Коммерциялық банктердің қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен мідеттері: коммерциялық банктердің қаржысын теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, оның экономикадағы алатын орнын дәлелдеу үшін мынандай мақсаттар қойылып отыр
- Қаржылық талдаудың экономикалық мәні, қажеттілігі
- Қаржылық талдау түрлері, әдістері
- Қазақстан банктердің қаржылық талдаудың шетелдік тәжірибесі
-Казком 2010-2012 жылдық қызметтегі қаржылық талдау
- Қазақстан банктерінің қаржысының талдауды жетілдіру жолдары

Оглавление

Кіріспе 2
I.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 1.1 Қаржылық талдаудың экономикалық мәні, қажеттілігі 5
1.2 Қаржылық талдау түрлері, әдістері 9
1.3 Қазақстан банктердің қаржылық талдаудың шетелдік тәжірибесі 14
II. « КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ МЫСАЛЫ НЕГІЗІНДЕ 2009-2012 ж. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУЫ 2.1 «Казкоммерцбанк» АҚ қызметіне сипаттама 21
2.1«Казкоммерцбанк» 2009-2012 жылдық қызметтегі қаржылық талдау 39
2.2Қазақтан банктерінің пруденциалдық нормативтері орындауына талдау GAMEL 55
III. КР коммерциялық банк қаржылық жағдайын реттеу және шетел тәжірибесін қолдау 3.1 Қазақстан банктерінің қаржысының талдауды жетілдіру жолдарының бизнес жоспары 56
Қорытынды 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 74

Файлы: 1 файл

дип банк комм банк каржы.doc

— 595.00 Кб (Скачать)

Математикалық әдістердің қолданылуы банктің шаруашылық қызмет экономикалық нәтижелігін жоғарылатады. Негізгі математикалық әдістерге және қаржылық талдауқабылдауларына жатады:

  • Математикалық үлгі;
  • Математикалық бағдарлама;
  • Ойындар теориясы;
  • Бұқаралық қызмет ету теориясы;
  • Корреляция қабылдаулары және кері кетушілік;

Экономикалық  талдаудың ең басты кезеңі:

  • Материалдардың аналитикалық өндеу;
  • Қажетті кестелер құрастыру (график, диаграмма);
  • Көрсеткіштердің жүйе құруы;
  • Бөлінген көрсеткіштерге ықпал жасау;
  • Факторлардың ықпалын жасау;
  • Бар резервтерді бағалау;

 

Қаржылық талдау нормативтік, статистикалық, бугалтерлік  және жедел мәліметтердің, алғашқы  құжаттардың, сонымен қатар мамандандырылған фирмалардың жүйесі ретінде қарауға  болатын түрлі шығыс ақпаратқа  негізделген. Ақпараттардың барлық  дереккөздері ресми, нормативтік-жоспарлық,  есептегі және есептен тыс болып бөлінеді.

Ақпараттардың ресми түріне:

• ҚР заңдары;

• ҚР Президентінің  Жарлықтары;

• ҚР Үкіметінің қаулылары және қараулары;

Нормативтік-жоспарлық  көздерге:

•  министерстволардың, мемлекеттік комитеттердің, федаралдық қызметтер және орындаушы биліктің орталық федералды органдарының нормативтік құжаттары (бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулықтар және т.б.);

• банктің шаруашылық-құқықтық құжаттары (бұйрықтар, шарттар, келісімдер, рекламациялар т.б.);

• акционерлер  жиналысының шешімі;

• кәсіпорында  дайындалатын жоспарлар;

• сметалар (бюджет);

• бағалар.

Қаржылық талдаужүргізудің есептегі дереккөздеріне:

• бугалтерлік  есеп және есеп берулер- осы көздердегі деректер шаруашылық құбылыстарды, үрдістер және олардың қорытындыларын неғұрлым толық баяндайды;

• статистикалық  есеп және есеп берулер- жаппай құбылыстар мен үрдістердің сандық мәліметтерінен тұрады және өзара қатынастарды тереңірек  зерттеп, экономикалық заңдылықтарды анықтайды;

• жедел есеп және есеп берулер- экономикалық талдауды статистикалық және бухгалтерлік есепке салыстырғанда неғұрлым қажетті  мәліметтермен қамтамасыз етеді  және талдаудың тиімділігіне жағдай жасайды;

• салықтық  есеп берулер- банктің салықтық міндеттемелерді түрлі бюджет деңгейлерінде толықтығын талдауға және уақытылы орындалуына мүмкіндік береді;

• таңдаулы есеп мәліметтері жатады.

Ақпараттың  есептен тыс мәліметтеріне:

• төмендегідей материалдар, актілер, қорытындылар:

ведомство ішілік және тыс тексерулердің;

сыртқы және ішкі аудиттің;

салық  органдарының тексерулерінің;

тұрақты өндірістік мәжілістердің;

баспасөз беттерінде жарияланған;

• түсіндірме және баяндау жазбаларының материалдары;

• контрагенттермен хаттар;

• жарнама;

• банктің техникалық және технологиялық құжаттары.

 

Банктің төлем  қабілетілігі деп, оның дер кезінде  өзінің барлық міндеттемелері бойынша  төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл  үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалар болуы керек.

Қарыздарды  өтеу үшін құралдардың айналым кезінде  ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалының құралы болып  табылады.

Қарыздарды  өтеу үшін құралдыр сонымен бірге  кәсіпорынның бар тауарлы – материалды құндлықьарының қоры бола алады.  Оны сатып кәсіпорын ақша қаражаттарын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарызды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы  активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық  түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері  қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасына артса, онда о қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл оыс кезде оның өндірістік қзметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдыр құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарын төлеуге кетті.

Сондықтан төлем  қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен  көп жоғары кәсіпорынды есептеуге  болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Ағымдағы төлем  қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырсулар бойынша қарыздары  жоқ болса төлем қабілеттілігі деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттелеге нақты бір  мерзімдегі оның төлем құралдырының сомасына осы мерзімдегі жедел мендеттемелерімен  салыстыру жолымен анықталады.

 Төлем қабілеттілігі  белгілі бір мерзімде қолдағы  ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті 1 – ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіорынның  төлем қабілеттілігі екеніні білдіреді. Егер коэффициент 1 – ден аз болса, онда талдау процесіде төлеу құралдарының жетіспеуі себебтерін анықтау керек.

Төлем құралдырының ағымдағы міндеттемелерінен асуы кәсіпорынның төлемге қабілеттілігі екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарының болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі  өтеп кетуі, қаржы органдарына  қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілетсіздігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты  ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Кәсіпорынның  еңбек ресурстарын, персаналды қолдану  тиімділігін талдау экономикалық талдаудың басты бір бөлігі болып табылады. Кәсіпорынды өзгертуге және қысқартуға дайын ресурс. Олардың төмендеуіне әкеледі. Еңбек ресурстарының талдауына мақсатты – олардың қолдану деңгейін анықтау еңбекті тиімді қолдануды жоғарлатуға кедергі жасайтын факторларды анықтау және тірі еңбекті қалданудың өсу резервтерін анықтау. Еңбек ресурстарын қолдануды талдауда келесі көрсеткіштерді оқып білеміз.

1. Кәсіпорынмен  оның бөлімшелеріне жұмыс орындарының  қамтамасыз етілуі.

2. Жұмыс уақытын  қолдану. 

3. Кәсіпорын персаналын қолдану тиімділігі мен интенсифтілігі.

4. Білім деңгейі  және еңбекақы қорын тиімді  қолдану. 

Еңбек ресурстарын  талдауда қолданылатын әдістер:

1. Алғашқы мәліметтерді  өңдеу. 

2. Салыстыру  және топтастыру.

3. Эксперттік  баға беру.

4. Баланстың әдісі.

5. Индекстік  баға әдісі. 

Осы әдісті қолдану  арқылы келесідей еңбек ресурстарын  талдаудың түрлері болады:

1. Өткізу кезеңіне  байланысты (күнделікті, апталық, айлық,  тоқсандық, жылдық)

2. Объектіні  қамту толықтығына байланысты  толық лакальдік тематикалық.

3. Объектілерді  оқып – білу әдісіне байланысты; кешендік, жалпылама таңдамалы. 

4. Оқып –  білу сипаттамасына байланысты; ағымдық, оперативтік жүиелі, бір  реттік.

Өндірістік  бағдарламасына толықтыру қажеттілігіне  байланысты келесі әдістердің бірі қадағалайды; еңбек сиымдылығы бойынша, өндірістік норма бойынша,жұмыс орындалу бойынша,жұмысшылар санының шарты бойынша.

