Маркетинг жоспарлау мен бакылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 11:44, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезеңнің негізгі құрамдарының бірі — маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі.

Оглавление

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Маркетингті жоспарлау, оның рөлі мен артықщылықтары.
2. Маркетингтік стратегия және оның жоспарлау процесі.
3. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен міндеттері.
4. Маркетингтік бақылау.

Файлы: 1 файл

МАРКЕТИНГТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ.doc

— 130.50 Кб (Скачать)

        Жоспарлық

        Кәсіпкерлік

        Тәжірибелік

Салалардың тоқырау кезінде жетістікке жеткен компаниялар негізінде келесідей стратегияларды ұстанады:

1)болашағы бар нарықтық бөлшектерді жасау және әзірлеу стратегиясын ұстану

2)сапаны жақсарту және инновациялар арқылы дифференциялау жолы

3)шығынның деңгейін түсіру үшін үздіксіз ынталы жұмыс істеу

 

 

 

 

3. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен міндеттері.

 

Компанияның жалпы стратегиялары әдетте маркетингтік стратегиялармен тұспа-тұс келеді. Маркетинг тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздесе осы факторлар дәл компания миссиясын да анықтады. Әдетте стратегиялық жоспалауда:

  • Нарық үлесі;
  • Нарықтың дамуы;
  • Өсім;

Сияқты көрсеткіштер қарастырылады. Практикада көптеген жетекшілер стратегиялық жоспарлауды «стратегиялық маркетингтік жоспарлаумен» теңестіреді.

                 Дегенмен де маркетингтік стратегиялық жоспарлаудың келесі реттегі ерекшеліктері бар:

    Біріншіден, негізге алатын методологиялық принциптер- компания стратегиясын тұтынушылардың маңызды топтарына бететйтін маркетингтік концепцияны өңдейді.

    Екіншіден, стратегиялық жоспарды өңдеушілерге негіз болатын нарықтық мүмкіндіктер мен фирма потенциалын анықтап береді.

   Үшіншіден, бір бөлімшенің шегінде маркетинг стратегиялық мақсаттарға қол жеткіудің ең тиімді деген жолдарын анықтайды.

                  Маркетингтік стратегияның басты назары мақсатты тұтынушыларға бағтталған болуы тиіс. Компания нарықты таңдап болғаннан кейін оны сементтерге бөліп, оның ішінен болашағы барын таңдап алады. Сөйтіп барлық күш-жігерін осы таңдап алынған сегменттерге қызмет етуге жұмылдырады.

                 Маркетингтік стратегия маркетингтің негізгі мақсаттары мен нақты бағдарламаларын анықтауға мүмкіндік береді.

                 Маркетингтік зерттеулер ситуациялық талдау барысында жасалып, екі бағытты көздейді:

1.                  мамандардың тауарды зерттеуі;

2.                  нарықты зерттеу.

Маркетингтік стратегиялар маркетингтік кешен (тауар, сату орны, баға, тарату, персонал) шегіндегі шаралардың үйлесімінен тұрады.

                Стратегиялар да мақсаттар сияқты қол жететіндей және қолда бар ресурстар шегінде жүргізілуі тиіс.

 

4.Маркетингтік бақылау

 

Маркетинг мақсаттарына жету үшін кәсіпорынның маркетингтік қызметі бақылануы керек. Маркетингтік бақылаудың үш негізгі типі бар, олар:

1.      Жылдық              жоспардың орындалуы бақылау;

2.      Пайдалылықты              бақылау;

3.      Стратегиялық              бақылау.

              1. Жылдық жоспардың орындалуын бақылау. Мұндай бақылауда нақты нәтижелер жылдық жоспармен салыстырылады, ауытқулар кездессе, түзетулер енгізіледі. Жылдық жоспардың орындалуын бақылау маркетинг шығындарын сатумен салыстыруды қажет етеді. Бұл бақылаудың мақсаты- сату мақсатына жету үшін жоспарланған деңгейден артық қаражат жұмсалды ма, жоқ па, соны анықтау. Сонымен бірге тұтынушы мінез- құлқын бақылау арқылы сапалы мәліметтер алуға болады. Осындай мақсаттарға орай, тұтынушылардың, делдалдардың мінез-құлқын бақылау жүйесі жасалып, керекті кезде шаралар қолданылады.

2. Пайдалылықты бақылау. Кәсіпорындар әр түрлі өнімдердің, сату аймақтарының, нарық сегменттері және тарату арналарының пайдалылығын анықтайтын зерттеулер жүргізеді.

              3. Стратегиялық бақылау. Фирмалар белгілі бір уақыт аралығында жалпы маркетингтік шаралардың тиімділігін зерттеп тұруы қажет. Мұндай зерттеу жылдық жоспардың орындалуын және пайдалылықты бақылауға қарағанда кеңірек болып келеді.

Фирманың микро, макроортадағы өзгерістері оның маркентингтік мақсаттары,стратегиялары және жүзеге асыру бағдарламаларына түзету енгізуді талап етеді. Бұл бақылау түрі стратегиялық бақылау деп аталады. Ол аудит әдістерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Маркетинг аудиті сыртқы ортаны, маркетинг мақсаттары мен стартегияларын, ұйымның және оның жеке бөлімшелерінің маркетинг қызметі түрлерін жүйелі түрде, жан- жақты тәуелсіз тексеру болып табылады.

Маркетинг аудитінің - өзіндік аудит, сәйкес аудит, жоғарыдағы ұйым немесе бөлімдер жағынан аудит, тәуелсіз аудиторлық фирмамен жүргізілетін аудит және сыртқы аудит сияқты түрлері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Маркетинг жоспары - бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандырылған құжат.

Ол - маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы. Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады.

Жалпы жоспарлар маркетингтің барлық бөлімшелерінің мақсаттарын анықтайды, біріккен жоспарлар өнімнің барлық түрлерін қамтыса, ал ерекше жоспарлар маркетингтің әрбір бөлімдері бойынша жасалады. Мысалы, маркетинг жоспары жарнама, өткізу, жаңа өнімдер бөлімшелері үшін жасалауы мүмкін. Жалпы жоспарларды әдетте, өндіріске арналған тауарларды өндірушілер жасайды, ал бірыңғай біріккен маркетинг жоспарын көбіне қызмет көрсететін фирмалар қолданады.Маркетингтік қызмет өнім түрі бойынша ұйымдастырылған кәсіпорындарда маркетинг жоспарлары әрбір өнім үшін, ал географиялық принципі тұрғысынан ұйымдастырылғанда - әр аймаққа арналып жасалады.

Іс-әрекет ету мерзіміне байланысты маркетинг жоспары ұзақ, орта, қысқа мерзімдік және жобаларды жоспарлау болып бөлінеді. Маркетингтің ұзақ мерзімді жоспарлары 5 жылдан 20 жылға дейінгі, орта мерзімді жоспарлар - 2 жылдан 5 жылға дейінгі уақытқа, қысқа мерзімді жоспарлар - бір жылға немесе тоқсанға арналып жасалынады.

Маркетингті жоспарлау стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді. Маркетинг жоспарларының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау‚ есептеу‚ талдау. Үш тұрпатқа бөлінеді: кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау‚ пайдалылықты бақылау — тиімділікті талдау‚ стратегиалық. бақылау — маркетингіні тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.      Есимжанова С.Р. Маркетинг. – Алматы: Экономика, 2003 – 460 с.

2.      Ілиясов Д.Қ,  Маркетинг: теориясы мен практикасы, Алматы, Қазақ Университеті,2002

3.      Нысанбаев С.Н, Сдыханова Г.А., Маркетинг негіздері, А.: Қазақ университеті, 2002.

4.      Панкрухин А. П. Маркетинг. Учебник – М.: ИМП. 1999. – 398 с.

5.      Фатхудинов Р.А. Стратегический маркетинг: Учебник. – М.: ЗАО «Бизнес-школа» Интел-Синтез», 2000. - 640 с.

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Маркетинг жоспарлау мен бакылау