Коммерциялық банктердің қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен мідеттері: коммерциялық банктердің қаржысын теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, оның экономикадағы алатын орнын дәлелдеу үшін мынандай мақсаттар қойылып отыр
- Қаржылық талдаудың экономикалық мәні, қажеттілігі
- Қаржылық талдау түрлері, әдістері
- Қазақстан банктердің қаржылық талдаудың шетелдік тәжірибесі
-Казком 2010-2012 жылдық қызметтегі қаржылық талдау
- Қазақстан банктерінің қаржысының талдауды жетілдіру жолдары

Оглавление

Кіріспе 2
I.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 1.1 Қаржылық талдаудың экономикалық мәні, қажеттілігі 5
1.2 Қаржылық талдау түрлері, әдістері 9
1.3 Қазақстан банктердің қаржылық талдаудың шетелдік тәжірибесі 14
II. « КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ МЫСАЛЫ НЕГІЗІНДЕ 2009-2012 ж. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУЫ 2.1 «Казкоммерцбанк» АҚ қызметіне сипаттама 21
2.1«Казкоммерцбанк» 2009-2012 жылдық қызметтегі қаржылық талдау 39
2.2Қазақтан банктерінің пруденциалдық нормативтері орындауына талдау GAMEL 55
III. КР коммерциялық банк қаржылық жағдайын реттеу және шетел тәжірибесін қолдау 3.1 Қазақстан банктерінің қаржысының талдауды жетілдіру жолдарының бизнес жоспары 56
Қорытынды 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 74

Файлы: 1 файл

дип банк комм банк каржы.doc

— 595.00 Кб (Скачать)

Тақырыбы: Коммерциялық банктердің қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру

 

