Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:23, реферат
Шоқан Уәлиханов (толық есімі - Мұхаммед-Ханафия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Бұл деректің растығын КСРО Сыртқы істер министрлігінің мұрағатындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді*14.
.
Жас зерттеушінің қырғыз халқының атақты эпикалық жыры «Манасқа» алғаш рет көңіл бөліп, оның бірінші ғылыми жазбасын жасап, ішінара орыс тіліне аударуының ерекше маңызы болды. Ол жырға тұңғыш рет тарихи және әдеби тұрғыдан сараптама жасап, аты аңызға айналған бас кейіпкері - Манас образына және қырғыз фольклорының басқа кейіпкерлеріне талдау жасайды. «Қырғыздардың, - деп жазды Ш. Уәлиханов, - ноғайлы дәуіріне жататын «Манас» атты жалғыз жыры бар. «Манас» - қара қырғыздардың барлық мифтер, ертегі, аңыз-әңгімелерінің бір кезеңге және бір адамның - Манас батырдың төңірегіне топтастырылған энциклопедиялық жинағы. Бұл дала Илиадасы тәрізді нәрсе. Қырғыздардың тұрмысы, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, географиясы, діни ұғымдары мен медициналық түсініктері және олардың халықаралық қатынастары осы орасан зор жырда айқын суреттеледі. «Манас» - жекелеген көп оқиғалардан құралған тұтас еңбек. «Семетей» атты екінші бір жыр «Манастың» жалғасы іспетті және ол қырғыздардың «Одиссеясы»*61.
Шоқан «Манастың» «Көкетай ханның өлімі мен оның асы» деген қызықты үзіндісін орыс тіліне аударды. Бұл үзінді Шоқанға өзінің шынайылығымен, қырғыздар жайлы тарихи-этнографиялық, шаруашылық, тұрмыс-салт және заң саласындағы құнды мәліметтерімен, сонымен бірге Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың қарым-қатынастары жөніндегі мағлұматтарымен ұнайды. Бұған қоса, үзіндіде ертедегі қырғыздардың Оңтүстік Сібірден Тянь-Шаньға көшуі айқын суреттелген.
Жас Ш. Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы
алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелелері
«Ыстықкөл сапарының күнделігі»
Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының көне заманғы тарихына қызығушылық танытады. Әсіресе, оны қырғыздардың бір уақытта Енисей мен Тянь-Шань, Памир мен Алтай тауларын мекендеген дерегі ойландырды. Бұл маңызды мәселені шешу, қырғыз халқының Саян таулары мен Тянь-Шань арасында көшіп-қону тарихын анықтау жас ғалым үшін маңызы зор ғылыми мәселе болады. Бұл мәселені тек жазба мәліметтер негізінде, шежіре әңгімелер мен аңыздардың негізінде шешуге болатынын Шоқан өте жақсы түсінген Ш. Уәлиханов XVII- XVIII ғасырлардағы қырғыздар тарихын айқындайтын мәліметтер табудан үміттеніп, мұрағат материалдарын қарастырды.
Жинақталған деректер негізінде Тянь-Шань қырғыздары сол өңірдің автохтонды тұрғындары және ол араны ежелден мекендегенін Ш. Уәлиханов тұңғыш рет дәлелдеді. Бірақ олар ерте заманда, Енисей аймағы Алтай мен Жоңғар даласы және Тянь-Шаньмен олардың бір тармағы ретінде географиялық біртұтас өлке болып тұрған шақта байланысып отырған, қырғыз тайпаларының оңтүстіктен солтүстікке қарай көшіп-қонып жүретін жолдары осы жерлерді басып өткен. «Қырғыздар Әндіжан тауларын өздерінің алғашқы отаны санайды, - деп жазды Ш. Уәлиханов, - Оңтүстік Сібірден Алатауға көшу жайлы аңыз-әңгімелер оларда сақталмаған, бірақ олар оңтүстіктен солтүстікке көшкенде Қара Ертіске, Алтай мен Қанғайға дейін, ал шығысқа қарай Үрімшіге дейін тараған деген аңыз бар»*62.
Қазақтың жас ғалымының географиялық және тарихи зерттеулері П. П. Семенов Тянь-Шаньский арқылы Петербордың ғылыми ортасына белгілі болды. 1857 жылы ақпан айының 27 күні Шоқан Уәлихановты Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылдады. Жас ғалымға П. П. Семенов Тянь-Шаньский мен В. И. Ламанский ауызша мінездеме берді. Олар Ш. Уәлихановты, әсіресе осы кезге дейін тың жатқан Орта Азия мен Қазақстанды тануда көп пайдасы тиетін талантты зерттеуші ретінде ұсынды. П. П. Семенов Тянь-Шаньскийдің пікірі де хаттаманың сараң тілімен сақталып қалған: «Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, қазақ даласы жөнінде географиялық, этнографиялық және тарихи құнды материалдар қорын жинады және оларды жариялауға әзір» деп жазылған*63. Шоқан Уәлихановтың Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайлануы, оның орыс ғылымына қосқан ерен еңбектерін мойындауды білдірді.
Шоқан Тянь-Шань мен Ыстықкөл бассейні қырғыздары арасында ғылыми ізденістерін жүргізіп жүргенде, Петерборда Шәуешек қаласындағы орыс факториясын өртеп жібергеннен кейін Қытаймен үзіліп қалған сауда қатынастарын реттестіруге Қытай үкіметімен келіссөз жүргізу үшін «айрықша адамды» Құлжаға аттандыру мәсе-лесі шешіліп жатты. Осы мәселені екі жаққа да тиімді етіп шешу үшін Қытай үкіметіне «бірлесе ойласуды талап ететін нәрселерді Құлжада талқылайтын екі жақтан да сенім көрсетілген адамдар тағайындау» ұсынылды*55. Бұл ұсынысты Қытай үкіметі қабылдады. Бастапқыда Ресей өкілі ретінде Ұлы жүз қазақтарының приставы, подполковник М. Д. Перемышельский тағайындалған еді, бірақ кейіннен бұл міндет Шоқан Уәлихановқа тапсырылды. Осыған байланысты генерал Г. Х. Гасфорт М. М. Хоментовскийге Ыстықкөл экспедициясының жұмысын дереу тоқтатып, кері оралуға шұғыл жарлық берді. Бұған жауап ретінде Хоментовский былай деп жазды: «Ұлы мәртебелім отрядты Ыстықкөлден кері қайтару жөніндегі әміріңізді шабарманнан 27 маусымда алып, мен сол күні бүкіл отрядпен Ақсудан шығып, Верный бекінісіне аттандым». 13 шілдеде Шоқан күнделігіне: «Мен Ыстықкөлден кетуді ұйғардым. Менің көріп-білуіме керектің бәрін бітірдім», - деп жазды*56.
Шоқан шілденің ортасында Верный бекінісіне оралып, одан өзін Құлжаға баратын өкілдік миссияға қатысатын басқа адамдар күтіп отырған Қапалға беттеді. Шоқанмен бірге Қапалға досы М. М. Хоментовский де аттанды.
1856 жылы
тамыз айының бас кезінде
1857 жылы ол Алатау қырғыздарына тағы да сапар шекті. Уәлихановтың бұл сапары жөнінде Батыс Сібір генерал-губернаторы Г. Х. Гасфорт Сыртқы Істер министрлігіне былай деп хабарлады: «Менің қол астымда қызмет істейтін поручик - сұлтан Уәлиханов Алатау қырғыздарының мекен-жайларына Батыс Қытайдың біздің Оңтүстік шекарамызбен іргелес бөлімдеріндегі оқиғалардың барысын - Қашғар көтерілісінің беталысын, көтерілісті басу үшін Қытай үкіметінің қандай шаралар қолданып отырғанын және Құлжа мен Ақсу қалаларының маңындағы халықтарды, атап айтқанда, Маньчжур әулетіне наразы екені мәлім қытайдың қырғыздар мен сарттардан тұратын тайпаларын жақыннан бақылау үшін аттандырылды»*59.
.
Жас зерттеушінің қырғыз халқының атақты эпикалық жыры «Манасқа» алғаш рет көңіл бөліп, оның бірінші ғылыми жазбасын жасап, ішінара орыс тіліне аударуының ерекше маңызы болды. Ол жырға тұңғыш рет тарихи және әдеби тұрғыдан сараптама жасап, аты аңызға айналған бас кейіпкері - Манас образына және қырғыз фольклорының басқа кейіпкерлеріне талдау жасайды. «Қырғыздардың, - деп жазды Ш. Уәлиханов, - ноғайлы дәуіріне жататын «Манас» атты жалғыз жыры бар. «Манас» - қара қырғыздардың барлық мифтер, ертегі, аңыз-әңгімелерінің бір кезеңге және бір адамның - Манас батырдың төңірегіне топтастырылған энциклопедиялық жинағы. Бұл дала Илиадасы тәрізді нәрсе. Қырғыздардың тұрмысы, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, географиясы, діни ұғымдары мен медициналық түсініктері және олардың халықаралық қатынастары осы орасан зор жырда айқын суреттеледі. «Манас» - жекелеген көп оқиғалардан құралған тұтас еңбек. «Семетей» атты екінші бір жыр «Манастың» жалғасы іспетті және ол қырғыздардың «Одиссеясы»*61.
Шоқан «Манастың» «Көкетай ханның өлімі мен оның асы» деген қызықты үзіндісін орыс тіліне аударды. Бұл үзінді Шоқанға өзінің шынайылығымен, қырғыздар жайлы тарихи-этнографиялық, шаруашылық, тұрмыс-салт және заң саласындағы құнды мәліметтерімен, сонымен бірге Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың қарым-қатынастары жөніндегі мағлұматтарымен ұнайды. Бұған қоса, үзіндіде ертедегі қырғыздардың Оңтүстік Сібірден Тянь-Шаньға көшуі айқын суреттелген.
Жас Ш. Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелелері «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар жайлы жазбалар» атты тамаша сапар -очерктерінде баяндалған. Бұл еңбектер Ш. Уәлихановтың жиырма жасында жазылды. Солардың өзінде Шоқан Уәлиханов өзін байқампаз, Тянь-Шань мен Жетісу географиясы, ежелгі заманда осы жерді мекендеген халықтардың тарихы жайлы терең танымы бар білімді ғалым ретінде көрсетті. Оның Тянь-Шань мен Жетісу табиғатын, жергілікті жердің орографиясы, өсімдік дүниесі мен хайуанаттар әлемін сипаттауы қызығушылық тудырады.
Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының көне заманғы тарихына қызығушылық танытады. Әсіресе, оны қырғыздардың бір уақытта Енисей мен Тянь-Шань, Памир мен Алтай тауларын мекендеген дерегі ойландырды. Бұл маңызды мәселені шешу, қырғыз халқының Саян таулары мен Тянь-Шань арасында көшіп-қону тарихын анықтау жас ғалым үшін маңызы зор ғылыми мәселе болады. Бұл мәселені тек жазба мәліметтер негізінде, шежіре әңгімелер мен аңыздардың негізінде шешуге болатынын Шоқан өте жақсы түсінген Ш. Уәлиханов XVII- XVIII ғасырлардағы қырғыздар тарихын айқындайтын мәліметтер табудан үміттеніп, мұрағат материалдарын қарастырды.
Жинақталған деректер негізінде Тянь-Шань қырғыздары сол өңірдің автохтонды тұрғындары және ол араны ежелден мекендегенін Ш. Уәлиханов тұңғыш рет дәлелдеді. Бірақ олар ерте заманда, Енисей аймағы Алтай мен Жоңғар даласы және Тянь-Шаньмен олардың бір тармағы ретінде географиялық біртұтас өлке болып тұрған шақта байланысып отырған, қырғыз тайпаларының оңтүстіктен солтүстікке қарай көшіп-қонып жүретін жолдары осы жерлерді басып өткен. «Қырғыздар Әндіжан тауларын өздерінің алғашқы отаны санайды, - деп жазды Ш. Уәлиханов, - Оңтүстік Сібірден Алатауға көшу жайлы аңыз-әңгімелер оларда сақталмаған, бірақ олар оңтүстіктен солтүстікке көшкенде Қара Ертіске, Алтай мен Қанғайға дейін, ал шығысқа қарай Үрімшіге дейін тараған деген аңыз бар»*62.
Қазақтың жас ғалымының географиялық және тарихи зерттеулері П. П. Семенов Тянь-Шаньский арқылы Петербордың ғылыми ортасына белгілі болды. 1857 жылы ақпан айының 27 күні Шоқан Уәлихановты Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылдады. Жас ғалымға П. П. Семенов Тянь-Шаньский мен В. И. Ламанский ауызша мінездеме берді. Олар Ш. Уәлихановты, әсіресе осы кезге дейін тың жатқан Орта Азия мен Қазақстанды тануда көп пайдасы тиетін талантты зерттеуші ретінде ұсынды. П. П. Семенов Тянь-Шаньскийдің пікірі де хаттаманың сараң тілімен сақталып қалған: «Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, қазақ даласы жөнінде географиялық, этнографиялық және тарихи құнды материалдар қорын жинады және оларды жариялауға әзір» деп жазылған*63. Шоқан Уәлихановтың Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайлануы, оның орыс ғылымына қосқан ерен еңбектерін мойындауды білдірді.
***
Шоқан Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі, әсіресе, XIX ғ. 50-ші жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың бас кезінде жандана түсті.
1858-1859 жылдары ол өзін батыл
саяхатшы ретінде даңққа
Қашғарға бару өте қауіпті еді. Ол кезде бүкіл Шығыс Түркістанды наразы болған жергілікті халықтардың (ұйғыр, дұнған, қырғыз және т. б.) көтерілісі алып тұрған болатын.
Шоқанның Қашғар сапарына негізінен ұйтқы болғандар орыстың тамаша ғалымдары Е. П. Ковалевский мен П. П. Семенов Тянь Шанский еді. Бұған Шоқан Уәлихановтың Шығыс Түркістанды зерттеуге деген ыстық ықыласы қосылды.
Тянь-Шань экспедициясынан қайтып келе жатып, П. П. Семенов Тянь-Шаньский Қашғарға экспедиция жіберу қажет екендігі жөнінде Г. Х. Гасфортқа ой салып, ол міндетті орындауды Ш. Уәлихановқа тапсыруға кеңес береді. «Менің бұл дарынды жасқа генерал Гасфорттың ерекше көңіл аударуын өзіме міндет деп санағаным өзінен-өзі түсінікті, - деп ғалым кейіннен еске алады, - сондықтан Тянь-Шань саяхатынан қайтып келгеннен кейін, Уәлихановты қырғызша киіндіріп, сауда керуенімен Қашғарға жіберу жайлы ой салдым және Уәлиханов бұл міндетті зор табыспен орындап қайтты»*65. Ол Г. Х. Гасфортқа: «генерал-губернатордың қарамағындағы қызметкерлердің арасында Қашғарға қырғыздардың ұлттық киімін кигізіп жіберген күнде, өзінің білімі мен дарындылығының арқасында тек Қашғар емес, бүкіл Алтышардың бүгінгі жағдайы жөнінде Ресей үшін аса бағалы мәліметтер жинап және сол кездегі Қытай Түркістанында болып жатқан бүліктердің себептерін анықтай алатын бірден-бір офицер - Уәлиханов» деп атап көрсетеді*66. П. П. Семенов Тянь-Шаньский және К. К. Гутковский Шығыс Түркістанды зерттеу жөнінде материалдар жинаудың бағдарламасын жасады. Ғылым қамқоршысы деген атаққа ұмтылған Г. Х. Гасфорт бұл ұсынысты құптап, П. П. Семенов Тянь-Шаньскийден мұндай экспедицияны ұйымдастыру рұқсатсыз жүзеге аспайтындықтан, үкімет алдында қолдауға көмектесуін сұрады.