Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:27, реферат
Елімізде зағип адамдарды екіге бөліп қарастырады: көзі көрмейтін және нашар көретін. Мұндай балаларды оқытатын педагог - тифлопедагог деп аталады. Оларды Брайль шрифті арқылы оқытады, алты нүктеден тұрады. Зағиптардың сипап сезуі жақсы дамыған. Алматыда зағиптарға арналған кітапхана бар, сонда барып кітаптарын, қолданатын техникалық құралдарын көрсеңіз болады. Алматы қаласында балабақша, мектеп бар. Қуанышты жаңалық Есік қаласында тағы бір мектеп-интернаты ашылуда.
– Бізді таңғалдырған жайт, институтта көзге жасалатын трансплантация. Бұл тәжірибе қашаннан жасалып келеді, оның мүмкіндігі қаншалықты?
–Жалпы көз трансплантациясы дегеніміз – толық мүшені емес, тек донор көздегі тінді көшіріп отырғызу. Мәселен, көздегі мөлдір қабықтың ағаруы болғанда, донордың мөлдір қабығын алып алмастырады. Сондай-ақ, көздің түбіндегі тор қабықта өзгеріс болғанда эмбрион тіні алынып, тор қабықтың астына енгізіледі. Өйткені, эмбрион тінінде биологиялық активті заттар көп. Бұл әдістер ауруға әр түрлі емдер, дәрі-дәрмектер көмектеспеген жағдайда ғана қолданылады. Сондықтан, бұл көзді емдеудегі ең соңғы әдіс болып табылады.
– Бүгінде институтқа келушілер бұрын тек квотамен, қазіргі кезде Ұлттық бірыңғай жүйеге көшуімізге байланысты жолдамамен емделетін болғандықтан, олардың саны шектеулі деген сөз. Ал көз ауруымен сырқаттанатындар саны жыл сайын көбейе түсуде, осы тығырықтан шығудың жолын іздестірдіңіздер ме?
– Көз қос ағза болып саналады, сондықтан патологияда екі көз бірдей жарақаттанады. Бүгінде базалық жүктемеде бір көзді емдеу ғана кірген. Институтқа шалғай аймақтардан аурудың асқынған түрімен түсетіндіктен, олардың қатты зақымданған көзін емдейді. Ал екіншісін емдеу үшін қайта жолдама алу керек. Алыстан келгендерге бұл өте қолайсыз. Институтқа жатқызып емдеудің қиындығы, облыстық денсаулық сақтау басқармалары бюджеттік қаржыны өз аймағында сақтап қалуға мүдделі. Ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын көз бөлімшелері қаржының аздығынан келіп жатқан аурулардың бәрін емдеуге мүмкіндігі жоқ. Мысалы, Ақмола облысында катарактамен ауырғандар жоспары шұғыл емдеуді 6-8 ай күтуіне тура келеді.
Бұдан шығатын жол – көп аумақты құрылымды дамыта отырып, республиканың шалғай аймақтарындағы тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық көмекті жақындату. Қазіргі уақытта қашықтықтан кеңес беру (телемедицина) жүйесі дамып келе жатыр. Әсіресе, шалғай телемедицина жабдықтары мемлекетіміздің бүкіл облыс орталықтарында орналасқан. Осы жүйе бойынша мамандандырылған кеңес беру мүмкіндіктеріміз бар.
– Бүгінде медицина қай салада болсын қарыштап даму үстінде. Осы ретте мамандардың білімін жетілдіруде қандай шаралар атқарылуда?
– Бұл мәселе қашанда бізде күн тәртібінен түспейді. Институт өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге көп көңіл бөліп, олардың алыс және жақын шет елдерде білімдерін көтеруге жағдай туғызуда. 2004 жылы институтта «WETLAB» операциалық-жаттықтыру орталығы ашылды. Мұнда негізінде дүниежүзіне танымал ғалымдардың қатысуымен аймақтық офтальмологтар үшін үнемі шеберлік кластары, тренингтер өткізіліп тұрады.
Сондай-ақ институт «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аймақтағы глаукома бөлмелерін жабдықтау жобасын жасады. Және де перинаталды орталықтардағы шала туған ретинопатиясы бар нәрестелер үшін мамандандырылған бөлмелер ашу жобасы әзірленіп жатыр.
– Әңгімеңізге көп рахмет
Қазақ Көз Аурулары Ғылыми-Зерттеу Институты– ғылыми-тәжірибелік мекеме, республикадағы офтальмологиялық қызметтің басты орталығы. ҚР Денсаулық сақтау мин-нің қарамағында. 1933 ж. Алматы обл. көз аурулары ауруханасы негізінде Өлкелік ғыл.-тәжірибелік офтальмология ин-ты ретінде Алматы қ-нда құрылды
Информация о работе Елімізде зағип адамдарды екіге бөліп қарастырады