Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:23, реферат
Шоқан Уәлиханов (толық есімі - Мұхаммед-Ханафия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Бұл деректің растығын КСРО Сыртқы істер министрлігінің мұрағатындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді*14.
Қазақстанды зерттеп жүрген орыс ғалымдары үшін түрлі материалдар жинап, оларды дайындауға Шыңғыс кейде баласын да қатыстырып отырды.
Шыңғысқа қазақтың халық поэзиясы мен ертегілерінің, аңыз-әңгі-мелерінің нұсқаларын жинау жөнінде декабрист В. И. Штейнгельдің сол уақытта Шекаралық комиссияның бастығы полковник М. В. Ла-дыженскийдің атынан жазған хаты бүгінге дейін жеткен.
Шыңғыс М. В. Ладыженскийдің өтінішін орындай отырып, үйіне үздік ақындар мен жыршыларды талай рет шақырып, Шоқанның көмегімен қазақтың әндері мен аңыздарын жаздырып алып, оларды одан соң Омбыға жіберіп отырған*18.
***
Шоқанның білмекке құштарлығы барған сайын күшейе түсті. Ол үлкен қалада оқуды армандайды. Шыңғыс баласын жақсы білім алатын оқу орнына бергісі келеді.
1847 жылдың күзінде әкесі 12 жасар
Шоқанды Омбыға оқуға әкелді.
Шыңғыстың орыс достары оған
баласын Сібірдің сол кездегі
ең жақсы оқу орны деп
Үлкен қала, байтақ өлкенің орталығы ауылдан жаңа келген қабілетті балаға күшті әсер етеді. Шоқан үлкен сүйіспеншілікпен Омбының көріністерін қарындашпен сала бастады. «Орыстың қаласы баланы таңқалдырып, ол қарындашпен қала көріністерінің бірін салды», - деп еске алады Г. Н. Потанин*19.
Шоқанның кадет корпусындағы оқу
жылдары - бұл николаев реакциясының
жылдары және сонымен қатар феодалдық-
Белинский мен Герценнің алдыңғы қатарлы революциялық-демократиялық идеялары бү-кіл Ресейге белгілі болды, орыс қоғамының маңдайалды өкілдерінің ақыл-ойына өзгерістер енгізді, азаттық қозғалысының дамуына барынша ықпалын тигізді. В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің идеялары Сібір мен қияндағы Қазақстанға, сол кезде Шоқан Уәлиханов оқып жүрген Сібір кадет корпусына да жетеді.
Сібір кадет корпусы 1845 жылы Сібір шептік казактарының әскери училищесі негізінде құрылып, сол кездегі ең жақсы оқу орын-дарының бірі деп саналды. Декабрист И. За-валишиннің берген бағасы бойынша ол «оқу-ағарту мен патриотизмнің ордасы болды». Н. Г. Чернышевскийдің досы, корпуста дәріс берген В. П. Лободовский Сібір кадет корпусын «әскери және жалпы білім берудің алғашқы ордасы» деген еді. Бұл оқу орнының мәдени маңызын дәл бағалау өте қиын. Аса көрнекті қоғам және әскери қайраткерлер, ғалымдар мен публицистер осында тәрбиеленіп шықты. Олардың кейбірі өздерінің географиялық және ғылыми жаңалықтарымен әйгілі болды. Сібірді жетік білетін, кейіннен ағартушы ғалым, Сібірдегі тұңғыш жекеменшік баспа органы «Амур» газетін шығарушы әрі редактор болған В. И. Вагин осы корпуста оқыды. Ол өзінің корпустағы оқуы жайлы қызықты естеліктер қалдырды.
Омбы кадет корпусында кейіннен аса көрнек-ті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Моңғолия мен Орталық Азияны зерттеуші Г. Н. Пота-нин оқыды. Сібір кадет корпусымен XIX ғасырдағы алдыңғы қатарлы орыс қоғамдық ойшылдарының көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстан мен Сібір халықтарын зерттеуші, публицист Н. М. Ядринцевтің есімі де байланысты. Сібір кадет корпусының аса көрнекті түлектерінің қатарына Шоқан Уәлиханов пен Г. Н. Потаниннің досы, кейіннен атақты ғалым-статист және публицист болған Н. Ф. Анненский де жатады. Корпустағы оқу оның көптеген шәкірттеріне, соның ішінде Шоқан Уәлихановқа үлкен игі ықпал етті.
