Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 19:36, курсовая работа
Информатиканы оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО барлық типтегі орта мектептеріне 1985 жылдың 1 – қыркүйегінен бастап енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталады. Жалпы білім беру мектебінде бұл пән екі жоғарғы сыныпта (ол уақытта IX және X сыныптар) оқытылады. Информатика саласынан жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарына біртіндеп енуі бұрынырақ басталып, бұл үрдіс оқушыларды бағдарламалау және кибернетика элементтеріне оқыту тәжірибелерінен бастама алған еді.
Кіріспе
Информатиканы оқыту әдістемесі
пәні туралы түсінік...................................................................................2
Негізгі бөлім
1 Информатика кабинетіне қажетті құралдар..........................................4
2 Информатика кабинетінің жабдықталуы.............................................12
3 Информатика кабинетіне қойылатын талаптар...................................14
4 Есептегіш техника кабинетін ұйымдастыруға
гигиеналық нұсқаулар............................................................................17
5 Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік
техникасының ережелері.........................................................................19
Қорытынды..............................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер.................................
10. Кабинет
паспортын жабдықтаудың
Сонымен қатар информатика кабинетінде «Информатика кабинетінен эвакуация жоспары», өрт сөндіру құралдары мен «Алғашқы көмек көрсету аптечкасының» болуы міндетті.
Алғашқы көмек көрсету аптечкасының құрамы
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi |
Қолданылуы |
Саны |
Жеке таңуға арналған антисептикалық пакеттер |
Таңу үшiн |
3 дана |
Бинттер |
Жарақатты таңу үшiн |
3 дана |
Пакеттегi мақта |
Жарақатты сүрту, таңу мақсатында |
3 дана |
Қан кетудi тоқтату орамы |
қан кетудi тоқтату мақсатында |
1 дана |
Йод ерiтiндiсi |
Жарақаттың, жараның, iсiктiң жан-жағына жағу үшiн |
1 флакон |
Нашатыр спиртi |
Естен танып қалған жағдайда мақтаға 2-3 тамшы тамызып, мұрнына иiскету |
1 флакон |
2-4% бор қышқылының ерiтiндiсi |
Көздi шаю үшiн, күйген жағдайда көздi сүрту үшiн |
1 флакон |
1% спирттiк брилиантты жасыд ерiтiндi |
Терiдегi әр түрлi жарақатқа, жараға жағу үшiн |
1 флакон |
Кардиомин |
Орталық нерв жүйесiн, жүрек соғысын, тыныс алуды қалпына келтiру үшiн 25 тамшы (1 шәй қасық) |
1 флакон |
Резина қолғап |
1 пар | |
Калий магранциялық қышқылы (марганцовка) |
Терi сыртының жарақатына жағу үшiн |
1 флакон |
Жабысқақ пластырь |
1 дана |
ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІНІҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ
Информатиканы оқыту құралдар
жүйесіне оқулықтар, оқу және методикалық
материалдар, компьютерге арналған
программалармен қатар
Мектептегі информатиканы оқыту құралдар жүйесінің негізгі компоненттері төмендегідей:
оқушыларға информацияның оңай таралуын, олардың оқу іс - әрекетіне қызығушылығын, қамтамасыз ететін, интелектуалдық мүмкіндіктерге және Дүниежүзілік информация торларыныңмүмкіндіктерін пайдалану түрлеріне бай телекомуникация құралдары.
Информатика кабинеті, оның жабдықталуы мен қызыметі.
Есептегіш техника кабинеті дегеніміз – оқу есептегіш техника комплектісімен, оқу көрнекілік құралдарымен жабдықталған “Информатика және есептегіш техника” курсы бойынша теориялық және практикалық класта, кластан тыс және факультативтік сабақтар өткізуге арналған жалпы білім беретін орта мектептегі оқу – тәрбие жүргізетін орын.
Есептегіш техника кабинетінде жүргізілетін сабақ төмендегідей қызмет көрсетеді:
- оқушылардың компьютерлік сауаттылығынан бастап информациялық мәдениетін қалыптастыру – қазіргі есептегіш техниканың құрлымы, басқаруы жайлы білім мен ЭВМ – да есеп шығару дағдысы мен іскерлігі;
- оқушылардые есептегіш техниканың өндірісте, жобалау – конструкциялық ұйымдарда, ғылыми – мекемелерде, оқу процесі мен басқару орындарында қолданылуымен таныстыру;
- информатика негіздерін оқу процесінде оқушылардың теориялық ойлауын дамыту;
- оқыту әдістерін жетілдіру мен мектептегі оқу тәрбие процесін ұйымдастыру.
ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Есептегіш техника кабинетінде жүргізілетін сабақтар:
- “Информатика және есептегіш техника негіздері” – курсы бойынша сабақ немесе есептегіш техника, кинофильм, диапозитив, кестелер басқа да оқу құралдарын пайдаланатын жалпы білім беретін жеке оқу пәндерін пайдалану;
- мектептің қажеттілігіне қарай оқушылардың немесе мектеп басшылығымен оқушылардың құратын қолданбалы программаларын жасау;
- “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсы бойынша кластан тыс және факультатив сабақтар;
- эксперименттік және факультатив сабақтар.
Жоғарыда аталған жабдықтармен қатар, есептегіш техника кабинетінде:
- информатика курсын және басқа да пәндердің кейбір бөлімдерін оқытуға арналған бағдарламалар жиынтығы;
- оқуда дербес әдісті жүзеге асыруға арналған, компьютердегі жаттығулар мен оқушылардың өз беттік жұмысын ұйымдастыруға арналған тапсырмалар;
- ғылыми – танымал анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер тобы;
- мектеп директоры бекіткен, есептегіш техника кабинетінің жабдықталуы жөніндегі инвентарлық кітап;
- ОЕТ комплектісіндегі әрбір жұмыс орнын пайдалану жұрналымен;
- машиналарды жөндеу жұмысы атқару жұрналы;
- оқушыладың жұмысын көрсетуге арналған қабырға газеттері мен кестелерді қыстырғыштар;
- оқушыладың ЭЕМ – да өздері құрған таңдамалы программалары;
- алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған дәрі – дәрмектер;
- өрт сөндіру құралдары болу тиіс.
Есептегіш техниа кабинетіндегі дербес компьютердің орналасуына және жабдықталуына қойылатын талаптар
- Есептегіш техника кабинеті табиғи жарықпен жарықталынуы керек. Терезе солтүстік, солтүстік шығысқа бағытталынуы керек.
- Есептегіш техника кабинеті подвалда және іргетас үстіндегі үй қабырғасының төменгі бөлігінде орналаспауы қажет.
- Есептегіш техника кабинеті шуды көп шығаратын орындардан алыс орналасуы қажет.
- Есептегіш техника кабинетіндегі бар дербес ЭЕМ – нің алатын орны 6 кв.м. – ден, ал бөлменің биіктігі 4 метірден кем болмауы қажет.
- Есептегіш техника кабинетіндегі дербес ЭЕМ – дер саны 10 – нан кем болмаса ауданы 18 кв.м. болатын лаборант бөлмесі берілуі тиіс.
Есептегіш техника кабинетіне
өзінің құрамынан зиянды химиялық заттар
бөліп шығаратын құрылыс
Дербес ЭЕМ қойылған столға электір қауіпсіздігі сақталған жергілікті желінің кабелі жүргізіледі.
Оқушыға арналған жұмыс орнының столының ұзындығы 70 см – ден, ал ені клавиатураның алдынан 30 см – дей асып тұруы қажет. Столдың манитор орналасатын беті горизонталь болуы, ал клавиатура орналасқан бет 15 – 160 – қа көтерінкі болуы қажет.
Жұмыс орындары мен құрылғылардың орналасуы
Құрылғылардың орналасуына қойылатын негізгі талаптар:
1) Оқшылардың, мұғалімнің және құрылғылардың жұмысының қауіпсіздігі;
2) Оқушыларға ыңғайлы болуы;
3) Сабақты жүргізу, сабақ тәсілдерінің әртүрлілігі және бақылауды ұйымдастыру тұрғысынан мұғалімге ыңғайлы болуы;
4) Жөндеу және қызмет көрсету жағынан ыңғайлы болуы;
5) Кабинет ауданын дұрыс қолдану.
