соғады, өйткені мәдениетке өзін өзі жаңартуға ұмтылу тән, қоғам өзіне әсер етуші күшті ассимиляциялайды.

 

 

  Ішкі заңнамалар

Ішкі заңнама – бұл мемлееттің ең маңызды  қайнар көздерінің  бірі.Ішкі заңнаманы  халықаралық  жеке  құқықтың  қайнар көзі ретінде  сипаттама берсек, ТМД –да басқа  мемлекеттерге  қарағанда ,  мысалы Австрия ,Австрия , Венгрия, Түркия  халықаралық  жеке  құқықтың мәселесін қарастыратын  арнайы заң  қабылданбаған, тек  осы саланы қарастыратын  нормалардан  тұратын заң актілері бар.

 

  Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі  ретінде ішкі  заңдарды  айтқанда мемлекеттің  екі тобын айыра білу керек.Екеуінің  біріншісінде  халықаралық  жеке құқықтың  арнайы  заңы әрекет етеді.Осындай заңдар Австрия , Әзірбайжан, Бельгия , Болгария, Венгрия, Словения елдерінде  халықаралық жеке құқық туралы Заңдар  Луизиана штатында Квебек провинциясында қабылданған.

    

 

 

 

Сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі

 

   Көптеген мемлекеттерде сот прецеденті және арбитраж  тәжірибесі ХЖҚ –ның қайнар көзі  ретінде маңызды рөл атқарады.Сот прецеденті – анологиялық  істі қарау кезінді жоғарғы  соттың  кіші сот үшін  императивті  шешімі .Ұлыбритания – коллизиялық  құқық бойынша  Дайси курсы.Қазіргі уақытта прецеденттік  құқықтың аймақтық жүйесі ретінде Еуропалық Сотпен дайындалған  Еуропа Одағының  шеңберінде құрылған, еуропалық прецеденттік құқық әрекет етеді.Бұл Соттың шешімі ЕО-ға мүше мемлекеттер ,ұлттық міндетті.ЕО –ға мүше мемлекеттердің сот органдары Куропалық Соттың шешіміне қарама қайшы шешім қабылдауға құқығы жоқ.

 

Әдет – ғұрып түсінігі және маңызы.

 

     Әдет – ғұрып дегеніміз – құқық  нормасы ретінде танылған , ортақ тәжірибе. Халықаралық  жеке құқықты  халықаралық  сауда әдет – ғұрыптар , іскерлік айналым әдет – ғұрпы  және теңізде  жүзу әдет – ғұрпы  үлкен рөл атқарады. СИФ халықаралық сауда терминдерін  кредетив және инкассо бойынша  унификацияланған  ережелер және  т.б. қолданады.Барлық осы актілердің  нормативтік сипаты жоқ,  бірақ құқықтың қайнар көзі болып табылады. Халықаралық сауда  тәжірибесінде , егер   шарт негізінде  дау туындаса , қабылданған  әдет – ғұрыптарды  арбитраждық сот қолданады.

 

    Халықаралық  әдет-ғұрып – ұзақ уақыт қолданудың нәтижесінде әдетке енген және мемлекеттердің санкциялауы нәтижесінде міндетті болып табылатын мінез құлық ережелері.  Ол халықаралық құқықтың да, ұлттық құқықтың да қайнар көзі болып табылады.

 

  Халықаралық әдет – ғұрыпты lex mercatoria (халықаралық коммерциялық құқық,трансұлттық сауда құқығы, халықаралық коммерсанттар бірлестігі құқығы) түсінігімен байланыстырады. Халықаралық коммерциялық  құқықтың түсінігі дегеніміз -  сыртқы экономикалық  қызметті мемлкеттік емес жүйемен реттеу.Сонымен қатар  бұл жүйені  «жұмсақ,икемді» құқық деп атайды . Lex mercatoria - сыртқы  сауда мәселесі  бойынша халықаралық  ұйымның резолюциясы ұсыныс болып табылады. Халықаралық коммерциялық құқықтың маңызды рөлін ДСҰ,ХКО , ЮНСИТРАЛ  және басқа да ұйымдар атқарады.

 

Халықаралық жеке құқық ілімі  

 

  Ілім дегеніміз -   мемлекеттік  және халықаралық  деңгейде ресми  танылған ғалымдардың пікірлері.Қазіргі уақытта халықаралық жеке құқық ілімдері унификациялау мен үйлестіру қолданылады.

 

 



Информация о работе Халыкаралык кукыктын кайнар коздерi