Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:04, лекция
Қоғам заңды тұлға болып табылады жəне Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына жəне осы Жарғыға сəйкес қызметін жүзеге асырады.
Қоғам коммерциялық ұйым болып табылады - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын жəне акционерлердің мүдделеріне сəйкес табыс табу мақсатымен өзінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Қоғамның қаржылық жəне өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртəпте заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы.
Қоғамның өз атауы көрсетілген мөрi, өз атауымен бланкiлерi, оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да реквизиттері жəне дербес балансы, банктiк шоттары болады.
Қоғамның қызмет мерзімі шектелмеген.