Банктің еңбек  ресурстарын талдауға қажетті ақпараттарды кәсіпорынның статистикалық және бухгалдерлік есеп берінен, еңбек бойынша жоспар және есеп беру бойынша, жұмысшылардың қозғалысы бойынша кадрлар бөлімінің есеп беруінен цехтардың есеп берушілерінен және басқа да еңбек ресурстары бойынша есеп беруден аламыз. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау еңбек персаналын жіктеуден басталады, себебі кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінде әрбір жұмысшының категориясы әртүрлі қызмет атқарады.

Көбінесе кәсіпорындарда негізгі және көмекші жұмыс шарты  деп нақты екі топқа жіктеледі. Негізгі және көмекші жұмысшының еңбек қызметі әртүрлі. Ал басшы топтардың атқаратын қызметі не байланысты мамандар немесе қызметкерлкр деп бөлеміз.

Сонымен персоналды жіктеу келесідей міндеттерді шешуге көмектеседі:

1. Әрбір жұмысшы  категориясына байланысты кадрлармен  қасиет ету деңгейін анықтау..

2. Жұмыскерлердің  квалификациясы дәрежесіне байланысты, жұмыстың құрамына байланасты, жыныстық  құрамына байланысты, жасына байланысты  санын анықтау. 

3. Жұмыскерлердің  қал еңбегінен және еңбектің  механикаландырылған түрімен айналысатын  жұмысшының саны.

 

1.3 Қазақстан банктердің  қаржылық талдаудың шетелдік  тәжірибесі

 

Қаржылық  талдаудың  шетелдік тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Соның ішінде негізгі деген әдістерін  қарастырайық:

Көлденең немесе уақытша талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру.ол өткен кезеңмен салыстырғандағы  бухалтерлік есептің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей немесе құрылымдық талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.

Коэффициенттік  талдау - коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады. Олардың  біреуі бірлік ретінде, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеміз. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.

факторлық талдау- бұл жекелеген себептердің қорытынды  көрсеткіштерге тигізетін әсерін зерттеудің детерминттік(анықтау) немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктесе тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктірсе кері болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған әдістер мен қатар қаржылық жағдайды талдауда экономиканың және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шамалар, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және т.б.) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану банктің қаржыылық жағдайына терең талдау   жасауға және шаруашылық субьектінің тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Банктің қаржылық жағдайы оның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқада қызметтер түрлері үшін қажетті қаржы ресурстрамен қамтамасыз етілуімен оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдалану, басқа субъектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеті және қаржылық тұрақты болуымен сипатталады. Банктің төлемдерін уақытында жүргізу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін көрсетеді.

Банктің қаржылық тұрақтылығы - тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеті мен несие қабілетін сақтай отырып табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы банктің дамуын көрсететін қаржылық ресурстар көздері.

Қысқаша тұжырымдама  беретін болсақ: қаржылық тұрақтылық бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.

Нарықтық қатынастардың  қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп екіге бөлуді қажет етіп отыр.

1. Сыртқы талдау- акционерлерді, банктерді, сақтандыру  ұйымдары мен үкімет орындарын  банктің жұмыс жағдайы мен  оның қаржылық жағдайын, есепті  кезеңнің шаруашылық қызмет нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер, бюлетеньдер мен арнайы анықтамалардан басылып шығарылатын қаржылық есеп беру.

2. Ішкі немесе  басқаруды талдау – бұл кәсіпорын  шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің  өзіндік құнының  нормативтері туралы, сапасының төмендеуіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығаруына және өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын, қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп түрі болып табылады.

Сондықтан ішкі талдау басқару есебі ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргіземіз.

Нарықтық экономика  жағдайында жұмыс істеуші банктің  қаржылық жағдайын талдаудың басты  міндетті төмендегідей:

  1. Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерістер.
  2. Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестігі оларды таратудағы рационалдығы және пайдалануды тиімді зерттеу.
  3. Айналым капиталының көлемін оның өсу кемуін және ағымдағы міндеттемелерінің ара-қатынасын анықтау.
  4. Банктің активтерімен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу.
  5. Ағымдағы активтердің айналымының есебі, оның ішінде дибеторлық берешекті есептеу.
  6. Баланс өтімділігін, банктің қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау.
  7. Банктің табыстылығын бағалау
  8. Банктің іскерлік белсенділігін анықтау
  9. Банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Информация о работе Коммерциялық банктердің қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру