Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:27, реферат
Елімізде зағип адамдарды екіге бөліп қарастырады: көзі көрмейтін және нашар көретін. Мұндай балаларды оқытатын педагог - тифлопедагог деп аталады. Оларды Брайль шрифті арқылы оқытады, алты нүктеден тұрады. Зағиптардың сипап сезуі жақсы дамыған. Алматыда зағиптарға арналған кітапхана бар, сонда барып кітаптарын, қолданатын техникалық құралдарын көрсеңіз болады. Алматы қаласында балабақша, мектеп бар. Қуанышты жаңалық Есік қаласында тағы бір мектеп-интернаты ашылуда.
Елімізде зағип адамдарды екіге бөліп қарастырады: көзі көрмейтін және нашар көретін. Мұндай балаларды оқытатын педагог - тифлопедагог деп аталады. Оларды Брайль шрифті арқылы оқытады, алты нүктеден тұрады. Зағиптардың сипап сезуі жақсы дамыған. Алматыда зағиптарға арналған кітапхана бар, сонда барып кітаптарын, қолданатын техникалық құралдарын көрсеңіз болады. Алматы қаласында балабақша, мектеп бар. Қуанышты жаңалық Есік қаласында тағы бір мектеп-интернаты ашылуда.
Астана қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» 23 кітапхананы құрайтын біртұтас мемлекеттік мекеме. Бұл 16 көпшілік кітапхана; 6 - балалар кітапхана; 1- көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана. Кітап қоры 600 000 дана; оқырман саны – 69145; кітапберілімі - 1352075; оқырманның келім саны – 498127.
Мүмкіндігі шектеулі жандар өмірінде кітапхананың алатын орыны
Ағымдағы уақыттағы сан қилы жан-жақты дамыған техникалық үрдістердің адам өміріне шектеусіз әрі ажырамас енуі түрлі өзгерістер мен толқулармен шектесіп отырады. Өмір талабына сай адам да өзінің жан-жақты дамуына сәйкес талаптарды ізденеді әрі қолданысына алады. Қоғамның түрлі институттары да уақыт талабына бейімделе бастайды. Ғасырлар көшімен дәлелденген рухани дамуымыздың бірден-бір тірегі кітаптың маңыздылы және оның қоғам төріндегі орынының ерекшелігі даусыз қағида. Тарих бетіндегі өшпес іздерімен заманына сай дамып, өркендеген мемлекеттердің күштілігінің де дәлелдерінің бірі болып келе жатқан кітапхананың да орыны ерекше. Әр кітапхананың пайда болуы, дамуы, қалыптасуы тарихын алып қарайтын болсақ, оның бетінен әр мемлекеттің тарихын көреміз. Кітапхана маңыздылы, оның қажеттілігі уақыт жүрісімен толық дәлелденген қоғамдық институттардың бірі. Кітапхана алғашқы қалыптасу кезеңдерінде өз заманының озық ойлары, ғылыми жаңалықтары, тарихи дамуы қағаз бетіне түсірілген түрлі кітаптар жинағы болып қарастырылса, кейіннен атқаратын міндеттеріне қарай кітапхананың міндет-мақсаты кеңейіп отырады. Қоғамның дамуы, оның саяси міндеттері, ғылымның дамуы кітапхананың мақсатына өз өзгеріс-толықтыруын міндетті түрде енгізіп отырды. Алайда, кітапхананың ақпараттық, ғылым мен қоғам дамуының қозғаушы озық ойының ортасы міндетті жойылмайды, ол түрлі даму алып отырады. Яғни, кітапхананың ақпараттық міндеті сан-салалық міндеттермен күрделенеді. Осының нәтижесінде кітапхана да мақсаттарына сай түрлі түрге бөлінеді. Уақыт талабына сай туындаған кітапхананың бірі - арнаулы кітапхананың пайда болуы мен дамып, қалыптасуы. Ресми мәліметтер анықтамаларына сәйкес бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне қарасты 11 мыңнан астам түрлі кітапханалар республикада қызмет көрсетеді. Арнаулы кітапханалар ішінде республикамызда ерекше орын алып отырған кітапханалар жүйесі – зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мақсатты кітапханалар. Қазақстан Республикасы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар жүйесінің тарихы «Республикада көзі көрмейтін азаматтарға арналған арнаулы кітапханалар ашу туралы» Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің 1969 жылғы ақпан айының 12-індегі № 29 бұйрығымен басталады. 1969 жылдың ішінде республика аумағында 13 арнаулы кітапханалар ашылады. Осы бастамалардың кезекті жалғасы ретінде 1971 жылдың 5 ақпанында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің өкімі және Мәдениет министрлігінің бұйрығына сәйкес Алматы қалалық «Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың» қоры негізінде «Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» ашылады. Ашылған республикалық арнаулы кітапхананың басымды міндеттерінің бірі ретінде нүктелі-бедерлі, «дыбыс» кітаптарды, тифлология бойынша құжаттарды жинақтап, өңдеуге бағытталған рсепубликалық сақтау орталығы міндетін жүзеге асыру болып анықталады. Әрине, бұл жерде зағип жандарға арналған арнаулы кітапханалардың ашылуларына себепші болған факторлерге шағын шолу жүргізу артық емес сияқты. Соқырлық – ежелден адамзаттың қыр соңынан қалмай келе жатқан бақытсыздық, одан қорғана білудің әдісі жоқ. Қазан төңкерісіне дейін Ресей мен оның ұлттық шет аймақтары зағиптардың саны жағынан алғашқы орындардың бірінде тұрды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстанның алдында қандай күрделі міндеттердің тұрғандығын осыдан-ақ байқау қиын емес. Зағиптармен нақты жұмыс істеу екі бірдей халық комиссариатының – Халық ағарту және Әлеуметтік қамсыздандыру комиссариаттарының тарапынан жүзеге асырылып отырды. Бұл комиссариаттарда Бүкілроссиялық соқырлар қоғамының секторы мен өлкелік бөлімі болды. Қазақ АССР-інің одақтас республика болып қайта құрылуымен байланысты Бүкілроссиялық соқырлар қоғамының осыған дейінгі Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің құрамында болып келген секторы 1937 жылы Қазақ соқырлар қоғамы болып қайта ұйымдастырылды. 30-шы жылдардан 70-шы жылдар аралығында Қазақстанда зағиптарды оқыту жүйесін құруға Кеңес үкіметінің жалпы білім беретін мектеп жөніндегі қаулылары елеулі ықпал етті, көз мүгедектерінің оқуы мен тәрбиесіне, олардың кәсіби даярлығына басым көңіл бөлінеді. Көрмейтін және нашар көретін адамдардың жаппай орта білім алуын жүзеге асыру, оларды еңбекке баулу, әркімнің жеке ерекшеліктерін ескере отырып ақыл-ой, дене қабілетін жан-жақты жетілдіру аса күрделі міндеттердің бірі болды. Зағиптардың рухани және мәдени талап-тілектерін қанағаттандыруға зор көңіл бөліне бастайды. Бұл міндетті шешу үшін ғылыми, педагогикалық, өндірістік және мәдени мекемелер тарапынан әр түрлі кешенді жұмыстар жүргізу қажеттілігі туындайды. Осы міндеттерді шешу, оларды жүзеге асыру негізінде арнаулы мектептер, Қазақ соқырлар қоғамы кәсіпорындары, көз ауруларын емдеуге бағытталған зертттеу орындарының ашылуларымен қатар, мәдени мекемелердің де, атап айтқанда, арнаулы кітапханалардың да ашылуы тиісті нақты нәтиже. Сонымен қатар бұл Қазақстандағы кітапхана ісі саласының елеулі жетістіктерінің бірі еді. 1969 жылдан бастан, 35 жыл аралығында, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар өздерінің ашылу алғашқы мақсат-міндеттерін толық ақтай алды десек, бұл асыра айтқандық емес. Біріншіден, бұл кітапханалар өздерінің қоғам мақсатына сай туындалған қажеттіліктерін толық мойындатты. Екіншіден, бұл кітапханалар заман талабына сай икемділіктер де көрсете білді. Оған дәлел, бүгінгі таңда республикамыздағы арнаулы кітапханалардың көз мүгедектері үшін кітапханалық қызмет көрсетулерімен қатар, ақпараттық, ағарту және әлеуметтік реабилитация орталықтарына айналуы. Әрине, Кеңес Үкіметінің ыдырауына байланысты Қазақстан Республикасында ғана емес, басқа мемлекеттерге де саяси, әлеуметтік өзгерістер, тоқыраулар әкелген әлемдік өзгерістер әсері осы арнаулы кітапханалар жүйесіне де өз ықпалын тигізбей қалған жоқ. 89-93 жылдар ішінде жалпылай өткен республика кітапханаларының жабылулары, біріктірулері бұл жүйені құрылымдық өзгерістерге ұшыратты. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған 17 облыстық кітапханы топтастырған бұл жүйені ағымдағы уақытта 10 облыстық, 4 қалалық, 11 филиал, 100 кітапханалық пунктер, 20 сырттай және үй абонементтері құрады. Жүйенің жалпы құжаттық («дыбысты», брайльше (нүктелі-бедерлі), жайпақ баспалы, нүктелі-графикалық құралдар, таспалар, диафильмдер, компакт-дискілер және с. с.) қоры 828 511 сақтау бірлігі, оның ішінде 20 пайызы қазақ тіліндегі құжаттар. Құжаттар айналымы 900 мыңнан асады. Пайдаланушылардың жалпы саны 28 мыңдай, олардың 15 мыңнан астамы – көз мүгедектері (1971 жылы бұл жүйенің жалпы қоры 120 663 сақтау бірлігі болса, құжаттар айналымы 122 985 бірлік, 5661 пайдаланушы тіркелген). Қазақстанда бүгінгі таңда 20 мыңнан астам зағип және нашар көретін азаматтар тұрады деп есептелінеді. Алайда бұл мәліметтің қаншалықты толықтығы зерттеуді қажет етеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, жоғары да берілген сандық фактілер зағип жандарға бағытталған арнаулы кітапханалардың күнделіктілігін анық дәлелдеп те отырған сияқты. Сонымен қатар, өкінішке орай, зағип жандар санының да жылдан жылға өсуін көрсетіп отыр. Соңғы өткен онжылдықта арнаулы кітапхана зағип жандар үшін әлеуметтік сауықтыру міндетін атқарған бірден бір мекеме мәртебесін де өз мойнына алған сияқты. Әрине, зағиптарға арналған арнаулы кітапханалар алдында тұрған міндеттер күрделі де шексіз. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардың бүгінгі атқарып отырған қызметтерін зерделейтін болсақ, олар, әрине, ақпарат және білім орталығы, мәдени шаралар орталығы, демалыс орталығы, әлеуметтік реабилитация орталығы Қазақ соқырлар қоғамы кәсіпорындары міндеттері. Сонымен қатар, ерекше көңіл бөлетін мәселе, бұл көз мүгедектерін жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері. Кезінде мемлекет тарапынан реттелетін және Қазақ соқырлар қоғамы кәсіпорындарында жұмыспен қамтамасыз ету жүйесі бұзылды. Қазақ соқырлар қоғамы кәсіпорындары нарықтық қатынастарға көшу және жаңа экономикалық талаптар қалыптасу үрдістеріне сай жедел түрде әрекеттер жасай алмады. Бірнеше жылдар бойы көз мүгедектеріне бағытталған күрделі өндірістік механизмдерді жедел түрде қайта құру мүмкін де емес еді. Бұл жерде де арнаулы кітапханалар зағип жандардың жаңа талаптарға сай ақпараттармен білімдерін жетілдіру және жаңа мамандықтар игеру мәселелерін шешуді өз қызметтері шегінде шешіп келеді. Мәселен, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өзінде тұрақты түрде және белгілі мерзімге шақырылыммен қызмет атқаратын 7 көз мүгедегі жұмыс істейді, олар компьютер программистері, брайльше редакторлер, кітапханашы-библиогрофтер. Сонымен қатар Кітапханалық кеңес таратынан кітапхана ісіне белсене қатынасатын зағип жандар біршама. Зағип және нашар көретін азаматтарға кітапханалар жүйесінің кітапханаларында жалпы алғанда 18 көз мүгедектері жұмыс істейді. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана базасында зағиптарды компьютермен жұмыс істеуге үйрету ақысыз курсы жұмыс істейді. Курс тыңдаушылары зағип студенттер, жұмыс табудан үміткер жастар және түрлі саладағы зағип мамандар, сонымен қатар зағип жастар ата-аналары, отбасы мүшелері. Яғни, бұл кітапханалардың зағип жандарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік орталыққа да айналуының дәлелі. Бұл абзал қызметтердің барлығы да осы арнаулы кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің өз істеріне шын берілген еңбектерінің арқасында жүзеге асырылуда. Әрине, әр салаға тән түрлі қиыншылықтар да жеткілікті. Жан-жақты дайындалған мамандар қажеттігі жақын уақытта шешілетін мәселе деп кесіп айту қиын. Алайда, зағиптар жандардың ақпараттық, кітап оқу мұқтаждарын қанағаттандыруға байланысты соңғы екі жыл ішінде елеулі жетістіктер бар, бұл – «дыбысты» кітаптар мен нүктелі-бедерлі кітаптар шығаруды өндірістік жолға қою. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана және Оңтүстік Қазақстан облысы арнаулы кітапханасында бұл бағытта нақты нәтижелер бар. Аталған кітапханаларда «дыбыстық» кітаптар жазу студиясы жүйе кітапханаларын «дыбысты» кітаптармен үздіксіз қамтамасыз етулерімен қатар брайльше кітаптар шығару жұмыстарын да игере бастады. Республикалық кітапхана бастамасымен 2005-2006 жылдар ішінде арнаулы кітапханалар қызметтерін аутоматтандыруға көшіру ісіне де ерекше көңіл бөлінбек. Бүгінгі күнде республикалық кітапхана қызметтерін ауматтандыруды аяқтауға толық мүмкіндік бар. Көз мүгедектерімен болған кездесулердің бірінде бір зағип жас баланың «менің де дендері сау жастар сияқты соңғы техникалық жетістіктермен жабдықталған кітапханаға келгім келеді, бұл мемлекеттің, сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің маған деген, мен сияқты көз мүгедектеріне деген қамқорлығы деп білер едім» деген сөздері осындай арнаулы кітапхана қызметкерлері үшін әрқашан да бар күш-жігерлерін, білім-біліктіліктерін қайрайтын күш сияқты. Бұл сөздер арнаулы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардың қажеттігі мен мүмкіндіктерінің шексіздігінің бірден-бір толық дәлелі сияқты.
Сенбі, 19 Наурыз, 2011
Шырағың сөнбесін!..
«Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты бүгінде еліміздегі офтальмологиялық қызметтерді бағыттаушы, үйлестіруші орталық болып табылады. Осы уақыт ауанында институт жұмысы 2004 жылы халықаралық қордың «Іс тәжірибедегі жоғары сапа үшін» Алтын медалімен аталып өтілсе, 2009 жылы отандық денсаулық сақтау саласында сіңірген еңбегі үшін институт директоры Т.Ботабекова «Парасат» орденімен марапатталды. Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынгүл БОТАБЕКОВАМЕН бүгінгі әңгімеміз еліміздің офтальмология саласындағы қол жеткізген жетістіктер мен өзекті мәселелер жайында өрбімек.
– Тұрсынгүл Көпжасарқызы, қос жанардың адам өмірінде атқаратын қызметі айтып жеткізгісіз. Ендеше, алдымен осы аурудың бүгінгі жай-жапсарына тоқталып өтсеңіз.
– Иә, дұрыс айтасыз, көздің адам өмірі үшін рөлі ерекше, әрі маңызы зор. Айналадағы болып жатқан құбылыстарды көру табиғаттың берген үлкен сыйы.
Ресми мәлімет бойынша, республикада көру нашарлығымен 1 миллиондай адам тіркелсе, оның әрбір он алтыншысы ересек, әрбір сегізіншісі жасөспірім, әрбір жиырмасыншы балалар көз ағзасы патологиясының қандай да бір түрімен сырқаттанады. Сондай-ақ елімізде қазіргі уақытта 20 мыңнан астам көз ауруының мүгедегі бар. Мүгедектіктің негізгі себептері – су қараңғы (глаукома), аурудың оптикалық күшінің сәйкес келмеуі (рефракция аномалиясы), көзге ақ түсу (катаракта), қан тамырларының офтальмпатологиясы болып табылады. Ал балалар мен жасөспірімдерде көп ұшырасатыны – жақыннан көрмеушілік (миопия). Балалардың көз ауруына қатысты мына жайтты айта кетейін. 2002 жылдың Денсаулық жылы болуына байланысты республикадағы 12-18 жасқа дейінгі жасөспірімдер денсаулығын тексеруден өткізгенбіз. Осы зерттеу қорытындысында барлық аурулардың ішінде көз ауруы үшінші, ал Алматы қаласы бойынша жасөспірімдер бірінші орынға шығуы, көп нәрсені аңғартса керек.
Информация о работе Елімізде зағип адамдарды екіге бөліп қарастырады