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 
        Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. 
Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экомиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттыруды әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. 
Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.  
Нарықтық экономика Кэзақстан Республикасында өзінің алғашқы қадамдарын жасау үстінде, жаңа шаруашьшық қатынастарды дамытуға бағытталған заңдар мен қаулылар топтамалары қабылданды.  
Тікелей алыс-берістің аркасында сыртқы рынокқа шығу шаруашылық қызметтің құрылымы мен түрлерін ғана емес, қызметкерлердің ойлау жүйесін де өзгертті.  
Еркін бәсекенің пайда болуы кәсіпорывнарымызды нарық жағдайыңда өнім өткізудің әлемдік тәжірибеде сыннан өткен маркетинг және онымен тығыз байланысты жарнама сияқты тиімді әдістерімен кұрулануға мәжбүр етуде.  
Қазақстанда жарнама өнеркәсіп, сауда салаларымен салыстырғанда қаржы-несие жүйесінде, соның ішінде банк қызметінде нақга дамып келеді Банк жүйесінің екі деңгейге бөлінуі нәтнжесідце көптеген коммерциялық банктер ашылып, қатаң бәсекелестіктің туыңдауын жеделдетті, өнім өткізу рыноктарын иемдену үнгін күресудің кджеттігі ақиқатка айналды. 
Республикамыздың каржы-несие жүйесі қазір өз дамуындағы калыптасу кезеңінен өту үстінде.  
Елбасының 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы, өткен желтоқсан айындағы Қазақстан халқына Жолдауы бар. 
Осының барлығы еңбек өнімділігін көтеруге бағытталып отыр. Олардың механизмдері жазылған. Бірақ сол механизмдер арқылы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін уақыт керек. Әдетте, өндіріс өте баяу, өте сараң дамиды деп жатады. Бұны қаржы секторымен салыстыруға келмейді.  
Міне, осыған байланысты Ұлттық банк пен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің дәл қазіргі таңда экономиканы макродеңгейдегі ақша-несиелік реттеуі өз алдына басқа үлкен проблема. Әрине, қазақстандық банктердің капитализациялау дәрежесін жоғарылата түсу мүмкіндігі отандық акционерлердің жауапкершілігінде болғандықтан бұған солар мүдделі болу керек. Бірақ мұндай акционерлердің, тағы да қайталап айтамын, қаржылық жағдайы шектеулі. Сондықтан Қазақстанның банк секторына шетелдік инвесторлардың көптеп келуі, сөйтіп, банктердің ресурстық потенциалын қайта қарау мәселесі туындауы әбден мүмкін. 
Жоғарыда аталып өткен мәселелер, егер ұлттық экономиканың нақты секторы экспортқа байланыссыз қарқынды дамыса, банктің акционерлері коммерциялық банктерді капитализациялауға қаржылық жағдайы толық жетіп жатса, банктің ресурстық потенциалы сыртқы қаражат көздерінен емес, ішкі қаражат көздері есебінен нығайып жатса, Қазақстанның банк секторының дамуында проблема туғызбас еді. 
Меншікті капиталды көбейту үшін міндетті түрде коммерциялық банктердің акционерлері – компаниялар, үлкен кәсіпорындар, жеке тұлғалар сол банктің капиталы көбейсін деп, қайтадан әлгі коммерциялық банктердің жарғы капиталын көбейту үшін шешім қабылдауы керек.  
Меншікті капиталды көбейтудің бірнеше жолдары бар. Біріншісі – акционерлер жаңадан құнды қағаздар эмиссиясын жасауы тиіс. Бұл жағдайда банк акционерлерінің қатары көбейеді. Ал бұны бақылаушы акционер қолайлы деп есептемейді. Өйткені банкке деген ықпалын сақтағысы келеді, бір жағынан билігінен, бір жағынан акциясынан айырылғысы келмейді. 
Себебі акция басқару, банкке бақылау жасау ісіне міндетті түрде толық құқық береді.  
Дәл солай. Осыған байланысты кейбір бақылаушы акционерлердің мүдделері банктің меншікті капиталын дамыта түсуге кедергі болуы мүмкін. 
Мысалы үшін, капиталыңды белгілі деңгейге көтеріп-көтеріп келдің де, табысыңның есебінен банк құрдың. Банктің акциясын иемдене отырып, тұрақты түрде дивиденд алып отырсың. Өндірістік сала енжар дамығанмен, банк байып жатыр. Жиналған қаражатқа шет елден төмен ставкамен қаражат тартып, активтерді босқа жатқызбауға тырысасың. Ұлттық банк «базалық капиталды көбейтіңдер, қосымша эмиссия жасаңдар» дейді. Ал оны жүзеге асыратын қаржы тапшы. Есесіне өзгелер қуана-қуана сатып алуға мүдделілік танытады.  
Акционерлер сатқысы келмейді. Құнды қағаздар эмиссиясын қосымша шығару бақылау функциясының төмендеуіне әкеп соғады. Осындай тенденция байқалады. Шетелдік акционерлердің инвестиция жасауға қаражаттары жеткілікті болары мәлім. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, біздің коммерциялық банктерге шетелдік инвесторлар көз тігуде. Егер біз ашық экономика бағытын ұстансақ, ең алдыңғы қатарлы елдің қатарынан сап түзеуге талпынсақ, бұл, әрине, заңдылық. Бірақ қазақстандық коммерциялық банктердің дербестігіне үлкен сын. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Еуропа елдерінің банк секторында шет ел капиталының үлесі 60 пайыздан 90 пайызға дейін барады екен. Бұл – ойлантарлық мәселе. 
Әсері өте жоғары. Оны ақша массасының жылдам қарқынмен өсуінен көруге болады. Ақша массасының өсуі бағаның өсуіне әкеледі, ал бағаның өсуі ақшаны құнсыздандырады, яғни инфляцияға әкеп соғады. Қазақстандағы инфляцияның екі ұдайы табиғаты бар. 
Біріншісі – отандық өндірушілердің халықтың тұтыну сұранысын қанағаттандыра алмауымен түсіндірілсе, екіншісі – банк секторының ақшаны шамадан тыс ұсынуымен түсіндіріледі. Өйткені шет елден қаражат тартудың және валюталық түсімдердің көбеюінің нәтижесінде коммерциялық банктердің өтімділігі артып кетті.  
Коммерциялық банктердің қаржысын зерттеп, несиелік ресурстарды қүрудағы алатын рөлі мен экономикалық мәні бойынша теориялық және әдістемелік негізде зерттеуге көптеген ЕЕД мемлекеттері ғалымдарының еңбектері арналған.  
Бұл ғалымдар: Л.И. Абалкин, Б.И. Алехин, А.В. Аникин, Ю. А. Бабичев, В.И. Колесников, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, Я.М. Ѝ 
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен мідеттері: коммерциялық банктердің қаржысын теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, оның экономикадағы алатын орнын дәлелдеу үшін мынандай мақсаттар қойылып отыр

