Испан дипломатиясының қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 16:57, реферат

Краткое описание

Испан дипломатиясының қызметі әлемдегі ең көне қызметтерінің бірі болып табылады, сонымен қатар басқа европалық мемлекеттерге қарағанда Испанияның қыметкерлерді ұйымдастыру факторлары мен жұмыс істеу методтары бүгінгі күнге дейін нашар зерттелген. Өйткені 1939-1975 жылдар аралығында Испания Франко генералының билеуінде болған кезде, ол толықтай халықаралық изоляцияда болған.

Оглавление

I Кіріспе
I тарау. Испанияның дипломатиялық қызметінің дамуына әсер еткен факторлар
1.1. Испания орталықтандырылған сыртқы саяси аппаратының құрылуы
1.2. Франко кезеңіндегі дипломатиялық қызмет
II тарау. Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі
2.1. Франкистік режимнің құлауы мен Испанияның демократиялануы
2.2. Испанияның қазіргі таңда әлемдік сахнада алатын орны
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ИМоВП.doc

— 103.50 Кб (Скачать)
 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Реферат

Тақырыбы:

Испан дипломатиясының  қалыптасуы мен дамуы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                         Орындаған: Қожабек Н.Н А-21

                                                                   

                                                                      Қабылдаған: Қилыбаева Б.Қ

Жоспар:

I Кіріспе 

 I тарау. Испанияның дипломатиялық қызметінің дамуына  әсер еткен факторлар

       1.1. Испания орталықтандырылған сыртқы  саяси аппаратының құрылуы

        1.2. Франко кезеңіндегі дипломатиялық  қызмет

II тарау. Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі

        2.1. Франкистік режимнің құлауы  мен Испанияның демократиялануы

        2.2. Испанияның қазіргі таңда әлемдік  сахнада алатын орны 

III Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

          Испан дипломатиясының қызметі әлемдегі ең көне қызметтерінің бірі болып табылады, сонымен қатар басқа европалық мемлекеттерге қарағанда Испанияның қыметкерлерді ұйымдастыру факторлары мен жұмыс істеу методтары бүгінгі күнге дейін нашар зерттелген. Өйткені 1939-1975 жылдар аралығында Испания Франко генералының билеуінде болған кезде, ол толықтай халықаралық  изоляцияда болған.

        Осыған қарамастан қазіргі таңда  Испанияның әлемдік аренада алатын  орны өте ерекше. Ол көптеген  халықаралық ұйымның мүшесі бллып  табылады.

           Мысалы, Испания Европалық Одақтың құрамына 1986 жылдың қыркүйегінде кірген болатын. Испания осы ұйымның мүшесі болып кіргеннен кейін ол экономика және саяси салаларда көптеген жетістіктерге жеткен еді.

         Жұмысымның мақсаты:Испанияның дипломатиялық қызметінің ерекшелігі мен әлемдік сахнада алатын орнын көрсету. Өйткені қазіргі таңда, көптеген мәселелерді шешу үшін  арнайы дипломатиялық методтарды қолдану керек. 

             Жұмысымның міндеті  Испанияның дипломатиялық қызметінің

жұмысы  мен оның қалыптасу тарихындағы ерекшелігін көрсету.

             Жұмысымның өзектілігі алда айтып кеткендей, Испан дипломатиясының қызметі әлемдегі ең көне қызметтерінің бірі болып табылады, сонымен қатар басқа еуропалық мемлекеттерге қарағанда Испанияның қызметкерлерді ұйымдастыру факторлары мен жұмыс істеу методтары бүгінгі күнге дейін нашар зерттелген. 

             Негізінен жұмысым 2 тараудан тұрады. Енді әр қайсысына тоқталып кететін болсақ. Бірінші тарауда Испанияның ең бірінші тұрақты дипломатиялық елшіліктері католиктік корольдер кезінде пайда болғаны мен Испанияның Сыртқы Істер Министрлігі мемлекет үкіметінің ең бірінші және ең көне институттық органдарының бірі екені жөнінде жазылған.Сол кезде жасалған Корольдік декрет пен оның ықпалы туралы.

             Сонымен қатар Франко өз билігін құрған кезеңі туралы. Оның  орнатқан режимі Испанияның алдағы дамуына және сыртқы саясатына үлкен ықпал еткені жөнінде. Сол кезде Испания мемлекеті әлемде алатын орны өте өмен болатын. Өйткені ол басқа мемлекеттерге жабық болды.

             Келесі тарау  Франкистік режимнің  құлауы,  Испанияның демократиялануы  мен мемлекеттің саяси жағдайының  күрт өзгеруіне әкеліп, 1975 жылы  мемлекеттің жаңа конституциясы  жасалынып, қабылдануы туралы. Осы  бөлімде жалпы Испания дипломатиясының қызметі қазіргі таңда қалай жұмыс істейтіні, оның негізгі құрылымы жөнінде. 
 
 

I.Испаниянның  дипломатиялық қызметінің  дамуына әсер еткен  факторлар 

1.1. Испанияның орталықтандырылған  сыртқы саяси аппаратының  құрылуы 

    Испанияның  ең бірінші тұрақты дипломатиялық елшіліктері католиктік корольдер кезінде пайда болды. Отралықтандырылған сыртқы саяси ведомстваларды құру идеясы да осы кезеңге сай келеді.  Осы мақсатпен король Фердинанд  Король секритариатын  құрған болатын, ол сыртқы істер министрлігінің прототипі болды. Испанияның Сыртқы Істер Министрлігі мемлекет үкіметінің ең бірінші және ең көне институттық органдарының бірі болып табылады.  1529 жылдың 24 қазанында Карл I-ші Король секритариаты мен Мемлекет секретариатын қайта құрды. Келешекте бұл органдар бірнеше рет жаңадан сайланады. Тек, 1626 жылы  Филипп IY-ші билік басына келгеннен кейін ғана бұл орган Церемониал деген атқа ие болады.

    Филипп IY-ші тұсында, Бурбондардың билеген  жылдарында , яғни 1714 жылдың 30 қарашада министрлерінің әкімшілік структурасын құру туралы шешім қабылданды. Ол Мемлекеттік бірінші секритариаты мен кабинет деген атауға ие болды. Оның аталуы 1868 жылға дейін сақталған еді. Корольдік декрет 1834 жылдың 16 маусымында Субсекретариатын заңдастырды. Ол осы ұйымның құрылымдық бөлімшесі.11

    1868 жылы Испанияның сыртқы саяси  ұйымы Мемлекет Министрлігі деген  жаңа атқа ие болады. 1928 Испанияның  консулдық және дипломатиялық  қызметтері унификацияланады. Азамат  соғысы жылдарында, франкистердің  жаулап алынған жерінде Испанияның  Сыртқы Істер Министрлігі құрылады.

    1714 жылы Сыртқы Істер Министрлігін  заңдастырғаннан кейін , дипломатиялық  кадрлік қызметтің негізгі функциялары  тіркелген болатын. Келесі дипломатиялық  қызметтің өзгеруі 1778 жылы, Флоридобланко  кезінде Мемлекеттік секритариатты   ауыстырылады. Ол Испания  дипломатиялық   қызметінің негізін енгізген болатын.  XIX ғасырдың ортасында Испания дипломатиялық қызметі Напалеон енгізген , Франция моделіне сай етіп өзгертілген еді. 1844 жылы дипломатиялық қызметке енді конкурстық жүйемен қабылдайтыны жөнінде Король декреті жасалады.

    Сонымен қатар, корольдік декрет келесі рангтерді  енгізді - елші, төтенше жағдайлар  жөніндегі елші, өкілетті министр, резидент-министрін, 1-ші, 2-ші және 3-ші рангтегі секретарларді, штаттағы атташе мен уақытша сынақтан өткен атташе. 1844 жылы жасалған Корольдік декрет тағы бір фундаментальді принціпті енгізді. Ол бойынша, елшілер мен өкілетті министрлерден басқа, енді әрбір қызметкер тек ведомстваның иерархиялық баспалдағынан өткеннен кеін ғана, келесі рангке өтуі мүмкін болды.

    Дипломатиялық қызметтік статусы туралы ең алғаш  рет өзгертулер 1851 жылы енгізілген болатын. Ол бойынша, енді елші мен дипломатиялық  атташенің атқаратын қызметтері жеңілдетілді. Оның орнына жаңа рангтер  пайда болды. Олар елші, 1-ші, 2-ші және 3-ші класстағы секретарьлар мен уақытша сынақтан өткен атташе. Министрлікке уақытша сынақтан өткен атташеға тек арнайы конкурстан өткен адамдар ғана алынатын. Ал конкурсқа тек жоғары білімі барлар ғана  қатыса алатын болған . 1852 жылы қабылданған жаңа корольдік декрет бойынша, енді конкурстан өту үшін түрлі экзамендерден тапсыруға талапкер міндетті болмады. Осыған байланысты  декретте арнайы пәндер пайда болады, ол бойынша енді әрбір талапкер осы пәндерді оқу барысында баға алуға міндетті болды.

    1844, 1851 және 1852 жылдары қабылданған декреттер бойынша енді саяси   тағайындаушылар болып тек елшілер мен өкілетті министрлер бола алды. Ал іс жүзінде осы заң ұстанылмаған еді.

    Келесі  испан дипломатиясының институционалды  дамуының негізгі бағытына әсер еткен  нәрсе, ол 1883 жылы қабылданған «Дипломатиялық Карьера, Консульства және Аудармашының құқығы» атты заңы болған еді. Сол кезде Мемлекеттің министрі маркиз Вега де Армихо болды. Осы заң оның талабымен  жасалынған  болатын. Жаңа заңға сәйкес, дипломатиялық қызметке алу конкурсы мен дипломаттардың  қызметтік баспалдақтан өсу ережелері өзгертіліп, енді әр дипломат 1 рангтен 2-ші рангке өту үшін өз қызметінде 3 жылдан кем емес жұмыс істеуі міндетті болды. Осыған байланысты енді жыл сайын қызметкерлердің тізбегі, рангтері биографиялары туралы жариялар жазылатын болды.

    Осы кездегі дипломаттардың көбі қоғамның жоғары сословиясынан шыққан еді. Өйткені  атташе қызметіне қабылданған адамдар 3 немесе 6 жылдай жалақысыз жұмыс  істеуі міндетті болды.

    Примо де Ривера билеген уақытында испан дипломатиясы жаңа өзгерістерге ұшырайды. 1928 жылдың 29 қыркүйегінде қабылданған декрет бойынша  дипломатиялық және консулдық ұйымдар бірігіп жұмыс істейтін болған.

    1932 жылы дипломатиялық қызметке  түсушілерге жаңа талаптар қойылды.  Олардың ең ерекшесі ол француз және ағылшын тілдерін білу. Сонымен қатар, декрет бойынша енді дипломатиялық қызмет барлық социалды класстарға ашық болуын мемлекет басшылары талап еткен. 
 
 

1.2. Франко кезеңіндегі  дипломатиялық қызмет 

     1936-39 жылдары болған азаматтық соғыс кезінде, Франко өз билігін құрған кезең еді. Оның  орнатқан режимі Испанияның алдағы дамуына және сыртқы саясатына үлкен ықпал етті. Әрине оның ықпалы Испанияның дипломатиялық қызметінің эволюциясына өз әсерін тигізген болатын.

    Жалпы генерал Франко билеген кезең испания дипломатиялық тарихындағы 2 үлкен кезеңге(1939-1959 жылдары мен 1959-75жылдары           аралығында болған) бөлуге болады. Осы 2 кезеңдер бір-бірімен өте тығыз байланысты.

    Франконың таққа келуінің бірінші этапында испан дипоматиясына кері әсер еткен фактор ол Сыртқы Істер Министрлігінде жұмыс атқаратын  қызметкерлерін толықтай тазарту болды. Сыртқы саяси Франкистік бағыттарды жүзеге асыру үшін сенімді кадрлар керек еді. Франктің қабылданған ең бірінші заң 1938 жылдың 21 қыркүйегінде жасалған. Ол бойынша жаңа рижімде Сытрқы Істер Министрлігінің барлық қызметкерлерді арнайы сынақтан өтуі міндетті болды . Осы мақсатпен , мемлекет басшысы мен халықаралық қатынастарды Сыртқы Істер Министрлігіне тікелей бағынатын Трибунал жасалады. Оның функциясына Сыртқы Істер Министрлігінің орталық ақпаратына қызметкерлер таңдау мен шет мемлекеттерде орналасқан ұйымдарды тексеру кіреді. Осыған байланысты көптеген дарынды испан дипломаттары өз қызметінен босатылған еді.

    Франкизмнің бірінші жылдарында,  Сыртқы Істер Министрлігі Испанияның сыртқы саяси механизімінде үлкен роль атқарғанымен , оған кейбір шектеулер қойылған еді.

    1942 жылдың 16 желтоқсанында декрет қабылданғаннан  кейін Испанияның   Сыртқы Істер  Министрлігінің құрылымына өзгертулер  енгізілді. Ол бойынша, министрлік реорганизациялнып, жаңа ұйымды құрү тиісті болды. Сонымен қатар, Декретке сәйкес министрліктің орталық ұйымы Субсекретариат үш негізгі ұйым (Сыртқы саяси, Экономикалық саяси және Жалпы сұрақтар) , Протокол бөлімі мен Дипломатиялық кабинет кірді(1-ші статья бойынша).

    Сыртқы  саяси бөлімнің басқару органына территориалды, сонымен қатар, функционалды бөлімшелер кірген. Ол Европа бөлімі, Латын  Америкасы мен Азия мемлекеттері, сонымен қатар Ақпарат бөлімі мен Мәдениет қатынастары (2-ші статья бойынша).

    Негізгі экономикалық саясатымен айналасатын  ұйымның міндетіне коммерциялық шарттар жасауда келіссөздер  жүргізу арқылы жүзеге асыру мен  сыртқы саудамен айналысатын бөлімдерді бақылау кірді( 3-ші статья бойынша).

    Жалпы мәселелермен айналысатын Басты басқару органының міндетіне құқық бөлімі, кадрлік бөлім, шифрлер бөлімі мен министрліктің жалпы регитрі кірді ( 4-ші статья бойынша).

    Протокол  бөлімінің міндеттеріне Испан елшілігінің  жұмысы мен шетелде  және испан  жерінде орналасқан елшіліктерінің жұмысын қадағалау кіретін еді ( 5-ші статья бойынша).

    Дипломатиялық кабинет министрлік  пен дипломатиялық  миссия Басшылаоының арасындағы байланысын қадағалайтын орган еді.

    1942 жылы Сыртқы Істер Министрлігі  мен оның мүшелеріне үлкен  ықпал еткен тағы жаңа декрет  жарияланды. Ол бойынша, Испанияда дипломатиялық мектеп ашылып, оның міндетіне  Сыртқы Істер Министрлігіне арналған диломатиялық кадрлерді дайындау керек болды.

    Келесі  франкистік Испанияның дипломатялық қызметіне  ықпал еткен декрет  1945 жылдың 31 желтоқсанында қабылданды. Оған байланысты министрлік ұйымның құрылымы кеңейтіліп, құрылымы келесідей болды:

           - Субсекретариат

               - Сыртқы саясаттың басты басқару  органы

               -  Экономика саясатымен айналасатын  Басты басқару 

                  органы                                  

Информация о работе Испан дипломатиясының қалыптасуы мен дамуы