Кадет корпусы жан-жақты және терең жалпы білім беретін оқу орны болды. Корпустың оқу бағдарламасында әскери пәндермен бірге жалпы география, Ресей географиясы, жалпы тарих пен Ресей тарихы, орыс және батыс еуропа әдебиеті, философия негіздері, ботаника, зоология, физика, математика, геодезия, архитектураның басты негізіндегі құрылыс өнері және жаратылыс тарихының жалпы түсініктері, сонымен қатар сызу мен сурет сабағы, каллиграфия жүргізіліп, орыс, француз және неміс тілдері оқытылды. Оған қоса корпуста шығыс тілдерінің арнайы сыныбы да бар еді*20. Бұл сыныпта түрік, моңғол, араб, парсы тілдері оқытылды.
Кадет корпусы сегізжылдық оқу орны еді. Онда екі даярлау сыныбы, бес негізгі және алтыншы - арнаулы сынып болды. Соңғы сыныпта әскери ғылымдар (тактика, артиллерия, далалық фортификация) және ауылшаруашылық ғылымының негіздері оқытылды*21. Даярлау сыныптарында шәкірттер орыс тілі мен арифметика және сурет сабақтарын оқыды. Негізгі сыныптарда шет тілдері, оған қоса шығыс тілдері: қазақ, татар, шағатай тілдері де оқып-үйретілді. Бұл тілдерді үйрету сабақтары мәтін оқу, сөз жаттау, өлеңдер мен аңыз-ертегілерді мәнерлеп оқуға жаттықтыру тәсілдерінен тұрды. Оқу бағдарламасын аяқтағанда шәкірттер бұл тілдерді тәуір игеріп, еркін сөйлеп, түсінісе алатын.
Тарих, география және әдебиеттен бағдарлама көп нәрсені қамтыды. Бастауыш сыныптардан-ақ кадеттер ежелгі заман тарихын, Еуропа географиясын өтті. Төртінші және бесінші сыныптарда әдебиет теориясы, орыс және батыс еуропа әдебиеттерінің тарихы, Ресей империясының тарихы мен географиясы оқытылды. Географияға пән ретінде энтография мен антропология, адамзат нәсілдерін зерттеу, тілдерді топтастыру, туыстас тілдерді басты топтарға бөлу, халықтарды діни түсініктеріне және өмір салтына қарай бөлу енгізілді.
Азия елдерін (Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Иран) зерттеуге үлкен маңыз берілді. Мұнда Азия халықтары, олардың шығу тарихы, діндері, тұрмыс-салты; Қытай империясы, оның жері, құрылымы мен басқарылуы; Қытай билігіндегі және оның қанаты астындағы жерлер, Тұранның географиялық және саяси тұрғыдан бөлінуі; Бұқара, Қоқан, Хиуа мен Құндыз хандықтары; Шығыс Үндістан мен Арабия мемлекеттері қаралды*22.
Ресей империясының географиясы жөніндегі оқу бағдарламасы да кең көлемді болды. Ол экономикалық география, статистика бағдарында оқып үйретілді және Ресейдің өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы мәселелерін қамтыды.
Қазақстан географиясына зор көңіл бөлінді, алайда, оның табиғи байлықтарын зерттеп, игеру мақсатында емес, әскери-стратегиялық тұрғыда қаралды. Онда «Қырғыз даласының шекаралары, жері, жер сипаты, өзендер мен көлдер; судың ерекшеліктері, қатынас жолдары, керуендер жүретін тау жолдары; шүйгін алқаптар, ауа райы және табиғи байлық мәселелері оқытылды. Қырғыздардың саны, тегі, тілі мен діні, бодандықтың басталуы, хандық өкімет билігінің жойылу кезеңі, Бөкей ордасының пайда болуы; сол кездегі ордалардың саны және географиялық орналасуы; Бөкей, Орынбор, Сібір қырғыздарын басқару және соңғыларының ішкі құрылымы; Ресейдің Ұлы жүзді қарауына алуы; Қырғыз даласындағы бекініс орындары және тамаша станицалар*23.