Құрылғылардың орналасуына негізгі түрлері:
ОЖО – оқушы жұмыс орны
МЖО – мұғалім жұмыс орны
ЕСЕПТЕГІШ ТЕХНИКА
КАБИНЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА
- Есептегіш техника кабинетінде дербес ЭЕМ жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.
- Есептегіш техника кабинетіндегі шаңды азайту үшін:
- Сырт аяқ киімін есептегіш техника кабинетінде ауыстыру қажет;
- Есептегіш техника кабинетінің кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;
- Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімің столындағы дербес ЭЕМ – ға жалғастырылған демонстрациялық телевизороды пайдалануға болады.
- Видеоманетор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі, немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны абзал.
- Клас тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінетін шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек.қара түсті шторды терезеге ілуге болмайды. Есептегіш техника кабинетіндегі дербес ЭЕМ – ға шеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге руқсат етілмейді.
- Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400 – 500 люкс болуы керек.
- Ауаның температурасы – 19-210С, салыстырмалы ылғалдылығы – 62-55%, ауаның қозғалыс жылдамдығы – 0,1 м/с болуы тиіс. Есептегіш техника кабинеті жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін желдетілуі керек. Желдетілу уақыты 10 мин. кем болмауы тиіс.
- Есептегіш техника кабинетінің жұмысын “Информатика және есептегіш техника негіздері” оқытушыларының бірі басқарады. Ол кабинеттің жабдықталуын, оұушылар мен мұғалімдердің Информатика және есептегіш техника негіздері” пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.
Оқушылардың дербес ЭЕМ – мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар:
- Дербес ЭЕМ – мен жұмыс істеу кезінде оқушы санитарлық гигиеналық талапта сай отыруы тиіс. Стол мен орындық оқушының бойының ұзындығына сай таңдалуы қажет. Орындық столдан 3-5 см ішке еніп тұруы, оқушының басы 5-7° бұрышқа иіліп тұруы тиіс.
- Оқушы тік отырған жағдайдағы оқушының көзі экранның центрінің тұсында болуы қажет. Монитор экранындағы символдарды көру бұрышы 20 минуттық бұрыштан кем болмауы керек.
- Дербес ЭЕМ – экрандағы символдарды көру қашықтығы 0,6 – 0,7м аралығында болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
ҚазССР халыққа білім
беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына
сәйкес, барлық оқушылар оку процесінде
есептеу техникасын қолдану алдында
кауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер
ережелерімен, электр тогымен закымданғанда
алғашқы медициналық көмек
ЕТ кабинетінде сабақ өткізу
кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек
қауіпсіздігін сақтау талаптарына кауіпсіздік
техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы
тәртіп ережелері, электр тогымен закымданғанда
көрсетілетін алғашқы дөрігерлік көмек
төсілдері, жалпы шаршағанда және көз
талғанда колданылатын жаттығулар жатады.
Қауіпсіздік
техникасының ережелерін төмендегі пунктгерге
бөлуге болады:
1.Жалпы ережелер
2. ДК-де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы
қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды
орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға,
штепсельдің айырына, штекерге тиісуге
тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа
кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. ДК-де су киіммен және су қолмен
жұмыс істеуге болмайды.
4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі
бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым
салынады.
5. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке,
портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам
ғана жатуы керек.
6. Пернетақтаның үстіне ештеңе
коюға болмайды.
7. Компьютер сыныбында жүгіруге,
ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз
аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым
салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау
алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына косылмаған
жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының
бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын
қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне
көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие
бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына
көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке
алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік
талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде
көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын
(60-70cм)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық
– 50 см.
2. Келушілер кіргенде окушылардың
орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда
орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда
алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін,
өрт сөндіргішпен жұмыс істеу
және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру
жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы кауіпсіздік
талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында
ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен
тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып,
аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау
керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге
көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен
закымданғандарға алғашкы көмек көрсете
білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті
сумен өшіруге болмайтынын білу керек.
Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті
пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электртогының
әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға
болмайтынын білу керек. Зақымданушыны
электр тогын өткізбейтін материалдарды
пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің
талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының
нұүсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру
керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке
алу журналына белгі қою керек.
Информация о работе Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны, әдіс тәсілдері