Абди компаниясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:04, лекция

Краткое описание

Қоғам заңды тұлға болып табылады жəне Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына жəне осы Жарғыға сəйкес қызметін жүзеге асырады.
Қоғам коммерциялық ұйым болып табылады - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын жəне акционерлердің мүдделеріне сəйкес табыс табу мақсатымен өзінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Қоғамның қаржылық жəне өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртəпте заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы.
Қоғамның өз атауы көрсетілген мөрi, өз атауымен бланкiлерi, оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да реквизиттері жəне дербес балансы, банктiк шоттары болады.
Қоғамның қызмет мерзімі шектелмеген.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 15.43 Кб (Скачать)

 

Қоғам Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінде, «Акционерлік Қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан əрі - Заң) жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкес құрылған жəне тіркелген.

Қоғам заңды тұлға болып табылады жəне Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына жəне осы Жарғыға сəйкес қызметін жүзеге асырады.

Қоғам коммерциялық ұйым болып табылады - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын жəне акционерлердің мүдделеріне сəйкес табыс табу мақсатымен өзінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

Қоғамның қаржылық жəне өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.

Қоғам Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тəртəпте заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы.

Қоғамның өз атауы көрсетілген мөрi, өз атауымен бланкiлерi, оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да реквизиттері жəне дербес балансы, банктiк шоттары болады.

Қоғамның қызмет мерзімі шектелмеген.

 

4. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТIНIҢ МƏНI МЕН МАҚСАТЫ

4.1. Қоғамның қызметінің мақсаты  болып өзінің заңды қызметінің нəтижесінде акционерлердің мүдделеріне сəйкес табыс табу табылады.

4.2. Қоғамның қызметінің мəні  болып кəсiпкерлiк қызметті іске асыру табылады, соның ішінде:

1) көтерме жəне бөлшек сауда, сауда желісін

 

ұйымдастыру, магазиндер, супермаркеттер, гипермаркеттер ашу;

2) кеңсе тауарларын, оқу процесіне жəне офистерге арналған тауарларды, сауда автоматизациясы құралдарын жəне басқа өнімдерді сатып алу, сақтау жəне сату;

3) делдалдық қызмет;

4) халық тұтынатын тауарларды, фильмдерді, электрондық оқулықтарды, мультимедиялық жүйелерді жəне басқа өнімдерді өндіру;

5) сыртқы экономикалық қызмет, экспорттық-импорттық операциялар;

6) жарнамалық-ақпараттық, баспаханалық жəне басып шығару қызметi;

7) өзінің бағалы қағаздарын шығару жəне орналастыру, бағалы қағаздар рыногында мəмiлелер жасасу;

8) брокерлік, дилерлік қызмет;

9) сервистік, консалтингтік жəне маркетингтік кызметтер көрсету;

10) ауыл шаруашылық өнімдерді өндіру, қайта өңдеу, сатып алу жəне сату;

11) құрылыс-монтаж жұмыстары; 

12) салондарды, кафелерді, барларды жəне ресторандарды ұйымдастыру;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында  тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданып  жүрген заңнамасында көзделген  лицензиялауды қажет ететін қызмет түрлерін Қоғам белгіленген тəртіпте тиісті қызмет түріне лицензияны алғаннан кейін жүзеге асырады. Лицензия алуды қажет ететін қызмет салаларында Қоғамның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден туындайды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

 

ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Қоғамның Қазақстан Республикасының  қолданып жүрген заңнамасында көзделген  құқықтары болады.

Акционерлiк Қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады жəне өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Қоғам өз атынан мəмілелер (келісім шарттар, контракттар) жасасуға, құқықтар мен міндеттерге ие болуға, сотта талапкер жəне жауапкер болуға жəне Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасында тыйым салынбаған басқа да əрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

Қоғам облигациялармен басқа бағалы қағаздарды шығаруға жəне Қоғамның Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасында белгіленген тəртіпте таратуға құқылы.

Қоғам Қазақстан Республикасының  аумағында жəне шетелде де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртəпте заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы. Қоғам еншілес ұйымдарды құруға жəне (немесе) ие болуға құқылы.

Қоғам Қазақстан Республикасының  қолданып жүрген заңнамасына сəйкес өзінің филиалдары мен өкілдіктерін Қазақстан Республикасы аумағында жəне шетелде құруы, оларға өзінің мүлкінен негізгі жəне айналымдық капиталды беруі жəне олардың қызметтерін жүзеге асырудың тəтібін айқындауы мүмкін.

Филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметін атқаруды Қоғаммен тағайындалған тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдардың басшысы жəне өкілдікттің басшысы Қоғамнан алған сенімхат негізінде əрекет етеді.

Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына жəне осы Жағыға сəйкес Қоғам басқа да құқықтарды жүзеге асыруға мүмкін.


Информация о работе Абди компаниясы