Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2011 в 23:54, реферат
Шоқан (Мұхамедқанапия) Уәлиханов 1835 жылы қараша айында, Петропавлдің оңтүстік батыс жағындағы Құсмұрын қыстауында туған. Оның жастық шағы да осы Құсмұрын мен Сырымбет тауында өтті.
1864
жылдың көктемінде семей
Денсаулығының тым нашарлап кеткеніне қарамастан Шоқан қазақ фольклорын зерттеуін тоқтатпады. Батыс Қытайдағы дунгандар көтерілісінің барысын бақылап, Петербургпен, Омбымен үздіксіз байланыс жасап тұрды. Алайда үдей түскен науқас меңдетіп барып, Шоқан 1865 жылы 10 сәуірде қайтыс болды.
Шоқанның достары, сол кездегі алдыңғы қатарлы ғалымдар мен ойшылдар, ірі қоғам қайраткерлері Шығыс зерттеу ғылымының көк аспанынан ағып өткен жарық жұлдыздай жарқырап жанып, тез арада жоқ болған ұлы ғалымның өлімін аза тұтты. Алғашқы қазақ ғалымы, ағартушы және демократ Шоқанды оның орыс достары Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, К.К.Гутковский, Н.Ф.Усов және басқалар қадірлеп, еске сақтады. Солардың арқасында оның өмірі мен қызметі туралы толық деректер және оның аса құнды ғылыми мұралары бізге келіп жетті. Сондықтан да Шоқан біздің еліміздің азат халықтары арасында өзінің тиісті орнына ие болды. Өз халқының сүйікті ұлы, зор мақтанышы болған Шоқан есімін қазіргі бүкіл жұртшылығымыз ардақтап, құрмет тұтады.