- Қаржылық талдаудың  экономикалық мәні, қажеттілігі

- Қаржылық талдау түрлері,  әдістері

- Қазақстан банктердің  қаржылық талдаудың шетелдік  тәжірибесі

-Казком 2010-2012 жылдық қызметтегі  қаржылық талдау 

- Қазақстан банктерінің  қаржысының талдауды жетілдіру  жолдары

 

 

 

 

I.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР  ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ  МАЗМҰНЫ 
1.1 Қаржылық талдаудың экономикалық мәні, қажеттілігі 

Талдау (грек тілінен  алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер  элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен  үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін  «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Қаржылық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген  және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроқаржылық талдауболып бөлінеді. Макродеңгейдегі қаржылық талдауұлттық әлемдік экономика  деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және   биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.

Қаржылық талдау тақырыбы банктердің, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.

Қаржылық талдаудың мәні, мазмұны және  тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:

• кәсіпорын  қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;

• еңбек, материалдық  және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;

• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды  көтеруді анықтау;

• кәсіпорын  қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;

• жоспарлар  және басқару шешімдерін орындауды  бақылау;

• банктің ағымдағы және келешектегі қаржылық  жағдайын анықтау.

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты - банк қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Қаржылық талдауқолданбалы ғылым болып келеді, бірақ  оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана  іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.

Қаржылық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.

Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде  жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың  қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық,  халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді  ескеру қажет.

Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, қаржылық талдауғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.

Объективтілік принципі қаржылық талдаубарысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық  есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар банктің мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың  қорытындысына әсер етеді.

Жүйелілік принципі қаржылық талдаубарысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық  оқылуы тиіс.

Кешенділік  принципі қаржылық талдаубарысында талданылатын банктің барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.

Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды  көздейді.  Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.

Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип қаржылық талдауматериалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.

Қаржылық талдаужүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл қаржылық талдаубарысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық  жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.

 

Қаржылық талдаудың  экономикалық мәні оның жылдам шешім  қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету  болып табылады. Бұған есепке алу  мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.

Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.

Берілетін есептің деректеріне  жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі  және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Үкімет пен оның органдары  берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға  қатысты экономикалық саясат пен  салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.

Қаржылық есеп негізінде  субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында  аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, банктің өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар банктің төлем қабілетіне кепілдік береді.

Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.

Жылдық есеп мынадай  тұтынушыларға беріледі:

Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;

Банктің тұрғын жеріндегі салық органдарына;

Жергілікті қаржы органдарына;

Мемлекеттік статистикалық  органдарына.

Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып  табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

 

1.2 Қаржылық талдау  түрлері, әдістері

 

Қаржылық талдау барысында тәсілдер қолданылады және олар екі топқа бөлінеді:

  1. Дәстүрлі;
  2. Математикалық;

Дәстүрлі қабылдаулар  зерттеу үшін абсолютті, орта және салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады.

Аналитикалық  орта көрсеткіштердің әртүрлі түрлері  қаржылық талдаужүруінде қажеттілікпен  қолданылады:

  • Орта арифметикалық;
  • Орта үндесу;
  • Орта хронологиялық;
  • Орта геометриялық;
  • Сән;
  • Медиана;

Қаржылық талдаужүруінде келесі топталу түрлері пайдаланады:

  • Типологиялық – табуға арналған мінездемелі        және типтердің оқылатын процестердің байланыстары;
  • Құрылысты - құрылымның талдауға арналған және құрам бағалауларының көрсеткіші;
  • Аналитикалық - өзара байланыс зерттеуіне арналған тәуелді, факторлы, нәтижелі көрсеткіштердің әрекеттестіктері;

Информация о работе Коммерциялық банктердің қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру