Ш.Уалиханов

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:23, реферат

Краткое описание

Шоқан Уәлиханов (толық есімі - Мұхаммед-Ханафия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Бұл деректің растығын КСРО Сыртқы істер министрлігінің мұрағатындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді*14.

Файлы: 1 файл

Шоқан Уәлиханов.doc

— 352.00 Кб (Скачать)

Кириспе

 

Шоқан Уәлиханов (толық есімі - Мұхаммед-Ханафия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Бұл деректің растығын КСРО Сыртқы істер министрлігінің мұрағатындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді*14.

 

Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін ата-бабаларының мекені болған Сырымбетте өткізді. Бұл тарихи аңыздарға бай Солтүстік Қазақстандағы  көркем жерлер Шоқанның балалық шағын  және жасөспірім кезінде салған суреттерінде бейнеленген. Әлі тіптен жас Шоқан қазақ халық эпостарын алғаш Құсмұрында жазып алған.

 

Уәлихановтардың естеліктеріне қарағанда, Шоқан өте ширақ, әрі ақылды бала болған. Оның балалық шағы далада, өзінің ерлікке толы өткені жайлы көптеген аңыздарды сақтаған халықтың арасында өтті. Алғыр бала жастайынан тарихи аңыздарға құлақ қойып, халық арасынан шыққан адамдармен араласуға, ән-жыр және қарапайым адамдардың әңгімелерін тыңдауға құштар болды. Шоқанның рухани байлығының басты белгілері бала кезінде-ақ біліне басталды. Ол ерте есейіп, үлкендерше ойлайтын болды.

 

Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі білім мен халық даналығының  сарқылмас көзі болды. Ол Шоқанға  қазақтың ежелгі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі қатысқан тарихи оқиғаларды еске алып отырды. Халықтың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін ұмытпай есте сақтады.

 

Шоқан әуелі Құсмұрындағы жеке қазақ мектебінде оқыды. Мұнда ол арабша хат танып, қарындашпен сурет салуды үйренді. Әдетте бұл мектепте қыпшақ және шағатай тілдеріндегі ортағасырлық әдеби мұраларды оқумен, ауызекі араб және парсы сөздерін білумен жаттығып, шығыс ақындарының өлеңдерін жатқа оқумен айналысатын.

 

Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті жұрттың тілін білу»  міндет болатын. Бұл дәстүр ол кезде  әлі сақталып тұрды, сондықтан Шоқан, мұрағат материалдарынан аңғарылғандай, шығыс тілдерімен айналысып, әуелі араб жазуын, кейіннен ұйғыр жазуын да жақсы меңгерді.

 

Шоқанның бала кезінде құмартқан  өнерінің бірі сурет салу еді. Бұл  өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уәлихановтардың  үйінде ұзақ уақыт тұрған орыстың  суретші-топогрофтары мен геодезистерінен үйренді. Оның үстіне Уәлихановтардың ауылында жиі қонақ болып жүрген орыс ғалымдары, инженерлер мен білімді офицерлер қабілетті баланы өнер мен әдебиетке құштарландыра түсті.

 

Жас Шоқанға сұңқармен аң аулау  үлкен ләззат сыйлады. Шоқан далада ұзақ жүретін. Оны шексіз де шетсіз кең дала, жасыл орман, өзен алқабының тоғайлары мен биік жартастар өзіне тартты, ол туған елінің сұлу табиғатынан ләззат алатын. Осындай саяхаттар Шоқанды туған өлкесімен етене етті. Бала кезінде-ақ ол Ақмола мен Баянауыл жерлерін аралап, Баянауыл тауының маңындағы нағашыларына жиі қонақ боп жүрді. Бұл сапарларынан алған әсерлер көпке дейін Ш. Уәлихановтың есінен кетпеді. Кадет корпусының тәрбиеленушісі бола жүріп ол досы Г. Н. Потанинге сол жерлер жайлы естеліктерді әңгімелеп беретін**15.

 

Шоқан Уәлиханов ерте жастан қазақтың халық поэзиясына қатты құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып  алып, ата-анасына оқып беріп жүрді. Бала кездің өзінде-ақ ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және «Еркөкше» халық  поэмаларының түрлі үлгілерін жазып алып, кейін оларды ұстазы Н. Ф. Костылецкийге табыс етті.

 

Оның отбасында жиі қонақ  болатын қазақ әншілері мен жыршылары  Шоқанның халық поэзиясына деген  қызығушылығын оятуға көп әсер етті.

 

 

2 болим А

 

 

Шоқанның білмекке құштарлығы барған сайын күшейе түсті. Ол үлкен қалада оқуды армандайды. Шыңғыс баласын жақсы білім алатын оқу орнына бергісі келеді.

 

1847 жылдың  күзінде әкесі 12 жасар Шоқанды  Омбыға оқуға әкелді. Шыңғыстың  орыс достары оған баласын  Сібірдің сол кездегі ең жақсы  оқу орны деп саналған Сібір кадет корпусына оқуға түсіруге көмектесті.

 

Сібір кадет  корпусы 1845 жылы Сібір шептік казактарының әскери училищесі негізінде құрылып, сол кездегі ең жақсы оқу орын-дарының  бірі деп саналды. Декабрист И. За-валишиннің берген бағасы бойынша ол «оқу-ағарту мен патриотизмнің ордасы болды». Н. Г. Чернышевскийдің досы, корпуста дәріс берген В. П. Лободовский Сібір кадет корпусын «әскери және жалпы білім берудің алғашқы ордасы» деген еді. Бұл оқу орнының мәдени маңызын дәл бағалау өте қиын. Аса көрнекті қоғам және әскери қайраткерлер, ғалымдар мен публицистер осында тәрбиеленіп шықты. Олардың кейбірі өздерінің географиялық және ғылыми жаңалықтарымен әйгілі болды. Сібірді жетік білетін, кейіннен ағартушы ғалым, Сібірдегі тұңғыш жекеменшік баспа органы «Амур» газетін шығарушы әрі редактор болған В. И. Вагин осы корпуста оқыды. Ол өзінің корпустағы оқуы жайлы қызықты естеліктер қалдырды.

 

Омбы кадет корпусында кейіннен аса көрнек-ті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Моңғолия мен Орталық  Азияны зерттеуші Г. Н. Пота-нин оқыды. Сібір кадет корпусымен XIX ғасырдағы алдыңғы қатарлы орыс қоғамдық ойшылдарының көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстан мен Сібір халықтарын зерттеуші, публицист Н. М. Ядринцевтің есімі де байланысты. Сібір кадет корпусының аса көрнекті түлектерінің қатарына Шоқан Уәлиханов пен Г. Н. Потаниннің досы, кейіннен атақты ғалым-статист және публицист болған Н. Ф. Анненский де жатады. Корпустағы оқу оның

 

Кадет корпусы жан-жақты және терең  жалпы білім беретін оқу орны болды. Корпустың оқу бағдарламасында әскери пәндермен бірге жалпы география, Ресей географиясы, жалпы тарих пен Ресей тарихы, орыс және батыс еуропа әдебиеті, философия негіздері, ботаника, зоология, физика, математика, геодезия, архитектураның басты негізіндегі құрылыс өнері және жаратылыс тарихының жалпы түсініктері, сонымен қатар сызу мен сурет сабағы, каллиграфия жүргізіліп, орыс, француз және неміс тілдері оқытылды. Оған қоса корпуста шығыс тілдерінің арнайы сыныбы да бар еді*20. Бұл сыныпта түрік, моңғол, араб, парсы тілдері оқытылды.

Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін жақсы білмейтін*26, бірақ  сирек кездесетін қабілетінің арқасында  осы қиыншылықты тез жеңіп  шықты

Арада екі-үш жыл өткеннен кейін-ақ Шоқан «тек өз сыныбының алды болып  қоймай, өзінің зеректігімен екі жыл  жоғары сынып оқушыларын да басып озды»*28.

Екінші курстан бастап Шоқан  мен оның ұс-таздары арасында етене  жақындық және достық қатынас орнады.

 

Корпустың осындай маңдайалды оқыту-шылары, өз заманының алдыңғы қатарлы  адамдары жас Шоқанды білімге, ғылымға  талпындырып, оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектесіп, зорлық-зомбылық пен бүлінушілікке қарсы өшпенділікті тәрбиеледі.

 

 

 

Б БОЛИМИ

 

Ыстықкөл мен Орталық Тянь-Шаньда саяхаттай жүріп Шоқан қырғыз ауылдарында болып, буғу, сарыбағыш, солту руларының өмірімен және тұрмысымен танысады. Шоқан солардың арасында ұзақ тұрып, қырғыздардың өткенін жақсы білетін адамдармен әңгімелесіп, қырғыз жыршыларының жырлары мен әңгімелерін тыңдап, тынбастан аңыз, тарихи және шежіре әңгімелерді, ертегілер мен эпостық дастандарды жазып алып отырды.

1857 жылы ол Алатау қырғыздарына  тағы да сапар шекті. Уәлихановтың  бұл сапары жөнінде Батыс   Сібір генерал-губернаторы Г.  Х. Гасфорт Сыртқы Істер министрлігіне  былай деп хабарлады: «Менің  қол астымда қызмет істейтін  поручик - сұлтан Уәлиханов Алатау қырғыздарының мекен-жайларына Батыс Қытайдың біздің Оңтүстік шекарамызбен іргелес бөлімдеріндегі оқиғалардың барысын - Қашғар көтерілісінің беталысын, көтерілісті басу үшін Қытай үкіметінің қандай шаралар қолданып отырғанын және Құлжа мен Ақсу қалаларының маңындағы халықтарды, атап айтқанда, Маньчжур әулетіне наразы екені мәлім қытайдың қырғыздар мен сарттардан тұратын тайпаларын жақыннан бақылау үшін аттандырылды»*59.

 

.

 

Жас зерттеушінің қырғыз халқының атақты эпикалық жыры «Манасқа» алғаш рет көңіл бөліп, оның бірінші ғылыми жазбасын жасап, ішінара орыс тіліне аударуының ерекше маңызы болды. Ол жырға тұңғыш рет тарихи және әдеби тұрғыдан сараптама жасап, аты аңызға айналған бас кейіпкері - Манас образына және қырғыз фольклорының басқа кейіпкерлеріне талдау жасайды. «Қырғыздардың, - деп жазды Ш. Уәлиханов, - ноғайлы дәуіріне жататын «Манас» атты жалғыз жыры бар. «Манас» - қара қырғыздардың барлық мифтер, ертегі, аңыз-әңгімелерінің бір кезеңге және бір адамның - Манас батырдың төңірегіне топтастырылған энциклопедиялық жинағы. Бұл дала Илиадасы тәрізді нәрсе. Қырғыздардың тұрмысы, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, географиясы, діни ұғымдары мен медициналық түсініктері және олардың халықаралық қатынастары осы орасан зор жырда айқын суреттеледі. «Манас» - жекелеген көп оқиғалардан құралған тұтас еңбек. «Семетей» атты екінші бір жыр «Манастың» жалғасы іспетті және ол қырғыздардың «Одиссеясы»*61.

 

Шоқан «Манастың» «Көкетай ханның өлімі  мен оның асы» деген қызықты үзіндісін  орыс тіліне аударды. Бұл үзінді Шоқанға өзінің шынайылығымен, қырғыздар жайлы тарихи-этнографиялық, шаруашылық, тұрмыс-салт және заң саласындағы құнды мәліметтерімен, сонымен бірге Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың қарым-қатынастары жөніндегі мағлұматтарымен ұнайды. Бұған қоса, үзіндіде ертедегі қырғыздардың Оңтүстік Сібірден Тянь-Шаньға көшуі айқын суреттелген.

 

Жас Ш. Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелелері «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы  және Құлжа қаласы», «Қырғыздар жайлы жазбалар» атты тамаша сапар -очерктерінде баяндалған. Бұл еңбектер Ш. Уәлихановтың жиырма жасында жазылды. Солардың өзінде Шоқан Уәлиханов өзін байқампаз, Тянь-Шань мен Жетісу географиясы, ежелгі заманда осы жерді мекендеген халықтардың тарихы жайлы терең танымы бар білімді ғалым ретінде көрсетті. Оның Тянь-Шань мен Жетісу табиғатын, жергілікті жердің орографиясы, өсімдік дүниесі мен хайуанаттар әлемін сипаттауы қызығушылық тудырады.

Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының көне заманғы тарихына қызығушылық танытады. Әсіресе, оны қырғыздардың бір уақытта Енисей мен Тянь-Шань, Памир мен Алтай тауларын мекендеген дерегі ойландырды. Бұл маңызды мәселені шешу, қырғыз халқының Саян таулары мен Тянь-Шань арасында көшіп-қону тарихын анықтау жас ғалым үшін маңызы зор ғылыми мәселе болады. Бұл мәселені тек жазба мәліметтер негізінде, шежіре әңгімелер мен аңыздардың негізінде шешуге болатынын Шоқан өте жақсы түсінген Ш. Уәлиханов XVII- XVIII ғасырлардағы қырғыздар тарихын айқындайтын мәліметтер табудан үміттеніп, мұрағат материалдарын қарастырды.

Жинақталған деректер негізінде Тянь-Шань қырғыздары сол өңірдің автохтонды тұрғындары және ол араны ежелден  мекендегенін Ш. Уәлиханов тұңғыш рет  дәлелдеді. Бірақ олар ерте заманда, Енисей аймағы Алтай мен Жоңғар даласы және Тянь-Шаньмен олардың бір тармағы ретінде географиялық біртұтас өлке болып тұрған шақта байланысып отырған, қырғыз тайпаларының оңтүстіктен солтүстікке қарай көшіп-қонып жүретін жолдары осы жерлерді басып өткен. «Қырғыздар Әндіжан тауларын өздерінің алғашқы отаны санайды, - деп жазды Ш. Уәлиханов, - Оңтүстік Сібірден Алатауға көшу жайлы аңыз-әңгімелер оларда сақталмаған, бірақ олар оңтүстіктен солтүстікке көшкенде Қара Ертіске, Алтай мен Қанғайға дейін, ал шығысқа қарай Үрімшіге дейін тараған деген аңыз бар»*62.

Қазақтың жас ғалымының географиялық және тарихи зерттеулері П. П. Семенов  Тянь-Шаньский арқылы Петербордың ғылыми ортасына белгілі болды. 1857 жылы ақпан  айының 27 күні Шоқан Уәлихановты  Орыс географиялық қоғамының толық  мүшелігіне қабылдады. Жас ғалымға П. П. Семенов Тянь-Шаньский мен В. И. Ламанский ауызша мінездеме берді. Олар Ш. Уәлихановты, әсіресе осы кезге дейін тың жатқан Орта Азия мен Қазақстанды тануда көп пайдасы тиетін талантты зерттеуші ретінде ұсынды. П. П. Семенов Тянь-Шаньскийдің пікірі де хаттаманың сараң тілімен сақталып қалған: «Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, қазақ даласы жөнінде географиялық, этнографиялық және тарихи құнды материалдар қорын жинады және оларды жариялауға әзір» деп жазылған*63. Шоқан Уәлихановтың Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайлануы, оның орыс ғылымына қосқан ерен еңбектерін мойындауды білдірді.

 

КОРЫТЫНДЫ САМА..))

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы  сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті*2. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.

 

ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың  отбасына қатысты әңгімеде былай  делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы  болған, бірі - Көкшетаудың шығыс  жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, Бурабай жағасында) тұрады. Айғанымның (Уәли ханның кіші әйелі) балалары Сырымбетте»*3.

 

Уәли хан мен оның ұрпақтарына  мұрасы ретінде тиген Бас орда Бурабай көлінің жаға-сында орналасқан және ол түрліше (Орда, Хан көлі, Ханның Қызылағашы т. с. с.) атпен белгілі болатын.

 

Хан билігі жойылып, «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін  Уәли ханның мұрагерлікке қалдырған  жерлері балаларына бөлініп берілді. Оның қара шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы Ғұбайдоллаға және оның ұрпақтарына көшіп*4, ал Сырымбет Уәлидің кіші әйелі Айғанымның балаларының еншісіне тиді.

 

Шоқанның әкесі, Абылай ханның немересі Шыңғыс Уәлиев 1811 жылы Қызылағашта (басқа  деректер бойынша Сырымбетте) туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жаста еді. Шыңғыс жас кезінен бастап орыстармен тығыз қарым-қатынас жасады, Омбы әскери училищесін тамамдады, патша әкімшілігіне жақын қазақ ақсүйектерінің бірі болды. Әке мұрасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла ие болу керек еді, алайда саяси себептерге байланысты ол өзінің бұл құқығына ие бола алмады. Сөйтіп отбасына Уәли ханның жесірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853 жж.) бас болады.

 

Айғаным ақылды, көреген, өзінің заманына сай білімді болған әйел. Ол шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор беделге ие болды. Мұрағат мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы қандай да маңызды оқиғалар оның қатысуынсыз өткен емес.

 

Айғаным қазақтар мен орыстардың арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына ұмтылып отырды. Ол Қазақ даласында геодезиялық зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген орыс ғалымдары мен инженерлеріне көмек көрсетті. «Уәли ханның орысқа бағынуын, - деп жазды П. П. Семенов Тянь-Шаньский, - Айғанымның өзге туыстары, Уәли ханның алғашқы әйелінен туған балалары мен інілері мойындағысы келмегенде, тек Шоқанның әжесі, Уәли ханның жесірі Айғаным ғана өзінің балаларымен бірге Ресейге адал болып қалды. Александр I Уәли ханның жесіріне үлкен ілтипат көрсетіп, Қырғыз даласында оған арнап үй салдыруға әмір еткен. Шоқан Уәлиханов сол үйде туған*5».

Информация о работе Ш.Уалиханов