Қолданбалы ғылымдар саласынан сызба геометрия, топографиялық сызу және сәулет өнері мейлінше кеңінен сөз болды. Соңғысы Орынбордағы Неплюев кадет корпусының азаматтық сәулет өнері бағдарламасы бойынша оқытылды. Оқу бағдарламасы сәулет өнері және оны құрайтын элементтер жайлы кіріспе дәрістерді қамтыды.
Шәкірттер дәрістер тыңдаумен қатар,
құ-рылыстарда тәжірибеден өтуге, салынып
жат-қан үй-жайлардың
Омбы кадет корпусында оқылған осы көлемді курстардан көрініп тұрғандай, ол әдеттегі орта білім оқу орындарынан көш ілгері тұрды. Ол шын мәнінде ғылым ордасы болды. Оның оқу бағдарламасына тек арнаулы жоғары оқу орындарында ғана оқылатын пәндер (сәулет өнері, сызба геометрия, топографиялық сызу және басқалар) енгізілді. Корпус Ресейдің шет аймақтары зәру болып отырған жоғары білікті және жан-жақты білімді адамдар даярлауды жүзеге асырды.
Бағдарламадағы оқу пәндеріне қосымша ретінде ән, гимнастика, жүзу, би, семсерлесу және шабандоздық өнері енгізілді. Сыныптан тыс уақытта кадеттер әскери тактикамен айналысуға тиіс болды. Жазғы лагерь маусымында олар түрлі ұрыс тәсілдерін, топографиялық суретке түсіруді, саперлік және әскери-лабораториялық жұмыстарды, атысуды үйренді.
Ішкі тұрмыс тәртібі бойынша кадет корпусында тәрбиеленушілер екі бөлімге: рота мен эскадронға бөлінді. Ротаға ірі шенеуніктер мен жоғары шенді офицерлердің балалары бөлінді, олар жеке, ерекше дортуарларға орналастырылды. Эскадрон казактардың балаларынан құрылды да, дәрежесі бойынша ротадан төмен тұрды. Шоқан эскадронға жіберілді. Рота мен эскадрон шәкірттері бөлек дортуарларда тұрғанымен, сынып сабақтары кезінде бір жерге жиналатын.
Сол кездегі әскери оқу орындарының басқарушысы генерал-адъютант Я. И. Ростов-цевтің (1803-1860 жж.) бұйрық хаты бойынша 1851 жылдан бастап қазақ тәрбиеленушілерге корпуста кейбір пәндерді (саяси және жаңа тарих) оқыту шектелді, олар әскери ғылымдар оқытылатын арнаулы сыныпқа көшпей, корпусты бір жыл ерте бітіретін. Я. И. Ростовцев қазақ балаларын «астаналық корпустардан жалпы төртінші сынып курсын бітіргеннен кейін офицер болып шығатын» таулықтардың жағдайымен теңестіруді ұсынды*25.
Осыдан соң корпустың оқу бағдарламасының жаңа жобасы жасалды.
Омбы кадет корпусы тәжірибелі педагог, жан-жақты білімді, сыныптар инспекторы, кейіннен Мәскеу кадет корпусының басшысы болған И. В. Ждан-Пушкин іріктеп алған аса білікті оқытушылар құрамымен ерекшеленді. Оқытушылар мен профессорлар арасында университеттік білім алған қабілетті педагогтар көп болды.
. «Шоқан тез дамыды, - деп еске
алады оның мектептес досы
Г. Н. Потанин, - орыс жолдастарын
басып озып, оған көп адам назар
аударды, оның қабілеттілігі
Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін жақсы білмейтін*26, бірақ сирек кездесетін қабілетінің арқасында осы қиыншылықты тез жеңіп шықты
Арада екі-үш жыл өткеннен кейін-ақ Шоқан «тек өз сыныбының алды болып қоймай, өзінің зеректігімен екі жыл жоғары сынып оқушыларын да басып озды»*28.
Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұс-таздары арасында етене жақындық және достық қатынас орнады.
Корпустың осындай маңдайалды оқыту-шылары, өз заманының алдыңғы қатарлы адамдары жас Шоқанды білімге, ғылымға талпындырып, оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектесіп, зорлық-зомбылық пен бүлінушілікке қарсы өшпенділікті тәрбиеледі.
Шоқанның дамуына Қазан
Мұрағаттарда Н. Ф. Костылецский мен Шоқан Уәлихановтың сол кездегі атақты шығыстанушылардың бірі И. Н. Березинмен болған ғылыми және әдеби байланыстардың ертеден басталғанын көрсететін эпистолярлық және қолжазба материалдар сақталған. Омбыда Н. Ф. Костылецскийдің қолында қазақ халық поэзиясының көптеп жиналған қолжазбалары, соның ішінде Обаған өлкесінде Ш. Уәлиханов қағаз бетіне түсіртіп, кейін Шоқан өзі табыс еткен белгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бірнеше үлгісі бұл әдеби байланысты жандандыра түсті*30. Қазақ халық әдебиетінің қазынасын ғылыми ортада жылдамырақ жария ету үшін Н. Ф. Костылецский бұл көп материалды Петерборға, профессор И. Н. Березинге жіберді, содан бері олар ғалымның мұрағатында сақтаулы*31.
Н. Ф. Костылецкий жас Шоқанның ең жақсы ұстазы болды. Олар біраз жыл бойы зор сүйіспеншілікпен қазақтың халық эпосын зерттеумен шұғылданды, олардың осы саладағы бірлескен жұмысы жемісті болды. Олар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының ежелгі анағұрлым толық нұсқасын орыс тіліне аударып шықты.
1852 жылы Н. Ф. Костылецкий арқылы
Шоқан мен И. Н. Березиннің
арасында достық байланыс
И. Н. Березин мен Шоқан Уәлихановтың арасындағы хат арқылы байланыс осылай басталған еді. Ш. Уәлихановтың И. Н. Березинге жазған жауап хаты бүгінге дейін жетіп отыр. Бұл хатында Шоқан И. Н. Березиннің барлық сұрақтарына толық жауап береді*33. Шоқан: «Тоқтамыстың жарлығындағы» бүгінде татар тілінде қолданылмайтын кейбір сөздердің мағынасын қырғыз тілінен іздестіру жөніндегі сіздің ұсынысыңызды өзімнің бұрынғы ұстазым Н. Ф. Костылецкийден естігеннен кейін мен қазақ қарияларынан сұрастыра жүріп, біздің тілімізден бірсыпыра сөздер таптым, оларды сізге жіберуге асық боп отырмын», - деп жазды*34.
Г. Н. Потанин көрсеткендей, Шоқанның тез дамуына оның жеке басының ересен дарындылығы мен сол кездегі кадет корпусында қазақ халқының жалғыз өкілі ретінде оған ерекше назар аударылуы себеп болды. Шоқанға тек корпустың оқытушылары емес, сонымен қатар Омбы зиялыларының кейбір көрнекті өкілдері де зейін қойды. Әдетте мерекелерде оны Уәлихановтардың отбасымен достық қатынастағы адамдардың бірі үйіне қонаққа шақырушы еді. Алғашқы оқу жылдарында Шоқан шығыстанушы Сотниковтың отбасында болып, кейін сурет пәнінің оқытушысы Померанцевтің үйіне барып тұрды. Корпустағы соңғы жылдарда ол білімді офицер К. К. Гутковскийдің отбасында жиі қонақ болды. Осы байланыстардың арқасында Шоқанның кемелденуі таныстық шеңбері әдетте кадет корпусынан әрі аспайтын құрбы-құрдастарына қарағанда тез болды. «Оның кемелденуіне, - деп жазды Г. Н. Потанин, - және оның жалпы тағдырында Гутковскийдің және оның туысы Капустиндер отбасының маңызы зор болды...»*35.
Н. Ф. Костылецкийден кейін Уәлихановтың ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасаған педагог, тарих пәнінің оқытушысы, ғылыми қызметке дайындалып жүрген аса білімді адам - Гонсевский еді. Ол корпуста қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде дәріс оқыды және «оның дәрістері, - дейді Г. Н. Потанин, - біздер үшін өте маңызды болды»*36.